- •Жалпы физиология.
- •Жеке физиология.
- •Қан құрамы
- •Қан плазмасы
- •Қанның негізгі қызметтері:
- •Қанның құрамы
- •Эритроциттер
- •Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері
- •Лейкоциттердің функциялық маңызы
- •Тромбоциттер
- •Плазманың құрамы
- •Гемоглобин
- •Эритроциттердің тұну жылдамдығы (этж)
- •Гемолиз
- •Иммунитет және оның түрлері
- •Гемостаз. Қанның ұюы
- •Плазмалық қан ұйытатын факторлар
- •Тамырдағы тромбоциттік гемостаз
- •Антикоагулянттар
- •Қан ұюының реттелуі
- •Қан жүйесінің қызметін реттеу
- •Жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиясы
- •Жүрек – қантамыр жүйесінің физиологиясы
- •Жүрек етінің қозғыштық қасиетінің кезеңдері.
- •Тыныс алу жүйесінің физиологиясы
- •Тыныс алу физиологиясы
- •Сыртқы тыныс
- •Өкпенің көлемі
- •Асқорыту жүйесінің физиологиясы
- •Асқорыту жүйесінің физиологиясы
- •Жүйесінің физиологиясы
- •Зәр шығару жүйесінің физиологиясы
- •Эндокриндік жүйе физиологиясы
- •Эндокриндік жүйенің физиологиясы
- •Қозғыш ұлпалар физиологиясы
- •Қозғыш ұлпалар физиологиясы
- •Нерв жүйесінің физиологиясы
- •Нерв жүйесінің физиологиясы
- •Сезім мүшелерінің физиологиясы
- •Сезім мүшелерінің физиологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Қанның негізгі қызметтері:
Тіршілікке қажет заттарды клеткаларға, тканьдерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады (тасымалдау қызметі).
Оттегін өкпеден, тканьдерге, клеткалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді(тасымалдау қызметі).
Ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды (минералдарды) тканьдерге жеткізеді (трофикалық яғни қоректендіру қызметі).
Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен, адам денесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тканьдерден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне, ішекке апарады. Сөйтіп оларды шығарып тастайды (экскреторлық қызмет).
Қан клеткалары (лейкоциттер), плазмадағы антиденелер денеге енген микробтарды, вирустарды, табиғаты жат, улы заттарды бейтараптап, зиянсыздайды (қорғаныс қызметі).
Адам денесіндегі көптеген функцияларды, процестерді реттеуге қатысады (гуморальдық реттеу). Қандағы биологиялық әсері күшті заттар—гормондар, медидтарлар, метаболиттер ағзалар мен клеткаларға өтіп тікелей немесе қан тамырларынын ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқылы әсер етеді (рефлекстік реттеу).
Қан клеткалары (формалы элементтер) ткань клеткаларымен креаторлық байланыста болады. Креаторлық байланыс жаңарған клеткалардың және тканьдердің табиғи құрылысы мен кейпі сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа клеткалар құрылысы жағынан ескі клеткаларға ұқсас болу үшін клеткааралық информациялардың маңызы өте зор. Клеткаларға қажет мағлұматтарды макромолекулалар тасиды.
Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып клеткалар мен ткань аралық сұйықтықтың коллоидтық, осмалық тұрақтылығын сақтайды. Осмалық тұрақтылық бұзылса клеткалар ісіп не бүрісіп қалады. PH тұрақтылығын сақтауда буферлік роль атқарады.
Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқалыпта сақтауға қатысады.
Қанның физикалық қасиеттері
Қан қызыл түсті, кермек дәмді, қоймалжың, тұтқыр сұйық. Оның түсі құрамында ерекше белок — гемоглобиннің болуына байланысты. Артерия қанының түсі ашық — қызыл, ал вена қаны-қоңыр қызыл болады. Бұл қанның оттегімен қанығу деңгейіне байланысты. Қан құрамындағы минералды тұздар оған кермек дәм береді. Құрамында белоктар мен эритроциттердің болуымен байланысты қан тұтқырлық қасиетке ие болады. Судың тұтқырлығы бір өлшем деп алынса, онымен салыстырғанда плазманың тұтқырлығы 1,7 — 2,2, ал қанның тұтқырлығы — 5,0-ге тең.
Қанның тығыздығы 1,050-1,060. Ол эритроциттер санына тәуелді өзгереді, себебі эритроциттердің тығыздығы — 1,090, ал плазманың тығыздығы 1,025-1,034 аралығыңда болады.
Қанның буферлік жүйесі
Адам мен жоғары сатыда дамыған жануарлар қанының әрекетшіл ортасы әлсіз сілтілік болады (рН-7,35-7,45). Бұл көрсеткіш сутегі (Н+) жөне гидроксил иондары (ОН) мөлшерінің ара қатынасымен анықталады. Артерия қанының рН-7,45, ал вена қанының рН-ы ұлпалардан көмір қышқыл газының сіңірілуімен байланысты 7,35 шамасында сақталады. Зат алмасу процесі барысында қанға көмір қышқыл газдың, сүт қышқылының т.б. қышқыл алмасу өнімдерінің бөлінуіне қарамастан қанның әрекетшіл ортасы тұрақты жағдайда сақталады. Бұл қан плазмасы мен эритроциттердің буферлік қасиеті мен денеден қышқылдар мен сілтілердің артық мөлшерін шығарып отыратын бөлу жүйесінің қызметімен байланысты.
Қан құрамында төрт түрлі буферлік жүйе болады:
1. Бикарбонатты буферлік жүйе; ол көмір қышқылы мен натрий бикарбонаттарынан тұрады.
2. Фосфатты буферлік жүйе; бір және қос негізді фосфорқышқылды натрийдан тұрады.
3. Белокты буферлік жүйе; плазма белоктарынан құралады. Белоктар амфотерлік қасиетінің арқасында ортаның әрекетшіл ортасына қарай не сутегі, не гидроксил иондарын бөледі де, қанның сутектік көрсеткішін бір деңгейде ұстайды.
4. Гемоглобиндік жүйе; гемоглобиннің калийлі тұзына (КНвО2) байланысты. Бұл қосылыс көмір қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл болғандықтан оған өзінің калий ионын береді де, сутегі ионын қосып алып, баяу диссоциацияланатын (ажырайтьш) қышкылға айналады. Канның буферлік қасиетінің 75 пайызы осы гемоглобинге байланысты.
Қан әрекетшіл ортаның қышқыл жаққа ығысуынан жақсы қорғалған. Оның себебі сілтілік қордың болуында. Қанның сілтілік қоры деп 100 мл. қандағы бикарбонаттар мөлшерін айтады. Қан құрамында қышқылдық және сілтілік эквиваленттер белгілі арақатынаста болады да, қышқыл-сілтілік тепе-теңдік қалыптасады.
