Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экз гдп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.92 Кб
Скачать

12. Дене дамуды кешенді бағалау.

Дене дамудың кешенді сызбасы биологиялық дамумен қатар организмнің морфофункционалдық жағдайын зерттейді. Екі этапта жүзеге асырылады.

Бірінші этап. Дене ұзындығы, оның жылдық қосындысы, тұрақты тістердің саны, екіншілік жыныстық белгілердің даму дәрежесі мен қыз балаларда етеккірдің басталу мерзімі секілді көрсеткіштер арқылы биологиялық даму (биологиялық жас) деңгейін анықталады. Жылдық бой ұзындығының қосындысы алдыңғы жылмен салыстырғандағы бой ұзындығының айырмашылығын анықтау арқылы есептелінеді.

Бағалау үшін жасқа сәйкес ер балалар мен қыз балалардың биологиялық даму деңгейінің орта шамаларын қолданады (В.Н.Кардашенконың «Руководство к лабораторным занятиям по ГДП» оқулығының 47 бетіндегі 6-шы кесте). Берілген кестені menarche орта жасына өзгеріс енгізе отырып, кез келген аймақты қолдана аламыз. Мысалы, егер жергілікті стандарттар бойынша menarche орта жасы 13 емес 14 болса, онда ер балалар мен қыз балалар үшін кестенің барлық көрсеткіштері 1 жылға ысырылып қолданылады. Осы кестені қолдана отырып, баланың берілген мәліметтерін орташа жастық көрсеткіштермен салыстырады, биологиялық жастың күнтізбелік жасына сәйкестігін, озуын немесе қалыс қалуын анықтайды. Биологиялық дамудың басты көрсеткіштері:

  • Бастауыш сынып оқушылары үшін бой ұзындығы және тұрақты тістер саны

  • Орта және жоғары сынып оқушылары үшін – жылдық бой қосылымы жәнеекіншілік жыныстық жетілу белгілерінің айқындылық дәрежесі

Екінші этап физиометриялық және соматометриялық көрсеткіштер үшін регрессия шкаласы мен жастық стандарттарды қолдана отырып, организмнің морфофункционалдық жағдайын анықтауды қамтиды.

Морфофункционалдық жағдай былай анықталады:

І дәреже – жақсы (қалыпты), гормониялық;

ІІ дәреже – нашарланған, дене салмағы мен ККА-ның ұлғаюы немесе азаюы салдарынан дисгормониялық;

ІІІ дәреже – нашар, жастық нормалармен салыстырғанда дисгормониялық;

ІҮ дәреже – дене дамуының жалпы артта қалуы;

Ү дәреже – дене дамуының озуы.

(Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков, В.Н.Кардашенко Москва 1983,46-48 бет )

13. Омыртқа жотасының қапталдық қисаюын анықтау әдістемесі

Қаңқа сүйектерінің дамуын оның ірілігіне, иық кеңдігіне қарай анықтайды. Қаңқа сүйегін 3 түрге бөлуге болады: жұқа немесе жіңішке (1), иық және кеуде шеңберінің жіңішкеруі, алақан және табан сүйектерінің размерінің кішілігімен сипатталады; үлкен немесе кең (3) - иық, алақан, табан сүйектерінің размерінің ұлғайғандығымен сипатталады; орта­ша (2) - екеуінің аралығындағы жағдай. Омыртқа - негізгі тірек қызметін атқарады. Омыртқа бағанын сипаттау үшін алдынан және жанынан қарап, омыртқа өсінділері арқылы пайда болған сызықтың формасын анықтайды, жауырын мен иықтың симметриясына, қолды түсіріп, денені дұрыс ұстағанда, баланың бүйір тұсында пайда болатын ұшбұрышқа көңіл аударылады. Қалыпты жағдайда омыртқа бағаны физиологиялық иілістері бар түзу сызық құрайды. Паталогиялық жағдайда омыртқа бағанында алды-артқы бағытқа қарай (кифоз, лордоз) және бүйірге (сколиоз) қарай иілістер пай­да болуы мүмкін. Бүйірге қарай иілу омыртқа бағанын толық немесе жартылай қамтуы мүмкін. Иілу доғаларының бағытына байланысты оң немесе сол жақты сколиоздарды айыруға болады. Сколиозда жауырын, иық деңгейлерінде, бүйір ұшбұрыштарында ассиметрия пайда болуын, оның орнын толтыру (компенсациялау) үшін бұлшық еттердің әр жер­де жұмырлануын байқауға болады. Омыртқа бағанының қисаю дәрежесіне байланысты сколиоз, кифоз және лордоздардың 1, 2 және 3 дәрежелерін айырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]