Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экз гдп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.92 Кб
Скачать

9. Сырқаттанушылық. Денсаулық индексі және патологиялық зақымдану.

Аурушаңдылық халықтың жаппай ауру таралған негізгі құбылысы, ол халықтың әртүрлі тобындағы аурушаңдылықтың жаппай жергілікті және ғаламдық өзгерістерін сипаттайтын әлемге жайылған патология. Денсаулық индексі - жылына бірде-бір рет ауырмаған балалардың, жалпы тексерілген балалар арасындағы меншікті үлесі, пайызбен алынған. Патологиялық зақымдану - созылмалы аурушылдықтар мен әртүрлі функционалдық ауытқулардың таралуы.

В.Р.Кучма «Гигиена детей и подростков» «ГЭОТАР-Медиа» 2008. 77-78 бет.

10. «Жастық кезеңділік» түсінігі, жастық кезеңділік түрлері.

“Жастық кезеңі’’ – түсінігіне өсу және жетілу процестері, сондай ақ организмнің физиологиялық ерекшеліктері тең, ал қоздырғыштар әрекеті бір жақты болатын уақыт аралығы жатады. Жастық кезең – бұл организмнің морфофункционалдық дамуының нақты кезеңін аяқтауға арналған және баланың қандай да бір қызметке қол жеткізуін талап ететін уақыт.

В.Р.Кучма«Гигиена детей и подростков» «ГЭОТАР-Медиа» 2008. 63 бет

11. Балалар қауымын денсаулық топтарына бөлудің маңызы.

Денсаулық жағдайына байланысты келесі топтарды ажыратуға болады:

I денсаулық тобына дұрыс физикалық және психикалық жетілген , анатомиялық ақаулары мен функционалдық және морфофункционалдық ауытқулары жок дені сау балалар жатады;

ІІ денсаулық тобына созылмалы аурулары жок , бірақ кейбір функционалдық және морфофункционалдық кемшіліктері бар , әсіресе ауыр және орташа ауыр инфекциялық аурулармен ауырған балалар; эндокриндік патологиясыз физикалық жетілу жалпы түрде кешіккен балалар (бойлары аласа, биологиялық даму деңгейі төмен) , дене салмағы жетіспейтін немесе шектен тыс дене салмағы бар балалар; қатты респираторлы аурулармен жиі және ұзақ ауыратын балалар; жарақат алған немесе операция салдарынан болған физикалық кемшіліктері бар балалар;

ІІІ денсаулық тобына клиникалық ремиссия барысында сирек кездесетін асқынушылығы бар созылмалы аурулармен ауыратын , сақталған немесе өтелген қызмет ету мүмкіндіктері бар, негізгі ауруы асқынбаған балалар; жарақаттану немесе операция салдарынан орын алған физикалық кемшіліктері бар балалар;

IV денсаулық тобына белсенді түрде және кейбір асқынулары бар тұрақсыз клиникалық ремиссия сатысындағы созылмалы аурулары бар , сақталған немесе өтелген қызмет ету мүмкіндіктері бар немесе қызмет ету мүмкіндіктері толық өтелмеген балалар ; ремиссия сатысындағы созылмалы аурулары бар , бірак шектелген қызмет ету мүмкіндіктері бар балалар ;негізгі аурулармен жоғарғы асқыну мүмкіндігі бар балалар ; негізгі ауруы қосалқы терапияны қажет ететін балалар; жарақат алған немесе операция салдарынан болған физикалық кемшіліктері бар балалар – тиісті қызмет түрлері толық емес өтелген , сонын салдарынан белгілі бір мөлшерде баланын білім алу немесе еңбек ету мүмкіндігін жектейді

V денсаулық тобына сирек кездесетін клиникалық ремиссиясы бар , жиі асқынатын , үздіксіз жалғасатын организмнің қызмет ету мүмкіндігінің өтелуінсіз, үнемі терапияны қажет ететін негізгі сырқаттының асқынуы бар ауыр созылмалы аурулармен ауырытын балалар; мүгедек балалар; жарақаттану немесе операция салдарынан орын алған физикалық кемшіліктері бар , тиісті қызмет түрлерінің өтелуі жоқ және білім алу немесе еңбек ету мүмкіндігі недәуір жекеленген.

Гигиена детей и подростков. Руководство к практическим занятиям. Под ред. проф. В.Р.Кучмы 55-57 бет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]