Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книги.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.26 Mб
Скачать

Қан жүйесінің қызметін реттеу

Қандағы ыдыраған эритро­циттер саны әрқашан жаңадан қанға келіп түскен эритроциттер санына сәйкес келуге тиіс. Бүл сәйкестік жүйке жүйесі және қан (гуморальдық заттар) аркылы реттеліп отырады.

Көптеген тәжірибелерге қарағанда симпатикалық жүйке қан клеткаларыныц түзілуін тездетсе, парасимпатикалық жүйке (кезеген жүйке) оны керісінше тежейді.

B.H.Черниговский, A.Я.Ярошевский рецепторлардың қан түзілетін ағзаларда қалай орналасқанын, сол ағзалардың жүйке жүйесімен қалайша екі жақты байланыс жасайтынын анықтады. Қан түзілетін ағзалардың жағдайы өзгерсе, тиісті рецепторлар арқылы хабар бірден орталық жүйке жүйесіне жетеді. Ал одан шыққан серпіністер тиісті бұйрықтар арқылы қан түзілетін ағзаларға бағытталады. Рефлекстік реакцияға гипоталамус, гипофиз және вегетативтік жүйке жүйесі қатысады. Қан түзілу процесіне эндокриндік бездер де әсер етеді. Қан түзілуін гипофиз (СГГ, АКГГ) бүйрекүсті безі, қалқанша без гормондары шапшаңдатады. Аналық без гормондары эритроцитопоэзді тежейтін болса, ер адам гормондары керісінше, оны үдетеді.

Жүйке жүйесі, эндокринді бездер қан түзілуіне (гомопоэзге) көбінесе гормондар арқылы әсер етеді. Эритропоэтин, лейкоэтин, тромбоцитопоэтин (глюкопротеидтер) негізінен бүйректе, сондай-ақ бауырда, көкбауырда түзіледі. Қанда оттегі жетіспесе (гипо­ксия) эритропоэтин рефлекстік жолмен көбейеді.

Лейкопоэзді лейкопоэтин үдетеді. Лейкоциттердін, саны азая бастаса, рефлекстік жолмен лейкопоэтин саны көбейе түседі.

Тромбоциттер түзілуіне тромбоцитопоэтиндер әсер етеді. Қан клеткаларының түзілуіне Bi2, Bi5, C витаминдері қатысады.

ІІІ бөлім

Жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиясы

Жүрек – қантамыр жүйесінің физиологиясы

Жүрек – қантамырлар жүйесі денедегі ең күрделі жүйе. Оның құрамына жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Қан тамырлар жүйесі:

  • қан мен лимфаның денеде үздіксіз қозғалыста болуын қамтамасыз етеді;

  • мүшелердің арасындағы гуморальдық байланысты реттейді, ішкі секреция бездерінің сөлін немесе гормонын мүшелерге жеткізіп, жалпы дененің қызметіне әсерін тигізеді;

  • оттегіні жасушаларға, олардан көмір қышқыл газын өкпеге тасымалдайды;

  • тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған улы заттарды сыртқа шығарады ;

  • жылудың, су мен минеральды тұздардың денедегі тұрақтылығын сақтайды;

  • қорғаныс қызметін атқарады.

Тамырлар атқаратын қызметі мен морфологиялық құрылысына қарай қан айналу жүйесінің тамырлары болып екі топқа бөлінеді. Олардың орталығы – жүрек. Жүрек ( латынша cor грекше cardia ) конус пішінді, қуысты бұлшықетті мүше. Көкірек қуысының сол жағында жүректің 2/3 бөлігі. Ал 1/3 бөлігі оң жағында орналасқан. Жүрек негізі жоғары және артқа, ал жүрек ұшы төмен, алға және солға қарай бағытталған. Жүрек ұшы көкірек қуысында сол жақтағы бесінші қабырғаға немесе қабырға аралығына тіреледі. Жүрек – көлемі грейпфрут шамасында ӨТЕ КҮШТІ БҰЛШЫҚ ЕТ. Кеуделік тордың сол жақтық бөлігінде орналасқан жүрек қанды бүкіл денеге айдайтын, жұмысы өте жақсы реттелген насос ретінде қызмет етеді. Айналымдағы қан барлық ағзалар мен тіндерге оттегі мен қореқтік заттарды тасымалдап, олардан зиянды қалдықтарды алып кетеді. Миокард бұлшық етінің арнайы түрі тек жүректе болады.

Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері.

Қозғыштық, қозуды өткізу, жиырылу – жүрек етінің негізгі қасиеттері. Бұл қасиеттер қанқа еттеріне де тән. Жүрек етінің ерекшелігі – оның автоматиялық қасиеті.

Жүрек автоматиясы.

Көлбақаның жүрегін денесінен бөліп алып, физиологиялық ерітіндіге салып қойса, жүрек өзінің табиғи ырғағымен көпке дейін тоқтамай жиырыла береді. Оның өзінен өзі жиырылуы автоматиялық қасиетіне (сурет 3.1.), яғни өз тканінде туатын қозу процесіне байланысты.

(Сурет 3.1. Жүрек автоматиясы)

Жылы қанды жануарлар жүрегінде де автоматиялық қасиет болатынын 1985 жылы Лангендорф итке жасаған тәжірибесінде дәлелдеп берді. Ит денесінен бөлініп алынған жүректің өз (коронарлық) тамырына оттегімен қаныққан жылы қанды әдеттегі қысыммен жіберсе, тоқтап қалған жүрек қайтадан жиырыла бастайды.

1902 жылы дәрігер А.А.Кулябко (Томск) өкпе ауруынан өлген баланың жүрегін 20 сағат өткен соң денесінен бөліп алып, Лангендорф әдісін қолданды, мұның нәтижесінде тоқтап қалған жүрек қайтадан соға бастады. Сөйтіп адамның жүрек етіне де автоматиялық қасиет тән екені дәлелденді.

Жүрек автоматиясының пайда болуы жөнінде екі түрлі яғни миогендік және нейрогендік теория бар. Миогендік теория бойынша қозу жүректің ауытқыған (атипті) ет тканьдерінде пайда болады, яғни жүректің автоматиялық қасиеті оның ет тканьдерінің қозуына байланысты. Нейрогендік теория бойынша ол жүрек етіндегі өте қозғыш нейрондардың әрекетінен туады.

Жылы қанды организмде жүрек автоматиясы миогендік теория тұрғысынан дәлелдеуге болатынын көптеген тәжірибе көрсетеді. Солардың бірі – жоғарыда айтылған Кулябко тәжірибесі: 20 сағат ішінде жүрек етіндегі нейрондар толық бұзылады, ал миоциттер бұзылмайды. Демек, жүрек автоматиясы нейрондарға емес, миокардка байланысты.