Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика доделанный.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать

1.1.2. Кәсіпорынның негізгі басшылығымен және мамандарымен, еңбек жағдайы мен жұмыс тәртібінің жоспарымен танысу.

Кәсіпорында қазіргі кезде жалпы саны – 25 қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде 19 адам салық саласы бойынша жұмыс атқарады, ал қалған 6 адам қарапайым жұмысшылар. Салық саласы бойынша жүмыс атқаратын қызметкерлер жоғарғы білім алған, осы салада көптеген жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан, өз істерінің мықты мамандары. Осы адамдардың есімдері және де осы салада еңбек өтілі №1 кестеде көрсетілген.

Кесте 1. Басқарма құрамының қызметкерлер тізімі

Аты - жөні

Қызметі

Еңбек өтілі

Г.Есіркепов

Басшы

11-14 жыл

Г.Сейдуанов

Басшының орынбасары

20 жылдан жоғары

А.Турешов

Құрылымдық бөл. жет.

5-7 жыл

К.Ислам

Құрылымдық бөл. жет.

11-14 жыл

А.Сураншиев

Құрылымдық бөл. жет.

14-17 жыл

М.Бейсенбекова

Құрылымдық бөл. жет.

20 жылдан жоғары

Е.Шымыркулов

Бас маман

3-5 жыл

Д.Шилов

Бас маман

9-11 жыл

М.Разако

Бас маман

9-11 жыл

А.Убайдильяев

Бас маман

11-14жыл

О.Дауов

Бас маман

20 жылдан жоғары

Ә.Ережепов

Жетекші маман

1 жылға жуық

А.Әбибулла

Жетекші маман

1-2 жыл

Е.Сулейменов

Қызметкер

Е.Амирбеков

Қызметкер

Б.Жумадилов

Қызметкер

Н.Сырымбетов

Қызметкер

М.Бекмуханова

Қызметкер

С.Шалимбетова

Қызметкер

Жұмыс тәртібі.

Жұмыс күні дүйсенбі күнінен басталып жұма күніне дейін. Яғни бес күндік жұмыс режимі. Жұмыс уақыты сағат азаңғы 9-дан кешкі сағат 18-ге дейін жүреді. Түскі үзіліс уақыты сағат 13-14 аралығында.

1.1.3. Ұйым құрылымымен танысу

Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында үш бөлім жұмыс жасайды. Бөлім бойынша ақпараттар №1 суретте.

Сурет 1. Басқарманың бөлім басшылары.

Салық қызметі органдарының міндеттері:

  1. салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;

  2. міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстаудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеудің және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;

  3. ҚР салық саясатын іске асыруға қатысу;

  4. өз құзыреті шегінде ҚР экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  5. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Аудан бойынша салық комитеті мынадай бөлімдерден құралған:

  • салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімі;

  • салық аудит бөлімі;

  • еріксіз өндіру бөлімі;

  • құқықтық қамтамасыз ету бөлімі;

  • ұйымдастыру бақылау бөлімі;

  • ақпаратпен қамтамасыз ету және есеп бөлімі;

Бөлім 2. Ұйымның сыртқы ортасы

1.2.1. Сыртқы ортаның сипатын білу және оған тікелей әсер ететін факторлар: жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер. Сыртқы ортаның жанама әсер ететін факторлары: экономикалық, политикалық және мәдени.

Ұйымның сәтті қызмет жасауы ұйымға қатысты және жаһандық сыртқы ортада әрекет ететін сыртқы күштерге тәуелді. Басқарушылық функцияларын табысты орындау үшін сыртқы өзгермелілерді ескеру қажет.Сыртқы орта – белсенді шаруашылық субъектілер, экономикалық, қоғамдық және табиғи жағдайларын, ұлттық және халықаралық институциялық құрылымдары мен кәсіпорын айналасында қызмет ететін және оның қызметіне әсер ететін шарттар мен факторлар жинағы.Сыртқы ортаның маңызы: ұйым ресурстар, энергия, кадрлар мен тұтынушылар жеткізу жағынан ашық жүйе ретінде сыртқы әлемге тәуелді. Сыртқы ортаға ұйымға, оның қызмет етуіне, оның нәтижелеріне, қызметінің салдарына әсер ететін, бірақ ішкі өзгерістерге жатпайтын шаруашылық жүйенің элементтері кіреді. Сыртқы ортаның негізгі сипаттамасы оның күрделілігі, қарқындылығы мен белгісіздігі болып табылады. Сыртқы ортаның күрделілігі бірнеше жағдайларда көрініс табады. Нақты жағдайда ұйымның қызмет етуіне шарттар мен факторлардың үлкен саны әсер етеді. Олардың табиғаты әртүрлі. Техникалық факторларға технологиялар, материалдар жатады. Әлеуметтік шарттар мен факторлар деп әлеуметтік нормалар, құндылықтар, қалаулар саналады. Ұйымдастырушылық факторлар – бұл қолданып жүрген ұйымдастырушылық құрылымдар, шаруашылық байланыстар типтері. Сонымен қатар, экономикалық, құқықтық, саяси, мәдени-тарихи шарттар мен факторларды атап өтуге болады. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуіне байланысты адамдардың әлеуметтік жағдайларында тауарлар мен қызметтерді таңдау жағынан психологиялық және тұлғалық өзгерістер пайда болды. Нарықтық экономикаға өткенге дейін республика халқы үнемі тауар жетіспеушілігін сезініп отырды, сұраныс жалпы тауарлар ұсынысынан жоғары болды. Қазіргі кезде нарық жедел өзгеруде, көптеген тауарлар ұсынысы оған деген сұраныстан жоғары.

