Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе................docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
35.93 Кб
Скачать

I. Кіріспе

Еліміздегі бірыңғай сот сараптамасы жүйесін құру қылмыстық қудалау органдарынан сот сараптамасы өндірісін жүргізу міндеттерін алуды көздейтін ел Президентінің 1997 жылғы «Құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау туралы» Жарлығынан бастау алып, алғашқы рет Әділет министрлігінде бірыңғай сот сараптамасы жүйесі құрылды. «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі сот сараптамасы зерттеулерінің 18 бағыты бойынша 40 түрінен зерттеу жүргізетін 17 аумақтық, 30 қалалық және аудандық бөлімшелерден тұрады. Орталықтың жұмысы нормативтік құқықтық құжаттармен, нақтырақ айтқанда, «Сот-сараптама қызметі туралы» заңмен, Қылмыстық, Азаматтық іс-жүргізушілік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстермен реттеледі. Бүгінгі таңда құқық қорғау органдары мен соттардың тарапынан сот сараптамасына деген қажеттілік артты. Оған сараптама өндірісінің жыл сайын 6-7 пайыз өсу динамикасы дәлел бола алады. Мәселен, 2007 жылы 63 мың 807 сараптама, 2008 жылы 66 мың 133 сараптама, 2009 жылы 71 мың 766 сараптама, 2010 жылы 73 780 сараптама орындалды. Яғни, орталықтың 14 жыл ішіндегі қызметінде сараптама мөлшері 5 есеге ұлғайып, ал, бұл тиісінше сот сарапшыларының өндірістік жүк­темелерін ұлғайтты. Сараптама жүр­гізуден бөлек, орталықтың мамандары зерттеу әдістемелерін әзірлеп, ғылыми-іздену жұмыстарымен айна­лысады. Орталықтың қазіргі 609 қызметкері, республиканың бар­лық құқық қорғау органдары мен сот­тарын сот сараптамасымен қам­тамасыз етіп келеді. Орталықтың 14 жылдық қызметі кезеңінде 950 мыңдай сараптама орындалған. Тағайындалған сараптамалардың кейбір түрлері бойынша өсу динамикасын байқауға болады, мәселен, экономикалық, құрылыстық, психо­логиялық-филологиялық, компьютерлік технологияларды зерттеу, бейне-фонографиялық, жазутану сараптамалары бойынша.

– Жоғарыда сот сарапшы­ларының жүктемесі ұлғайып, сарапшы мамандарға тапшы­лық сезіліп отырғанын айтып кеттіңіз. Елбасы мемлекеттік органдарға кадр мәселесін нығайтуды, тиянақтауды басты назарға алуды міндеттеді. Әсіресе, сот сарапшылары­н кәсіби даярлау жүйесін же­тіл­­діру жөнінде шаралар қа­былдауды тапсырды. Ендеше, кадр саясатында орта­лықты білікті мамандармен қамтамасыз етіп, оларды қайта даярлау, шетелдік әріптес­теріңізбен тәжірибе алмасу мәселесінде әлі де толық шешілмеген проблемалар бар сияқты ғой. 

– Орталықты мамандандыру жағдайында туындап отырған бірқатар мәселелер бар. Мәселен, бүгінде сот сарапшыларының қосымша 148 штаттық бірлігіне маман қажет. Мамандардың жетіспеуі сараптама мерзімдерінің ұзаруына әсер ететіні даусыз. Мұндай жағдайда құқық қорғау органдары мен соттардың өндірісіндегі қылмысты тергеу мен қылмыстық істерді қарау уақыты да созылады. Қазіргі уақытта орталық­тың штаттық бірлігін ұлғайту мә­селесі үкіметтік деңгейде көтерілуде. Аталған ұсынысты барлық құқық қорғау органдары, Жоғарғы Сот пен Бас прокуратура да қолдап отыр. Сондықтан, сарапшылардың штаттық бірлігін ұлғайту мәсе­лесі Үкімет тарапынан қол­дау табады деп ойлаймыз. Республикада сот сарапшыларын дайындауды және қайта даярлауды, сот сараптамасы саласындағы әдістемелік оқу құралдары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеуді жүзеге асыратын мекемелердің жоқтығы орталықтың кадр мәселесінде бірқатар қиын­дық­тар туғызып отырғаны жасырын емес. «Сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жыл­ғы 20 қаңтардағы заңға сәйкес, Әділет министрлігінің сот сараптамасы органына жұмысқа қабылдаудың, кәсіби дайындаудың және біліктілік емтиханын тапсырудың тәртібі бекітілді. Үміткер құқық негізі, криминалистика, сот-сараптама ілімі кіретін белгіленген бағдарлама бойынша 1 жылға дейінгі мерзімде кәсіби дайындықтан өтіп, Әділет министрлігінде біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін қызметке алынады.

