Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книги.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.26 Mб
Скачать

Сезім мүшелерінің физиологиясы

Сезім мүшелерінің физиологиясы

Анализатор және рецептор туралы түсінік.

Анализаторлар (талдағыштар) немесе сезім жүйесі дегенміз арнайы қабылдағыш-рецепторлардан, аралық және орталық жүйке клеткаларынан, оларды байланыстыратын арнаулы талшықтарынан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі. Сезім ағзалары организмнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Өйткені сезім ағзаларының рецепторларына сыртқы ортаның тітіркену әсерінен қозу толқындары пайда болады, ол орталық жүйке жүйесіне өтеді. Талдағыштар ақпаратты қабылдайтын және талдау жасайтын жүйелер. Талдағыштар туралы ілімді И. П. Павлов ашты.

Талдағыштардың шеткі бөлімін морфологиялық айырмашылығы бар және арнаулы физиологиялық бағытқа икемделген көптеген қабылдағыштар (рецепторлар) құрады. Алуан түрлі рецепторлар – тітіркендірістің әсерін жүйкенің ұшының немесе қабылдағыш клеткаларға өткізуге икемделген күрделі құрылымы бар сезіну мүшелері.

Әрбір рецептор тітіркендірістің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді (мәселен, жарық, дыбыс, жылылық, суықтық т.б.). Талдағыштардың зор қозғыштығы байқалады яғни рецепторлар сыртқы тітіркендіргіштің ең аз мөлшеріне әсерленгіш келеді. Сөйтіп олар сигналды табу және ажырату қызметін атқарады. Бұл сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі тітіркендіргіш әсерін қабылдайтын, өңдейтін, қозу толқынын тудыратын, оларды ұғынуға эволюциялық дамуда бейімделген организмдегі арнайы рецепторлар арқылы жүзеге асады.

Рецептор жіктелуі.

Барлық рецепторлар екі үлкен топқа бөлінеді: сыртқы немесе экстерорецепторлар және ішкі немесе интерорецепторлар-көру, дыбыс, иіс, дәм, терінің сезу рецепторлары. Ал интерорецепторларға-ішкі ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар және тірек-қимыл жүйесінің вестибулярлы мен пропиорецепторлары жатады.

Рецепторлар сыртқы орта мәліметтерін қабылдау түрлеріне байланысты екіге бөлінеді: дистанциялық рецепторлар-олар ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан (көру, есту, иіс), ал контактық рецепторлар тікелей жанасқанда мәлімет алады.

Рецепторлар өздері бейімделген тітіркендіргіштердің табиғатына қарай жіктеледі: механорецепторлар–есту тепе-теңдік, тірек-қимыл аппаратының, терінің сипап сезу рецепторлары, жүрек пен қан тамырларының қысым рецепторлары, хеморецепторлар-дәм, иіс, қан тамырларының және ұлпалардың химиялық заттарды сезетін рецепторлары, фоторецепторлар, терморецепторлар, ауырғанды сезу (ноцицептік) рецепторлары.

Барлық рецепторлар біріншілей және екіншілей сезетін болып екіге бөлінеді.

Өздерінің негізгі қасиеттеріне байланысты рецепторлар тез және баяу бейімделуші, төмен және жоғары табалдырықты, біррайлы және көпрайлы т.б. болып бөлінеді.

Көз алмасы (глазное яблоко, bulbus oculi) шар іспетті, алдынан азғана дөңестенген. Ол үш қабықтан және ішкі ядродан тұрады.

Көз алмасының қабықтары:

  1. Сыртқы, тығыз ақ қабықша;

  2. Ортадағы тамырлы қабықша;

  3. Тор қабықша.

Тығыз ақ қабықша көзді механикалық, химиялық зақымданудан, бөгде бөлшектер мен микробтардан сақтайды. Тығыз ақ қабықша екі бөліктен тұрады:

1. Алдыңғы дөңес мөлдір қасаң қабық;

2. Артқы ақ қабық.

