- •Жалпы физиология.
- •Жеке физиология.
- •Қан құрамы
- •Қан плазмасы
- •Қанның негізгі қызметтері:
- •Қанның құрамы
- •Эритроциттер
- •Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері
- •Лейкоциттердің функциялық маңызы
- •Тромбоциттер
- •Плазманың құрамы
- •Гемоглобин
- •Эритроциттердің тұну жылдамдығы (этж)
- •Гемолиз
- •Иммунитет және оның түрлері
- •Гемостаз. Қанның ұюы
- •Плазмалық қан ұйытатын факторлар
- •Тамырдағы тромбоциттік гемостаз
- •Антикоагулянттар
- •Қан ұюының реттелуі
- •Қан жүйесінің қызметін реттеу
- •Жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиясы
- •Жүрек – қантамыр жүйесінің физиологиясы
- •Жүрек етінің қозғыштық қасиетінің кезеңдері.
- •Тыныс алу жүйесінің физиологиясы
- •Тыныс алу физиологиясы
- •Сыртқы тыныс
- •Өкпенің көлемі
- •Асқорыту жүйесінің физиологиясы
- •Асқорыту жүйесінің физиологиясы
- •Жүйесінің физиологиясы
- •Зәр шығару жүйесінің физиологиясы
- •Эндокриндік жүйе физиологиясы
- •Эндокриндік жүйенің физиологиясы
- •Қозғыш ұлпалар физиологиясы
- •Қозғыш ұлпалар физиологиясы
- •Нерв жүйесінің физиологиясы
- •Нерв жүйесінің физиологиясы
- •Сезім мүшелерінің физиологиясы
- •Сезім мүшелерінің физиологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Асқорыту жүйесінің физиологиясы
Асқорыту жүйесінің физиологиясы
Тамақ ішу, ішкен астың ішек- қарында қорытылуы денеге сіңуі аса күрделі процестер. «Ас адамның арқауы» - дейді халық. Ас құрамындағы қоректік заттар (белок,көмірсу,май) адам денеденесіндегі тканьдердің жаңарып жаңғырылуын, клетка түзілуін, адамның өсіп-өнуін, дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі. Демек қоректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзылып, клеткалардың, тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп төнеді. Адам өзіне қажет қоректік заттарды әдетте сырттан алады. Бұл- экзогендік тамақтану.
Сырттан қоректік заттар келіп түспесе де, адам біразға дейін тіршілік ете береді. Ол өз клеткаларындағы органикалық қоректік заттарды пайдаланып, құрамындағы ағзалар, тканьдердің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етіп отырады, яғни эндогендік тамқтану басталады. Мұндай жағдайда энергия қоры біртіндеп таусылады да адам әлсіреп, түрлі ауруларға шалдығады. Демек, эндогендік тамқтану тән тірлігін қамтамасыз ете алмайды. Ас қорыту - өте күрделі процесс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді соңынан химиялық реакцияға түсіп,қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өңдеу барысында ас кесектері ұсталып,бөлшектенеді, сілекей-шы-рынмен шыланып, жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек-қарын ферменттері қатысады. Ас қорыту ферменттері сусыз жерде әсер ете алмайтын ашытқы гидролазалар тобына жатады. Бұлардың әсерінен күрделі органикалық қоректік заттар ыдырап, қан мен лимфаға өтетіндей, денедегі клеткалар пайдалана алатындай қарапайым қосынды-мономерлерге айналады. Су,минерал тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалық заттар ішек-қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді.
Ас қорыту жүйесінің қызметтері (функциялары):
Сөл шығару (секреция) функциясы.Оны ас қорыту, сілекей, ішек-қарын бездері ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферменттер (гидралазалар) болады. Олар үш топтан атап айтқанда, протеаза,карбогидролазадан тұрады. Протеаза фермнеті белоктарды пептид және амин қышқылдары сатыларына, липаза- әрбір май түрін май қышқылдары мен глицерид, ал карбогидраза-полисахаридтерді (крахмал, гликоген) моносахаридтерге дейін ыдыратады.
