Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книги.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.26 Mб
Скачать

23

АЛҒЫ СӨЗ

Болашақ мамандарға іргелі білім беру мақсатында басты мәселелердің бірі – мемлекеттік тілдегі оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз ету.

Физиология биологиялық пәндердің бірі, оны толық меңгермей тұрып, болашақ медицина қызметкерлерін дайындау мүмкін емес. Себебі адам физиологиясы барлық медициналық ғылымдардың түбегейлі негізін қалайды. Ол болашақ медицина қызметкерлерін организмнің тіршілік әрекетімен таныстырып, патологиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан ұғынуға, оларды жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қалыпты физиология дәйекті көзқарастарын қалыптастырып, кәсіби ойлау қабілеттерін жеткілікті қалыптастырады.

Адам ағзасында жүретін физиологиялық үрдістерді білу нәтижесінде ағзаның біртұтастығын, негізгі физиологиялық үрдістердің түйінін түсінеді, сондай ақ функционалды көрсеткіштерді сараптауды, ғылыми білімнің фактологиялық түрін болашақ мамандығында қолдануды, адам ағзасының интегративті қызметін сипаттай біледі. Физиология пәнінің негізгі міндеті-ағзаның бір бүтіндей тіршілік әрекеті заңдылықтарын, негізгі физиологиялық процесстердің түйіндік механизмдерін танып білу.

Бұл жинақ Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Техникалық және кәсіптік білім берудің 2010 жылғы ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ негізінде, 0301000-«Емдеу ісі»мамандығы 0301013 - «Фельдшер», 0301023 - «Акушер(ка)» біліктіліктері, 0302000 - «Мейірбике ісі» мамандығы 0302033 - «Жалпы тәжірибелік мейірбике», 0302043 - «Мамандандырылған мейірбике», 0305000 - «Лабораториялық диагностика» мамандығы 0305013 - «Медициналық лаборант», 0303000 - «Гигиена және эпидемиология» мамандығы 0303013 - «Гигиенист-эпидемиолог» біліктілігі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген.

І бөлім

Кіріспе

Физиология (грекше physis-табиғат, Iogos-ілім) – тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тканьдері және жасушаларының әрекеттерін, функцияларын зе рттейтін биологиялық ғылым. Физиология организм жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Сонымен қатар ол функцияларды жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық даму барысында бақылайды.

Адам – тірі материя дамуының ең жоғары өнімі. Сондықтан оның құрылысын түсіну үшін, тірі табиғаттың пайда болуы мен дамуы заңдылықтары туралы ғылым ретіндегі биологияның деректерін пайдаланады.

Физиология үрдіс дамып келе жатқан ғылым. Ол дербес ғылым ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің тіршілік әрекеті туралы физика, химия пәндерінің әдістерін қолданып, көптеген нақтылы деректер жинады. Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты.

Физиологияның негізгі бөлімдері.

Физиология өзінің ғылыми бағытына қарай үш бөлімге жіктеледі:

  1. Жалпы физиология.

  2. Жеке физиология.

  3. Қолданбалы физиология.

Жалпы физиология организмнің жасушалары мен тіндеріне, мүшелеріне бірдей тән негізгі тіршілік процестерінің табиғатын, функциялардың жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді.

Жеке физиология кейбір тіндердің (ет, жүйке т.б), ағзалардың (жүрек, бауыр, бүйрек т.с.с.) қасиеттерін, олардың жүйелерге (қан айналымы, тыныс, ас қорыту т.с.с.) бірлесіп ұйымдастырылу және реттелу негіздерін тексереді.

Қолданбалы физиология-адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты іс-әрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайды. Оның қатарына еңбек физиологиясы жатады. Ол адам организмінің еңбектену кезіндегі қалыпты жағдайын, жұмыскерлігін, оған өндірістік әсерлерді тексеріп, тиімді жұмыс істеу шараларын жүзеге асырады. Спорт физиологиясы дене шынықтыру, машықтану тәсілдерін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырады. Тамақтану физиологиясы адамдардың жасына сәйкес әр түрлі кәсіби топтар үшін арнайы, ұтымды тамақтану шарттарын қарастырады. Экологиялық физиология адамның жаңа істер, мекен-жайлар игеруіне байланысты қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларын тексереді. Сол сияқты ұшқыштар, ғарышкерлер, сүңгушілер организміне табиғаттың әр алуан төтенше түрткілері мен орасан жүктемелерінің әсерін зерттейтін суасты, авиация және космос физиологиясы қалыптасты. Физиологияның аса маңызды саласының бірі-ауылшаруашылық, жануарлар физиологиясы. Оның негізігі мақсаты-мал шаруашылыгы өнімдерін ғылыми жетілдіріу.

Физиология басқа мақсаттарына, зерттейтін нәрселері (объект) мен әдістеріне байланысты қалыпты және патологиялық болып екіге бөлінеді. Біріншісі дені сау адам организмінің қалыпты жағдайы, салауатты тұрмыс салтын әртүрлі әсерлерге бейімделіс әрекетін тексеріп, оларды жақсарту амалдарын зерттейді. Демек, қалыпты физиологияның басты мақсаты-адамның денсаулығын сақтау. Денсаулық дегеніміз-адам организмінің барынша ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттер мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы.

