Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика доделанный.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆

2.2.2. Түсінік-сенім орнатудың ең керемет тәсілі, жеке және іскерлік байланыс серіктестер арасында күшті қатынас құру.

Коммуникацияның тиімділігі көптеген факторларға байланысты болады. Оның бірі басшы мен персоналдар арасындағы жағымды қатынастардың орнауы. Адамның бірлескен іс-әрекеті олардың арасындағы байланысты және қажетті ақпараттарды алмасуды көрсетеді. Осының негізінде ғана, ұжымға біріккен адамдар өз мақсаттарына жете алады. Кез келген ұжым оның ішінде кіші топ деңгейі, міндетті түрде, мүшелері арасында ақпараттық алмасуды қамтамасыз ететін, сәйкес коммуникация жүйесіне ие. Кез келген коммуникацияның жүзеге алуы үшін кем дегенде екі адам - ақпаратты жіберуші (коммуникатор) және оны алушы (коммуникат немесе реципи-ент) қажет. Басшылық қарым-қатынас ерекшеліктері.Қазіргі өндірістік ұжымның негізгі функцияларына сәйкес, коммуникацияның жүзеге асуының негізгі мақсаттары мынадай жатады:

  • Ұжымның өндірістік және қоғамдық-саяси іс-әрекетіне байланысты ресми міндеттерді шешуі;

  • Ұжым мүшелерінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру (қарым-қатынаста, ақпаратта).

Ақпараттың шығу бағытына қарай, вертикальді, яғни жоғарыдан төменнен басшыдан қызметкерлерге түсетін – бұйрықтар, шешімдер және төменнен жоғарыға – қызметкерлердің басшыға – есептері, өтініштері, шағымдары, ұсыныстары т.б. және горизантальды – қызметтік деңгейлері тең ұжым мүшелері арасында жүзеге аса-ды. Горизантальды және вертикальды байланыстар «коммуникация пирамидасын» құрайды, оның шың басында ең жоғары рангтағы басшы, түбірінде – қатардағы, қол астында орындаушылары жоқ қызметкерлер болды. Басқару деңгей сандарына байланысты «жоғары» және «тегіс» коммуникация пирамидалары бар. Басқару субъектісі және объектісінің өзара әрекеті вертикалді коммуникация арқылы жүзеге асады. Басқарушылық іскерлік қарым-қатынаста өзара әрекеттестіктің тиімділік жағдайлары. Мазмұндық құрамдар: қарым-қатынастағы арақашықтық, позиция. Басшылық қарым-қатынастағы сенімділік мәселесі және оны қалыптастыру жолдары. Қарым-қатынас мәдениетінің бөлігі ретінде имидж қалыптастыру.

Макроәдеп мәселелерi.

Бәсеке туралы ақпарат жинау соңғы екi-үш он жылдықта бизнесте ең маңызды жолдамаға айналды.

Өндiрiстiк тыңшылық - бәсеке ақпарат алу туралы этикалық күдiктi тәсiлдер.

Жабық ақпарат категориялары:

  • Үлеспайданың өзгеруi туралы ақпарат;

  • Жаңа азықты өндiру және ашу туралы мәлiметтер;

  • Табыстардың өзгеру дәрежесiне қатысты корпоративтi жоспар туралы деректер.

  • Табыстың тез арада түсуi туралы ақпарат;

  • Табыстардың түсуi жағын тез арада қарастыру туралы деректер;

  • Жоспарланбаған шығын маңызы туралы ақпарат.

Ақпараттың күдiктi жиынтық әдiстерi:

  • Алдаушылық немесе алданысқа түсiрудiң басқа түрi;

  • Арнайы жеке ақпаратқа ие адамдарға әсер ету мүмкiндiгi;

  • Құпиялы және рұқсат етiлмеген мүмкiндiк.

2.2.3. Іскерлік әңгіме құру, іскерлік коммуникация формасы болып табылады. Ролдік ойын - іскерлік әңгімені жүргізу. Жанжалды, даулы әңгімелесушімен қалай болу керек. Жеке адамның жанжылды жағдайдағы әртүрлі стилдегі әрекеті.

Iскер қатынас - бұл адамдардың қызметтiк ортада жүзеге асатын көп жоспарлы, күрделi даму процессі.

Iскер әдеп тәртiптiң 2 тобын бөлiп қарастырады:

  • Бiр ұжымдағы мүшелердiң мәртебелерi бойынша қарым-қатынас нормалары;

  • Бағынушының вертикалды байланысын насихаттау.

Жалпы талаптары жұмыстағы ұжыммен серiктестiктермен жақсы қарым-қатынаста болуға негiзделедi. Мұнда сүйiспеншiлiк және жаратпаушылық орын алмауы керек. Iскер iс-әрекет сөйлеген сөзiненде көрiнедi. Сөздiк әдептi дұрыс қолдану тiлдiк тәртiптiң қоғамдық нармаларына сәйкес, дайын «формуланы» қолдануға мүмкiндiк беретiн ұсыныс, алғыс т.б.

Қарым-қатынас ешқандай мәселесiз болу үшiн келесi кезендерден өтуi керек:

  • Байланысты қалыптастыру (танысу). Басқа адамды түсiну, өзiн басқа адам ретiнде сезiну;

  • Қарым-қатынас жағдайын бақылау, өткендi ойлау, үзiлiске шыдау;

  • Қызықты мәселелердi талдау;

  • Мәселелердi шешу;

  • Байланысты аяқтау (одан шығу).

Ақпаратпен алмасу тәсiлi бойынша iскер қарым-қатынасты ауызша және жазбаша деп 2-ге бөлiнедi.

Басқару әдебi - адамдар мен iскерлiк қарым-қатынас формалары мен ережелер жиынтығын, оларға сыйластық мүмкiндiгiн бiлдiруге, басқарушы мен бағынушы арасындағы өзара түсiнiспеушiлiк жанжалында бiр-бiрiне деген жақсы қарым қатынасын құруға көмектеседi.

Әдептiлiк ережелер қазiргi Қазақстан жағдайында маңызды рол атқарады, ол адамның тек қана бизнес шегiндегi қарым қатынастарда емес, көбiнесе еңбек ұжы-мындағы қарым қатынастарда, ең алдымен басшылардың өзара байланыстарында, сондайақ басшылардың өзiне бағынышты қызметшiлермен жұмыс және бейресми қарым қатынастарында да роль атқарады. Көп жағдайда ол отандық экономиканың қазiргi жағдай ерекшелiктерiмен байланысты.

Менеджменттiң барлығын жиi қолдау әлi де соңына дейiн ашылмаған, мүмкiндiктерi компанияға аз мөлшерлi шығында үлкен шаруашылық және моральды тиiмдiлiк әкеледi, менеджмент еңбек ұжымдары-ның әлеуметтiк мәселелерiн шешуде маңызды фактор ретiнде шығады.

Кәсiпкер, басқарушы - ол ең алдымен адамдар мен ұжымға әсер ете бiлетiн, ал-ға қойған мақсатқа жету үшiн олардың тиiмдi жұмыс iстеуге ниеттейтiн озат. Қандай болмасын озаттың жетiстiгi оның адам ретiнде және оның қызмет стилiнiң жекелей сапаларына байланысты, басқа түрге айтса, оған бағынышты адамдар қарым қатына-сына, iскер әрекетiне, мiнез-құлқына олдарға өз ықпалын тигiзе бiлу қабiлетiне бай-ланысты.