Қимыл (жиырылу-жазылу) функциясын бірыңғай салалы еттер орындайды.
Бұл қимылдар ас кесегінің ішек-қарын сөліне шыланып, ондағы ферменттер әсерімен ыдырауға,бұдан пайда болған өнімдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек-қарын біресе жиырылып біресе жазылып толқын тәрізді қимылдар жасайды (перистальтика), мұның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жылжиды, қортылмаған,бойға сіңбеген заттар ысырылып, артқы тесікке жақындай түседі, сөйтіп қажетсіз заттар біртіндеп сыртқа шығарылып тасталады.
Қоректік заттарды сіңіру функциясы. Ішек-қарын түтігінде болады. Адамға қажет қоректік заттар әбден ыдырап қарапайым қосындыларға айналады да,түтік қабырғасындағы биологиялық мембраналардан өтіп,қанға немесе лимфаға сіңеді. Сіңу ішектің әр бөлігінде әртүрлі. Аш ішекте ас қорыту процесі аяқталады.
4. Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару функциясы(экскреция). Қорытылмай қалған ас қалдықтары, ас қорыту барысында қанға, лимфаға сіңіп үлгермеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне өткен заттар(несеп қышқылы, мочевина, дәрі-дәрмек, басы артық тұздар, су), өт құрамындағы заттар нәжіске ілесіп сыртқа шығады.
5. Эндокриндік функция. Ішек-қарынның кілегейлі қабығында әсіресе қарын пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен ас қорыту процесін зат алмасу, өсіп-өну,есею процестерін реттеп, басқарып отырады.
Ас қорыту мүшелерінің зерттеу әдістері.
Физиология ғылымының дамуында түрлі функцияларды зерттеу, осыған лайық әдістер іздеу үлкен рөль атқарады. Кезінде талдау (анализдік) физиологиясы әдістерінің бірі- вивисекция әдісі кеңінен қолданылған. Мұның нәтижесінде қан айналысы физиологиясы тарапында құнды материялдар жиналады, бірақ бұл әдіс ас қорыту физиологиясын зерттеуге жарамайтыны байқалады. Мәселен, лабароториялық жануарды наркоз беріп ұйықтатып, оның ас қорыту безіне түтік қойып бірнеше тамшы сөл алуға болады, сондай-ақ ішек-қарынды жарып жіберіп, ас қойыртпағын, ішек-қарын сөлін алу да қиын емес. Бірақ мұндай сөл таза емес, ас қорыту процесі жайлы тұжырым жасуға мүмкіндік бермейді.
Ас қорыту ағзаларының аурулары өте жиі кездеседі. Көптеген зерттеушілер адамның ішек-қарынынан таза сөл алып,оның ас қорытудағы мәнін білуді арман етті. Мысалы, Рюмер адамның қарын сөлін зерттеу үшін бір кесек губканы жіпке байлап зерттелетін адамға жұтқызды, біраздан кейін губканы жіппен тартып сыртқа шығарып,оның сығындысын (алынған сөлді) зерттеді.
Канада дәрігері Боумон 8 жыл бойы ішінен жараланған мергеннің қарын қуысын түтік (фистула) арқылы терімен жалғастырып, жиналған қарын сөлінің құрамын зерттеп, ол туралы тұңғыш рет мәлімет алды.
1842жылы Москва университетінің профессоры Басов итке операция жасап, оның қарнына қойылған фистула арқылы ас қойыртпағы араласқан қарын сөлін жинап, оны зерттеді. Бұл операцияны өте жоғары бағалаған И.П.Павлов кейін итке эзофаготомия (өңешті кесіп, оның екі ұшын сыртқа шығару)операциясын жасап, жалған тамақтандыру әдісін ұсынады. Таза қарын сөлін жинап, оның құрамын анықтады, бұл сөлдің адам қарнының сөлінен айырмашылығы жоқ екенін дәлелдеді (-сурет).
