Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экз гдп.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.92 Кб
Скачать

31. Ұйымдастырылған ұжымдардағы балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационын зерделеудің лабораториялық әдісі.

Тамақтануды тереңдетіп зерттеу лабораториялық әдіспен жүргізіледі. Ол үшін белгілі бір мерзім тағайындалады, мысалы, әр маусымның 10 күнінде, күн сайын тәуліктік рационның негізгі тағамдық көрсеткіштері мен биологиялық құндылығын зерттейді. Бұл әдіс тағамды зерделеуде нақты мәлімет береді. Тәуліктік іріктеуге келесі сынамалар ұсыныдады: - порциялық тағамдар толық көлемде алынады, салат, біріншілік және үшіншілік тағамдар, гарнирлер 100 гр кем емес; сынамалар стерильденген қасықпен тағам таратылатын жерден алынады, және беті тығыз шынылы немесе металды қақпақпен жабылатын стерильді шынылы ыдысқа салынады. Сынамаларды арнайы тоңазытқыштарда +2….+6С градуста 48 сағаттан кем емес сақтайды. Лабораториялық әдісте тағамның дәруменмен байытылуы мен дайындалуына аса назар аударылады.

В.Р.Кучма «Гигиена детей и подростков» Руководство к практическим занятиям, 2010, 63-64 бет

32. Жиһаздарды таңбалау және таңдау.

Жиhаздардың размері баланың бой ұзындығына сәйкес болуы үшін балалардың бой ұзындықтары белгілі топтарға бөлінген - яғни, жиhаздардың белгілі топтары, белгілі бой ұзындықтарының топтарына сәйкес келуі керек. Сәби жасындағы балалар мен мектеп жасына дейінгі балалардың бой ұзындықтарының 6 тобы - 80 см. 130 см. дейін, 10 см аралықпен бөлінген, соған сәйкес, жиhаздардың әріп¬термен белгіленген 6 тобы А,Б,В,Г,Д,Е дайындалады.

Бір жастан төрт жастарға дейінгі сәбилер тобының бөлмесі төрт орынды столдармен жабдықталады. Столдарды бөлмеде жарық көзі сол жақтан түсетіндей, екі қатар етіп орналастырады. Стол аралықтары 0,45см кем болмауы керек.

Балалардың кереуеттері 2 түрлі болады: үш жасқа дейінгі сәбилерге, жан-жағы қоршалған биіктігі реттелетін кереуеттер және үш жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған кереуеттер. Олардың функционалдық размерлері арнаулы СанНменЕ құжатында беріледі.

Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін кереуеттердің аралығы 0,3м кем болмауы керек, сыртқы қабырғадан ара қашықтығы 0,7-1,0м болуы керек. Мектепке дейінгі топтарға төсеніші қатты жиналмалы кереуеттер мен қабырғаға жапсырыла жасалған бір, екі қабатты кереуеттерді қолдануға болады.

Мектеп оқушылары үшін бой ұзындығының (130 см бастап 15 см аралықпен бөлінген) 5 тобы бар және олар үшін жиhаздардың (әріптермен белгіленгін А,Б,В,Г,Д) 5 тобы жасалады. Жиhаздардың әрбір тобына сандар арқылы немесе әртүрлі бояулар арқалы белгілер салынады. Сандық белгілер бөлшекпен көрсетіледі (бөлінгіште жиhаз топта¬ры, бөлгіште бой ұзындығы) және ол жиhаздың төменгі бетіне жазылады. Түрлі-түсті белгіні жиhаздың бүйір жағына, диаметрі 25 мм дөңгелек арқылы, жиhаз размеріне сәйкес түрмен бояп жасайды.

Бірдей жас топтарындағы бой ұзындықтарының орташа квадраттық ауытқуларына сәйкес, әрбір сыныпта екі топтың жиhаздары болуы керек. Көптеген зерттеулердің нәтижесі жалпы алғанда (1-10 сыныптарда) жиhаздардың "А" тобына 10%, "Б","В","Г" - тобына 25-30% және "Д" тобына 5% келетінін көрсетті.

Жиhазды дұрыс таңдап алу үшін, әрбір сыныптағы мектеп оқушы¬ларының бойы өлшенеді. Мектеп оқушылары өздеріне қажетті жиhаз топтарын өздері анықтай алуы үшін, сыныптарда есіктің жанында бой ұзындығының әрбір топтары кеңдігі 15 см түрлі-түсті жолақ арқылы, жиhаздардың белгісіне сәйкес белгіленген бой өлшегіш тақтайша болуы керек.

(В.Р.Кучма «Гигиена детей и подростков» Руководство к практическим занятиям, 2010, 107-109 бет)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]