Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экз гдп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.92 Кб
Скачать

1. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты, міндеттері және әдістері.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – балалардың өмір сүретін ортасының және қызметінің шарттарын зерттейтін, сонымен қоса сол шарттардың өсіп келе жатқан баланың денсаулығы мен организмнің функционалдық күйіне әсерін және денсаулығының сақталуы мен нағайтуына, балалар мен жасөспірімдердің организмінің қолайлы дамуы мен функциялардың үйлесімді кезеңін қолдауға бағытталған ғылыми негіздер мен практикалық шаманы өңдейтін профилактикалық медицина. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының міндеті жалпы ортақ гигиена сияқты, ақырында қоршаған ортаның мөлшерленуіне әкеліп соқтырады, яғни мөлшерлердің орнатылуы мен олардың кезектігі іске асырылуына.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының міндеті келесіде: бала организмінің табиғи даму процесстерінің жолын бұзбай, орта арқылы және тәрбиелеу мақсатымен дені сау адамның қалыптасуына әсер ету, оның физикалық және функционалдық мүмкіншіліктерін жетілдіру.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының маңызды әдісі - табиғи гигиенаылық бақылау. Қосымша лабораториялық бақылау әдістері қолданылады. Гигиеналық бақылау әдістері кеңінен қолданылады. Өңдеу және алынған анализдің зерттеу материалдарын санитарлық – статистикалық әдіссіз қолдану мүмкін емес. Барлық әдістерге қосымаша қазіргі уақытта заманауи математикалық аппарат – математикалық болжамдық әдіс кеңінен қолданылады.

В.Р. Кучма «Гигиена детей и подростков» «ГЭОТАР-Медиа» 2008. 10-15 бет.

2. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша дәрігер жұмысының әдістері мен түрлері.

Дәрігер баланың биологиялық даму және биологиялық жастың хронологиялық жасқа сәйкес келу сатысын анықтай білуі керек. Оған қоса жылдық үлес бойынша дене ұзындығын, тістердің тұрақты санын, жыныстық жетілу сатысын анықтауы қажет.

Бірақ биологиялық жастың даму деңгейінің сәйкес келуін және сәйкес келмеуін анықтау жеткіліксіз. Морфофункционалдық жағдайына баға беру қажет. Көрсеткіштер бойынша дене салмағы, кеуде клеткасының аумағы, ӨТС, бұлшық ет күші арқылы морфофункционалдық жағдайының үйлесімді, үйлесімсіз немесе тез үйлесімсіз екенін анықтауға болады.

В.Р.Кучма«Гигиена детей и подростков» «ГЭОТАР-Медиа» 2008. 33 бет.

3. Адамзаттың тіршілік циклінің кезеңдері.

Адамзаттың өмірлік циклінің кезеңдері 3ке бөлінеді: жетілу, ер жету және қартайған шақ. Хронологиялық шекараның бір кезеңнен екінші кезеңге өту маңыздылығын бой және дене салмағы, қоршаған ортаның қарым – қатынасымен анықтайды.

В.Р.Кучма«Гигиена детей и подростков» «ГЭОТАР-Медиа» 2008. 34 бет.

4. Балалар ағзасының өсу мен дамуының негізгі заңдылықтары.

Өсу мен даму процесстері үзіліссіз және адам жасына тәуелді болып өтеді. Неғұрлым организм жас болса, соғұрлым өсу мен дамудың процесі қарқынды болады. Бұл тәуліктік энергия шығыны көрсеткішін көрсетеді.

В.Р.Кучма «Гигиена детей и подростков» «ГЭОТАР-Медиа» 2008. 35 бет.

5. Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі.

Дене салмағының, кеуде клеткасының аумағы, сонымен қатар жеке мүшелер мен жүйелердің бірқалыпсыз өзгеруі байқалады. Организмнің дамуы мен бойдың бір қалыпты болмауы өсіп жетілу кезеңінің жалпы заңдылығына жатады. Дегенмен бұл кезеңде жеке ерекшеліктер көрінеді. Кейбір тұлғалардың дамуы өте тез, сондықтанда өсіп жетілу деңгейі хронологиялық жасынан озады. Дамуы керісіншеде болуы мүмкін: ол үшін

“баланың жасы” термині нақты болуы үшін оны биологиялық және хронологиялық жас деп қарастырамыз.

Хронологиялық жас –нақты жастық шекарасы бар (күні, айы,жылы) ,баланың туғаннан бастап тексеріске дейінгі кезеңі.

Биологиялық жас – жеке тұлғаның өсуі мен дамуымен байланысты болатын организмнің морфофункционалдық ерекшелерінің жиынтығы.

В.Р.Кучма«Гигиена детей и подростков» «ГЭОТАР-Медиа» 2008. 35 бет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]