- •1.1.1. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатын анықтау және жоспар құру. Ұйымның құрылымымен танысу. Жұмыс орнында еңбекті қорғау және қауіп-сіздік техникасы бойынша нұсқау.
- •1.1.2. Кәсіпорынның негізгі басшылығымен және мамандарымен, еңбек жағдайы мен жұмыс тәртібінің жоспарымен танысу.
- •1.1.3. Ұйым құрылымымен танысу
- •1.3.1. Ұйымның мақсаты, тапсырмалары, міндеті және философиясы. Ұйымның даму стратегиясы, ұйымның даму жөніндегі жылдық жоспары, өтпелі бөлім кезең жоспары, жұмысшылардың күнтізбелік жоспары
- •1.3.2. Қызметкер. Ұйымның штаттық кестесімен, жеке құрамның есебін ұйымдастырумен танысу. Олардың жұмыстарының сапалы көрсеткіштерін анықтау
- •1.3.3. Өндірістегі төлем ақы беру жүйесі. Еңбекақыны төлеудің түрлерімен және формаларымен танысу
- •2.1.1. Нормативтік құжаттармен танысу, кәсіпорынның беделі және оның ішкі құ-рылысының басқармасы
- •2.1.2. Басқару шешімін қабылдау. Қателікке үйреніп, дұрыстай білу және ақпарат жинау.
- •2.1.3 Өкілеттің қарсы ішкі және сыртқы себебі. Өкілеттің негізгі заңы, ұсынысы.Алға қойған мақсаты орындайтын - ынталандыру тобы.
- •2.1.4. Топ мүшесімен қабылдаған шешімді – ортаға алу. Шешімнің міндеттері: уақытты үнемдеу, кедергілерден құтылу.
- •2.1.5.Жұмыс әдебі. Жұмыстағы имидж. Әдеттері мен жұмыс киімі. Кеңсе. Визит картасы.
- •2. Бизнес қатынасы. Техникалық дайындық және презентация жүргізу.
- •2.2.1. Іскерлік қарым қатынас жүйесі. Бірінші ойды іріктеу. Қарым – қатынастың тиімділігін орналастыру. Коммуникативті барьері.
- •2.2.2. Түсінік-сенім орнатудың ең керемет тәсілі, жеке және іскерлік байланыс серіктестер арасында күшті қатынас құру.
- •2.2.4. Презентация құруға дайындық. Ақпарат жинау.
- •2.2.5.Сараптаманы және ақпаратты өндеу, оған қосымша бағалалық беру.
- •2.3.2.Уақытты жоспарлау.Уақыт ұйымның басты ресурсы.. Уақыттың жетіспеу-шілігі: қатемен жұмыс.
- •2.3.3. Нәтиженің жоспарлану уақыты. Мақсаты тұрақтандыру. Жұмысты орын-дау уақытын белгілеу.
- •2.3.4.Құжаттармен жұмыс. Мақсат, минимум құжат. Нақтылық таланттың бір бөлігі. Жұмыстың жүйелілігі, топтық құралдардың жұмысы. Жиналыс және маслихат. Маслихатты ұйымдастыру.
- •3.4.1.Азықтың нарығын анықтау.
- •3.4.2. Нарықты сигменттеу. Сигменттің толықтай сипаттамасын жасау.
- •4.1. Тауарға сызбалар бойынша мінездеме беру. Параметрлік және экономикалық мінездеме. Бағасын көрсететін, формасын және жолдарына байланысты мінездеме.
- •5.1. Ұйым қызметкерлерінің іскерлік қарым-қатынас түрлері, этикалық қағидалары.
- •5.2. Ұйымдағы қызметтің шағын форматсыз топтарының әсер етуін анықтау. Ұйымның әлеуметтік, психологиялық мінезін анықтау
- •5.3. Кадрлік саясат ұғымы. Ашық және жабық кадрлік саясат. Мақсат. Кадрлік қызмет: оның ұйымы, қызметі, ұйымдағы орны
- •6.1. Әлеуметтік қолайлылықтарға бағытталған шешімдерді қабылдау, қаржылық және шаруагерлік нәтижесінің басқарма қайраткері.
- •9.1.Ұйым жұмысын анықтау арқылы оның басқару тиімділігін арттыру.
2.3.2.Уақытты жоспарлау.Уақыт ұйымның басты ресурсы.. Уақыттың жетіспеу-шілігі: қатемен жұмыс.
Басқармада жұмыс істеп жатқан әрбір қызметкердің уақыттары бағалы әрі қымбат. Сондықтан әр минутты сапалы және тиімді пайдалануға тырысады.
Барлық қызметкерлердің немесе жалпы бөлімнің әр айға жоспары басшылықпен құрылады. Осы құрылған барлық жоспарды ай ішінде бітіруге тырысады.
Ал, қатемен жұмысқа келетін болсақ, кез-келген жасалған қате қайта қаралып, тузетіледі.
2.3.3. Нәтиженің жоспарлану уақыты. Мақсаты тұрақтандыру. Жұмысты орын-дау уақытын белгілеу.