Сонымен ас қорыту жүйесінің қызметін (функцияларын) зерттеуде бірден бір тиімді әдіс И.П.Павлов ұсынған фистула қою. Фистула қою әдісі ас қорыту физиологиясын жаңаша дамытуға жол ашып, бұл тарапындағы әйгілі еңбектері үшін И.П.Павловқа Нобель сыйлығы берілді. Фистула дегеніміз белгілі бір ағзаның қуысын немесе бездің түтігін сыртқы ортамен байланыстырып тұратын өзек. Фистула салу үшін белгілі бір жануар түріне, (айталық, итке) наркоз беріп, антисептика және асептика талаптарына сәйкес операция жасап, ағза қуысын немесе без түтігінің ұшын сыртқа шығарып тігіп қояды. Осы мақсатпен кейде арнайы фистула түтігі қолданылады. Физиологиялық тәжірибе жасау үшін ит тек жарасы жазылған соң пайдаланылады. Фистула қою әдісі иттің қоректеніп жатқан кезде қарын сөлін таза күйінде (өл құрамының тағам түріне қарай қалай және қаншалықты өзгертетінін білуге мүмкіндік береді. Фистула қойылған итті(жануарды)бір рет емес, ұзақ уақыт, мәселен, айлар бойы пайдалана отырып, ас қорыту ағзаларының сөл шығару қабілетін, жиырылу-жазылу қасиетін, ас сіңіру дәрежесін бірден бір дәл анықтауға болады.
Мәселен, И.П.Павлов лабораториясында ас қорыту жолының әрбір бөлімін тексеру үшін әртүрлі операциялар ұсынылды. Астың ауызда қалай қорытылатынын зерттеу үшін белгілі бір сілекей безі түтігінің бір ұшы сыртқа шығарылды. Қарын сөлін жинап алып зерттеу үшін Басов әдісімен иттің қарнына фистула қойылады да оның өңешінің екі ұшы сыртқа шығарылады (эзофаготомия-‹жалған тамақтандыру›тәжірибесі).
Иттің үлкен қарынынан кіші қарынды бөліп алады да, Гейденгаин, Павлов әдістерімен кіші қарын сөлін жинап алады (сурет 5.1.). Ұйқы безінің сөлін, сондай-ақ өт шығару процесін зерттеу үшін сол бездің өт түтігінің 12 елі ішекке ашылған жерінен айнала ішек қабырғасын тіліп жібереді де, 12 елі ішектің кіші бөлігі мен түтүк аузын сыртқа шығарады. Өт түзілуін зерттеу үшін фистула түтігін өт қабымен жалғастырады. Аш ішек қызметі Тири-Велла фистуласы арқылы зерттеледі.
(Сурет 5.1. Оқшауланған кішкене қарын. И.П.павлов ідісі бойынша)
Адамның сілекей бездері жеке-жеке зерттеледі, сілекейді Лешли Красногорскийдің капсуласы арқылы жинауға болды.
Адам қарнының сөлі зонд арқылы алынады. Зонд жұтудан 30-40 минут бұрын адамға Боас-Эвельд тамағы (50г ақ нан-1стакан шәй) беріледі. Қарын қимылы қарын биотогін электрогастромиография
әдісімен жазып алу, арқылы зерттеледі. Ол үшін аппарат датчиктері адамның құрсақ терісіне бекітіледі. Ас қорыту ағзаларының қимыл әрекеті рентген сәулесімен (рентгеноскопия, рентгенография,рентгенокимография) зерттеледі. Шайнау кезінде пайда болатын жақ еттерінің биотогі электромиография арқылы, жақтың шайнау қимылы мастикациография арқылы жазып алынады. Ішек-қарынның сөл шығару қызметі мен қимыл әрекеті радиотелеметрия әдісімен зерттеледі. Алдымен адамға радио-магниттік генератор-радиопилюля (диаметрі шамамен1см) жұтқызылады. Іштегі радиопилюлядан тараған электромагниттік толқындар сырттағы датчиктер мен радиоқабылдағыш антенна арқылы ұсталып аппарат құрамындағы жазу құралы арқылы сөлдің қышқылдығы (рН), температурасы, басқа да өзгерістер жазып алынады.