1.Сот сараптама органының құқықтары мен міндеттері

Қазақстан Республикасында сот сараптамасын сот сарапта­ма органдары немесе сот сараптама органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар жүргізе алады (занда келтірілген - сот сараптамасы органдарынан тыс деген тұжырымға сәйкес).

Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот сараптама кызметін жүзеге асыру функциялары жүктелген мемлекеттік мекемелер сот сараптама органдары болып табылады.

Қазақстан Республикасының сот сараптама органдарының толық тізбесі аталған заңның 4-бабында көрсетілген. Оларға:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот са­раптамасы орталығы және оның аймақтык бөлімшелері;

  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сот медицинасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қылмыстық қудалау функциясы жүктелген мемлекеттік органдар бөлімшелерінен басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функцияларына сот сараптамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелері жатады.

Сот сараптамасы органдарындағы сот сараптамаларын жүргізудің іс жүргізу мәселелері КІЖК-нің 245-бабында сараптамамен, ұйымдастырушылық - ведомствалық заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен (ережелермен, нүсқаулықтармен) реттеледі. Әділет министрлігінің сот сараптама органдарына қатысты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 24 казандағы № 158 бұйрығымен бекітілген Казак­стан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы ор- талығында сот сараптамалары мен мамандандырылған зертгеулер жүргізу жөніндегі нұскаулық колданылады.

Процесті жүргізуші орган сот сараптамасы органына сарап­тама жүргізуді тапсырған кезде оның басшысына сараптама та­ғайындау туралы каулыны және кажетті материалдарды жолдайды. Сот сараптамасы органының басшысы дегеніміз сот сараптамасы орталығының директоры, сот медицинасы орталығының директоры, олардың орынбасарлары мен орталықтардың аймақтық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функциясына сот сарап­тамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелерінің басшылары болып табылады.

Сот сараптамасы органының басшысы сараптаманы таға­йындау туралы каулы мен ұсынылған материалдарды, егер олар тиісінше рәсімделмеген және бұл сараптама жүргізуге мүмкіндік бермесе, сондай-ақ егер сараптама жүргізу осы сот сараптама­сы органымен көзделмеген немесе ол тиісті мамандар мен құрал-жабдықтары болмаса, себептерін көрсете отырып орындаусыз қайтаруға құқылы.

Сот сараптамасы орталығының бірінші басшысы нақты қыл­мыстық іс материалдарына, тағайындалатын сараптаманы жүргізудің қиындық дәрежесіне, сондай-ақ өзге де факторларға байланысты кез-келген аймақтық бөлімшелердің бірінде са­раптама жүргізуді ұйымдастыруға құқылы. Жоғары білікті сарапшылар комиссиясының қатысуын қажет ететін қайталама сараптамалар, негізінде, орталык немесе гылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханалары базасында ұйымдастырылады, соны­мен бірге оларды жүргізу үшін орталықтың әр аймақтық бөлімшелерінен сарапшылар тартылуы мүмкін.

