Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика доделанный.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆

1.3.1. Ұйымның мақсаты, тапсырмалары, міндеті және философиясы. Ұйымның даму стратегиясы, ұйымның даму жөніндегі жылдық жоспары, өтпелі бөлім кезең жоспары, жұмысшылардың күнтізбелік жоспары

Кәсіпорынның ең басты қызметтері :Ұйымның басты қызметі Жамбыл ауданы бойынша барлық салық төлеуші жеке немесе заңды тұлғалардан салық жинау және оның дұрыстығын қамтамасыз ету, салық төлеуші заңды немесе жеке тұлғаларда мемлекеттік ақпараттар базасына тіркеу, .

Ұйымның мақсаттары: Жалпы басқарманың бас мақсаты болып Үкімет бекіткен барлық істелу керек міндеттерді уақытылы, әрі мүлтіусіз орындау. Жұмыс қарқынының сапасын жоғарылату. Қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру. Қоғамның экономикалық-әлеуметтік дамуына өз септігін тигізу.

Экология. Ұйым ешқандайда экологияға зиян тигізерліктей өнім шығармаса да экологияны ластамау және оны корғап, сақтауды өзіндік борыш деп санайды. Сондықтан әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, қолға алынуда. Онда келесі іс-шаралар қаралған: 1.Қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету;

2. Экологиялық қауіпсіздіктің үйлесімді деңгейін қамтамасыз ету;

3. Өскелең ұрпақтың экология жайлы түсінігін тереңдетуге ат салысу;

Қойылған мақсаттарды орындау мен алда тұрған міндеттерді шешудің басты шаралары мыналар:

  • Қоршаған ортаның өндірістік мониторинг сапасы жүйесін жетілдіру;

  • Қоршаған ортаны қорғау бойынша жекелеген проблемалық мәселелерді ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету;

  • Әуе кеңістігін ластауға, су ресурстарының таусылуына және ластануына алып келетін антропогендік әсерді төмендету;

  • Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналу көлемін қысқарту;

  • Техногенді және табиғи сипатағы төтенше жағдайлардың алдын алу;

  • Қоршаған ортаны қорғауға бақылау тиімділігін жоғарылату;

  • Мемлекеттік бақылау органдарымен бірлесе әрекет етуді жүзеге асыру;

  • Қоғамдық пікірлер жүйесін қалыптастыру үшін бағдарламаның орындалу барысы жөнінде баспасөзде, теледидар мен радиода жариялау арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану.

  • Басқармада еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөледі.

Ұйым мақсаты –– өз кәсіпорындарындағы еңбек жағдайының қауіпсіздік талаптары мен халықаралық стандартқа сәйкес болуы. Бүгінгі таңда өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жұмыс орындарындағы қауіп пен қатердің күн ілгерін анықтау ең өзекті мәселе болып табылады.

Еңбекті қорғау қызметінің негізгі бағыттары мыналар: әрбір жұмыс орнында қауіпсіз және салауатты жағдай жасау, өндірістік жарақат-тар мен кәсіптік аурулардың алдын алу, өндірістік жарақаттарға жол бермеудің іс-шараларын белгілеу және оларды орындау. Бұл міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін филиалдарда әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, емдеу-сауықтыру іс-шаралары кешенін жүзеге асыруда.

Негізгі міндеттер мыналар:

  • Негізгі құрал-жабдықты қауіпсіз пайдалануды дер мезгілінде бақылау үшін құжат-тау;

  • Еңбеккерлерді сапалы түрде кәсіптік даярлау және қайта даярлау;

  • Еңбек етудің қауіпсіз тәсілдерін оқытып-үйрету (еңбек қорғау бойынша жыл сай-ынғы білім тексеру алдындағы лекциялар мен семинарлар);

  • Қазіргі стандарттарға және нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес технология-лық құжатнама жасау;

  • Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайын және жарақат қауіпсіздігін анықтау үшін өндірістік нысандарды аттестациялау;

  • Обл СЭС-пен келісілген «Кәсіби ауруларды азайту жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын» жасау және орындауды қамтамасыз ету.

Әлеуметтік жауапкершілік. Ұйымның қоғам алдындағы жауапкершілікті өнді-рістік қызметті табысты жүргізу, лайықты жұмыс жағдайын жасау, еңбеккерлер мен олардың отбасыларын қамқорлыққа алу, облыс тұрғындарымен өзара байланыста болу деп түсінеді.

Басқарма өз еңбеккерлерін лайықты тұрмыс деңгейімен қамтама-сызетіп қанақоймай, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына да ықпал жасауға ұмтылады.

Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады .

Кәсіпорынның мақсаттары :

  • Өндіріске және жеке тұлғаға сапалы білім көрсету;

  • Тұтынушыға өнімді жеткізу және қанағатын толықтай өтеу;

  • Кәсіпорындардагы өндірісті материалдық - техникалық жабдықтау;

  • Кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару;

  • Кәсіпорындардағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;

  • Салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін қадағалу;

  • Мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.

Жоспарлау мен болжау – бұл, экономиканың обьективті тәуелділігі мен себеп-салдар нәтежиесінде, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрессте, қоғамдық өнімділіктің дамуы мен нәтежиесін алдын-ала ғылыми тұрғыдан көре білу.

Болжау мен жоспарлаудың әдістеріне негізінен экономикалық заңдардың толық есебі, ғылыми тұжырымдар, әртүрлі жағдайлар, жоспарлау мен болжаудың мақсатқа сай жасалуы, жүйелер, құрылымдар, логика және ұйымдастыру жатады. Жоспарлау – атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Кез-келген шаруашылық қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтежиесін болжаудың әсерінен болады. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдынала қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен, болжаудың екі түрі болады: теориялық танымдылық және басқарушылық болжау.

Болжаудың негізгі принципі – жоспарлық есептің ғылыми негізделуі және нақты шама болуы. Бұл барлық экономикалық заңдылықтарды, ғылымның жаңа жетістіктерін қолдануды, техника мен технологиялық жетістіктерді меңгеруді өнімділікті ұйымдастыра білу мен басқарудан құралады.

Жоспарлаудың тағы да бір маңызды принципі бұл – мемлекеттің, қоғамның шаруашылық субьектілерінің, салааралық, аймақтық ұйымдардың көз-қарастары мен мүдделерін де қарастыра отырып соған сай оңайлатылған төлемдерді төлеу жүйесін ұйымдастыру.

Жоспар жасауда ең бірінші айналысатын саладағы тиімді және ұтымды шешімдерді қарастыру керек. Бұл болашақта әр кәсіпорынның, әр саланың, шаруашылықтың дұрыс дамуына мүмкіндік жасайды.

Жоспар жасалу барысында тексеріле отырып, түзетулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.