Эндоскоппен қарау (эндоскопия)ү шін ауыз, жұтқыншақ, өңеш, арқылы қарын мен он екі елі ішекке арнайы құрал-эндоскоп енгізіледі де соның көмегімен қарынның ішкі құрылысын көруге, биопсия әдісімен қажет материал алуға болады.
Радиоактивтік изотоп арқылы қоректік заттардың сіңу дәрежесін, ал ультрадыбыс пен сканирование жасап дертті процестің қай жерде қалай орналасқанын анықтауға болады.
Сілекейдің құрамы, қызметі, шығуы, реттелуі.
Сілекей дегеніміз - сілекей өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан үш сілекей безінің, атап айтқанда, шықшыт, жақасты, тіл бездерінің, сондай ақ ақуыздың шырышты қабығында бытырай орналасқан ұсақ бездердің сөлі (секреті). Жан-жануарда, адамда сілекей көбінесе тамақ ішкен сәтте шығады. Бір тәулік ішінде бөлініп шығатын сілекей көлемі әр түлікте әртүрлі. Мәселен, сиыр тәулігіне 50, адам 1,0-1,2литр сілекей шығарады. Ит сілекейінің аз-көптігі ауа райына, оның ыстық салқындығына байланысты. Итте тер бездері болмайды. Сондықтан күн ыстық болып ыссыласа, ол дене қызуын бір қалыпты сақтау үшін тілін шығарып, көп мөлшерде сыртқа сілекей шығарады.
Адамда сілекей әсіресе тамақ ішкен кезде көбірек шығады, да басқа уақытта да үзілмейді:ауыз іші үнемі дымқылданып тұрады, онсыз адам дыбыс шығара алмайды(сөйлей алмайды). Сілекей қой-малжың, сұйық зат.Оның құрамында 0,5- 1,5% құрғақ зат бар, қалғаны су. Сондықтан оның сыбағалы салмағы судан аз-ақ жоғары (1,001-0,017).Құрғақ зат органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады.Бейорганикалық заттардан сілекейде натрий, калий, кальций,магний хлоридтері, сульфаттары, карбонаттары,иодит, бромид,фторитдер және аз мөлшерде роданит тұздары, микроэлемнттер (темір, никель, литий) бар. Сілекейдің қышқылдық дәрежесі (рН) көбінесе осы аталған заттар мен муциннің мөлшеріне байланысты. Әдетте рН-5,8-7,4 аралығында болады. Сілекейдегі кальцийдің тістің эмаль қабатына өтуі, одан шығуы рН мөлшеріне байланысты. Реакциясы қышқылдау болса (рН-6,9) кальций эмаль-дан ауыз қуысына,ал рН-7,0-8,0 болса эмальға қарай өтеді. Сілекей құрамында органикалық заттар (альбумин,глоболин сияқты белоктар, муцин-гликопротеид, ферменттер) бейорганикалық заттардан 2-3 есе көп.
Сілекей құрамында сондай-ақ микроорганизмдерді өлтіретін лизоцим ферменті болады.Лизоцим әсіресе ит пен мысық сілекейінде көбірек, сондықтан да олар жарасын жалап дертінен тез айығып кетеді.Адам сілекейінде лизоцим өте аз, ал ауіызында сапрофиттер көп, қолайсыз жағдайда олар зиянды микробтарға айналып, ауру тудыруы мүмкін.
