Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кіріспе.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
44.9 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ИНСТИТУТЫ

«ҚҰҚЫҚТАНУ» КАФЕДРАСЫ

Реферат

Пәні: Сот сараптамасы

Тақырыбы: Сарапшы қорытындысын рәсімдеу тәртібі

Орындаған : Киікбаев О.

Тексерген : аға оқытушы Ізтұрғанова Г.

Ақтау 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………..............3

Сарапшы қорытындысын рәсімдеу тәртібі...........................................................4

Сарапшы қорытындыларының күдікті болуы…………………………………..6

Кіріспе

Сарапшының қорытындысы – іс жүргізу құжаты, онда жүргізілген зерттеудің нәтижелері баяндалады, койылған сұрақтардың біреуіне болса да жауап өз мәнісі бойынша беріледі не­месе тұжырымнын біреуі болса да сарапшының бастамасы бо­йынша жасалады. Сарапшы (сарапшылар) өз атынан жазбаша корытынды жасап, оны өз қолын қоюуы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындаған органға жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрімен расталады. Заң (ҚІЖК-нің 251-бабы) кұрылымын анықтамай-ақ, сарап­шы қорытындысы мазмүнының негізгі элементтерін белгілейді. Алайда, сарапшылық практикада мұндай кұрылым жасалған және ведомстволық нормативтік кұкыктық актілерде көрініс тапқан. Соңғыларға сәйкес, сарапшының қорытындысы үш белімнен түрады, олар: кіріспе, зерттеу және тұжырым. Сарапшы қорытындысының кіріспе болімінде мыналар көрсетілуі тиіс: сараптама атауы, оның нөмірі, материалдар келіп түскен және корытынды жасалған күні; сараптама тағайындаған адам; сараптама жургізудің негізі (қаулыны кім, қашан және кай іс бойынша шығарды); зертеу объектілерінің тізбесі; жеткізу тәсілі, зерттеуге түскен объектілер орамасының түрі; сарапта­ма жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесіні аты, іс жүргізу жағдайы); сарапшының алдына қойылған мәселелер; сарапшының бастамасы бойынша койылған мәселелер; сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер – тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандык бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, лауазымы; көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстык жауаптылығы ту­ралы өзіне ескертілгені туралы сарапшының кол коюымен куәландырылған белгі. Осында оған косымша материалдар ұсыну туралы сарапшы­нын берген өтініші туралы, қорытынды беру үшін елеулі мәні бар іс мән-жайлары туралы, жүргізілетін сараптама түрі туралы ақпараттар болуға тиіс. Зерттеу бөлімінде сараптама объектілерінің жай-күйі; қабылданған зерттеу сұлбасы; пайдаланылған зерттеу әдістері мен оларды қолданудың техникалық шарттары туралы; сарапшы жүргізген эксперимент нәтижелері туралы; сарапшының қатыс­қан тергеу әрекеттері және егер зерттеу үшін маңызы болса, олардың нәтижелері туралы; зерттеу барысында пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер мен анықтамалык әдебиеттер туралы; жүргізілген зерттеудің нәтижелерін сарапшылык бағалау туралы мәліметтер көрсетіледі. Зерттеу әдістемесі оны сарапшының толық колдануы тура­лы айтуға және кажет болғанда, зерттеуді қайта жаңғырту аркылы тұжырымдардың дұрыстығын тексеруге болатындай сипатталады.Әрбір сұракка зерттеу бөлімінің белгілі бір тарауы сәйкес келуі керек. Сараптама актісінің зерттеу бөлімінде бейнелеу материалдары – косымшада болатын фототүсірілімдер, сұлбалар, сызбалар, регистрограммалар, контактограммалар қоса беріледі.

Сарапшы қортындысын рәсімдеу тәртібі

Жүргізілген зерттеудің нәтижелері бойынша сарапшы қоры­тындысын тұжырымдау онын ішкі сеніміне негізделеді, оның мәні сарапшының жасаған тұжырымдарының дұрыстығы мен жалғыз мүмкіндігіне сенімділігі болып табылады. Ол нақты сарапшылық міндетті шешудегі оның барлық қызметінің нәтижесінде пайда болатын танымдылық көрсетуші субъекті ретіндегі сарапшының эмоционалды-интеллектуалды жай-күйі.