Көздің алдыңғы қысаң қабығы (роговица, cornea) - әйнек сияқты жарық сәулесін еркін өткізіп тұрады. Оның негізі дәнекер ұлпа,алдында көп қабатты жазық кілегеймен, артында – эндотелий қапталған. Қасаң қабықта қан тамырлары болмайды, жүйке ұшына өте бай. Мөлдір қасаң қабық көздің артқы бөлігіне өткенде ақ қасаң қабық – склераға (sclera) айналады. Склера піскен жұмыртқаның ағына ұқсас.

Тамырлы қабық қан тамырына өте бай. Тамырлы қабық үш бөлімнен тұрады:

1. Алдыңғы – нұрлы қабықша;

2. Ортадағы – кірпікті дене;

3. Артқы – меншікті тамырлы қабық.

Нұрлы қабықша (радужная оболочка, iris) ортадағы тесік – көз қарашығын өоршап тұрады. Оның түсі ашық көгілдір түстен, мөлдір қараға дейін болады. Нұрлы қабықшаның алдыңғы беті, көз қарашығына және кірпікті денеге қараған екі шеті бар. Кірпікті дененің шетіне жақын нұрлы қабықшы мен ақ мөлдір қасаң қабықша аралығында үшбұрыш пайда болады.

Кірпікті дене (ресничное тело, corpus ciliare) нұрлы қабықшаның жуандаған жері. Ол қарашықтың артында, көз бұршағын қоршап тұрады.

Меншікті тамырлы қабық (собственная сосудистая оболочка, choroidea) көздің ортаңғы қабатының қөп бөлігі осы қабықтан тұрады. Бұл қабық артерия, вена тамырларына бай.

Тор қабықша (сетчатка, retina) құрылысы өте күрделі. Бұл қабықшада жарық сәуленің тітіркендіруі әсерінен қозу толқыны пайда болатын жүйке жасушалары бар. Тор қабықша қабаттан тұрады. Олардың ең маңыздысы жүйке жасушаларынан тұрады. Жасушалар пішіні таяқша және қолбашаланып бөлінеді.

Көз бұршағы (хрусталик, lens) тікеей қарашықтың артында орналасқан. Оның пішіні дөңес линзаға ұқсайды.

Шыны тәріздес дене (стекловидное тело, corpus vitreum) мөлдір, таза хрустальдей, көздің ішкі бөлігін толық толтырып тұрады.

Көз алмасының сұйықтығы (водянистая влага, humor aguosus) көздің алдыңғы және артқы қуысын толтырады.

Көрудің бұзылуы әр түрлі болуы мүмкін. Көздің аса жиі кездесетін кемшілігі алыстан және жақыннан көре алмау болып табылады. Алыстан немесе жақыннан көре алмаушылық тума болуы мүмкін. Жақыннан көретін (близорукость) адамның көз алмасы сопақ болып келеді, сондықтан заттың бейнесі тор қабықшада емес оның алдында пайда болады. Алыстағы нәрсе бұлдырап көрінеді.

Алыстан көргіштікте (дальнозоркость) көз бұршағы жазықтанады, нәрсенің бейнесі көздің торлы қабығының артында түйіседі. Бейне көмескіленіп көрінеді.

Көрудің бұзылуының ерекше бір түрі дальтонизм. Дальтонизммен ауырған адам бейненің түсін ажырата алмайды. Далтонизмде көбіне адам жасыл және қызыл түсті ажырата алмайды.

Көздің оптикалық жүйесі.

