Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика доделанный.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆

1.3.2. Қызметкер. Ұйымның штаттық кестесімен, жеке құрамның есебін ұйымдастырумен танысу. Олардың жұмыстарының сапалы көрсеткіштерін анықтау

Қызметкер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіп-орынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнама-сына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша(мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды. Қызметкерлер мынадай түрлерге бөлінеді: ақы төленбейтін отбасылық қызметкерлер туысқанның иелігіндегі жеке отбасылық кәсіпорында ақысыз жұмыс істейтін адам; жалданбалы қызметкерлер яғни жалданып жұмыс істеушілер. Бұл қызметті орындау үшін қажетті негізгі қорлар, кейбір немесе барлық аспаптар, үй-жайлар олардың меншігіне жатпайды. Жалданбалы қызметкерлер кез-келген меншік нысанындағы кәсіпорынның басшысымен еңбек қызметінің жағдайлары туралы жазбаша еңбек шартын, келісімшарт немесе ауызекі келісім жасасады, оны орындағаны үшін жалданушы белгіленген ақыны ақшалай немесе заттай алады. Кәсіпорындардың директорлары мен басқарушыларын қоса, ақы төленетін қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекітілген адамдар жалданып жұмыс істеушілер деп саналады.

1.3.3. Өндірістегі төлем ақы беру жүйесі. Еңбекақыны төлеудің түрлерімен және формаларымен танысу

Еңбекақыны есептеуде жұмыс уақытын есепке алатын айлық еңбек табелі негізгі құжат болып саналады. Бухгалтерлік есепте еңбек ақы төлеудің 2 нысаны бар: 1. Мерзімдік; 2. Кесімді; Мерзімдік нысан кезінде еңбек ақы төлеу – жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Кесімді еңбек ақы төлеу – мұнда еңбекақы саны мен сапасы-на сәйкес, оның күрделілігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді.Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар. Еңбекақы төлеу негіз-гі және қосымша түрлерге бөлінеді. Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:

Мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;

Еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;

  • Қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;

  • Сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.

  • Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:

  • Демалыс уақыттарына ақы төлеу;

  • Мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;

  • Кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;

  • Жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.

Ұйымда 25 жұмысшы жұмыс істейді әр қайсысының өз міндеті бар.Мейрам күндері оларға қызыл күн болып саналады. Ұйым қызметкерлерінің барлығы жоғары білімді және жылда оларды өз білімдерін арттыру үшін оқытылады.Ұйымда төлем ақыны айдың соңында алады. Яғни айдың 20-нан бастап айдың 27-на дейін қызметкерлер өз төлем ақыларын алады. Қызметкерлерге мерзімді еңбекақы төлеу жүйесі еңгізілген.

Тарау 2. Менеджмент.

Бөлім 1. Басқару бөлімі жоспарлау, ұйым, ынталандыру,бақылау