Муцин-гликопротед, шырышты сілтілі зат, ол шайналып ұсатылған ас
кесегін жұмсартып, шырышпен қоршайды, жұтқыншақты ауыртпайтындай сырғанақ күйге келтіреді.Оның өңешке қарай жылжуын жеңілдетеді. Сілекейде аз мөлшерде негізінен қаннан келіп түсетін жиырма шақты (кейбір пікрлерге қарағанда, 50-ге жуық) фермент(нуклеаза) сондай-ақ қан ұюын тездететін,тежейтін факторлар болады. Қан ұюына қажет заттар ауыз ішіндегі жараның тез жазылып кетуін қамтамасыз етеді (қан ұюын тездетеді).
Сілекей ас қорыту процесіне қатысуымен қатар қорғаныс қызметін де атқарады:
ауыздың шырышты қабығы мен тіісті ұдайы дымқыл күйінде ұстап, физикалық және химиялық заттардың зардабынан сақтайды, ыстық тамақты суытып, салқын тамақты жылытып,тағам температурасын реттеп отырады;
ауызға түскен,тіске қонған заттарды жуып-шайып,оларды ұдайы тазартып отырады;
құрамындағы лизоцим ферментінің әсерінен ауыз ішіндегі бактериялар жойылады(бактериоцидтік әсер);
құрамындағы нуклеазалар(қышқылды және сілтілі) рибонуклеазалар, трансаминазалар, пероксидазалар вирустың нуклеин қышқылдарын бұзып-ыдыратып,адам денесін вирустік
аурулардан қорғайлды;
ауыз ішіндегі капилярларды кеңейтетін Кининдер арқылы ауызда микроқанайналысын күшейтеді де лейкоциттер көп мөлшерде қаннан ауыз қуысына шығып, ауыз қуысындағы микробтарды құртады;
сілекей құрамындағы трамбопластин, антигепариндік,фактор, IV, V, VIII, X факторлар сияқты заттардың әсерімен қан тез ұйып, ауыздың шырышты қабығына түскен жарақаттар тез жазылып кетеді;
сілекейде, әсіресе шықшыт безі сөлінде фибрин, ыдыратқыш (фибринолиз) заттар мен қан ұюына кедергі жасайтын заттар бар, бұл заттар без өзегінің бітіліп қалуына жол бермейді, ауыз шырышты қабығын қабыршақтанған өлі эпителийден тазартып отырады, ондағы жаралардың тез жазылып кетуіне себепкер болады;
сілекейдің қоректік (трофикалық) маңызы да бар. Сілекей тістер анатомиясы мен физиологиясына қажет қоректік зат.Ол жаңадан өсіп келе жатқан тістерді кальций, фосфор, цинк сияқты микроэлементтермен қамтамасыз етіп отырады, бұл элементтер сілекейдің рН-ын өзгертіп, өздерінің эмальге өтуін реттейді.
сілекей құрамын тексеру белгілі бір ауруларды анықтау ісін жеңілдетеді. Мәселен, қарын, 12 еліішектің ойық жарасы, нефрит кезінде сілекейде азот, инсульт кезінде белок көбейеді т.т.
Сілекейдің бөліну (шығу) тәртібі.
Сілекей негізінен рефлекстік жолымен бөлініп шығады.Ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы сілекей шығару болып екіге бөлінеді.
Шартты рефлекс бойынша сілекей тағамының өзіне таныс белгілі бір түрін көрген, оның иісін сезген кездерде, дәмді тағам еске түскен сәтте, яғни тағамның тікелей қатысынсыз ас ауызға түспей тұрып бөлінеді. Шартты рефлекс кезінде ауыз рецепторлары тітіркенбейді (қозбайды), бірақ көз,дыбыс, иіс рецепторлары мен еске алу нейрондары қозады. Рецепторлардан шыққан сигналдар ми қыртыстарына жетеді, одан әрі сопақша мидағы сілекей бөлдіруші орталыққа барып оны қоздырады. Осы орталықтан кейін қайтқан парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер, яғни сөл шығарушы жүйке талшықтары сілекей бездеріне оралады да, ауыздан сілекей бөлінеді. Сілекей шығарудың осы механизмі іске асу үшін, шартсыз рефлекс, айталық, тамақ ішу, тамқтың иісін сезу т.б. бірнеше рет қайталанып шартты рефлекске айналу керек.
