- •Жалпы физиология.
- •Жеке физиология.
- •Қан құрамы
- •Қан плазмасы
- •Қанның негізгі қызметтері:
- •Қанның құрамы
- •Эритроциттер
- •Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері
- •Лейкоциттердің функциялық маңызы
- •Тромбоциттер
- •Плазманың құрамы
- •Гемоглобин
- •Эритроциттердің тұну жылдамдығы (этж)
- •Гемолиз
- •Иммунитет және оның түрлері
- •Гемостаз. Қанның ұюы
- •Плазмалық қан ұйытатын факторлар
- •Тамырдағы тромбоциттік гемостаз
- •Антикоагулянттар
- •Қан ұюының реттелуі
- •Қан жүйесінің қызметін реттеу
- •Жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиясы
- •Жүрек – қантамыр жүйесінің физиологиясы
- •Жүрек етінің қозғыштық қасиетінің кезеңдері.
- •Тыныс алу жүйесінің физиологиясы
- •Тыныс алу физиологиясы
- •Сыртқы тыныс
- •Өкпенің көлемі
- •Асқорыту жүйесінің физиологиясы
- •Асқорыту жүйесінің физиологиясы
- •Жүйесінің физиологиясы
- •Зәр шығару жүйесінің физиологиясы
- •Эндокриндік жүйе физиологиясы
- •Эндокриндік жүйенің физиологиясы
- •Қозғыш ұлпалар физиологиясы
- •Қозғыш ұлпалар физиологиясы
- •Нерв жүйесінің физиологиясы
- •Нерв жүйесінің физиологиясы
- •Сезім мүшелерінің физиологиясы
- •Сезім мүшелерінің физиологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Өкпенің көлемі
Сыртқы тыныс аппаратының функциональды жағдайын клиникалық тәжірибеде, сондай-ақ, физиологиялық лабораторияда зерттеу үшін өкпе көлемін анықтауды кеңінен қолданады.
Көкірек қуысының төрт түрлі қалпын ажыратады, соған сәйкес өкпе көлемінің төрт негізгі көлемі сәйкес келеді.
Тыныс алу барысында ауа тыныс жолы арқылы өкпеге кіріп, оттегін берген соң сыртқа шығып отырады. Өкпеге дейін кіріп – шығатын ауаның мөлшері дем алу мен дем шығарудың тереңдігіне байланысты.
Жай дем алғанда тыныс ағзаларына еніп қайта шығатын ауаның мөлшерін (көлемін) қалыпты тыныс ауасы (ҚТА) деп атайды. Оның мөлшері шамамен 500 мл-дей болады. Қатты дем алғанда ҚТА-сына қосымша жұтылатын ауа көлемін резервтік (қосымша) дем алу ауасы (РДАА) дейді. Демді қатты ішке тартса тыныс жолдарын толтырып өкпеге жететін ауа мөлшері ҚТА (500 мл) мен РДАА – нан (1500 – 2000 мл) тұрады. Мұны дем алу мөлшері дейді. Ол 2000-2500 мл-ге тең.
Қалыпты тыныс алу кезінде әдеттегідей дем шығарып, дем алмастан күшпен дем шығарса, тағы да сыртқа 1000-1500 мл ауа шығаруға болады. Мұны резервтік (қосымша) дем шығару ауасы (РДША) дейді. Бұл ауа қалыпты жағдайда өкпеде сақталады, тек демді қатты шығарғанда сыртқа шығады, сондықтан бұл қор ауа деп те аталады. Сонымен үш түрлі ауа – қалыпты тыныс ауасы, резервтік дем алу ауасы және резервтік дем шығару ауасы бірігіп өкпенің тіршілік сыйымдылығын (ӨТС) құрады.
ӨТС =ҚТА+РДАА+РДША
ӨТС=500мл+2000мл+1500мл=4000мл.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы – терең дем алып, дем шығарған кезде сыртқа шығатын ауаның көлемі.
Қалдық ауа – күш салып терең дем шығарған сәтте сыртқа шықпай қалатын ауа көлемі. Ол 1000-1500 мл-ге тең.
Өкпенің жалпы сыйымдылығы – демді мейлінше ішке тартқан кездегі өкпені толтырған ауаның жалпы мөлшері. Өкпенің жалпы сыйымдылығы өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық аудан тұрады.