Заттарды анықтап қарау үшін көзді аударып оған тура бағыттау керек. Сондықтан табиғатта жануарлардың көптеген түрлерінде көз алмасы шар тәрізді болып келеді. Көз алмасының үш қабықшасы олар көз ұясында орналасқан оны сыртынан ақ қабықша немесе склера қаптайды, бұл тығыз дәнекер тканнен тұрады. Склераның артқы жағында тесік болады ол арқылы көру жүйкесі енеді ақ қабықшаның алдыңғы мөлдір қасн қабыққа өтеді. Ақ қабықшадан кейін тамырлар қабықша орналасқан. Тамырлы қабықшаны алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Торлы қабық – көздің ішкі үшінші қабықшасы. Нұрлы қабықтан кейін екі жағыда дөңес мөлдір линза – көз бұршағы орналасқан. Көздің ішкі қуысын шыны тәрізді дене толтырып тұрады. Жарық сәулесін сындыратын орта (қасаң қабық, көз бұршағы, шыны тәріздес ине) және торлы қабық (ритина) көздің негізін құрайды. Осы ортаның әр келкі қисықтығы сыну көрсеткіштері көздің ішіндегі жарық сәулесінің сынуы анықтайды әрбір оптикалық жүйенің жарық сәулесін сындыру ушін диоптриймен (Д) белгілейді. Бір диоптри – сынып өтетін жарық сәулесінің түйісетін нүкте аралығы 100см-ге тең линзаның сындыру күші. Адам көзінің сындыру күші алыстағы заттарға қарағанда – 70,5 (Д) болады. Демек фокус қашықтығы неғұрлым аз болса, сындырру күші соғұрлым күштірек келеді жақындаған сайын сәулелердің түйісу нүктесі кейін шегінеді ал торлы қабықтары бейне көмескіленеді, яғни шашырау шеңбері пайда болады.

Сәулелердің көздегі сынуының ауытқуы.

Аккомодация (көздің икемділісі).

Заттарды анық көру үшін, олардың нүктесінен шыққан сәуле торлы қабықтың бетіне түсуі немесе жиналуы керек. Адам алыстағы заттарға қарағанда, олардың бейнесі көздің торлы қабығында жиналып өте анық көрінеді. Бұл кезде жақын орналасқан нәрселер анық көрінбейді, олардың бейнесі торлы қабықтың артында түйіседі. Көзден әртүрлі қашықтықта тұрған заттарды бір мезгілде бірдей айқын көріуге болмайды. Көздің әртүрлі қашықтықтағы нәрселерді айқын көрінуіне мүмкіндік беретін сәулелерді сындыру күшінің өзгеруін көз аккомодациясы дейді

(сурет 11.2.). Аккомодация кезінде көз бұршағының қисықтығы өзгереді, сондықтан оның сәуле сындыру қабілеті де өзгереді. Жақын тұрған нәрселерді қарағанда көз бұршағы қисықтығын өзгертіп, өте дөңестене түседі. Сондықтан нүктеден шығарған сәулелер көз ішінде көбірек сынады да, толы қабықта түйіседі.

Жас ұлғайған сайын көз бұршағының икемділігі біртіндеп азаяды да, серпімді сіңірдің созылуы босаңсығанда, оның дөңестігі аса өзгермейді немесе аздап қана үлкейеді. Сондықтан айқын көрініудің жақын нүктесі көзден қашықтайды. Осы жағдайды көздің кәрілік жітілігі немесе пресбиопия деп атайды.

Көз рефракциясының кемістігі.

Көздің жарық сәуле сындыруының негізгі екі түрлі кемістігі бар: жақыннан көргіштік (миопия) және алыстан көргіштік (гиперметропия). Бұл кемістіктер көз алмасының қалыпсыз ұзындығымен байланысты.

Жақыннан көргіштік. Егер көздің бойлау осі аса ұзын болса, заттар бейнесі торлы қабықтың алдында, мөлдір шыны тәріздес денеде пайда болады. Бұл жағдайда қосарланған сәулелер торлы қабыққа жетпей, оған жақындау бір нүктеде түйіседі де, ал торлы қабықта нүктенің орнына сәуле шашыраған шеңбер шығады.

Алыстан көргіштік.

Алыстан көргіштікті - гиперметропия ( қырағылық ) деп аталады. Алыстан көргіш көздің бойлау осі қысқа болғандықтан алыстағы заттардан шыққан қосарлас сәулелер торлы қабықтың артына жиналады да, оның бетіне бейнелері көмескі, бұлдыр болып түседі.

Жақыннан көргіштік.