Сараптама тағайындау туралы қаулыны қабылдау кезінде сот сараптамасы органының басшысы:

  • сараптаманы жүргізуді сарапшыға немесе сарапшылар комиссиясына тапсырады;

  • сараптама жүргізудің мерзімін белгілейді, олардың сақталуына бакылау жасайды;

  • сарапшы тәуелсіздігінің принциптерін бұзбай, сарапшы­лық зерттеудің толықтығы мен сапасына, сараптама объектілерінің сақталуына бақылау жасайды;

  • сарапшыларға қажетті әдістемелік көмек көрсетеді және оларды кұрал-жабдықтармен, аспаптармен, материалдармен қамтамасыз етеді.

Сараптаманы жүргізу каулыда көрсетілген сот сараптамасы органының кызметкеріне тапсырылады. Егер қаулыда нақты бір сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны сот сараптамасы органының басшысы таңдайды және бұл туралы сараптама тағайындаған адамға хабарлайды. КІЖК-нің 249-бабы 2-бөлігінде және 250-бабы 1-бөлігінде көзделген жағдайларда сот сараптамасы органының басшысы екі не одан да көп сарапшылардан комиссия кұрайды. Олардың біріне комиссия қызметін үйлестіру жүктеледі.

Сараптама жүргізудің мерзімі алдағы зерттеулердің қиындық дәрежесіне қарай ведомстволық нормативтік актілер талаптарын ескере отырып белгіленеді. Мысалы, техникалық күрделі әдістерді пайдалануды көздейтін комиссиялык көп объектілі зерттеулерді жүргізу 30 күн ішінде жүзеге асырылады, қысқартылған мерзім (3-7 күн) техникалық күрделі зерттеулерді қажет етпейтін аз мөлшердегі объектілер үшін белгіленеді.

Зерттеулер жүргізу үшін 30 күннен артық мерзім кажет бол­ған жағдайларда, онда сарапшының алдын ала іс материалдарымен үш күн ішінде танысқан және оның сараптама жүргізуге қажетті уақытты бергеннен кейін, аймактық бөлімше басшысы нақты мерзімін белгілейді. Сараптама жүргізудің мерзімін ұзарту туралы шешім сараптама тағайындаған органмен келісу және оның келісуі жазбаша түрде расталуы керек.

Егер сарапшы қосымша материалдар алу қажеттілігі туралы тұжырымға келсе, ол сот сараптамасы органының басшысымен келісе отырып, үш не бес күн (көп объектілі сараптамалар үшін) мерзім ішінде сараптама тағайындаған органнан сұралады. Ерекше жағдайларда, мерзім 5 күннен асуы мүмкін. Атал­ған жағдайда өтінішті жасау күнінен бастап қосымша материалдар немесе өтінішті канағаттандырудан бас тарту туралы хабар- лама алған күнге дейін сараптама жүргізу тоқтатыла тұрады.

Өтінішті канағаттандырудан бас тартқан жағдайда сарапта­ма тагайындаган органмен келісе отырып, каулының сүрақта- ры бастапқыда ұсынылған іс материалдары жол беретін ауқымда шешіледі немесе сараптаманы тағайындау туралы каулы орындаусыз кайтарылады.

Сарапшының қорытындысы екі данада жасалынады. Бірінші данасы сараптама тағайындаған органға жіберіледі, екіншісі - сот сараптамасы органының мұрағатында сақталады.

Сарапшы боп тағайындалған сот сараптамасы органының кызметкері өз атынан қорытынды шығарады және ол үшін жеке жауап береді. Сондықтан да сарапшыға зерттеудің нәтижесін және қорытындының мазмұнын алдын ала белгілейтін нұскаулар беруге сот сараптамасы органы басшысының құқығы жок. (КІЖҚ-нің 245-бабы З-б.) Алайда, сарапшының қорытындысы немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламасы сараптама тағайындаған органға тек сот сараптамасы орга­нының басшысы арқылы жолданады.Сарапшының қорытындысына сот сараптамасы органының басшысы қол қойып сараптама тағайындаған органға жолданған ілеспехат қоса тіркеледі, онда сараптаманы шығару күні, оны жүргізудің кұны, корытынды мәтіні мен бейнелі материалдардың бет саны туралы мәліметтер болады. Сараптама тағайындау қажет деп таныған тергеуші бұл туралы қаулы шығарады, онда сараптама тағайындаудың негіздері; сараптамаға жіберілген обьектілер, олардың қай жерде және қашан, қандай жағдайда табылғаны және алынғаны; сарапшының қарауына ұсынылған өзге материалдар; істе қамтылған, сарапшының қорытындысы негізделуі мүмкін мәліметтер; сарапшының алдында қойылған мәселелер; сот сараптамасы органының атауы немесе сараптама тапсырылған адамның тегі көрсетілуі тиіс. Тергеушінің сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жіберілген және өз құзіретіне жататын органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