Тыныстың минуттық көлемі.
Бір минут ішінде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемі тыныстың минуттық көлемі (ТМК) деп аталады. ТМК бір минут ішінде өкпеге келіп түсетін оттегімен сыртқа шығарылатын көмір қышқылы мөлшерінің арақатынасына яғни зат алмасу қарқынына байланысты.
«Өлі» кеңістік.
Ауа жолын жайлаған ауа газ алмасу процесіне қатыспайды, сондықтан бұл жол «өлі» кеңістік деп, ал ондағы ауа «өлі» кеңістік ауасы деп аталады.
Анатомиялық «өлі» кеңістіктің мынадай биологиялық маңызы бар:
Ауа жолының ішкі жағын астарлаған шырышты ұдайы дымқылданып тұратын болғандықтан өкпеге өтіп жатқан ауа ада дымқыл болады және тыныс жолы ұдайы дымқыл күйінде сақталады.
«Өлі» кеңістік ауаға ілесіп келген шаң – тозаңды, микробтарды одан әрі өткізбейді, сөйтіп өкпені, демек бүкіл денесін індеттен қорғайды. Ауадағы ұсақ заттар шырыштың бетіне қонады да, ос арадағы кірпікше эпителийдің жолымен сыртқа қарай ығыстырылады. Егер жиналып, толып қалса, жөтелу, түшкіру рефлекстері туады да сыртқа шығады.
«Өлі» кеңістік альвеоланы ыстық суықтан сақтайды, жолындағы шырышты қабықтың қан тамырлары кеңейсе ауа жылынады, ал тарылса ыстық ауа суиды. Сөйтіп өкпедегі ауаның қызуы ұдайы бірқалыпты ұсталады.
Өкпені желдету.
Өкпені желдету – 1 минутта алмасатын ауа көлемі. Өкпелік желдету есебінен альвеолярлы ауа жаңарып тұрады және онда оттегі мен көмір қышқыл газының парциальды қысымы қалыпты газ алмасуын қамтамасыз ететін деңгейде ұстап тұрады. Өкпелік желдетуді тыныс алу көлемін 1 минуттағы тыныс алу санына көбейту арқылы табады. Ересек адамда салыстырмалы физиологиялық тыныштық жағдайында өкпелік желдету 1 минутта 6-8л құрайды.
Газдардың қан арқылы тасымалдануы.
Тірі организмде тіршілікке қажет газдар өкпеден тканьге тканьнен өкпеге қанмен жеткізіледі (тасылады). Оттегі мен көмір қышқыл газ, сондай – ақ азот қанға атмосфералық ауадан енеді.
Оттегінің қан арқылы тасымалдануы.
Оттегі көбіне гемоглобинмен қосылып оксигемоглобин түрінде тасымалданады. Қандағы газдардың, әсіресе еріген газдардың жалпы көлемі олардың атмосферадағы меншікті қысымыфна байланысты. Оттегінің меншікті қысымын әдейі жоғарылатса, ол қанда (әсіресе еріген оттегі) көбейе түседі. Ал капилляр эндотелиінен тек еріген газ өтетіні белгілі, осыған орай тканьге де көбірек өтеді. Оттегінің бұл қасиеті медицинада емдеу мақсатымен кеңінен қолданылады (гипербарлық оксигендеу, яғни оттегін қанға қысыммен енгізу). Адам оттегін толы қысым камерасына (барокамераға)кіргізіледі де оттегінің қандағы меншікті қысымы көбейтіледі. Мұның нәтижесінде қанда гемоглобин оттегімен әрекеттесіп, түгелдей оксигемоглобинге айналуы, яғни 100 мл қандағы оттегінің мейлінше (максимум) көбеюі қанның оттегіне қанығу сыйымдылығы деп саналады. әдетте бір литр қанның оттегіне деген сыйымдылығы 180 – 200 мл. Мұны қандағы гемоглобин 1,34 мл оттегімен әрекеттесетіні белгілі. Демек, бір литр қанда 140 г гемоглобин болса, осы санды 1,34-ке көбейтіп, қанда қанша оттегі бар екенін анықтауға болады, ол 140,0*1,34 = 187,6 мл/л тең.