Адамның айқын көретін алыстағы нүктесі шексіздікте емес, ол белгілі (жақындау) қашықтықта жатады. Алыстағы нәрселерді дұрыс көру үшін, жақыннан көргіш адам көзінің алдында екі жағы ойыс әйнек орналастыру керек, сонда көз бұршағының сәуле сындыру күші азаяды, соның арқасында сынып өткен сәуленің бейнесін торлы қабыққа ауыстыруға болда.

Бинокулярлық көру

Қандай болса да бір затқа қарағанда, торлы қабықтың бетіне екі кескіні түскенімен адамға ол екі нәрсе болып көрінбейді. Екі көзбен қарағанда барлық нәрселердің бейнелері торлы қабықтың тиісті немесе бірдей бөлімдеріне түседі және осы екі бейне адам түйсігінде бірігіп біреу болып көрінеді. Соның расында осылай екендігіне оңай көз жеткізуге болады, ол үшін бір көздің сырт жағынан ақырын ғана қысқанда, торлы қабықшалардың сәйкестері бұзылу салдарынан, көзге түскен зат қос болып көрінеді (сурет 11.1.).

Егер жақын нәрсеге көзді түйістіріп қараса, онда әрірек орналасқан нүктенің бейнесі бірдей болмайды, басқаша айтқанда диспарациялық (латынша, disparatio – бөлек, оңаша) деп аталатын нүктеге түседі, сондықтан нәрселердің кескіні қосарланып көрінеді. Диспарасиялық нүктенің қашықтықты бағалауда, яғни бедерді, тереңдікті көруде маңызы зор.

Адамның торлы қабықтағы кескіндердің бірнеше бұрыштық секундқа жылжуынан пайда болатын тереңдіктің өзгерісін байқауға қабілеті бар.

Терінің құрылысы, қызметі.

Тері өте күрделі құрылым адам мен жануарлар организмінің сыртқы жабыны. Ересек адамда оның көлемі 1,5-2м2, дене салмағының 4,5-5%, немесе 4-5%, 4-5кг. Тері қосалқы құрылымдарымен бірге (май, тер бездері, түктер, тырнақ) толып жатқан әртүрлі функция аткарады. Ең алдымен тері организмнің ішкі ортасын сыртқы әсерлерден сақтап.

(Сурет 11.1. Бинокулярлық көру алаңы) (Сурет 11.2. Аккомодация)

Тері (кожа, сutis) адам денесінің жапқышы. Оның ересек адамдағы көлемі 1,5-2,0 м2. Тріде көптеген рецепторлар бар. Олар ыстықты, суықты, ауруды сезетін жүйке талшықтарының ұшы. Терінің әрбір 1см2-інде 300 жақын жүйке ұштары орналасқан, қорғаныс қызметін атқарады.

Терінің негізгі маңызды қорғаныс қызметіне оның бактерияларға тосқауыл болуы жатады. Тері энергия алмасуының реттелуіне қатысады.

Тері өте көлемді рецептивтік алаң болып есептеледі.

Тері тер бездері арқасында организмде шығару мүшесінің бірі болып есептеледі.

Терінің қызметі:

  1. Денені микробтардан, жарақаттанудан, әр түрлі зиянды әсерлерден сақтайды;

  2. Су және жылу алмасуына қатынасады;

  3. Қан айналымына қатынасады, қан «депосы»;

  4. Витаминдер алмасуында маңызы зор, ультрасәулелердің әсерінен «Д» витамині теріде пайда болады.

Тері үш қабаттан тұрады:

  1. Эпидермис (epidermis);

  2. Дерма (derma);

  3. Май қабаты.

Эпидермис көп қабатты түлейтін кілегей. Оның бес қабаты бар:

1. Базалды;

2. Тікенек;

3. Дәнешелі;

4. Жылтыр;

5. Мүйізді.

Дерма екі қабаттан түрады:

  1. Емізікті;

  2. Торлы қабат.