Сілекей шығаруға орталық жүйке жүйесінің басқа да бөлімдері –ми қыртысы, гипоталамус, лимбиялық қыртыс қатысады. Сілекейдің бөліну бөлінбеуі көптеген жағдайда көңіл күйге (эмоцияға) байланысты болатыны осыдан.
Сілекей бездері қызыметінің рефлекстік жолымен реттелуі гоместазға тығыз байланысты. Адам денесінде су азайса (дегидратация) сілекейде аз шығады (гипосаливация). Бұл да, сілекей бездері қызметін реттеуге мидағы басқа орталықтардың қатысын көрсетеді.
Сілекей без клеткаларында түзіледі. Оның сұйық бөлімі қан плазмасынан алынады, ал құрамындағы әсіресе органикалық заттар без клеткаларының активті қызметінің нәтижесі.
Асқазандағы ас қорыту.
Қарын дегеніміз ішек қарын түтігінің кеңейген жері. Оның сиымдылығы 2 – 4 литрдей, сырт пішіні мүйізге ұқсайды . Қарын құрсақ қуысының жоғарғы жағында оналасқан. Қарынның шырышты қабығында қатпарлар, ойық және жазық жерлер бар. Онда қарын безері орналасқан (жәй түтікм бездер) . Қарынның алдыңғы және артқы беткейі, жоғарғы және төменгі шеттері болады. Қарынның пилорустан басқа бөлігі қарын денесі деп аталаы.Қарынның пилорус бөлігінде айнала қораған гландулоциттер болмайды, сондықтан сөл реакциясы қышқылды емес сілтілі не бейтарапты болады.
Асқазанның қызметі.
Адамда қарын бездері тәулігіне 2 – 2,5 литрдей сөл шығарады. Ол түссіз, реакция қышқыл (рН – 0,9 – 1,5). Меншікті салмағы судан аз-ақ ауыр (0,008) , құрамында 0,5 – 3,5 %құрғақ зат бар. Қарын сөлінде кездесетін липаза ферменті басқа сөлдердегі лимпазадай тек эмульсияланған майға қана әсер етеді. Қарын сөлінде шырышты әрі сілтілі зат – муцин бар. Ол қарынның шырышты қабығын жауып тұрады да тұз қышқылын бейтараптайды. Сөйтіп, қарын қабырғасын пепсиннің зиянды әсерінен қорғайды. Сонымен бірге, ол түрлі жарақаттанда сақтайды.Және қарынға түскен В12 витаминін қоршап алып, қарын сөлі ферменттерін қорғап, ыдырамастан денеге сіңуін қамтамасыз етеді. Барша тағамдардың ішінде май сүтте ғана эмульсия түрінде кездеседі. Қарын сөлінде көмірсуды гидролиздейтін фермент болмайды.
Асқазан сөлінің құрамы және қасиеттері.
Ересек адамда тәулігіне 2-2,5литр асқазан сөлі түзіледі. Асқазан сөлі түссіз, реакциясы қышқыл рН – 0,9-1,5 зат. Меншіктті салмағы 1,008 судан аз-ақ ауыр, құрамында 0,5-3,5% құрғақ зат болады. Осмос қысымы 7,5 атм, асқазан сөлінде Na, K, Ca хлоридтері, сульфаттары, фосфаттары бар. Сөлде ферменттер (пепсин, желатиназа, химозин), гастромукопротейн, кілегей, минералды заттар, су болады.
Кілегейлі зат асқазанның шырышты қабатын механикалық және химиялық сипаттағы зиянды заттардан, В және С тобы витаминдерінің бұзылуынан қорғайды, асқазан және ұйқы бездерін секрециясын қоздырады.