Тыныс орталығы, орналасуы.
Тірі организмнің тіршілік етуіне қажет аса маңызды функцияларды белгілі бір орталықтар реттеп отырады. Тыныс алу – осы функциялардың бірі. Дем алу және дем шығарудың ырғақты реттілігі, сондай-ақ, тыныс алу қозғалыстарының ағза жағдайына байланысты өзгеру сипаты сопақша мида орналасқан тыныс алу орталығымен реттеледі.
Тыныс алу орталығы – тыныс алу аппаратының қызметін қамтамасыз ететін, сыртқы және ішкі ортаның өзгермелі шарттарына бейімделген нейрондар жиынтығы.
Тыныс алу орталығы – жұп, симметриялы орналасқан, құрамына дем алу және дем шығару бөлімдері кіреді. Тыныс алу орталығында нейрондардың екі тобы болады: инспираторлық және экспираторлық.
Тыныс алу еттерін жиырылтатын жүйке нейрондары жұлын мен ми құрамына кіреді, көкеттік жүйке нейрондары жұлынның ІІІ-ІҮ мойын сегментінің алдыңғы мүйізінде, қабырға аралық еттердің жүйке клеткалары жұлынның көкірек сегменттерінде орналасқан,
Ал, жұлынның сопақша мимен байланысын бұзбай, оның мойын бөлімі мен көкірек бөлімінің түйіскен жерінен көлденен кессе, диафрагма еттері бұрынғысынша жиырыла береді, мұның арқасында тыныс алу тоқтамайды, бірақ, қабырғааралық еттер тыныс алу үрдісіне қатыспайды. Демек, бұл тәжірибелер тыныс алу ми мен жұлын арқылы реттелетінін көрсетеді.
Тыныс алу процесін реттейтін орталықтың жүйке жүйесіндегі орнын анықтау үшін көптеген тәжірибелер жасалды. Тәжірибеде, мәселен мидың әр жерінен көлденең кесу әдісі қолданылады. Ми бағаны варолий көпіршесінің жоғары жағынан көлденең кесілсе, тыныс алу процесі бұзылмайды, ал варолий көпіршесінен төмен, сопақша мимен түйіскен жерінен кесілсе дем алу фазасы ұзарады да (апнейзис) тыныс алу сирейді.
Миды сопақша мидан төменірек оның жұлынмен түйіскен жерінен кессе, тыныс алу тоқтап қалады, тыныс алу еттері әдеттегідей белгілі бір ырғақпен жиырылу қабілетінен айырылады. Демек, тыныс алу процесін реттейтін нейрондар тобы (тыныс алу орталығы) сопақша мида орналасқан. Тыныс алу орталығының сопақша мидағы орнын табу үшін оның әр жерін инелеп бұру, бұзу, тітіркендіру әдістері қолданылады. Қазан университетінің профессоры Миславский аталған әдістерді қолдана отырып, тыныс орталығының ромба тәрізді ойықтың астынғы (төменгі) бұрышына жақын орналасқанын, бұл орталықта инспирация (дем алу), эксперация (дем шығару) бөлімдерінің бар екенін, бұл бөлімдердің жұптаса орналасқанын анықтады.
Тыныс алудың реттелуі.
Тыныс алудың жиілігі, тереңдігі оттегінің адамға қажет мөлшеріне және қандағы көмір қышқыл газ, деңгейіне сәйкес өзгеріп отырады. Бұл сәйкестілік жүйке жүйесі арқылы реттеледі.
Демді ішке алу, шығару тыныс алу еттерінің жиырылуы арқылы іске асырылатыны белгілі. Тыныс алу еттерін жиырылтатын жүйке нейрондары жұлын мен ми құрамына кіреді: диафрагмалық жүйке нейрондары жұлынның ІІІ – ІV мойын сегментінің алдыңғы мүйізінде, ал қабырғааралық еттердің жүйке клеткалары жұлынның көкірек сегменттерінде орналасқан.
Темекі шегудің адам ағзасына зиянды әсері:
Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы улы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді.
Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Бұл заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді.
Никотин темекі өсімдігінен шыбын-шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектицид деп те атауға болады.
Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз-ақ болғаны олар өліп қалады. Үй қояны ¼ никотин тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100 мг болса- ақ жетіп жатыр, немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды. Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды.
Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Никотин адамның дене мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер бір реттік шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса, ол өлімге себеп болады. Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар-жоғы 21-23 секундта айналып өтеді. Егер шылымшы сигаретті ұзақ сорып тұрмаса, онда никотин тіл және жақтың шырышты қабығы арқылы қанға өтеді.
Жылына темекі тартушылықтың салдарынан болатын түрлі аурулардан жер шарында 5 миллион адам қайтыс болады екен. Оның 600 мыңы балалар мен жасөспірімдер. Шынына келсек, темекі жаппай жою қаруына айналып келеді. Оның келтірген нұқсаны ядролық, химиялық және биологиялық қаруларды бірге алғандағы келген зардаптан асып түседі. Кейінгі жылдары темекі тартушылардың қатары қыз-келіншектермен толыға түсіпті. Бүгінде Қазақстандағы қыз- келіншектердің 9,8 пайызы нағыз темекі тартқыштар саналса, 12 жастан асқан балаларымыздың 7,5 пайызы темекіге әуестік дертіне ұшыраған. Қыз-келіңшектердің арасындағы темекі тартушылық 18-25 жас аралығындағылар арасында өршіп тұрған жайы бар.
«Темекі шегу-адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық» деген болатын орыстың ұлы белгілі фармакологы И.М.Догель. Өйткені адам баласында темекіге қажеттілік жоқ. Адамның шеккен алғашқы сигареті оның басын айналдырып, жөтелдіріп, жүрегін айнытып, басын ауыртып, көптеген жағымсыз әсерлер беретіні белгілі. Байқасаңыз адам табиғатының өзі оны сақтандырып тұрған тәрізді. Әйтсе де, жас адамның ересек көріну, қатарынан қалмау, кәнігі шылымқор болып көрінгісі келуі сияқты орынсыз тілектері оны шылымды үсті-үстіне шегуге итермелейді. Адам темекіге деген ағзасының табиғи жиренішті реакциясын жеңіп, ағзасын темекі түтініне үйретеді.
Нәтижесінде темекінің улы әсері бірте-бірте әлсіреп, оның орнын қысқа мерзімді эйфория (жағымды әсер) басады. Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500жылдығын атап өтті. Ал Африка мен Американың халқы оның дәмін бірнеше ғасыр бұрын татқан болатын. Темекінің Еуропада кеңінен таралуына француз ғалымы Жан Нико да себепкер болды. Ол теңізшілер әкелген темекі өсіріп, өзінің атымен аталған «барлық ауруларға қарсы ем» – никотинді тапты. Алдымен темекі өсімдігінің сабақтарын кептіріп, ұнтақтап, оны иіскеу сәнге айналған еді. Кейіннен оны тұтатып шегу бұл «дәстүрді» ығыстырып шығарды. Бірте-бірте түрлі сигаралар, темекі трубкалары, папиростар мен сигареттер пайда болды. Бұл әдетте адамзат тарихындағы қасіретті қадам еді. Өйткені темекі шегу кезінде ауа оның жанып жатқан бөлігінен өтіп 300 градусқа дейін қызады. Табақ ыстықпен құрғақтай өңделіп, оның құрамынан бөлініп шыққан аммиак, көміртегі тотығы, шайыр, канцерогенді көміртегілер, радиоактивті изотоптар мен түрлі улы заттар түтінге қосылады. Сонымен бірге түтін өкпенің жалпы көлемі 100 шаршы метр болатын альвеолаларын тұтастай толтырады. Өкпе эпителийінің мұндай үлкен көлемімен жанасқан түтіндегі улы заттардың бөлшектері толығымен өкпе ткандеріне, қанға өтеді. Демек, темекі шегу – табактың компоненттерінің тыныс жолдарымен өте тығыз және толық жанасуы және зиянды әсер етуі болып табылады. Темекі түтіні-темекінің жануынан пайда болған өнімдер, олар ауада қалықтаған өте майда құрғақ тозаң және миллимикронмен өлшенетін көлемдегі сұйықтық тамшылары түрінде болады. Темекі түтінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртегі тотығы, аммиак, кукіртсутегі, формальдегид, фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын, мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер, құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар. Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды. Никотин – есірткі болғандықтан алдымен орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Темекіні шегудің алғашқы кезеңінде, бір-екі минуттан кейін ол миға жетіп, оған жағымды әсер етіп, уақытша белсенділігін оятады. Адам эйфорияға беріліп, күш қосылғанын байқайды. Бірақ бұл қысқа мерзімді әсер ғана. Сондықтан адам темекіні үсті үстіне шегуге мәжбүр. Бірте бірте ол ағзаның үйреншікті стимуляторы болып, адам өз әдітінің құлына айналады. Көміртегі тотығы қандағы гемоглабиннің эритроциттерімен оңай және тез қосылып, өз орнын ағзаға қажетті оттегіге босатпайды.