Емізікті қабат эпидермистің базал қабатымен шектескен. Онда көптеген қан капиллярлары, жүйке ұштары бар. Осы жүйке ұштары арқылы адам сыртқы ортаның өзгерітерін сезеді. Дерма қабатында тер және май бездері, шаштың түбірі және тырнақ бар.

Есту және тепе-теңдік анализаторларының физиологиясы.

Есту талдағышы – мағынасы жағынан адамның екінші дистанциялық талдағышы болып саналады. Адам анық сөйлей бастағаннан, есту сезім жүйесі оған ең жоғарғы дәрежеде қызмет атқарады.

Есту жүйкесінің талшықтарында тіпті тыныштық кезінде біржама жоғары жиелікте (1 секундта 100ге дейін), өздігінен пайда болатын разрядтар (бедерсіз серпініс тән).

Тепе-теңдік (вестибулярлық) мүшесі, көру және қозғалыс талдағыштарымен қатар, адамның кеңістікке бейімделуінде жетекші роль аткарады.

Тепе-теңдік талдағышының шеткі бөлімі самай сүйегінің қалың бөлігінде орналасқан вестибуляр аппараты болып табылады.

Есту талдағышы – мағынасы жағынан адамның екінші дистанциялық талдағышы болып саналады. Адам анық сөйлей бастағаннан, есту сезім жүйесі оған ең жоғарғы дәрежеде қызмет атқарады.

Есту жүйкесінің талшықтарында тіпті тыныштық кезінде біржама жоғары жиелікте (1секундта 100ге дейін), өздігінен пайда болатын разрядтар (бедерсіз серпініс тән).

Тепе-теңдік (вестибулярлық) мүшесі, көру және қозғалыс талдағыштарымен қатар, адамның кеңістікке бейімделуінде жетекші роль аткарады.

Тепе-теңдік талдағышының шеткі бөлімі самай сүйегінің қалың бөлігінде орналасқан вестибуляр аппараты болып табылады.

Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың құрылыстары.

Есту мүшесі негізгі үш бөліктен – сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Есту рецепторы ішкі құлақтың иірім түтігінде орналасы, ол самай сұйегінің жуандаған бөлігінде жатады. Дыбыс толқындары оларға бірнеше жүйелі құрылымдар: сыртқы дыбыс тесігі, дыбыл жарғағы, есту сүйекшелері, лабиринт сұйықтығы және иірім түтігіндегі негізгі жарғақ арқылы тікелей жеткізіледі. Есту талдағышының рецептордан ми қыртысына дейінгі жолда сигналдарады өңдеп, жүзеге асыратын көптеген дәйекті қосылған бөлімдері бар.

Сырты құлақ.

Құлақтың сыртқы есту тесігі дыбыс толқындарын дабыл жарғағына жеткізу міндетін атқарады. Дабыл жарғағы сыртқы құлақпен дыбыс қуысын немесе ортаңғы құлақты бөліп тұрған перде сияқты қалыңдығы 0,1мм әртүрлі бағытқа таралып өрілген талшықтардан тұрады.

Ортаңғы құлақ.

Ауа мен толған ортаңғы құлақтың негізін аса маңызды өткізгіш қызметін атқаратын бір бөлімі – дәйекті байланысқа балғашық, төс және үзеңгі сүйекшклкрі құрайды. Олар дабыл жарғағының тербелісін ішкі құлаққа жеткізеді.

Ішкі құлақ және дыбыс түйсігі.

Ішкі құлақта вистибуляр аппаратына (кіреберіспен имек аранлардан) басқа дыбыс тербелісін қабылдайтын есту рецепторлары орналасқан иірім түтігі болады. Иірім түтігі шиыршық тәрізді біртіндеп кеңейтілген сүйектен тұратын арна, адамдарда ол 2,5 өрімнен тұрады. Иірім түігінің түп жағындағы сүйекті арнаны диаметрі 0,014мм-ге тең, ал төбесінің диаметрі 0,005мм-ге тең

Тепе-теңдік аппараты, құрылысы.

