Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экз гдп.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.92 Кб
Скачать

53.Балалар аяқ киімдерін еқойылатын гигиеналық талаптар.

Аяқ киім киім жинағының құраушы бөлігі болып табылады. Ол организімді салқындаудан және қызудан сақтайды, механикалық жарақаттардан табанды сақтайды, әдеттегі қалыпта табанның жиналуында бұлшық ет пен сіңірге көмектеседі,осымен рессорлы, амортизациялы функцияның сақталуына мүмкіндік туғызады. Аяқ киім орын ауыстырудың ыңғайлылығын анықтайды,балалардың қозғалтқыш белсенділігіне әсер етеді,көп санды деформациялар мен табан ауруының себебі болып келеді. Балалар мен жасөспірімдер аяқ киіміне қойылатын гигиеналық талаптар өсу кезеңіндегі табан құрылымының ерекшеліктерімен анықталатын аяқ киім және де аяқ киім жасалатын материалдарға қойылатын талаптардан жасалады. Аяқ киімнің негізгі элементтері үсті (тұмсықтық бөлік,сірілік,жұлық,жілік және қоныш) және асты (ұлтана,ұлтарақ,өкше). Аяқ киім иілгіштігі гусарикалық аяқ киім үшін -7 Н,/см , мектеп алдындағы аяқ киім үшін– 10 Н/см , ұл балалардың мектеп аяқ киімі үшін – 9- 13 Н/см , қыз балалардың мектеп аяқ киімі үшін – 8 -10 Н/см болуы қажет және реттеледі. Өкшенің биіктігі: мектепке дейінгі жастағы балалар үшін – 5-10мм, 8-10 жастағы оқушылар үшін- 20мм аспайтын, 13-17 жастағы ұл балалар үшін – 30мм, 13-17 жастағы қыз балалар үшін – 40 мм дейін.

(Кучма«Гигиена детей и подростков» «ГЭОТАР-Медиа» 2008. 308 бет).

54.Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар

Балалар қолданылатын ойыншықтар органолептикалық, санитарлық – химиялық,физикалық – гигиеналық , радиологиялық, микробиологиялық, токсикологиялық көрсеткіштері, олардың қорғаныс – дикоративтік қабатының сілекейі, теріге , ылғалды тазалауға төзімділігі бойынша гигиеналық талаптарға сәйкес болуы керек. Ойыншықтың қабатында жарылулардың, тесіктердің, сылынулардың болуына рұқсат етілмейді. Бөлшектердің қызметті емес үшкір бұрыштары мен шеттері жапырылған немесе жасырылған болуы керек. 3жасқа дейінгі балаларға арналған металдан, ағаштан немесе басқада қатты материалдардан жасалған ойыншықтардың бөлшектері алынбайтындай немесе үзілмейтіндей етіп ойыншықтарға бекітулері керек. Ойыншықтарда толтыратын материалдардың құрамында қатты немесе үшкір басқа заттар болмауы керек (метал сынықтары, шегелер , ағаш кесінділері, шыны сынықтары,пластиктер және т.б.). Толтырғыш заттардың элементтері өлшемі бойынша 3 мм кем емес немесе оған тең, ішкі тыста болуы керек. Ойыншықтарды дайындау үшін «Ойыншықтарды дайындауға рұқсат етілген шекі зат пен материалдартізіміне» кірген немесе гигиеналық бағалауды алған және сәйкесті қорытынды мен бекітілген полимерлік материалдар(полистирол,полиэтилен,полипропилен,ПВХ,дакрил,сэвилен,винилискожа,фторлон және т.б,), полимерлік қабық (пленка) (поливинилхлоридті, полиэтиленді, полиэтиленполиамидтік, целлофан және т.б.), резина, каучук ,сонымен бірге лактар , бояулар,эмальдар, басқа материалдар қолданылады.

( Кучма «Гигиена детей и подростков» «ГЭОТАР-Медиа» 2008. 316 бет)

55. Балалар кітаптары мен мектеп оқулықтарын гигиеналық талаптар.

Балаларға арналған оқулықтар мен кітаптарға қойылатын ең басты талап болып оның ыңғайлы оқылуы табылады, яғни минималды кернеулікпен және шаршаумен көру органының ұзақ уақыт қызметінде максималды өнімділікті қамтамасыз ету. Оқу басылымдарының салмағы 1-3 (4)-сыныптар үшін 300 г; 5-6-шы сыныптар үшін 400 г; 7-9-шы сыныптар үшін 500 г; 10-11-ші сыныптар үшін 600 г аспауы керек. Оқу жағдайын нашарлатуға әкелетін тәсілдерді қолдануға рұқсат берілмейді: сыммен тігуге, желімді тігіссіз біріктіру. Мектеп оқулықтарын басу анық, қарқынды қара және біркелкі болу керек. Мәтінді анықсыз, «жыртылған» және боз очкомен басу рұқсат етілмейді.

Өлеңді екі бағанаға теру тек бағаналардың ара-қашықтығы 9 мм кем болмаған жағдайда рұқсат етіледі. 2-4 сыныптарға арналған баспа үшін оңтайлы болып келесі параметрлер табылады: шифт кеглі – .16 пункт (бас әріптің биіктігі 4,00 мм); жолдың ұзындығы – 120-130 мм; интерлиньяждың жоғарылауы – 2-4 пункт; шрифтер – шабылған қалыпты ашық тік кескін топтарынан. 5-11-ші сыныптар басылымы үшін оңтайлы болып аз контрасты қалыпты ашық тік кескін топтарының шрифтері (мысалы, «мектептік», «журналдық», «Петербург» гарнитуралары), сонымен қатар көбінесе дөңгелек әріптердің көлбеген осьтерімен шрихтардің біркелкі контрастылығымен медиевалдық топтарынан шрифтері саналады.

( Кучма «Гигиена детей и подростков» «ГЭОТАР-Медиа» 2008. 325-326 бет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]