Сарапшының ішкі сенімі көп компонентті кұбылыс болып табылады және оған гносеологиялық, логикалық және психологиялық аспектілер кіреді.

Ішкі сенімнің гносеологиялық сипаты ол сарапшының түйсігіндегі зерттеу тақырыбының көрінісі болып табылады және ол зерттеудің бүкіл процесінде қалыптасып отырады.

Сарапшының ішкі сенімінің объективті негіздері өзінің жиынтығында бір жүйені кұрайды, оның элементтері:

  1. сарапшының кәсіби білімі, оған оның дүниетаным принциптері, арнаулы ғылыми білімі, сол саладағы ұжымдық сарапшылық практиканы білуі, зерттеу әдістерін қолдану дағдылары, нәтижелер дұрыстығын тексерудің критерийлері мен тәсілдерін білуі, жеке сарапшылық тәжірибесі кіреді;

  2. сарапшының кәсіптік сапасы: байқампаздығы, естілігі, жеке ой-түйіні;

  3. сараптама тақырыбына жататын мән-жайлар;

  4. барлық сарапшылық зерттеу процесі, оның шарттары, аралық және түпкілікті нәтижелері, толықтығы, логикалық және ғылыми негізділігі, сенімділігі тұрғысынан олардың бағалануы.

Психология тұрғысынан қараганда, сарапшының ішкі сенімі ол оның зерттеу нәтижелері бойынша тұжырымдарының объективті шындық немесе ғылымның қазіргі жағдайы мәселені шеше алмайды деп қалыптасқан ондағы сенімділіктің психологиялық күй-жайы болып табылады.

Сарапшының ішкі сенімі — субъективтік санат. Алайда, оның субъективтік сипатына қарап, ол айрықша жеке сипатта бола­ды, онда ұжымдық ішкі сенім болмайды деп санамау керек.

Сот сараптамасының құқықтық институты тарихы тұрғыдан бір субъект — сарапшының сараптама жүргізуіне есептеліп қалыптасты. Осыдан сарапшының жеке өзіндік зертеулері, өз атынан қорытынды және қорытынды үшін жеке басының жауапкершілігі негізінде заңға енгізілген сараптама жүргізудің принциптері шығады. Бұл принциптер бір міндетті шешу үшін әр түрлі мамандыктарды немесе зерттеу әдістерін игерген бірнеше адамдардың қатысуы қажеттілігі мен мақсатқа лайықтылығы ситуацияларында колайлы. Осы ситуациядан түбегейлі шығу сарапшылардын ұжымдық ішкі сенімі деп аталатын танудың негізі бар іс жүргізу принципін дәйекті түрде енгізу болып табылады.

Осы сатыда оны іске асыру сарапшылық комиссияның бас­қа мүшелеріне де қатысты білімдерге, мәліметтерге және зерт­теу нәтижелеріне негізделген ұжымдық ішкі сенімді қалыптастыруды қажет ететін комиссиялық және кешенді сараптамаларды жүргізу кезінде орны болады.

Ұжымдық ішкі сенім принципінің дамуы сот сараптамасы органының сараптамаларды жүргізуді ұйымдастырудың - қорытындыны заңды тұлға атынан беру мүмкіндігі туралы жаңа нысандарды белгілейтін мәселелерді шешумен байланысты. Сот сараптамасының қазіргі қылмыстық іс жүргізу институтын ұжымның «жұта алмайтын» жеке адамы, жеке тұлғасы ретіндегі сарапшысыз түсіну мүмкін еместігі туралы пайымдаулар тараса да, қазіргі сот сараптаманың дамуы, ең алдымен оның өндіріс технологиясының жетілуі проблеманың барған сайын өзектілігіне әкеліп тірейді.