Қылмыстық істі қозғау туралы шешімді сараптама жүргізбейінше қабылдау мүмкін болмайтын жағдайда ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкін. Істе тексеріс, тексеру актілерінің ведомствалық инспекция қорытындыларының, сондай-ақ мамандар іс жүргізу әрекеттері барысында жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша жасалған ресми құжаттардың болуы дәл сол мәселелер сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Сараптама іс жүргізіге қатысатын, негіздерінің немесе берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдардың бастамашылығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өзінің немес берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын іс жүргізіге қатысты тергешіге өз пікірінше сарапшынының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу обьектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақыруға болатын адамды (адамдарды) атайды. Бұл ретте шешуге ұсынылған мәселелер қылмыстық іске жатпайтын немесе сарапшының құзіретіне кірмейтін жағдайлардан басқасында тергеушінің сараптама тағайындаудан бас тартуға құқығы жоқ. Бастамашылығы бойынша сараптама тағайындалып отырған іс жүргізіге қатысушы сараптамалық зерттеу обьектісі ретінде заттарды, құжаттарды ұсына алады. Тергуші дәлелді қаулысы арқылы оларды мұндай обьектілердің қатарына жатқызбауға құқылы. Ұсынылған мәселелерді қарағаннан кейін тергеуші олардың қылмыстық іске немесе сарапшының құзіретіне жатпайтындарын қабылдамайды, сарапшыдан бас тарту үшін негіздердің бар – жоғын анықтайды, мұнан соң осы баптың 1 бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шағарады. Сараптама жүргізуге байланысты шығындарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының ережелері бойынша жүргізіледі. Сараптама тағайындаған тергеуші сезіктіні айыпталушыны, жәбірленушіні, егер аталған адамдардың сараптама жүргізу кезінде қатысу міндетті деп танылса, оларды сарапшыға жеткізуді қамтамасыз етеді. Сараптама сот сараптамасы органына тапсырылған кезде тергеуші сараптама тағайындау туралы қаулыны және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді.Сараптаманы сот сараптамасы органының қаулыда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер қаулыда нақты бір сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны сот сараптамасы органының басшысы таңдайды, бұл туралы сараптама тағайындаған адамға хабарлайды.Сот сараптамасы органының басшысы сараптама жүргізуді ұйымдастырады, оны жүргізу мерзімдерін белгілейді, сараптамалық зерттеудің сапалы жүргізілуіне және сараптама обьектілерінің сақталуын қаматамасыз етуге бақылау жасайды.Зерттеудің нәтижесін және қорытындының мазмұнын алдын-ала белгілейтін нұсқаулар беруге сот сараптамасы органы басшысының құқығы жоқ. Егер іс-әрекет үлгілер алынуға тиісті жынысы басқа адамды шешіндірумен байланысты болмаса және ерекше кәсіптік дағдыны талап етпесе, тергеуші жеке өзі, ал қажет болғанда дәрігердің, өзге маманның қатысуымен сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алуға құқылы. Өзге жағдайларда саратамалы зерттеу үшін үлгілерді тергеушінің тапсырмасы бойынша дәрігер немесе маман алуы мүмкін. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылған жағдайды оны сарапшы алуы мүмкін. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер сезіктіден, айыпталушыдан, жәбірленушіден, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізіліп отырған адамнан алынуы мүмкін.