- •Жалпы физиология.
- •Жеке физиология.
- •Қан құрамы
- •Қан плазмасы
- •Қанның негізгі қызметтері:
- •Қанның құрамы
- •Эритроциттер
- •Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері
- •Лейкоциттердің функциялық маңызы
- •Тромбоциттер
- •Плазманың құрамы
- •Гемоглобин
- •Эритроциттердің тұну жылдамдығы (этж)
- •Гемолиз
- •Иммунитет және оның түрлері
- •Гемостаз. Қанның ұюы
- •Плазмалық қан ұйытатын факторлар
- •Тамырдағы тромбоциттік гемостаз
- •Антикоагулянттар
- •Қан ұюының реттелуі
- •Қан жүйесінің қызметін реттеу
- •Жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиясы
- •Жүрек – қантамыр жүйесінің физиологиясы
- •Жүрек етінің қозғыштық қасиетінің кезеңдері.
- •Тыныс алу жүйесінің физиологиясы
- •Тыныс алу физиологиясы
- •Сыртқы тыныс
- •Өкпенің көлемі
- •Асқорыту жүйесінің физиологиясы
- •Асқорыту жүйесінің физиологиясы
- •Жүйесінің физиологиясы
- •Зәр шығару жүйесінің физиологиясы
- •Эндокриндік жүйе физиологиясы
- •Эндокриндік жүйенің физиологиясы
- •Қозғыш ұлпалар физиологиясы
- •Қозғыш ұлпалар физиологиясы
- •Нерв жүйесінің физиологиясы
- •Нерв жүйесінің физиологиясы
- •Сезім мүшелерінің физиологиясы
- •Сезім мүшелерінің физиологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Қанның құрамы
Қан сарғылттау келген сұйық зат — плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан клеткаларынан, яғни формалы элементтерден тұрады. Қан клеткалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ түйіршіктер (лейкоциттер), қан пластинкалары –тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52—58%-іне, қан клеткалары —42—48%-не тең (сурет 2.2.).
Қан клеткаларының жалпы гематокриттік көрсеткіші 42—48%, ал қанның әр литрінде 0,42—0,48 литр. Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады.
(Сурет 2.2 Қан құрамы)
Эритроциттер
Эритроцит — (грекше erytros — қызыл, cytus — клетка) қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. Ep адам қанының әр литрінде 4,0—5,0-1012 эритроцит болады, Әйел қанында бұл көрсеткіш аздау: 3,7—4,5-1012. Эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы (5,0-1012) эритроцитоз (сурет 2.3.), аз болуы (3,7—3,9-1012 одан да төмен) эритроцитопения деп аталады. Эритроцитоз бен эритроцитопения сау адамда да науқас адам да кездеседі, сондықтан ол физиологиялық және патологиялық болып екі топка бөлінеді.
Абсолюттік эритроцитоз — тканьде оттегі азайғанда (гипоксия) болады. Гипоксия салдарынан бүйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер бөлініп шығады.
Салыстырмалы эритроцитоз қанның сұйық бөлігі — плазманың азаюынан болады. Адам қара жұмыс істеп қатты терлегенде, не ыстық уақытта термен бірге құрамындағы суы сыртқа шығады да қан қойылады. Осыған орай эритроцит саны (қанның әр мкл-де) көбейеді.
а) б) в)
(Сурет 2.3. Эритроциттер
а) эритроцитоз; б) жасанды эритроциттер в) капиллярдағы эритроциттер )
Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері
Бір литр қанда 4,5-9-109 лейкоцит болады. Лейкоцит (leuco-cytus) қанның ақ клеткасы (leuco - ақ, cytus – клетка, сурет 2.4). Эритроциттен айырмашылығы - ядросы бар, эритроциттен үлкендеу(диаметрі12 мкм), амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтар шығарып (псевдоподий) қозғалады.
Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. Сондықтан лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық лейкоцитоз болып екіге бөлінеді. Лейкоцит санының көбеюі
қан клеткаларының тузілуіне, қан түзілетін ағзалар қызметінің күшеюне байланысты болса, мұндай лейкоцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді.
