Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экз гдп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.92 Кб
Скачать

14. Ақыл ой еңбегін бағалау.

Оқушылардың оқуға қабілеттілік деңгейін әртүрлі физиологиялық әдістер арқылы зерттеуге болады. Бұл әдістер оқу процесінің көп уақытын алмау керек және балаларды шаршатпау керек. Сонымен қатар, балалардың функциональдық жағдайындағы өзгерістерді анықтау керек. Мысалға мөлшерленген жұмыс хронорефлексометрия, анық көру тұрақтылығын анықтау, көздің электрлік-тітіркендіргіштігін анықтау, динамометрия, эргография, актография, тремометрия.

(Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков, В.Н.Кардашенко, Москва 1983, 60 бет )

15. Мөлшерленген жұмыстар.

Мөлшерленген жұмыстар ақыл ой еңбегінің белгілі бір уақыт аралығында сандық және сапалық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді. Ол үшін корректуралық кесте мен арнайы құрастырылған тапсырманы пайдаланады.

Сабақтың алдында балаларға арнайы тапсырмасы бар парақтар таратылып, 5 минут ішінде қорытынды жауабын ұсынады. Сабақ соңында дәл сондай тапсырманы қайта орындайды. Зерттеуші сабақтың алдында және соңында орындалған тапсырмалар мен дұрыс есептердің санын анықтайды. Сабақ басталғанға дейінгі дұрыс жауаптар санын 100% есептеп, сабақтың соңына қарай сабаққа қабілеттіліктің неше пайызға төмендегенін анықтайды.

Шектеулі уақыт аралығындағы атқарылатын жұмысты А.Г.Иванов- Смоленский, В.Я.Анфимовтың әріптік-корректуралық кестесімен анықтауға болады.

Корректуралық сынақ әр түрлі стимулдардан: әріптерден, сандардан, геометриялық фигуралардан, байланысты немесе байланыссыз мәтіндерден т.с.с. құрастырылған. Сыналушының міндеті берілген стимулды басқа стимулдардың арасынан тауып бланкіде бір немесе бірнеше жолмен белгілеу.

Зейін таңдамалығының нақты көрсеткіші ретінде тапсырманы орындаудың дәлдік коэффициенті есептеледі. Тапсырманы орындаудың дәлдік коэффициенті (А) Уиплдің формуласымен есептеледі:

мұндағы N – дұрыс табылған стимулдардың жалпы саны;

r – дұрыс емес табылған стимулдардың саны;

p – табылмаған стимулдар саны.

(Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков, В.Н.Кардашенко Москва 1983, 60 -68 бет ).

16. Хронорефлексометрия.

Хронорефлексометрия әдісі арқылы есту және көру анализаторларының функционалдық өзгерістерін анықтайды. Көп каналды хронорефлексометр 3 бөліктен тұрады: өлшеу бөлігі, тітіркендіргіш бөлігі, арнайы «есте сақтау» құрылғысы. Қондырғының жоғарғы бөлігіндегі тумблерді «қосу» жағдайына келтіріп, 3-5 минут қыздырады. Өлшеу диапазонын 0-ден 0,25 секундқа немесе 0-ден 0,5 секунд аралығына қояды.

Тітіркендіргіштің түрін анықтаған соң арнайы тумблерді «жарық» немесе «дыбыс» жағдайына қойғаннан соң, қондырғы жұмысқа дайын деп саналады. Зерттелушіге алдын ала түсіндіру жұмысын жүргізген соң, тетікті басады. Зерттеуші «кіру» тетігін 0,5-1 секунд аралығында басып, тітіркендіреді.

Қондырғының «қайта қосу-жұмыс» тұтқасын қайта қосу жағдайына қойып, барлық көрсеткіштерді жазады. Тұтқаны «жұмыс» жағдайына келтіріп, өлшеуді қайта жүргізеді. Әрбір зерттеуді 3 рет жүргізген жөн.

(Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков, В.Н.Кардашенко Москва 1983, 68 -70 бет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]