Одан ағзаның барлық клеткаларында оттегі жетіспеушілік туып, ми нейрондары да зақымдана бастайды. Көгертуші қышқыл да ағзаның оттегі жетіспеушілігін тудырады. Ол оттегінің клетка мембраналары арқылы өтуіне кедергі жасайды. Органикалық қышқылдар сілтілер (аммиак) тыныс жолдары мен өкпенің шырышты қабаттарын тітіркендіріп, қабыну процестеріне себепкер болады. Өкпе мен тыныс жолдарында жылбысқы сұйықтық көп бөлініп, оған микроорганизмдерден, оның ішінде туберкулезден қорғану механизмдері бұзылады. Жоғарыда аталған ауыр металлдардың тұздары – өте күшті у болып табылады. Кадмий С дәруменімен қосыла отырып қатерлі ісіктің пайда болуына себепкер бола алады. Бензопирен мен полоний, калий, висмут изотоптары – өте активті канцерогендер. Олар қалыпты клеткалардың өзін рак клеткаларына айналдыра алады. Мысалы, полоний-210 изотопының жартылай ыдырау кезеңі 138 күн десек, ол осы уақыт бойы ағзаға радиациялық әсерін тигізіп отырады. Оның радиациясына қарсы тұра алмаған жәй клеткалар рак клеткасына айналады. Шайыр мен түтіннің қатты бөлшектері альвеолалардың қабырғасын тұтып қалады да, оның түсін өзгертеді. Сигареттің сүзгішін көптеген шылымқорлар зиянды заттарды ұстап қалатын нәрсе санап, ол темекінің зиянды әсерін толығымен қорғайтындай көреді. Бұл қате пікір. Сүзгіш түтін құрамындағы қатты және сұйық заттардың 20 пайызын ғана ұстап қалады, ал радиоактивті заттар одан еш кедергісіз өтіп кетеді. Адам ағзасында темекінің зиянды әсерінен зардап шекпейтін мүше жоқ десе де болады (сурет 4.2.).
( Сурет 4.2. Адам қолының шылым шеккенге дейінгі (сол жақта) және
шылым шеккеннен кейінгі (оң жақта) жылу суреті. Көк және жасыл түске боялған жерлердің қантымыры тарылып, жылу бкргіштігі бұзылған)
Темекінің зиянымен күресуден әлсіреп, ауруға шалдығып, қызметі мен формасын өзгертіп жатқан мүшелерді толық атап шығу мүмкін емес.