Казіргі уақытта сот сараптамасы органдарындағы сарапта­маларды жүргізуді ұйымдастыру сол кез келген кәсіпорын не­месе мекеменің өндірістік қызметі бастамасынан құрылады. Бұл жерде, өндірістік процестердің ұжымдылығы, оларды жеке операцияларға ұсақтау мүмкіндігі және осы операцияларды осыларды орындауға, мекеме ішінде функцияларды дифференциациялауға мамандандырылған адамдарға тапсыру жайлы сөз бо­лып отыр (өндірістік және басқару, негізгі және қосалқы функ­цияларды шығару). Бақылауға байланысты кәсіпорын немесе мекеме ұжымдық өндіруші ретінде көрінеді, өнімді өз атынан шығарады, тұтынушымен бүтіндей жеке өзара карым-катынасты реттейді.

Ұжымның сараптама жүргізуге катысуы сарапшыға ұжым тарапынан консультация беруден, ең тиімді зерттеу әдістерін анықтаудан, алынған нәтижелерді бағалаудан, қорытындыны тұжырымдаудан корінеді.

Сонымен, сот сараптамасы органдарындағы сарапшылық өндірісті ұйымдастырудың қалыптаскан нысаны жеке сарапта­ма мен өндірістік бастамамен үйымдастырылған сараптама арасындағы аралық жағдайдағы орынды алады. Бұл жерде, өндірістік бастамаларды сот сараптамасы органдарының кызметіне ендіру процесі сарапшылық технологиялар элементтерін ендіру шамасына карай дамиды. Істі заңды, негізді және әділ шешу үшін маңызы бар мән-жайлар дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану процестерінен тұратын дәлелдеулер арқылы анықталады. Дәлелдемелердің қатарына зан сарапшының қорытындысын да жатқызады (КІЖК-нін 120-бабы). «Сарапшы қорытындысы» деген терминнің екі жақты мағынасы бар: біріншіден, ол сот дәлелдемесінің түрі, екіншіден, ол осы дәлелдеме баяндалған іс жүргізу актісі. Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес сарапшы корытындысы-ол осы заңда көзделген жазбаша нысанда ұсынылған, қыл­мыстық процесті жүргізуші орган немесе тараптар сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша көрсетілген объектілерді зерттеуде арнаулы ғылыми білімін пайдалана отырып жүргізілген нәтижелерге негізделген қорытындылар. Қорытындыда сарапшы зерттеу кезінде колданған әдістер, қойылған мәселелерге жауаптардың негіздемесі, сондай-ақ іс үшін маңызы бар және сарапшының өз бастамасы бойынша анықталған мән-жайлар көрсетіледі. Сарапшының ауызша түсініктемесі ол бүрын берген қорытындыны түсіндіруі бөлігінде ғана дәлел болып та­былады. Сарапшынын корытындысы кылмыстык процесті жүргізуші орган үшін міндетті болып табылмайды, алайда онын корытындымен келіспеушілігі дәлелді болуы тиіс. Заң іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сарапшы қорытындысының мына ерекшеліктеріне аса назар аударады: қорытындының КІЖК-нің 251-бабында белгіленген міндетті жазбаша нысаны болады. Сарапшыдан жауап алу барысындағы оның ауызша жауаптары қорытындыны түсіндіреді, бірақ оны ауыстыра алмайды; дәлелдеме ретіндегі сарапшының корытындысына оның тұжырымдарымен бірге, сараптама жүргізудің негіздерін, тапсырмаларды, зерттеу барысы мен сарапшы тұжырымдарының негіздеуі сипатгамалары да кіреді. Сонымен, сарапшы қорытын­дысы тек қойылған сұрактардың жауаптарын тұжырымдаумен ғана бітпейді. Зерттеулерді сипаттаудың болмауы қорытынды­ны дәледемелік мәнінен айырады; қорытынды берілгеннен кейін сарапшыдан жауап алу жүргізу жағдайында, тіптен арнаулы ғылыми білімдерге негізделсе, одан алынған өзге мәліметтер емес, алдында берілген қорытындыны түсіндірулер дәлелдеме болып табылады. Сарап­шыдан жауап алу барысында оған койылған сұрақтарға сарап­шының жауаптары қорытындының құрамдас бөлігі болып та­былады; сарапшының қорытындысы қылмыстық процесті жүргізуші орган үшін міндетті болып табылмайды, сондықтан қорытындыға емес көзқарастан көрінетін мүмкін болатын қателерді болдырмауға назар аударылады. Алайда, КІЖК-нін 25-бабы 2-бөлігіне сәйкес ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды дегенге қарамастан, қылмыстық процесті жүргізуші орган тиісті дәлелсіз сарапшының қорытындысын қайтара алмайды. Қолданыстағы дәлелдемелердің жіктеушілігі тұрғысынан сарапшының қорытындысын талдай отырып, ең алдымен, бүрынғы негіздемелеріне қараганда, әрдайым жаңа нақты деректер болып тұруы керек. Сарапшының қорытындысы зерттелетін материалдардың мазмұнын қайталамайды және іс бойынша жаңа дәлелдеме болып табылады. Бұл жерде, сарапшының қоры­тындысы туынды дәлелдеме емес, бастапқы дәлелдеме болатындығын айту керек. Сарапшының қорытындысы айыптау, сонымен бірге ақтау дәлелдемесі болып қызмет атқара алады, өйткені сарапшы тұжырымдары субъектінің кінәсін растауы да немесе оның кылмысқа қатыстылығын растамауы да мүмкін. Дәлелдеме тақырыбына қатыстылығына байланысты сарап­шы қорытындысы іс бойынша тікелей немесе жанама дәлелде­ме болады. Көп жағдайларда қорытынды жанама дәлелдеме болады, алайда бірқатар жағдайларда ол тікелейдің қатарына жатқызылуы мүмкін. Көбінде ол сот-медициналык сараптама саласындағы қорытындыларға қатысты болады.Істің нақты мән-жайларын анықтау үшін сарапшының қоры­тындысын пайдалану кезінде тергеу және сот практикасының елеулі кемшіліктері істегі бар қорытындыларды пайдаланбау не оларды тиісінше пайдаланбау болып табылады.Қорытындыларды тиісінше пайдаланбау әр түрлі нысандарда көрінуі мүмкін: үкімде және басқа да іс жүргізу акітлерінде қорытынды­ны дұрыс түсіндірмеу (мысалы, тектік (топтық) қатыстылық туралы тұжырым жеке тепе-теңдік туралы тұжырым ретінде, ықтималды нысандағы тұжырым кесімді тұжырым ретінде баяндалады); қорытындыны толық пайдаланбау сарапшының, бір тұжырымдары ескеріледі де, екіншілері еленбей калады;сарапшының анықтаған фактілерін дұрыс түсіндірмеу.