Тепе-теңдік мүшесі, көру және қозғалыс талдағыштарымен қатар, адамның кеңістікке бейімделуінде жетекші роль атқарады. Оның шеткі не болмаса қабылдағыш, өткізгіш және орталық немесе қыртысты бөлімдерін ажыратады. Ол түзу сызықты немесе айнамалы қозғалыста, сонымен бірге кеңістікте бастың қалпы өзгергенде пайда болатын жеделдету баяулату хабарларын жеткізеді және оны талдайды.

Тепе-теңдік талшығының шеткі бөлімі самай сүйегінің қалың бөлігінде орналасқан вестибуляр аппараты болып табылады.Әрбір арнаның бір ұшы кеңейтілген (ампула), оларда қысым өзгерістеріне сезімтал рецепторлар болады. Вестибуляр құрамына тағы екі қапшық кіреді. Оның біреуі иірімді түтігіне, екіншісі имекті арналарға жақын жатады.

Сүйек арналарының пішінін қайталайтын жарғақ арналар лариринт тәрізді, тұтқырлығы суға қарағанда 2-3есе көп тығыз эндолимфамен толтырылған, оның ішіндегі түкті рецепторлар шоғырланып (cristae amnularis) ампулада жинақталады.

Кіреберіс және ампуланың түкті клеткалары иілген кезде қабылдағыштық потенциал пайда болып, ол синапс арқылы (ацетилхолинің бөлінуіне байланысты) түкті клеткалардың ұшына жеткізіледі.

Тепе-теңдік талдағышы жануардың белсенді қозғалып қимылдауына және көздерін байлап бір жерден екінші жерге ырықсыз денесінің кеңістікке үйренуіне көмектеседі.

Тепе-теңдік аппараттың қызметі зақымданған адам дене қалпын сақтау қабілетінен айырылады.

Дәм сезу мүшесі, иіс сезу мүшесі, қабылдау механизмдері.

Иіс сезім жүйсінің рецепторлары жоғарғы мұрын кеуілжірінде орналасқан. Иіс рецепторларының ауданы шамамен 5-8 см2. иіс эпителиінің қалыңдағы 100-150мкм, олардың тірек клеткаларының арасына диаметрі 5-6мкм иіс рецепторлары жалғасады. Адамдарда иіс рецепторларының жалпы саны 10-20млн-ға жетеді. Әрбір рецептор ұзындығы 10мкм 6-12жеңішке кірпікшелері шығып тұратын, иіс буылтығымен аяқталады. Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін сұйықтыққа малынып тұрады. Хош иісті заттар бөлшектері кеңсіріктің кілегейлі қабықшасында орналасқан маманданған белоктармен әрекеттеседі. Ауа неғұрлым таза болса, иіс талдағышының сезімталдығы соғұрлым жоғары болады. Иіс сезу мүшелерінде қозу тудыратын иісті заттың ең аз мөлшерін оның табалдырығы деп атайды.

Иіс қоспалары әртүрлі түйсініледі. Кейде бірнеше иіс қосылып, жаңа бір иіс түйсігін тудырады немесе әрбір иіс жеке қабылданады. Иіс талдағышының ерекшелігі оның сезгіштік талшықтары алмаспайды, яғни сыңарына аусыпайды.

Иіс талдағышының сезімталдығы өте зор. Иісті заттың бір молекуласы бір рецепторды қоздырады, ал бірнеше рецептордағы қозу түйісік туғызады (сурет 11.3.).

Адам бірнеше мың әртүрлі заттардың иісін ажырата алады. Алайда ондай қабілет иттерде 3-6 есе артық болады.иіс сезудегі сезімталдық төмендеуі, ажырату табалдырығының өсуі – гимпосмия, жойылуы – аносмия, иісті теріс түсіну – паросмия деп аталады. Сонымен бірге белгілі бір иіс тітіркендіргіштері болмаған жағдайда да жалған түйсік – иллюзия мен галюцинация (елестеушілік) пайда болуы мүмкін.

Дәм талдағышы.

