Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экз гдп.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.92 Кб
Скачать

45.Мектепке дейінгі мекемелерде тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.

Балалардың тәулік бойы болуына арналған мектепке дейінгі мекемелерде, калориялық тәулік нормасын қамтамасыз ететін (таңертеңгі ас, сәскелік тамақ, түскі және кешкі ас) 4 мезгілдік тамақтандыру ұйымдастырылады; Балалардың 12 сағат болуына арналған мектепке дейінгі мекемелерде 4 және 3 мезгілдік тамақтану практикалануда. Біріншісінде, балалар кешкі асты мезгілінен бір сағат ертерек қабылдайды (18 сағат), екіншісінде - кешкі ас пен сәскелік тамақтың жүктемесі осы қосымша сәскелік астың құрамына кіреді. Мұндай жағдайларда тәуліктік калория 100% қамтамасыз етіледі; Балалардың 9-10 сағат болуына арналған мектепке дейінгі мекемелерде 3 мезгілдік тамақтану тәртібі қарастырылған және тағамның тәуліктік калориясының 75% қамтамасыз етеді. Мұндай тәртіпте, медициналық қызметкерлер ата-аналарға үйде берілетін кешкі астың құрамы тәуліктік тағамдардың құндылығын толтыруы қажет екендігі туралы нұсқаулар береді. Тамақты өңдеу және дайындау үшін электрлік жабдықтармен орнатылады, газды плиталық қондырғылар рұқсат етіледі. Ас үй ғимараты механикалық сорғыш желдеткішпен жабдықталуы керек. Жиынтық тақтайлар, пышақтар, олардың белгілері, сақтау шарттары, дезинфекциялық тазалау нормативтік құжаттардың талаптарына сай болуы тиіс. Қалған көкөністер 20 күннен кем емес, ал сусымалы азық-түліктер 30 күннен кем еес аралығында болуы керек. Сусымалы азық-түліктер желдетілген ғимаратта сыйымды қақпағы толығымен жабылатын ыдыста немесе еденнен 15 см кем емес және қабырғадан 20 см аралықтағы стеллаждарда қаппен және құрғақ түрде сақталуы керек.

(Б.А.Неменко, Г.К.Оспанова «Гигиена детей и подростков».189-193 бет)

46. Жалпы білім беретін мекемелердегі тамақтануды ұйымдастырудың гигиеналық принциптері.

Оқушылардың тиімді тамақтандыруын ұйымдастырғанда сақталуға тиісті қағидалар: Тағамдық рационның энергиялық құндылығының энергияға сәйкес болуы; Рационның химиялық құрамының, энергиялық құндылығының, мөлшерінің жасына сәйкес қажеттілігіне және организм ерекшеліктеріне сәйкес болуы; Рационда негізгі және ауыстырылмайтын тағамдық заттардың белок, май және көмірсулар қатынасы 1:1:4 және майлар құрамының жануар және өсімдік тектес бөліктерінің қатынасының дұрыс болуы; Өнімдер ассортиментінің көп (тағамның химиялық құрамының толық қамтамасыз ететін әр түрлі еттер, балықтар, сүттер, нандар, жармалар, көкөністер, жемістер) болуы; Жетіспейтін тағамдардыалмастыру тек ерекше жағдайларда, тек қана құндылығы бірдей, әсіресе белок және майлар бойынша, тағамдарымен жүргізіледі; Дайындалған тағамдардың биологиялық және тағамдық құндылығын, органолептикалық қасиетін және құрамындағы тағамдық заттардың жоғары деңгейде сіңірілуін сақтау мақсатында кулинарлық-технологиялық өңдеуден дұрыс өткізу; 4-5 рет тамақтануда қарастырылған 3-3,5 сағат (4-4,5 сағаттан артық емес) аралықты дұрыс ұстап, тамақтану режимін қатал сақтау.

(С.К.Бермагамбетова «Гигиена питания детей и подростков» 52-53 бет)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]