- •Жалпы физиология.
- •Жеке физиология.
- •Қан құрамы
- •Қан плазмасы
- •Қанның негізгі қызметтері:
- •Қанның құрамы
- •Эритроциттер
- •Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері
- •Лейкоциттердің функциялық маңызы
- •Тромбоциттер
- •Плазманың құрамы
- •Гемоглобин
- •Эритроциттердің тұну жылдамдығы (этж)
- •Гемолиз
- •Иммунитет және оның түрлері
- •Гемостаз. Қанның ұюы
- •Плазмалық қан ұйытатын факторлар
- •Тамырдағы тромбоциттік гемостаз
- •Антикоагулянттар
- •Қан ұюының реттелуі
- •Қан жүйесінің қызметін реттеу
- •Жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиясы
- •Жүрек – қантамыр жүйесінің физиологиясы
- •Жүрек етінің қозғыштық қасиетінің кезеңдері.
- •Тыныс алу жүйесінің физиологиясы
- •Тыныс алу физиологиясы
- •Сыртқы тыныс
- •Өкпенің көлемі
- •Асқорыту жүйесінің физиологиясы
- •Асқорыту жүйесінің физиологиясы
- •Жүйесінің физиологиясы
- •Зәр шығару жүйесінің физиологиясы
- •Эндокриндік жүйе физиологиясы
- •Эндокриндік жүйенің физиологиясы
- •Қозғыш ұлпалар физиологиясы
- •Қозғыш ұлпалар физиологиясы
- •Нерв жүйесінің физиологиясы
- •Нерв жүйесінің физиологиясы
- •Сезім мүшелерінің физиологиясы
- •Сезім мүшелерінің физиологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Эритроциттердің тұну жылдамдығы (этж)
Ұю қасиетінен айырылған қанды мензуркаға құйып бір сағат сақтаса қанның ең жеңіл бөлігі — плазма қанның бетіне шығады да эритроцит мензурка түбіне шөге бастайды. Эритроциттердің тұну жылдамдығына қарай плазма қабатының қалындығы (биіктігі) әртүлі болады.
Эритроциттердің тұну жылдамдығы ер адам мен әйелде түрліше, ерлерде сағатына 1—10мм, әйелдерде 2—15мм. Екі қабат әйелде эритроциттер тез тұнады (сағатына 30—40 мм). Жаңа туған нәрестеде—0,3—2мм/сағ. Денеде қабыну процесі басталса ЭТЖ өседі. ЭТЖ арқылы қабыну процесінің күшейгенін не бәсенденгенін (емдегеннен кейін) білуге болады, сондықтан ауруханада науқас адамның ЭТЖ-сы бірнеше рет анықталады.
Гемолиз
Гемолиз (грекше haima - қан, lysis-еру)—эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұны гемолизденген кан деп атайды. Ол әдетте мөп-мөлдір. Гемолизденген қан құйылған пробирка арқылы күн сәулесі өтеді. Түсі қызыл лак түсіндей, сондықтан ондай қанды лак тәрізді қан деп атайды. Әсер ететін факторлар түріне қарай гемолизді, бірнеше түрге бөлуге болады.
1. Физиологиялық гемолиз — сау адамда болады.
2. Осмостық гемолиз — эритроциттің ішімен сыртындағы осмостық қысым айырмашылығынан тұрады. Қанға осмостық қысымы аз (гипотониялық) ерітінді кұйса, эритроциттің ішіне су кіреді де, ол ісінеді, судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жарылып, ішіндегі гемоглобин сыртындағы ерітіндіге шығады.
3. Химиялық гемолиз-эритроциттің липоид пен белоктан тұратын мембранасы ерітетін химиялық заттардың (сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті) әсеріне болады.
4. Биологиялық гемолиз-ішек құрттары (гельминттер) мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын (сапонин) улы заттар - гемолизиндердің әсеріне болады.
5. Термиялық гемолиз- қанды біресе жылытып, біресе суытудан болады, әсересе бұл мұздаған (тоңазыған) қанды еріткен кезде кезедеседі. Кейбір пікірге қарағанда мұз кристалдары эритроцит қабығын жарақаттап жыртады. Дене температурасы 420- тан асса да қан гемолизгеденеді. Ұзақ уақыт дене қызуы қалыпты болғанымен, кешке қарай 38-39° -қа дейін көтеріліп отырса, эритроциттер гемолизденеді.