Франклин жүйесі
Бенджамин Франклиннің жүйесі негізінде барлық үлкен тапсырмаларды ұсақ тапсырмаларға бөліп, ал сол ұсақ тапсырмаларды өз ішінен тағы бөліп тастау қажет.Визуалды түрде бұл көп сатылы пирамидаға ұқсайды. Пирамиданың алғаш қабаты — өмір құндылықтарын анықтау (жанұя, жұмыс, әлемді тану, ақша, билік). Екінші қабат — биік мақсаттарды құрастыру (көп балалы әке болу, компания басшысы немесе депутат болу). Үшінші қабат — бас жоспар жазу, яғни мақсатқа жету жолында басты сатыларды атап өту (үйлену, үй болу, шетелдік компанияда қызмет жасау). Төртіншісі — ұзақ мерзімді жоспар жасау (бірнеше жылға) және онда нақты мақсаттар мен нақты мерзімді көрсету (универститетке түсу ). Бесінші қабат — қысқа мерзімді (бірнеше аптадан бірнеше айға дейін). Алтыншы және соңғы қабат — қысқа мерзімнің ішінде бар мақсаттың біреуіне жетуге көмектесетін бүгінгі күнге жоспар құру.
Эйзенхауэр принципі
Бұл ереже барлық тапсырмаларды төрт топқа бөлуден құралған:
Қауырт/маңызды — оларды өзіңіз және жедел орындауыңыз қажет;
Қауырт/маңызыды емес — егер де бұл тапсырмаларды орындау үшін арнайы білім мен біліктілік қажет болмаса, оларды бағынышты қызметкерлеріңізге тап-сырыңыз;
Қауырт емес/маңызды — қауырт болып қалмайтындай, оларды өзіңіз шешіңіз;
Қауырт емес/маңызды емес — олардан мүлдем бас тарту қажет.
2.3.4.Құжаттармен жұмыс. Мақсат, минимум құжат. Нақтылық таланттың бір бөлігі. Жұмыстың жүйелілігі, топтық құралдардың жұмысы. Жиналыс және маслихат. Маслихатты ұйымдастыру.
Жаңа жұмысқа келген адам көбінде өзін ыңғайсыз және әңғайсыздықты сезінеді (әсіресе жаңадан оқуды бітірген, тәжірибесі жоқ жастар). Уақыт келе ол осы ортаға бейімделеді, ал егер персоналды бейімдеудің жақсы бағдарламасы болса уақытты үнемдеуге болар еді. Сол себепті менеджер қызметкерлерді жұмысқа бейімдеу кезінде келесідей қағидаларды ұстану қажет.Алғашқы шығындарды азайту, жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкер жұмыс орнын дұрыс білмегендіктен тиісді жұмыс істей алмайды және қосымша шығындарды талап етеді. Ал тиімді бейімдеу бағдарламасы бұл шығындарды азайтады және жаңа қызметкерлердің тез бейімделуіне көмектеседі.
Жаңадан келген қызметкерлердің белгісіздігін және уайымын әлсірету. Уайым жұмысты ары қарай алып жүре алмау қорқынышынан туындайды, ал бұл жаңа, белгісіз жұмыста болатын әдеттегі құбылыс.
Кадрлардың ағымдығын қысқарту, егер жаңадан орналасқан қызметкер жаңа орында өзін ыңғайсыз және керексіз сезінсе оның бұл жұмыстан шығып кетуі мүмкін. Сол себепті оған жол бермеу керек.
Жетекшілер мен қызметшілердің уақытын үнемдеу, жұмысқа дұрыс бейімделмеген адам бәрібір өз қызметін атқару керек, бірақ оған көмекші қажет болады. Ал бұл көмекті көрсететіндер, өз уақытын осыған жұмсайтын, әріптестері немесе басқарушылары. Бейімдеу бойынша жақсы бағдарлама олардың әрқайсысының уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жұмысқа жағымды қатынасты орнату және жұмыспен қанағаттандыру. Әрбір жаңа қызметкер ұйым одан нені күтетіндігін ақыл-оймен қарай керек.
Кадрлардың ағымы ұйым үшін қымбатқа түседі. Себебі осы бос орынға персоналды тарту, олардың ішінен жақсысын таңдауға уақыт жұмсайды; осы қызметкерлерді қабылдағанға дейін жұмыс орны бос тұруына немесе оны басқа қызметкерлер атқарғаны үшін шығындалады; жаңадан орналасқан қызметкердің жұмыс орнына бейімділік, тиімді жұмыс атқаруына дейін шығындар жұмсайды. Осыған байланысты персоналды басқару менеджері кадрлар ағымын жоғарлатпауға әр түрлі әдіс қолдану керек, яғни жұмысқа кадрлардың ең жақсысын таңдау, олардың жұмыс орнына тез бейімделуіне жағдай жасау, персоналды оқыту, біліктілігін жоғарлату, қайта дайындау және және жақсы қызметі үшін әр түрлі сыйақы төлеу. Сондай-ақ кадрлар ағымының пайда болу себептерін міндетті түрде анықтау керек, яғни қызметкердің жұмыстан шығу себептерін зерттеп, оларға түзетулер енгізіп және болашақта олардың қайталануына жол бермеу керек.
Маркетинг