Сарапшы қорытындысының кіріспе бөлімінде мыналар көрсетілуі тиіс: сараптама атауы, оның нөмірі, материалдар келіп түскен және қорытынды жасалған күні; сараптама тағайында- ған адам; сараптама жүргізудін негізі (қаулыны кім, қашан және кай іс бойынша шығарды); зертеу объектілерінің тізбесі; жеткізу тәсілі, зерттеуге түскен объектілер орамасының түрі; сарапта­ма жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, іс жүргізу жағдайы); сарапшының алдына қойылған мәселелер; сарапшының бастамасы бойынша койылған мәселелер; сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметгер - тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандық бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, лауазымы; көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы ту­ралы өзіне ескертілгені туралы сарапшының қол қоюымен куәландырылған белгі.

Осында оған қосымша материалдар ұсыну туралы сарапшы­ның берген өтініші туралы, қорытынды беру үшін елеулі мәні бар іс мән-жайлары туралы, жүргізілетін сараптама түрі туралы ақпараттар болуға тиіс. Зерттеу бөлімінде сараптама объектілерінің жай-күйі; кабылданған зерттеу сұлбасы; пайдаланылған зерттеу әдістері мен оларды колданудың техникалық шарттары туралы; сарапшы жүргізген эксперимент нәтижелері туралы;сарапшының қатысқан тергеу әрекеттері және егер зерттеу үшін маңызы болса, олардың нәтижелері туралы; зерттеу барысында пайдаланыл- ған нормативтік құқықтық актілер мен анықтамалық әдебиеттер туралы; жүргізілген зерттеудің нәтижелерін сарапшылық бағалау туралы мәліметтер көрсетіледі. Зерттеу әдістемесі оны сарапшының толық қолдануы тура­лы айтуға және қажет болғанда, зерттеуді қайта жаңғырту арқы­лы тұжырымдардың дұрыстығын тексеруге болатындай сипатталады. Әрбір сұраққа зерттеу бөлімінің белгілі бір тарауы сәйкес келуі керек. Сараптама актісінің зерттеу бөлімінде бейнелеу материалдары — қосымшада болатын фототүсірілімдер, сұлбалар, сызбалар, регистрограммалар, контактограммалар қоса беріледі. Бұл материалдар көрнекілікті қамтамасыз етіп, сарапшылар тұжырымдарының сенімділігін арттыруға бағытталады.