Жасөспірімдер ересек, сәнді болып көріну үшін темекі шешуге мәжбүр. Бірақ, оларды сырттан бақылап отырсаңыз олардың бұл ересек болып көрінуге тырысуы, «сәнділігі», қолдан жасалған үйлесімсіз, күшеншек, күлкілі әрекет екендігін байқайсыз. Лев Толстой да «Адамды ессіз түрде баурап, небір сорақы әрекеттерге жетелейтін ең қарапайым азғырғыштың түрі «бәрі де солай істейді гой» деген ақталу» деген болатын. Темекі шегетін жасөспірімдердің жүйке жүйесі нашарлайды, оларда ашушаңдық, тез әсершеңдік пайда болады. Ал олардың есте сақтау қабілеті мен зейінін бағыттау 5-7 пайызға төмендейтіні эксперименталды түрде дәлелденген. Демек, оқу қиындай бастайды. Оның үстіне мұндай оқушыға жақсы спортшы болуға жол жабық. Темекі шегу наркоманияға да бастайтын жол. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлемде 1,1 миллиард шылымқор бар, олардың орташа өмір жасы темекі шекпейтіндермен салыстырғанда 8-10 жылға кем. ХІХ ғасырда темекі шегетін әйел адамды кездестіру қиын болатын. ХХ ғасырдың басында ондайлар аздап та болса көбейе бастады. Ал ХХ ғасырдың соңы мен біздің ғасырымызда кейбір дамыған елдерде әйелдердің 40-50 пайызы шылымқор болды. Қыздардың арасында темекінің кеңінен таралуына мода, сәнқойлық себепкер болып отыр. Темекі шегетін қыздардың 60 пайызы бұл сұраққа «Бұл әдемі», «Темекі шегу сәнді, сексуалды», «басқаларға ұнағым келеді, назарын аударғым келді» деп жауап берген. Әйтсе де ер балалардың тек 9 пайызы ғана темекі шегіп тұрған қыз «әдемі, сексуалды көрінеді» деп санайды. Бар-жоғы бірнеше жыл ғана темекі шеккен қызды бет терісінің құрғауы, бетінің сұрғылт-сары түсі, сары тістер, сарғайған саусақ, демінің сасықтығы мен қырылдақ дауыс, беттегі әжімдері арқылы бірден танисыз. Мұның бәрі-жасы жетпей қартаю, басқаша айтсақ никотинді косметика. Темекі шегу-жәй ғана сән немесе жаман әдет қана емес. Бұл – ағзаны тұрақты түрде зиянды заттармен уландыру. Ғылыми әдебиеттерде темекінің бала туу функциясы мен туған балаға кері әсері туралы мақалалар жарияланып келеді. Мұндағы басты рөлді радиоактивті полоний-210 атқарады. Әйелдің бойындағы аналық жұмыртқа клеткасы іс жүзінде өзгермейтін құрамымен белгілі. Ол бала кезден ақ улы заттармен улануы мүмкін. Ондай аналық ұрық клеткаларының бірі тұқымдануғамүлдем қабілетсіз болса, екіншілері тұқымданғанымен, бала неше түрлі патологиялық өзгерістермен дүниеге келуіне себепкер.
Шылымқор әйелдердің туған балалары әлсіз, бойы қалыптан 2 сантиметр
аз, бас сүйегінің көлемі, салмағы кем болып туылады. Бұл балалар 9-10 жасына дейін құрбыларынан физиологиялық және интеллектуалды дамуы жағынан қалып жатады, жиі ауырады. Іштегі баланың ағзасынан улы заттардың бөлініп шығуы өте баяу өтеді. Сондықтан да оның қанындағы улы заттардың концентрациясы анасына қарағанда 1,5-2 есе артық болады. Демек, екіқаабат әйелдің темекі шегуі өзінен гөрі іштегі баласына анағұрлым қатерлі.Сонымен бірге тұрақты түрде улану (хроникалық интоксикация) ерте ме, кеш пе, әйелдің аналық ұрық клеткаларының гендік деңгейдегі хромосомды аппаратының бұзылуына соқтырады. Бұл жағдайда тұқым қуалау қабілеті өзгеріп, іштен туа пайда болатын аурулар түрі көбейеді. Мысалы, шылымқор ананың баласында жүректің патологиясы сау аналарға қарағанда екі есе жиі кездеседі. Сондай-ақ, канцерогенді және радиоактивті заттардың генетикалық зиянды әсері бір екі ұрпақтан кейін де көрініс беруі мүмкін. Темекіден бас тарту мен арақты тию адамзатты сауықтырудың басты жолдарының бірі. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Х.Малер «Шылымқорлық-алдын алуға болатын, әлемдегі барлық аурулардың басты себепкері болып отыр» дейді. Бұл жерде «алдын алуға болатын» деген сөздерге басты назар аударуымыз қажет. