Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экз гдп.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.92 Кб
Скачать

30. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде шынықтыруды ұйымдастыруды медициналық бақылау.

Дәрігер педиатордың медициналық тексерісінің нәтижесі бойынша жылда оқушылар келесі медициналық топтарға бөлінеді: негізгі, дайындық, арнайы . Денсаулық жағдайы бойынша негізгі және дайындық топтарға жататын балалар бірге дене шынықтырумен айналысады, бірақ , дайындық тобындағылар үшін түсетін күштің қарқындылығы мен көлемі төмендетіледі ( қарқынды жүгіру , жүру және жеңіл жүгіру мен алмастырылады, жаттығулардың қайталануын азайтады, күш түсетін жаттығуларды орындауын шектейді ). Арнайы медициналық топтарға жататын оқушылар арнайыландырылған кесте бойынша сағаттарынан тыс уақытта айналысады.

Топтың медициналық сипаттамасы

Міндетті жаттығулар түрі

Жаттығулардың қосымша түрлері және жалпы нұсқаулары

Негізгі топ:

Денсаулық жағдайындағы ауытқулары жоқ балалар , сонымен бірге болмашы морфофунционалды ауытқулармен , денесі шыныққан

Оқу программасына сәйкес дене шынықтыру сабақтары

Бақылау нормативтерін тапсыру

Дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларына қатысу

Мектепгі немесе мектептен тыс мекемелеріндегі спорт секцияларындағы жүйелі жаттығулар

Әр түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысу

Мектептен тыс уакыттардағы экскурсиялар, спорттық ойындар , туристік жорықтар

Дайындық тобы:

Денсаулық жағдайында маңызды емес ауытқулары бар, физикалық дайындығы жеткіліксіз балалар

Дене тәрбиесі сабағының бағдарламасында олардың біртіндеп қорғалыс дағдылар кешенін игеруі және организмге жаңа талаптарды қалыптастыруына байланысты

Жалпы физикалық дайындық секцияларындағы сабақ

Туристік жорықтар , экскурсиялар және дәрігердің ұсынысы бойынша спорттық ойындар

Қозғалыс белсенділігінің тәуліктік жамасына медициналық бақылау жүргізу.

Арнайы топ:

Тұрақты және уақытша сипаттағы денсаулық жағдайында маңызды ауытқулары бар, оқу және өндірістік жұмысты орындауға рұқсат берілген балалар

Аурудың сипатын және ауырлығын ескерумен арнайы бағдарлама бойынша дене шынықтыру сабақтары

Дене шынықтыру-сауықтыру шараларына қатысу

Өзін бақылау ережесін сақтау барысында серуендеулер , қозғалмалы ойындар , спорттық ойындар және қоғамдық пайдалы жұмыс

Дәрігердің ұсынысы бойынша күн тәртібінде физикалық жаттығулар мен жеке сабақтар

Қозғалыс белсенділігінің тәуліктік шамасына және денсаулық жаңдайының динамикасына медициналық бақылау жүргізу

В.Р.Кучма «Гигиена детей и подростков» «ГЭОТАР-Медиа» 2008. 190-191 бет

31.Мектепке дейінгі мекемелерде(сәби-бақшадағы) оқыту-тәрбиелеу процесінің гигиенасы.

Гигиеналық оқыту және тәрбиелеу денсаулықты нығайту мен сақтаудың маңызды шаралары болып табылады және кешенді және үздіксіз болуы тиіс. Ол кешенді және дұрыс бағытқа жетелеу керек:өзінің физикалық және психикалық жағдайын жақсарту ;өзіне және қоршаған орталардың денсаулығына зиянынын тигізетін әдеттерден бас тарту;өзінің және қоғамның денсаулығына қатер тигізетін адамзаттың жағымсыз қатынасы; Денсаулықты сақтау жолындағы шараларға белсенді қатысу. Білім беру мекемелерінде гигиеналық білім беру және тәрбиелеу сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар болып бөлінеді. Олар барлық медициналық қызметкерлерімен , үйірме, клуб жетекшілердің ұйымдастырылуымен, Қызыл Крест қоғамының мүшелерімен жүзеге асырылады. Сыныптық жұмыс білім беру стандарттарына, оқулық бағдарламарына, әдістемелік ұсыныстарына сай жүргізіледі. Негізі гигиена сұрақтары табиғаттану да, тіршілік қауіпсіздік негіздерінде,дене тәрбиесінде, еңбекте, биологияда,білім тануында (білім беру мекемесінде), қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғауында (кәсіптік оқытудағы білім беру мекемесінде ) оқыту процессінде қарастырылады. Сабақтың тақырыптары оқу бағдарламасымен анықталады.

(Кучма «Гигиена детей и подростков» «ГЭОТАР-Медиа» 2008 395 бет)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]