Дәм сезу жүйесі ауыз қуысына түскен тағамның сипатын, мөлшерін және түрін анықтап, организмнің тіршілігін, зат алмасуын, сыртқы ортаға бейімделісін қамтамасыз етеді. Дәм рецепторлары – дәм сезу баданасы тілдің түпкі жағында, жұмсақ таңдайда, тілше мен жұтқаншақтың шырышты қабықшасында орналасқан. Әсіресе тілдің ұшында, екі бүйірінде және түпкі жағында көп кездеседі. Адамда 10мыңға жуық дәм сезу баданасы болады. Олардың әрбіреуі 8-12 рецептор және тірек клеткаларына тұрады. Дәм сезу баданасының пішіні сауытша тәрізді, ұзындығы мен ені шамамен 70мкм, төбесінде тесігі болады (сурет 11.4.).

Дәм баданалары тілдің емізікшелерінде орналасады. Бұларды емізікшелер арасындағы бездердің сөлі шайып отырады. Рецепторлардың ұзындығы 10-20мкм, ені 3-4мкм, олардың ұшқары жері өте сезімтал 30-40 шағын түктерден тұрады

Дәм рецепторлары төрт түрлі дәмді сезеді: тәтті, ащы, қышқыл, тұзды. Осы әрбір дәмді түйсіну үшін жеке хеморецепторлар болады деген пікір бар. Мәселен, тілдің түбінде ащы, ұшында тәтті, бүйірлерінде қышқыл және тұзды сезетін рецепторлар топтасып орналасады.

Эволюциялық даму кезінде дәм сезу тағамды тағау немесе қабыл алу механизмі ретінде қалыптасады. Жас ұлғайған сайын ажырату сезімталдығы кемиді. Дәрі қабылдау, темекі шегу дәм сезімталдығын төмендетеді.

(Сурет 11.3. Иіс сезу механизмі) ( Сурет 11.4. Дәм сезу рецепторлары)

Сипап сезу, жылу және ауырсынуды сезу мүшелері.

Сипап сезу рецепторлары кілегейлі қабықша мен теріде орналасады. Олар әсіресе тілде, саусақта және алақанда көп болады.

Рецепторлар жанасқанда, қысым түскенде, суық пен жылы әсер еткенде, ауырта тітіркендіргенде қозады.

Адам сипап сезу көмегімен кез- келген заттың өлшемін, пішінін, мөлшерін көзін жұмып тұрып анықтай алады. Жанасудан немесе қымынан пайда болған тері бетінің өзгерісі кезінде нерв импульстары мидағы тері сезімі аймағына беріледі.

Кілегейлі қабықшалар мен тері рецепторлары жылуды және салқынды сезе алады.

Ауырсыну рецепторлары ткань немесе мүшені бүлдіре алатын кез келген әсерлер кезінде қозады. «Ауырсыну» нүктесінен шыққан импульстар қолды ыстық немесе шыныққан заттан тартып алуға түрткі болады. Ауырсыну әсерлер әртүрлі тудырады. Қазіргі кезде ауырсыну түйсіктерінің әралуан реңдері анықталды. Ауырсыну түйсік сапасына қарай әртүрлі (шаншу, сыздау, сырқырау, ашыту, солқылдату т.б.) болып жіктеледі. Ауырсыну кезінде қозғалыс, эмоциялық және вегативтік көріністер (үрей, қорқыныш, лоқсу, тұнгығы, тыныс өзгеруі,жүрек қобалжуы, тамыр әсерленісі, терлеу) байқалады.

Дене ауырсынуы 3түрге жіктеледі:

  1. бастапқы немесе бірінші ауырсыну ( жылдам, шанышпалы, өткір);

  2. соңғы немесе екінші ауырсыну (баяу, шыдатпайтын, ашытатын) ол біріншіден 0,5-1с кейін басталады, орналасымы белгісіз, жүрек тамыр, тыныс жүйелері өзгереді;

  3. созылмалы ауырсыну, ұзаққа созылады, көптеген ауруларда байқалады, сезім, мінез қалыптары өзгереді.