Тікелей әсер ететін факторлар:

Жеткізушілер (жабдықтаушылар).Ұйым барлық ресурстарды сыртқы ортадан мемлекеттің бюджетіне алады. Мысалы, еңбек ресурстарын, техника, құрал-жабдықтарды, энергияны, қаржыны белгілі бір бағамен, белгілі бір уақыт аралығында басқа ұйымдардан алып отырады, міне осындай ресурстармен қамтамасыз етіп отыратын мекемелер жеткізушілер болып саналады. Ресурстар қажет кезінде жеткізілмесе, онда ұйымның жұмысына кедергі болып, тоқтап қалады. Сондықтан олар тікелей әсер етуші фактор болып табылады.

Тұтынушылар. Әрбір кәсіпорынның мақсаты өндірілген өнімдерін немесе қызметтерін тұтынушыларға ұсынып, олардың тілек-талабынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыру. Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы халыққа салық жөніндегі немесе міндетті төлемдер бойынша, әр түрлі ақпараттар беруге, салық төлемдерін жүргізуші ретінде тіркеу секілді қызметтер атқарады.

Бәсекелестер. Ұйымның бәсекелестері жоқ. Бірақ сондада ұйым жыл сайынғы осы секілді салық органдарымен салыстырғанда барлығы жақсы деген бағаны алуға тырысады.

Сыртқы экономикалық орта – инфляция, баға деңгейі, несие алу, салық саясаты, қаржы жүйесі, еңбек ақы мөлшері, жұмысшылардың білімі, кәсіби шеберлігінің деңгейі ұйымның жұмысына әсер етеді. Сыртқы технологиялық орта. Әрбір кәсіпорын технологияның соңғы жетістіктерінен хабардар болуы тиіс. Ол үшін ұйым байланыс құралдарымен толық жабдықталып, мәлімет, ақпараттар, жаңалықтар мезгілінде қызметкерлерге жетіп отыруы қажет. Технология – өнім өндіру мен қызмет көрсетудің, оған басшылық етудің маңызды элементі болып табылады. Технологияның өзгеруіне жаңаруына байланысты кадрлармен қамтамасыз ету тәсілі де біршама өзгеруі мүмкін.

Сыртқы әлеуметтік-этикалық орта – адамдардың көзқарасына, тәрбиесіне, тілек-ықыласына, зиялылығы мен біліміне, сенімі мен дәстүріне қарай қалыптасады. Кез келген адам белгілі бір әлеуметтік ортада жарық дүниеге келеді, ата-ана мен балалардың қарым-қатынасы басталып, адамзат ұрпағының қалыптасу жолы басталады. Осындай күрделі құрылыс адамдар ортасын қалыптастырады және адам баласы қоғамға тәуелсіз ешқандай өмір сүре алмайды. Басшы әлеуметтік ортамен санаспай болмайды. Менеджер үшін әлеуметтік көзқарас, сенімділік, бағалылық өте маңызды. Сыртқы этикалық орта әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі – іс жүзінде қолданылатын адамның жеке басының жүріс-тұрыс стандарттары жиынтығынан құралады. Ұйымға қатысты этикалық нормативтер азаматтық кодексте жазылған, ол нормативтерді әрбір қызметкерлер білуі тиіс (пара алу, қиянат жасау, заңсыз ақша төлеу). Сыртқы саяси орта. Әрбір ұйымдағы әрбір басшы түрліше заңдармен, қаулылармен, әртүрлі комиссиялармен, ресми жаңалықтармен, сот шешімдерімен ұшырасып тұрады. Осы құжаттардың кейбіреуі жұмысшылардың, тұтынушылардың мүддесін қорғауға арналған. Кез-келген ұйымдағы басқарушының барлық іс-әрекетті кез-келген заңға немесе қаулыға қатысты және шешім қабылдар алдында басшылар заң кеңесшілерімен ақылдасады. Халықаралық жағдайларда ұйым жұмысына әсер етеді. Мысалы, ұйым өнімдерін өткізіп немесе сол жақтан құрал-жабдық немесе шикізат алып жүрген елдердің халықаралық жағдайлары өзгерсе, ұйымның жұмысына да ықпалын тигізуі мүмкін, сондықтан ұйым басшысы тығырықтан шығатын басқа да жолдарды қарастыруы тиіс.

Экономикалық факторлар: инфляция деңгейі, ақша айналымдары. Сұраныс факторлары –тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі. Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі. Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану, жұмыссыздық деңгейі, инфляция қарқыны, технологиялық прогресс, саяси климат және т.б. Политикалық факторлар: мемлекеттегі ішкі жағдай, мемлекеттің заңдары, ақша айналымы, салықтың мөлшерінің көтерілуі.Политикалық фактордың үшінші түрі нормативті – құқықтық актілер арқылы әсер етуі. Мыс: Мемлекеттік программалар, оларға Батыс Еуропа–Батыс Қытай дәлізінің салынуы, Expo2017, қол жетімді баспана 2020 деген бағдармалар жатады.

Бөлім 3. Ұйымның ішкі ортасының факторларына сипаттама жасау