Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экз гдп.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.92 Кб
Скачать

40.Балалардың мектепке оқуға дайындық критерийлері.

Балалардың мектепке дайындығы дәрігерлермен 2 кезең арқылы жүргізіледі, олардың ішінде мектепке дейінгілерді сауықтыру қарастырылады және мектепке қажет функцияларының даму коррекциясын қарастырады. Балалардың бірінші тереңдетілген тексерісі мектепке түскен жылдың қазан-қараша айларында жүргізіледі. Тереңдетілген медициналық иексеру (жоспарлы диспансеризация) балабақшада немесе балалар емханасында жүргізіледі. Сол мезгілде балалар емханаларының немесе балаларды оқыту мекемелерінің дәрігерлерімен мектепке қажет функциялардың дамуына психофизиологиялық зерттеу жүргізіледі. Денсаулық жағдайында ақауы бар балаларға сауықтыру шаралары мен кешенді емдеу шараларын тағайындайды. Мектепке дейінгілердің мектепке қажет функцияларының дамуында кешігу анықталса олардың коррекциялары бойынша жатығулары кешенін ұсынады (моторика, сөйлеу). Ұсынылған емдік және сауықтыру шараларды балалар емханасының мамандары жүргізеді. Дыбыстаудағы кемістіктерді болдырмау сабақтарын дәрігер-логопед жүргізеді. Моториканы дамыту сабақтарын және жаттығуларды (сурет салу, жабыстырма, ұсақ конструкторлармен ойнау) балабақша тәрбиешілері немесе ата-аналары жүргізе алады.

( «Гигиена детей и подростков» «ГЭОТАР-Медиа» 2008. Кучма 128 бет ).

41.Өсуші ағзаның энергиясы және зат алмасу ерекшеліктері.

Әр түрлі жастық кезеңдерде зат алмасу сипаты өзгеріп отырады. Өсу және даму кезеңдерінде, пластикалық және құрылымдық процесстерді қамтамасыз етіп, неғұрлым қарқындылығымен сипатталады. Ересектерге қарағанда өсу кезеңінде белокқа қажеттілік дене салмағының бірлігіне есептегенде жоғары болады. Ересектерге қарағанда негізгі алмасу шамасы 1,5-2 рет жоғары. Негізгі алмасудың салыстырмалы шамасы (1 кг дене салмағына килокалорияда) жасына байланысты төмендейді: 2 – 3 жастағы балаларда – 55, 6-7 жастағы балаларда – 42, 10-11 жастағы балаларда – 33, 12-13 жастағы баллаларда – 34, ересектерде – 24. Балалық және жасөспірімдік шақ салыстырмалы түрде жоғары энергия шығынмен сипатталады. Ересек адамдардың энергия шығыны орташа есеппен 1 кг дене салмағына 45 ккал, 1-5 жастағы балаларда – 80-100 ккал, жасөспірімдерде – 50-65 ккал құрайды. Балалар мен жасөспірімдерде жоғары негізгі алмасу олардың тамақтануын ұйымдастыруына ерекше көңіл бөлу қажеттігін анықтайды. Толық құнды тамақтану организмге жеткілікті мөлшерде негізгі тамақтық заттарды, дәрумендерді, минералды заттар мен суды қамтамасыз етуі қажет. Ол алмастырылмайтын аминқышқылдарына, кейбір полиқанықпаған май қышқылдарына, көптеген дәрумендерге және минералдызаттарға жататын организмде синтезделмейтін алмастырылмайтын заттарды қосуы керек. Тамақтану толығымен организмнің энергия шығынын толтыруы қажет.

(В.Р.Кучма «Гигиена детей и подростков» 269 бет)

42. Жасқа тәуелді бала ағзасының тағамдық заттарға қажеттілігі.

Жас

Белок, г

Майлар , г

Көмірсулар , г

Энергетикалық құндылығы

Жалпы

Жануар тектес

1 кг дене салмағына

Жалпы

Өсімдік тектес

Линол қышқылы

Ккал

кДж

5-6 жас

7-10 жас

11-13 жас

14-17 жас:

-ұлдар;

-қыздар

72

80

96

106

93

47

48

5

64

56

3,0

2,5-3,0

2,0-2,5

1,9

1,8

72

80

96

106

93

11

15

18

20

20

3

3

3

3

3

252

324

382

422

367

1990

2380

2860

3160

2760

8332

9965

11974

13230

11556

Дәрумендерді қабылдаудың орташа күндік нормасы

Жас

В1, мг

В2, мг

В6, мг

В12, мг

Фолат,

Мкг

Ниацин,

мг

С, мг

А, мкг

ретинол экви-

валенті

Е, мкг

токофе-рол

эквива-

ленті

Д,мкг

4-6 жас

7-10 жас

11-13 жас:

-ұлдар;

-қыздар

14-17 жас:

-бозбала;

бойжеткен

0,9

1,2

1,4

1,3

1,5

1,3

1,0

1,4

1,7

1,5

1,8

1,5

1,3

1,6

1,8

1,6

2,0

1,6

1,5

2,0

3,0

3,0

3,0

3,0

200

200

200

200

200

200

11

15

18

17

20

17

50

60

70

70

70

70

500

700

1000

800

1000

800

7

10

12

10

15

12

10

2,5

2,5

2,5

2,5

2,5

(В.Р.Кучма «Гигиена детей и подростков».272-273 бет)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]