Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

кимыл козгалыс ойыны

.docx
Скачиваний:
77
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
4.06 Mб
Скачать

Қимыл-қозғалыс ойындар

Аттар

Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топ – «ат», екіншісі- «атқосшы». Балалар божы (делбе) қолданады немесе бір-бірінің белінен (белбеуінен) ұстайды. Алаңның бір шетінде «атқора» (сызылып аттар сонда тұрады), алаңның келесі шетінде жайылым – «атқосшылар» орны тағайындалады. Педагог: «атқосшылар, тұрыңдар, аттарды жегіңдер!» деген белгі бойынша атқосшылар өздері атты таңдап алып, аттарды жегеді. Жегілген аттар бірінің артынан бірі тұрып, белгі бойынша жай, шапқылай жүре бастайды. Музыкаға сәйкес «Дігідік-дігідік», - деп, тізене жоғары көтере, таңдай қаға жүгіріп, педагог: «Др-р-р ....» дегенше тоқтамай жүгіреді. Педагог: «Келдік, аттарды доғрыңдар»

деуі бойынша аттарды босатып , жайылымға жібереді, атқосшылар өз орындарына барады. Аттар жайылымда шөп жеп жүреді. «Атқосшылар, тұрыңдар, аттарды жегіңдер!» деген белгі бойынша атқосшылар өздері атты ұстап алуға, ал аттар қашып ұстатпауға тырысады. Барлық аттарды ұстап алып, таңдап, аттарды жегеді. Жалғастырылады. Балалар рөлдерімен ауысып, қосарланып тұрып, ойынды жалғастырады.

Ойын 3-4 рет қайталанады, педагог: «Аттарды босатыңдар, демалсын» деген белгісі бойынша аттарды атқораға апарады.Егер атқосшылар атты ұстай алмаса, басқа атқосшылар көмекке келеді.

Нұсқау. Ойын кезінде жүру, жүгіру, шоқырақтап, шапқылап т.б қимыл түрлерін қолдану қажет. Ойынды түрлендіру мақсатында түрлі тапсырмалар: орманнан отын тасу , жарыс т.б. сюжеттер ұсыну керек.

Аттар

Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топ – «аттар», екіншісі – «атқосшы». Жерде сызық сызылып, сызықтың бір жағында «аттар», екінші жағында «атқосшылар» тұрады. «Аттар» қол ұстасып, сызыққа келіп: «Та-ра-ра, та-ра-ра, аттар ауладан кетіп қалды», - деп бытырап қашады, ал «атқосшылар» аттарды қуалап, ұстап алып, қоршалған аулаға апарады. Аттарды тек «аттар ауладан кетіп қалды» дегеннен кейін ғана аттарды қуалап ұстауға болады. «Аттар» болып ойнап жүрген балалар оларды «атқосшылар» ұстап алғанға дейін таңдайларын «дігідік-дігідік», - деп қағып жүреді. «Атқосшылар» барлық «аттарды» ұстап алған соң орындарымен ауысады.

Маған қарай жүгіріңдер

Балалар залда (бөлме) қабырға бойы қойылған орындықтарда отырады, педагог бөлменің қарама- қарсы қабырғасына немесе бұрышына тұрып: «Маған қарай жүгіріңдер, барлығың жүгіріңдер!» - дейді. Педагог құшағын кең жайып, балаларды жайдары көңілмен қарсы алады. Барлық балалар жиналған соң, педагог балаларға серуендеуді ұсынады. Балалар алаң бойы еркін жүреді. Педагогтің «Үйге қарай жүгіріңдер» деген белгісі бойынша орындарына қарай жүгіріп, орындықтарға отырады.

Ұсыныс: ойынды шағын топпен өткізуге болады; бастапқы кезеңде балалар кез келген орындыққа отырса, біртіндеп өз орнын таба білуге үйрету. Ойынды қайталаған кезде орындықтарды бөлменің кез келген жеріне қойып орналастыру. Белгі беру үшін: музыка , қоңырау, бубен, барабан, сылдырмақтар қолдануға болады.

Педагог балалар бір-біріне кедергі жасамай, соқтығыспай жүгірулерін қадағалауы керек.

Тышқандар

Балалар аяқтың ұшымен, жай жүріспен алмастыра жүреді.

Ереже: бойды түзу ұстау, аяқты жайлап, шусыз, аяқтың ұшына қою.

Тиіп кетпе

Екі бастаушы алаңның қарама- қарсы жағында (ені 3-4 м, ұзындығы 8-10 м) ұзын арқан жіппен тұрады. Қалған ойыншылар алаңда болады. Ойын бастаушылар жіпті еденнен 15-20 см биіктікте ұстап жүреді. Ойыншылар жүгіріп, жіп арқылы секіріп жүреді. Ереже: секірген кезде жіпке тиіп кетпеу керек. Тиіп кеткен бала сәл уақыт ойыннан шығады.