Асқазан сөліне лизоцим ферменті және тұз қышқылының болуынан бактериоциттік әсері болады.
Ферменттер асқазан сөлі құрамына кіретін органикалық заттардың басты бөлігін құрайды.
Ферменттер ішінде активсіз формадығы безді клеткалар өндіретін пепсин ферменті маңызды орын алады. Оған хлорсутекті қышқыл әсер еткенде активті формаға айналады.
рН 3,2-3,5-ке тең жерде әсер ететін пепсин – гастриксин деп аталады. Нәресте қарын сөліндегі сүтті ерітетін фермент – химозин. Казиеногенді ерімейтін казиенге айналдырады.
Асқазан сөлінде көмірсуды гидролиздейтін фермент болмайды. Бірақ, асқазандағы ас тұзы қышқылына әбден араласқанша ас кесегінің ішінде сілекейдің амилаза ферменті крахмал мен гликогенді дисахаридтерге дейін, ал мальтаза ферменті мальтазаны екі молекулалы гюкозаға ыдыратады.
Асқазан сөлінде шырышты сілтілі зат – муцин бар. Ол асқазанның шырышты қабығын жауып тұрады да тұз қышқылын бейтараптайды. Сөйтіп, асқазан қабырғасын пепсиннің зиянды әсерінен қорғайды.
Ұйқы безі сөлі, құрамы.
Ұйқы безінің сөлі түссіз, сілтілі (рН 7,8 – 8,4). Оның құрамында 1% -тей құрғақ зат болады. Ол негізінен блоктан тұрады (0,5 – 1,0%). Реакциясы құрамындағы натрий бикарбонатының мөлшеріне байланысты. Етті тағаммен қоректенген адамда сөл бикарбонаты 0,74%-ке жетуі мүмкін. Тәулігіне ұйқы безінен 1,5 – 2 литрдей сөл бөліп шығады, ондай сөлден 10 грамдай белок жинап алуға болады. Мұнда ферменттердің шамамен 72%- і белокты ыдырататын протезалар: трипсин, химотрипсин, карбоксипептидазалар, элестаза (панкреата пептизада) , рибонуклеза. Без сөлінде трипсиноген, химотрипсиноген күйінде бөлініп шыққан трипсин мен химотрипсин белокты ыдырата алмайды.Тағам құрамында көмірсулар басым болса, без сөлінде оларды ферменттер, ал белок көбірек болса, трипсин мен химотрипсин көбірек болады. Майлы тамақты ыдырату үшін без м рсөлінде липаза ферменті көп болуы шарт. Ұйқы без сөлінде ферменттердің мөлшері , құрамы, тағам рационына бейімделуі сол бездің қызметі жүйке жүйесі қызметімен тығыз байланысты екенін дәлелдей түсті.
Өт құрамы, қасиеті, маңызы.
Өт-бауыр клеткаларында (гландулоциттерде) түзіліп, он екі елі ішекке құйылып тұратын сұйық зат. Өт өт қабында ұзақ сақталса, соғұрлым қойыла түседі, өйткені өт суы өт қабы қабырғасындағы қан қан тамырларына сіңіп отырады. Сондықтан енді ғана бауырдан шыққан өт (өт өзегіндегі) өт қабында жиналып ұзақ сақталған өттен бес есе сұйық келеді. Бауыр өтіндегі құрғақ заттардың мөлшері 20%-ке жетеді. Өттің түсі оның құрамына кіретін пигменттерге байланысты. Өт құрамында мұнымен қатар , холестерин, лецитин, өт қышқылдары ( таурохол, адамда- гликохол ) олардың тұздары және муцин, май май қышқылдары, бейтарап майлар, Na, K, Ca, Mg тұздары болады. Өттің салмағы 1,008-1,015 ортасы сілтілі ( рН 7,3-8,0 ), Өт құрамында қаннан өткен көптеген ферменттер де бар, бірақ олар өте аз, ас қорыту процесіне қатыспайды деседе болады.
