Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менедж маркетинг.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.5 Mб
Скачать

3 Сурет. Маркетингтің макроортасының негізгі факторлары

Макроортаның факторларының ерекшелігі – олар маңызды қозғалыста болады және әдеттегідей жеке фирманың белсенді әсер етуіне бағынышты болмайды.

3.2 Бақылау сұрақтары

  1. Фирманың маркетигтік ортасы деген не және оның құрылымы қандай?

  2. Маркетингтік талдаулардың сіздерге қандай тәсілдері белгілі?

  3. Маркетингтің микроорталарының негізгі факторларына не жатады және оның сипаттамалары қандай?

  4. Маркетингтің макроортасының факторларын сипаттаңдар, нарықтағы фирманың қызметіне әсер етуіне мысалдар келтіріңдер.

  5. Фирманың маркетингтік ортасының қандай факторлары фирма жағынан әсер етуші күштеріне беріледі, қандайларына әсер етпейді?

3.3 Тесттер

1. Байланыс аудиториясы – бұл

A) кәсіпорындардың мақсаттарына жетуіне әсер ете алатын субъектілер;

B) кәсіпорынмен қарым-қатынас орнатып және тауарларды жеткізетін субъектілер;

C) кәсіпорынмен қарым-қатынас орнататын және оның тауарларын сатып алатын субъектілер;

D) өзіне пайда алу үшін тауарларды сататын және сатып алатын ұйымдар;

E) тауарларды өндіру үшін сатып алатын ұйымдар.

2. Өндірушілер үшін байланыс аудиториясы бұл

A) жабдықтаушылар;

B) бәсекелестер;

C) клиентура;

D) массалық ақпараттың қаражаттары;

E) фирманың өзі.

3. Маркетингтік ортаның кәсіпорыны бұл

A) микроортаның бір бөлігі ;

B) макроортаның бір бөлігі;

C) микро мен макроортаның жиынтығы;

D) экономикалық, демографиялық, географиялық факторлардың жиынтығы;

E) табиғи, ғылыми-техникалық, саясаттық факторлардың жиынтығы.

4. Макроортаның түсінігі көрсетеді

A) кәсіпорынның қызметіне әсер ететін күштер;

B) кәсіпорынның қызметіне әсер етпейтін күштер;

C) микроортаға әсер ететін күштер;

D) микроорта фирмасында қызмет ететін күштер;

E) кәсіпорын тұрғысынан қарайтын қызмет күштері.

5. Микроорталық кәсіпорындарға жатпайды

A) бұқаралық ақпарат құралдары;

B) барлық елдің тұрғындары;

C) саудалық ұйымдар;

D) саяси орта;

E) жабдықтаушылар.

6. Клентура - бұл қандай фактор

A) макроорта;

B) микроорта;

C) ғылыми-техникалық орта;

D) саяси орта;

E) мәдениеттік орта.

7. Артығын табыңыз

А) экономикалық орта; B) табиғи орта; C) саяси-құқықтық орта; D) фирманың клиенттері; E) әлеуметтік-мәдени орта.

8. Фирманың ішкі орта факторына жатпайды

A) қоймалық қордың деңгейі;

B) шоттағы ақша қаражаты;

C) сату көлемі;

D) өнім тұтынушыларының іс-әрекеті;

E) НИОКР жағдайы.

9. Маркетингтің микроорта факторына жатады

A) демографиялық факторлар, бәсекелестер;

B) жабдықтаушылар, фирма, бәсекелестер, маркетингтік делдалдар, клиентура, байланыс аудиториялары;

C) экономикалық факторлар, демографиялық факторлар, жабдықтаушылар, бәсекелестер, клиентура, фирма, маркетингтік делдалдар;

D) жабдықтаушылар, маркетингтік делдалдар, ғылыми-

техникалық орта;

E) бәсекелестер, байланыс аудиториялары, фирма, делдалдар, экономикалық орта.

10. Сыртқы ортаның сипаттамасына жатады

A) мақсаттар, есептер, құрылым , технология;

B) жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер;

C) өзара байланыс, күрделілік, іс-әрекет, екіұштылық;

D) технология, экономика, саясат, мәдениет;

E) тікелей және жанама еңбек бөлінісі, ресурстар.