6. Механикалық гемолиз- қанды шайқап араластыру, сілку салдарынан эритроцит мембранасы зақымданады ( жыртылады). Демек, ыдыстағы қанды бір жерден апарғанда оларды шайқамай, абайлап тасу керек.
7. Электрлік гемолиз- электр тогінің әсерінен болады. Сәуле энергиясы мен ультрадыбысы та электр күші сияқты эритроцит қабығын, тканін бұзып жарады (строматолиз).
Иммунитет және оның түрлері
Иммунитет адамның жүқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті.
Иммунитеттің фагоцитарлық қағидасының маңызы үлкен. И.И.Мечников организмінің кейбір клеткалары — фагоциттер — денеге енген бөтен заттардың бөлшектерін іліп ұстап алып, қорытып, бойына сіңіретінін байқаған. Адам денесінде мұндай фагоцитарлық қабілет лейкоциттерде, әсіресе нейтрофилдерде бар. Лейкоциттер адам денесінің сақшысы іспетті, бөтен зат денеге енсімен қан тамырынан шығып, жалған аяқтары арқылы бөтен заттың шоғырланған жеріне жылдам барады да оны қоршап алып, протоплазмасының ішіне тартып, арнайы ферменттер арқылы ыдыратып немесе бір-біріне жабыстырып бөтен заттың залалының алдын алады. Мұндай да кейбір лейкоциттердің қозғалыс жылдамдығы шамамен сағатына 2 мм-ге тең. Бөтен заттың жиналған жерін лейкоциттер сол затпен бірге денеге енген микроорганизмдердің өсіп, өніп улы заттарды шығарып, дене ұлпасын қабындыруынан анықтайды. Бұл күресте лейкоциттер өздері өліп, қажетсіз қалдықтармен бірге денеден шығады.
Қанның құрамында қорғану қызметін атқаратын басқа да маңызды заттар бар. Бұларға антиденелер мен антитоксиндер жатады. Антиденелер қанда болатын белок заттары — иммундық глобулиндер денеге кірген басқа бөтен заттардың әсерінен пайда болады. Ол заттарға бактериялар, вирустар, басқа текті белокты заттар жатады. Оларды антигендер деп атайды. Антитоксиндер — уланған кезде организмде пайда болатын усыздандырушы заттар. Антиденелер, антитоксиндер мен антигендер — өте өзгеше үйлесімді заттар, яғни әр антигеннің немесе токсиннің өзіне ғана үйлесетін антиденелері мен антитоксиндері болады. Олар бір-біріне кілттің құлыпқа сай келетіні іспетті. Антиденелер ауру тудыратын микроорганизмдерді бір-біріне жабыстырып, енді біреулерін ерітіп жібереді. Денеге бөтен заттар, айталық шешек вирустары енісімен организм сол вирустарға қарсы антидене түзеді. Олар вирустармен күресіп, организмді қайталап аурудан сақтап қалады.
Иммунитет табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи иммунитет адам ауырғанда пайда болады да, сол аурумен екінші рет ауырмайды. Табиғи иммунитеттің ұзақтығы әртүрлі. Кей ауруларға (мысалы, шешек) иммунитет өмір бойы сақталады, ал кейбіреуінің иммунитеті қысқа мерзімдік болады (мысалы, грипп). Жасанды иммунитет ауырған адамның немесе жануардың қанынан алынған дайын антиденелерді немесе әлсіздендірілген антигендерді егу арқылы жасалынады. Осылай кейбір аурулардың алдын алуға болады.
Иммунитеттің т у а және ж ү р е пайда болған түрлері де бар. Мысалы, кейбір жануарлардың аурулары адамға жұқпайды, себебі адам организмінде тұқым қуалаған сол ауруларға қарсы тұру қабілеті болады. Иттің немесе шошқаның обасы адамға жүқпайды. Бұл — туа болатын иммунитет. Ал жүре болатын иммунитетке адам ауырғаннан кейін немесе түрлі екпеден кейін пайда болған жасанды қабілет жатады.
Иммунитетті жалпы және жергілікті деп те бөлінеді. Бүкіл организмнің ауруға қарсы тұру қабілеті жалпы иммунитетке, ал жеке бір ұлпалардың немесе мүшелердің қабілеті жергілікті иммунитетке жатады.
