Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экз гдп.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.92 Кб
Скачать

2.Диномометрия жүргізу әдістемесі

Динамометрия -–бұлшық еттің күші мен шыдамдылығын өлшеу.

Қол динамометрі- қолдың бұлшық ет күшінің дамуының көрсеткішін анықтау әдісі. 2-3 рет өлшеп, шкалада көрсетілген килог­рамм мөлшері бойынша ең жоғарғы көрсеткіш алынады.

Дене күші (арқа бұлшық етінің күші) арнаулы динамометр арқылы өлшенеді. Зерттелетін адам платформаға екі аяғымен тұра­ды, динамометрдің тұтқасы баланың тізесіне жуық тұруы керек, оны арнаулы тізбек арқылы баланың бойына сәйкес реттеуге болады.

Тексерілуші динамометрі бар қолын созып, денесіне вертикаль жазықтықта ұстайды. Eкiнші қолы бос денесіне тақау болады. Белгі бойынша тексерілуші eкi рет қайталап, бар күшімен динамометрді сығады да көрсеткіші жақсы мөлшерін алады. Сонан соң тексерілуші әр 5 сек. бip рет сығып қайталайды. Нәтижесін жазып, бұлшық ет күшін, шыдамдылығын формула бойынша есептейді. 

С=F1- F/ F мак / 100. М

ұнда С жұмысқа шыдамдылығының төмендеуі,F1 алғашқы бұлшық ет күші. F мин жұмыс күшінің ең кең мөлшері.

(Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков, В.Н.Кардашенко Москва 1983, 72 бет ).

3.Кеуде клеткасының формасвн анықтау

4.1 Жасқа дейінгі баланың дене салмағына салмақ қосуды анықтау әдістемесі.

Дене салмағы сүйек-бұлшықет аппаратының, тері асты май қабатының және ішкі мүшелердің дамуының қосындысын көрсетеді. Салмақ өлшеуді Фербенкс типті медициналық - иінтіректі таразылар арқылы жүргізеді. Салмақ өлшер алдында таразыларды тексереді және арнайы бұрандалы гирді қалыпқа келтіреді. Салмақ өлшеу барысында тексерілуші таразының ауданының ортасына тыныш күйінде тұруы керек. Гирді арлы-берлі жылжыту арқылы тепе-теңдікке келтіреміз. Өлшеу дәлділігі 50г. Ерте жастағы балаларды арнаулы астауша тәрізді таразыларда жатқызылған және отырғызылған күйде жүргізіледі.

(Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков, В.Н.Кардашенко Москва 1983 \ 24 бет)

5.ӨТС анықтау

Физиометрия. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) - спирометрия – өкпенің сыйымдылығы және тыныс алуға қатысатын бұлшық ет күшін көрсетеді. ӨКС спирометр көмегімен өлшенеді. Бала максимальды терең дем алып, демін ұстап тұрады да мұрынмен емес, аузымен мунштук трубкасы арқылы демді шығарады. Зерттеу 2-3 рет жүргізіледі және үлкен нәтиже береді.

6.Плантографияны жүргізу әдістемесі.

Плантография- табан ізін алу арқылы оның жалпаю мөлшерін анықтау әдісі. Табан- тірелу және қозғалу органы. Қалыпты түрін, жалпақтау және жалпақ табан түрлерін айыруға болады. Табан түрлерін айыру үшін көзбен қарап, тексеруден басқа, плантография тәсілін пайдалануға болады. Ол үшін әртүрлі бояғыш заттар пайдаланылады.

Аяқ ізінің бояуын кептіргеннен соң Штриттер тәсілі бойынша та­банның жалпаю мөлшерін анықтайды. Ол үшін, алынған іздің ішкі жағындағы ең көбірек шығып тұрған нүктелерді түзу сызық арқылы қосады да, осы сызықтың тең ортасынан табан сыртына перпендику­ляр түсіреді. Одан соң перпендикулярдың ізге түскен бөлігінің (а), сол табанның ұзын бойына (а-б) пайыздық қатынасын анықтай­ды. Егер ізге түскен бөлік, перпендикуляр ұзындығының 50% құра­са, (табан қалыпты жағдайда 50-60% болса), табан жалпақтау, ал 60% жоғары болса, жалпақ табан болып саналады.

(Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков, В.Н.Кардашенко Москва 1983 \32-33 бет)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]