Ішектегі ас қорытылу түрлері.
Өздеріңе белгілі ішек аш және тоқ ішек болып екіге бөлінеді. Аш ішек адамның бойынан орта есеппен 4 – 5 есе ұзын. Ол үш бөлімнен: он екі елі ішектен, аш және мықын ішектерден тұрады. Адамда он екі елі ішектің ұзындығы 25см , ішектің жалпы ұзындығының 2/5-і аш ішек үлесіне тиеді, ал мықын ішектің 3/5 – не тең. Ішек ұзындығына қарай ас ішекте 10-15 сағаттай кіреді. Ішекке қан мен лимфа тамырлары, жүйке талшықтары шажырқайдың бойымен келеді.Ішек қабырғасының ортаңғы қабатын жайлаған біріңғай салалы ет талшықтары ішектің өң бойымен ұзыннан ұзақ жэәне сақина тәрізі ішек қуысын айналаи көмкерген. Ішек қимылы біріңғай салалы еет талшықтарының жиырылуна байланысты 5 түрге, атап айтқанда, маятник тәрізді, перистальтика, тонустық (ширақтық), кері перистальтика (антиперистальтика) қимылдарына бөлінеді. Ішек бездерінің сөл шығару қабілеті тамақ ішуге байланысты. Ішекте сөл шығару продцесі қандағы химиялық заттардың ықпалымен де күшейеді. Өт және ішек кілегейлі қабығында түзілетін гормон – энтерокинин, ас қорту сөлдері ішек қабырғасындағы бездері ішек қуысы жағынан тікелей тітіркедіреді.
Сору және физиологиялық маңызы.
Ауызға түскен асты сіңіру зат алмасуы мен ас қорыту процестерінің маңызды кезеңерінің бірі. Астың сіңуімен ас қорыту аяқталады. Ас сіңіру дегеніміз гидролиз өнімдерінің ішек - қарнынан қанға не лимфаға өтуі.Сырттан келіп түскен тағам ауыз қуысында көп кідірмейді (небары 20-30секунд), ауызда, сондай-ақ қорытылып сіңуге даяр тұрған заттар жоқ. Бірақ тіл астына салынған кейбір дәрілер ( валидол, нитроглицерин) ауыздың шырышты қабығы арқылы тікелей қанға сіңеді де жүрек қан тамырларына әсер етеді. Заттар қанға не лимфаға сіңу үшін бірнеше биологиялық мембранадан өтеді. Астың сіңу механизмінде заттарды белсенді тасмалдаудың орны бөлек. Белсенді түрде тасмалданатын заттар көбінесе қарама-қарсы ферменттердің қатысуымен арнайы тасмал жүйесі арқылы АТФ энергиясын талап етеді.
Аштықтың, тәбеттің, шөлдің физиологиялық маңызы.
Аштық – «табиғаттың дауысы», немесе, асқазан тамақ қажет етеді деген ұғымі. Бұл қағида тамақ ішетін уақыттың келгендігін білдіреді. Ертеректе тамақ ішетін кесікті бір кесте, уақыт жоқ – тын. Адамда тамаққа деген тәбет пайда болғанда ол өзінде ауыз бен өңешінің барын сезінеді. Ал, асқазандағы бұлшық еттердің жұмылуы аштық пен тәбеттің ашылғанынан хабар береді.
Тәбет дегеніміз – аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс.
Тәбет кей ретте асқазанның шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығымен қиналады. Бұл симптом мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай адамдарға бірнеше күн өзіне аштық жариялағанды ұсынады.
Тамаққа деген тәбет сыр білдірмей де келеді. Ол сыртқы фактролардан делдал іздемейді. Адам белгілі тамақты құмартқанда, тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде адам асханада өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін дейді. Және солай да жасайды. Бұл адамның организмі шын мәнінде ас қабылдауға дайын екендігінен жақсы хабар бергендігі.
VІ бөлім
ЗӘР ШЫҒАРУ