Қорытындыға мына бейнелеулер қоса беріледі:

  1. олардың кейінде өзгеруі кезінде ерекше мәні бар зерттеу объектілерінің жалпы (алгашкы) көрінісінің түсірілімі;

  2. аныкталған белгілері көрсетілген объектілердің жеке бөліктерінің түсірілімі;

  3. олардың бақылау түсірілімдері, өйткені үстінен басып жазу және шартты белгілер анықталған бөлшектерді қабылдап түйсінуде қиындық тудырады.

Әрбір түсірілім мәтіндегі егжей-тегжейлі түсіндірме жазбалармен камтылуы керек. Бейнелеулер сарапшының (сарапшы­лардың) қолымен және сот сараптамасы органының мөрімен куәландырылады. Синтездеу бөлімінде алынған нәтижелердің жалпы жиынтық бағасы мен сарапшы тұжырымдарының ғылыми негіздемесі келтіріледі. Тұжырымда койылған сұрактарға сарапшының жауаптары баяндалады. Әрбір сұраққа өз мәні бойынша тұжырым беріледі немесе себептерін көрсете отырып оны шешудің мүмкін еместігі көрсетіледі. Сарапшының бастамашылық көрсетуі кезінде тиісті тұжырымдар қылмыстық процесті жүргізуші органның (адамның) сұрақтарының тұжырым-жауаптары соңынан беріледі. Егер қорытынды берудің мүмкін еместігін растайтын мән-жайлар зерттеу барысында анықталса, онда сарапшының қорытындысы барлық сұрактарға немесе қойылған сұрактардың кейбіреуіне жауап берудің мүмкін еместігі негізінде болуы керек. Сонымен бірге жүргізілген зерттеулердің расталмаған нәтижелері бойынша жасалатын сұрақты өз мәні бойынша шешудің мүмкін еместігі туралы тұжырымды қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламадан айыра білу керек. Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер, сондай-ақ фотокестелер, сұлбалар, сызбалар, графиктер, кестелер және сарапшының қорытындысын растайтын басқа да материалдар қоса тіркелуге тиіс. Қорытындының қосымшасына сарапшы (сарапшылар) қол қояды. Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптамалар бұрын баяндалған жалпы ережелерге сәйкес ресімделеді, алайда тиісті қорытындыларда нысаны мен мазмұнына қатысты белгілі бір өзіндік ерекшелігі болады.

Комиссиялық сараптаманы рәсімдеу кезінде қорытындының кіріспе бөлімінде оның комиссиялық екендігі және оның өткізілген орны көрсетіледі. Комиссиялық сараптамада сарап­шылық комиссия мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайтындығы және ортақ пікірге келгенде қорытындыға қол коятындығымен ерекшеленеді. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді.

Кешенді сараптама нәтижелері бойынша қорытындының кіріспе бөлімінде оның кешенді сипаты, өткізілу және әрбір сарапшының орындаған зерттеуінің орны көрсетіледі. Кешенді сараптаманы жүргізу нәтижелері бойынша корытындьща әрбір сарапшынын кандай зерттеу жүргізгендігі жэне онын кандай түжырымға келгендігі корсетіледі. Әрбір сарапшы корытынды­ның осы зерттеулер мазмұндалған бөлігіне қол қояды.

Әрбір сарапшы анықтаған нақты деректерінің жиынтығы негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жай туралы ортақ қорытынды (қорытындылар) тұжырымдайды. Ортақ қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелерді бағалауға кұзыреті бар сарапшылар ғана тұжырымдап қол қояды.