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан бастап, халықтың денсаулығына жауапты деген ұйымдар «темекінің адам өміріне зиян екендігін» айтып, дабыл қаққаннан жалыққан емес. Жылына темекі тартушылықтың салдарынан болатын түрлі аурулардан жер шарында 5 миллион адам қайтыс болады екен. Оның 600мыңы балалар мен жасөспірімдер. Шынына келсек, темекі жаппай жою қаруына айналып келеді. Оның келтірген нұқсаны ядролық, химиялық және биологиялық қаруларды бірге алғандағы келген зардаптан асып түседі. Кейінгі жылдары темекі тартушылардың қатары қыз-келіншектермен толыға түсіпті. Бүгінде Қазақстандағы қыз- келіншектердің 9,8 пайызы нағыз темекі тартқыштар саналса, 12 жастан асқан балаларымыздың 7,5 пайызы темекіге әуестік дертіне ұшыраған. Қыз-келіңшектердің арасындағы темекі тартушылық 18-25 жас аралығындағылар арасында өршіп тұрған жайы бар. 1950жылдардан бастап өлімге алып келетін барлық факторларға эпидемиологиялық мұқият жүргізілген зерттеулер барысында темекіден болатын өлімнің алаңдататын көрсеткіші анықталды. 2003жылы 21 мамырда қабылданған темекіге қарсы күреске қатысты Конвенция бұл деректерді жәй ғана тіркеп қойған жоқ, олар оны өздерінің негізіне енгізіп, «ғылыми деректердің нақтылауынша, темекі тұтыну және темекі түтіні әсерінің өлім, ауру және мүгедектік себебі болып табылатыны» айтылған.
Темекілік індеттің таралуы жаҺандық проблема болып табылады. Оның адам денсаулығы үшін салдары маңызды және барынша кеңейтілген халықаралық ықпалдастықты, барлық елдердің тиімді, орынды әрі жан-жақты жауапты әрекеттерін талап етеді. Ең бастысы қоғамдық орындарда, тамақтандыру, мәдениет мекемелерінде, мемлекеттік мекемелердің төңірегінде, аялдамаларда шылым шегуге тосқауыл қойылып айыппұл тағайындалды. Темекі қорабының сыртындағы жазулар мазмұны өзгертіліп, темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынды. Бағдарлама қолға алынған 5жыл үшін бұл аз шаруа емес. Дей тұрғанмен, темекіге қарсы күрес мұнымен тоқталған емес. Жыл бойы қала тұрғындары, студент- жастар мен оқушыларға темекінің, есірткі мен ішімдіктің зияны туралы әңгіме, семинар-тренингтер өткізіліп, ақыл – кеңес жазылған парақшара таратылады.Сонымен, темекі шегудің зияны туралы жан-жақты, әсерлі әңгімелеп беру қазіргі жасөспірімдерде оған деген тұрақты теріс көзқарас, қабыл алмау сияқты әсерлеп туғызуы мүмкін. Қазіргі жасөспірімген ол жеткіліксіз. Сондықтан да ата-аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып «әдемі өмірдің» сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған темекі шегумен бітіспес күреске шығуы керек.
Шылым шегудің зияны туралы бірнеше қызықты оқиғалар:
Темекінің түтіні автомилдердің шығаратын зиянды заттарынан да 4-есе көп зиянды болады.
Бір куб миллиметр темекі түтіні 3 млн. ыстың бөлшектерін құрайды.
Әрбір сигарет денедегі 25мг С витаминін нейтрализдейді, бұл дегеніміз бір апелсиннің құрамындағы Свитаминіне тең болады.
Герман ғалымдарының зерттеуінше бір сигарет адам өмірін 12 минутқа кемітеді.
20 сигар тарту арқылы, адам күніне бір сигареттің түтінінен 580-1100 есе артық кір ауамен дем алғандай болады.
Темекі тартатын адамның өкпесі темекінің түтінінен смолаға ұқсап кетеді. Бір жылда темекі тартқыш адамның өкпесіне 800 г. темекі смоласы жиналады.
Егерде адам 15 жасынан бастап темекі тартса онын өмір сүру жасы 8 жылға қысқарады. 15 жасында темекі тарта бастаған адамдар 5 есе көп өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болады, 25 жасында темекі тарта бастаған адамдарға қарағанда.
Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім.
Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза ұстайтын қасиетті рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады.
Егер темекіні тастасаңыз:
24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.
2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі.
3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.
3 – айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.
1 – жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.
10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі.
15– жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.
V бөлім