(Сурет 2.4. Лейкоциттер)
Лейкоциттердің функциялық маңызы
Лейкоциттер алуан түрлі қызмет атқарады. Лейкоциттің ең басты қызметі — оның фагоцитоздық қабілеті. Бұл И. M. Мечников зерттеулерінен белгілі.
Фагоцитоз — грекше phagien — жалмау, жұту, қармалал алу cytus - клетка. Басқаша айтқанда қармалап алатын клетка қорытады. Демек, фагоцитоз денеге келіп түскен бөгде заттарды, мәселен, микробтарды аяқтарымен кармалап алып ферменттермен қорытады. Ол - үш сатылы процесс. Бірінші — миграция (көшу) сатысы. Лейкоциттер амеба сияқты жалған аяқтарын созып, капилляр эпителийлері арасынан өтіп сыртқа шығады.
Фагоцитоздың екінші сатысы — бөгде затты танып, қармау, жұту фазасы.
Фагоцитоздың үшінші сатысы — жұту және қорыту. Лейкоциттің ішіне енген бөгде затқа лизосоманың түрлі ферменттері әсер етеді. Фагоцитоз — бейарнамалы иммунитеттің бір түрі.
Фагоцитоз барлық лейкоциттерге тән қасиет. Нейтрофилдер — лейкоциттердің ішіндегі ең көбі (50—70%). Ядроларының пішіні олардың пісіп жетілуіне байланысты. Жас және пісіп жетілген нейтрофилдердің арақатынасын регенерациялық индекс деп аталады. Қалыпты жағдайда ол 0,05-0,1 тең.
Моноциттер денедегі өлі клеткаларды жұтып, жаңа клеткаларға орын дайындайды. Сондықтан олар күзетші тазартқыш «сыпырғыш» деп те аталады.
Базофилдер гепарин бөліп шығарады, олар гепариноциттер деп аталады. Гепарин — қанды ұйытпай сұйық қалпында сақтайтын зат. Базофилдер капиллярлар кенересін селдірететін, сөйтіп басқа заттардың өтуін жеңілдететін зат — гистаминді бөліп шығарады.
Эозинофиль — гистаминді ыдырататын гистаминаза ферментін бөліп шығарады және құрамында гистамині көп өлі базофиль түйіршіктерін қармап алып қорытады.
Т-лимфоциттер сүйек кемігінде, жілік майында түзіледі де тимус безінде одан әрі дамиды. Олар киллер, хелпер, супрессор деп аталатын үш түрлі клеткаларға бөлінеді.
Киллер — өлтіруші клетка ісік клеткаларын, адам денесіне жат ағзалар мен тканьдерді (транспланттарды) дамытпайтын иммунитет клетка. Ол сондай-ақ медиатор — лимфокин бөліп шығарады.
Хелпер — көмекші клетка, B — лимфоцитпен әрекеттесіп, оны плазмалық антидене шығаратын клеткаға айналдырады. Антидене антигенмен әрекеттеседі.
Супрессор — қысым көрсетуші (реттеуші) клетка.
B — лимфоциттер жілік майында түзіліп, ішек пен бүйеннің (тоқ ішектің) лимфоидтық тканьдерінде, бадамша бездерінде одан әрі дамиды.
O — клетка T немесе B маркері (белгісі) жоқ лимфоциттер, басқа клеткаларды ерітіп ыдырататын ауытқыған клетка.
Лейкоциттердің барлық түрі опсонин (бөгде затты таныйтын) бөліп шығарады.
Қорыта келгенде, лимфоциттер мен моноциттер организмнің арнамалы иммунитетін қалыптастыратын болса, лейкоциттердің бәрі де фагоцит ретінде бөгде заттарды жұтады, жояды, залалсыздандырады. Базофилмен зозинофилдер қанды ұйытпай капиллярлардың өтімділігін күшейтіп, лейкоциттердің тез қимылдап капиллярлардан сыртқа шығуына көмектеседі, сөйтіп фагоциттертердің бөгде заттармен кездесуіне жағдай жасайды.
