Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика доделанный.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆

2.1.4. Топ мүшесімен қабылдаған шешімді – ортаға алу. Шешімнің міндеттері: уақытты үнемдеу, кедергілерден құтылу.

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабыл-дау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.

Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшыныңдер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.

Басшы сонымен қоса жете ойластыруы жоқ деректерді болжамдай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда бас тартпауы керек.

Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық әлеуметтік нәтиже леріне,әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылданған адам өзіне улкен жауапкершілік жүктейді.

Басқару шешімі термині екі негізгі мәнде қолдананылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылданылған іс - әрекет жоспарын, қаулы – қарарларды т.б. екінші жағдайда – проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.

Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, обьекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.

Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз, жүйенің қажетті (үміт еткен ) және қолданылып жүрген қалпының арасын-дағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалыққ ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.

Басқару шешімін қабылдауға қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудың, пайда болған проблемаларды шешудің жүйелігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы, сөйтіп біріңғай өндірістік міндеттерді кезең – кеөеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс.

Басқару шешімінің маңызды талабы оның сондайлығында. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек жедел шешімге ғана емес, басқа да шешімдерге қатысы бар. Кенженцев былай деп атап көрсетеді: « шектен тыс қол қусырып отырғанша, онша негізделмеген бол са да, шешім қабыл-даған жөн, өйткені шешімнің шала тұстарын кейіннен жетілдіруге болады».

Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі – мақсаткерлік. Шешім ұжым-ның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушы-ға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылық шешімдерді бірнеше мақсатты айқындайды.

Кез келген шаруашылық шешімі әділ болуы, яғни шешімді қабылдаған кезде іс-тің нақты жағдайы ескерілуі керек. Сонымен қоса, кезкелген шаруашылық шешімі ғылыми негізделсін. Бақару шешімі жан – жақты болуы яғни шаруашылық мәселелермен қоса әлеуметтік сипаттағы мәселелер де шешілсін.

Кез – келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы, толық қамтылуы әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырыстың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай – ақ орындауға жауаптылар көрсетілсін.

Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей алқалы және ұжымдық бо-лып бөлінеді.

Жекелей шешім - бұл басшының ұжыммен, немесе жекелеген адамдармен ке-лісімінсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі. Бұл көбінесе ұсақ – түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешім немесе өндірісті дамытудың принципті проблемаларын қозғамайтын шешім. Төтенше жағдайда мұның өзі ерекше маңызды шешім болуы мүмкін. Жекелей шешімнің сипаты мен мазмұны басқарудың орталықтану деңгейіне қарай айқындалады.

Алқалы шешім - бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен (алқа, кеңес)бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім. Мұндай шешімге әдетте мұқият әзір-ленеді, әрі онда көптеген мәселелер қамтылады. Алқалы шешімде әр түрлі басшылардың жекелей жауапкершілігіне нұсқан келтірген жайттар болмауы тиіс.

Басқару кадрларын басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару қызметін орындайтын немесе соны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару процесіне іскерлікпен қатысатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскерлер жатады.

Басқару кадрларын алуан түрлі белгілері бойынша бағалауға болады:басқару деңгейі бойынша – жоғарғы, орташа және төменгі буындар, кәсіптік құрылымы бойынша – инженерлер,қызмет түрі бойынша ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп кадр-лары, басқару еңбегін мамандандыру түрі бойынша - әкімшілік, экономикалық , білім бойынша –жоғары және арнайы орта білімді адамдар, практиктер орындайтын жұмыстың қүрделілігі және жауапкершілігі бойынша.

Басшыларды қызметтегі ролі бойынща мамандар мен қосалқы қызмет көрсетушілер болып бөлінеді. Басқару жүйесіндегі қызметшілердің бұл әр бір категориясы еңбек әрекетінің ерекшеліктеріне, кәсіптік даярлығына және даярлық-тан қайтадан өтуіне қарай сипатталады.

Басшылар бұлар тиісті ұғымға басшылық етушілер,басқару аппаратының немесе оның жекелеген буындарының жұмыстарын үйлестірушілер, қой-ылған міндетті орындау үшін ұжым қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырушылар.Шаруашылық жүйесінің басшыларына алуан түрлі, бірін - бірі толықтыратын қызметтерді әкімшілік, ұйымдастырушылық, мамандық, қоғамдық қызмет, тәрбиеші орындауынп тура келеді. Басшы әкімшілік рөлінде өз билігін пайдалана отырып қолдана жүрген нормативтік актілерге сәйкес жүйедегі қозғалысты қамтамасыз е-теді, ұйымда тиісінше тәртіп орнатады. Өзіндегі қызметкерлермен бірлесе отырып кадр саясатын ойластырады және жүзеге асырады, штатты жинақ тайды, кадрларды іріктеуді, баулуды, орналастыруды және ауыстыруды жүзеге асырады.Басшы ұйымдастырушылық қызметті орындай отырып , бірлесе жемісті еңбек ету үшін қажетті жағдай жасайды, басқару процесінде және өндірісте жұмыс істейтіндерге бағыт сілтеп, іс-әрекеттерін үйлестіреді.

Басшы кәсіби даярлықтан ойдағыдай өткен, өзі істейтін сала бойынша білімі ментәрбиесі жеткілікті маман ретінде өз қызметін орындағанда – мақсатты дұрыс қоя білу, оның жүзеге асыру барысын жан-жақты талдау және бақылауы, білікті нұсқау бере білуі тиіс. Басқадай жетістіктермен қоса, арнайы білімі бар басшылар өз міндетін ойдағыдай әрі нәтижелі шеше біледі. Кәсіпорын белгілеген мақсатқа жетуі үшін, қызметкерлері өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы керек. Сол мақсатпен кәсіпорын басшысы қызметкерлерге сыйақы мен ынталандырулар беріп отырады. Бүл қызметкердің өте жақсы жұмыс істеуіне әсер етеді. Нарықтық экономикада сәттілікке жетудің басты бір жолы десек те болады .