Тыныштық

Балалар бір-бірден сап-тізбекте алаңды айнала келе жатып:

«Бөгеуде тыныштық,

Су да тербелмейді.

Қамыста шуламайды,

Ұйықтаңдар, сәбилер, ұйықтаңдар». Соңғы «ұйықтаңдар, сәбилер» деген кезде балалар жүрелерінен отырып, бастарын еңкейтіп, көздерін жұмады.

Ереже: жүрелерінен отырған сәтте қимылдамай, тыныштық сақтау. Бұл талапты бұзған бала сап- тізбектің соңына барып тұрады.

Тегіс шеңбер

Балалар қол ұстасып, бірқалыпты ырғақпен шеңбер бойы жүріп келе жатып:

«Тегіс шеңбер бойымен,

Бір-біріміздің соңымыздан,

Біз адымдап келеміз.

Орындарыңда тоқтаңдар!

Бәріміз бірге

Былай жасаймыз!».

Соңғы сөз аяқталғанда орындарында тұрып, педагог көрсеткен қимылдарды қайталайды, мысалы: бұрылу,еңкею жүрелерінен отыру.

Ереже: арақашықтықты сақтап, ырғақты шеңбер ішіне кірмей, шеңбер бойы жүру.

Күрделендіру: шеңбер ішінде бір бала тұрады. Балалар қол ұстасып, бір қалыпты ырғақпен шеңбер бойы жүріп келе жатып:

Бір-біріміздің соңымыздан,

Шеңбер бойы жүреміз,

Әй , балалар, ұйықтамаңдар! (Бір баланың атын атайды).

Айша не көрсетсе,

Бәріміз бірге соны жасайық!

Қонаққа барамыз

Балалар қабырға бойы қойылған орындықтарда отырады. Педагог балаларға: «Біз қазір қуыршаққа қонаққа барамыз» дейді. Балалар жайлап орындарынан тұрып, педагогпен бірге қуыршақтар бұрышына барады. Олар қуыршақпен сәлемдесіп, әңгімелесіп, педагог: «Кеш болып қалды, үйге қайтайық» деген кезде балалар бұрылып, үйге қайтады. Әр бала өз орындығына отырады.

Ескерту: ойын басталмас бұрын бірнеше қуыршақты бөлменің келесі басқа бұрышына ауыстырып қою қажет. Ойын қайталанған кезде балалар педагогтің рұқсатымен қуыршақтарды алып ойнап, серуен жасап, қуыршақтарды орындарына отырғызып, балалар өз орындарына келіп жайғасады.

Саяжайға барамыз

Балалар екі топқа бөлінеді, мысалы тағайындалған жерде стансыда пойыз тосады, келесі топ пойызды (бір-бірінің артынан, жіптен ұстап жүру) бейнелейді. Белгі бойынша пойыз стансыға жақындап тоқтайды. Балалар пойызға отырып, барлығы бірге сапарға шығады. Егер топ әртүрлі жас шамасындағы балалар болса ересек топ балалары 2 ұзын таяқша (сырық) ұстап, бірге жылжиды.

Ереже: белгі бойынша іс-әрекетті барлығы бірге жасайды.

Қақпадан өт

Таяқшалар, орындыққа қойылған жалаушалардан қақпа құрастырылады.

Балалар төрт топқа бөлінеді. Әр топ оң қолдарына жалауша ұстап, қақпа алдында тұрады. Алаңның ортасында педагог қолына бубен немесе барабан ұстап тұрады. Балалар қолдарына жалауша ұстап, жалаушамен бұлғап, барабан ырғағына сәйкес жүріп:

«Ерте таңда жаттығуға

Барабанмен шығамыз.

Тоқ-тоқ, тоқ-тоқ,

Барабанмен шығамыз», -

Дейді.

Соңғы сөзден немесе барабанның соғысынан кейін балалар шағын шеңбер жасап, бастапқы қалыпқа келіп, қақпаға жақын тұрады.

Ереже: орында тұрып, тізені жоғары көтере жүру.

Жоғары және төмен

Төбешікке еркін қалыпта шығып, төмен түсу. Адым шамасын орында (алшақ ) пайдалану.

Ереже: бір-бірін итермелемей, соқтығыспай, бос орындармен жүру.

Қияр

Ауланың бір шетінде жүргізуші «аулаушы» болып, келесі шетінде балалар тұрады. Балалар : «Қияр, қияр, ана шетке барма, онда тышқан тұрады, сенің құйрығыңды кеміріп тастайды», - деп қосаяқпен секіріп, аулаушыға жақындайды. «Құйрығыңды кеміріп тастайды» дегенде аулаушы балаларды ұстауға тырысады, ал балалар өз орындарына қарай