Патологиялық физиология ауру организмдегі ауытқуларды, олардың ағымдарын, барысын, дерттену тетіктерін анықтайды. Сонымен қатар ол ауырған организмнің бейімделу әрекетін, сауығу және айықтыру процестерін зерттейді. Ауру организмдегі физиологиялық көрсеткіштердің жаңа стационарлық деңгейін клиникалық физиология саласы тексереді.

Физиологияның зерттеу әдістері.

Физиологияның зерттеу әдістері негізгі екі тәсілден тұрады:

  1. Бақылау, байқау, қарау.

  2. Тәжірибелік (эксперимент)

Байқау, қарау арқылы бір ағзаның жұмысын бақылауға болады (жүректің соғу жиілігін, қай бөлігінің бірінші жиырылатынын). Бірақ бақылау арқылы жүректің соғу себебін, оның қызметінің реттелу механизмін анықтау мүмкін емес. Ол үшін тәжірибе қажет.И.П. Павлов «... бақылау табиғаттың бергенін жинақтаса, тәжірибе табиғаттан өзіңе керегінді әпереді», - деген болатын. Бақылау құбылыстың мәнін аша алмайды,сондықтан негізгі әдіс - эксперимент. Ол жіті және созылмалы болады. Н.П.Павлов-физиология мен медицина біртұтас деп айтты. Паталогия мәнін білу үшін тіршілік үрдісінің ағымын білу керек (phatos-дерт, ауру). Тәжірибелік физиологияның мақсаты – жедел және созылмалы болуы мүмкін жедел тәжірибе – вивисекция (тірідей тілу әдісі) арқылы қысқа уақыт аралығында бір қызметті зерттеу. Жедел тәжірибенің наркоз беру, жарақаттану, қан жоғалту сияқты кемшіліктері де бар. Ал созылмалы тәжірибе ұзақ уақыт аралығында организмнің қызметін қалыпты жағдайда сыртқы ортамен тығыз байланыста зерттейді. Созылмалы эксперимент - қалыпты жағдайда ұзақ уақыт организм қызметін зерттеуге мәжбүр береді (фистула әдісі). Соңғы жылдары жүйке немесе ет жасушаларын микроэлектродтар арқылы тітіркендіріп, биоэлектрлік белсенділігі арқылы олардың қызметін зерттеп жүр.

Физиология мен медицинаны бір-бірінен бөлуге болмайды. Қалыпты үрдістерді білмей тұрып, патологиялық құбылыстарды түсіну мүмкін емес. Науқастың ауруын дұрыс таба білуге, емдеу тәсілдерін таңдай білуге, профилактикалық шараларды ғылыми тұрғыда жетілдіруге физиологиялық білім қажет. Мысалы, дәрумендерді зерттеу құрқұлақ және мешел (рахит) ауруларымен қарсы күресуге, дер кезінде олардың алдын алуға жол ашса, ұйқы безі гармоны-инсулинді зерттеп, оны қажетті мөлшерде өндіру миллиондаған сусамыр науқастарының өмірін сақтап қалды. Қан топтарын зерттеу медициналық практикада маңызы зор қан құюдың негізін қалады.

Физиологияның медицинамен байланысы.

Физиолгия ғылымы медициналық мұқтаждыққа байланасты пайда болған. Расында, организмнің қалыпты қызметін, денсаулыққа тән көрсеткіштерін жете білмей, ауруды емдеуге болмайды. Сондықтан қалыпты физиология барлық медициналық ғылымдардың теориялық негізі деп есептеледі.

Қазақтың ұлы ғұлама ғалымы әлемге Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп танылған бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби (шамамен 870-950 жж.)- «дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысына қарай атқаратын қызметін білуге тиіс»-деп жазды. Физиология ғылыми даму жолында көптеген функцияларды тексере келе, табылған зерттеу әдістері мен физиологиялық құрылыстарды анықтау арқылы практикалық медицинаны байытып, оның жетілуіне ерекше ықпалын тигізді. Осы туралы атақты физиолог И. П. Павлов Медицина тек қана физиологиялық деректермен күннен күнге толықтырылып отырғанда ғана, адам денесіндегі бұзылған механизмдерді дәл тауып, дұрыс емдей алады, яғни шын мәнінде өз мақсатын орындайды, - деді.

Физиология дамуының қысқа тарихы.

Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - Гиппократ (медицина атасы), Аристотель (бірінші оқытушы)- Ежелгі Рим, Клавдий Гален - эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп әсер етті. А.Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғ. ғылыми физиология дамыды. Вильям Гарвей-үлкен қанағу шеңберін ашты, вивисексияны енгізді. М.Мальпиги артерия мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын көрсетті. Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. XVIII-XIXғғ. Ломоносов масса мен қуат сақталу заңын ашты. Горянинов, Шванн, және Шлейден-организмнің жасушалардан тұратынын ашты. 1859ж. Дарвин эфолюциялық ілімді дүниеге келтірді. XIX және XXғ. физиология аса гүлденуге жетті. Клод Бернар - қан тамырлары тонусының реттелуінде көміртектік алмасуда жүйке жүйесінің рөлін зерттеді. Организмнің ішкі ортасы туралы түсінік берді. Германияда Дюбуа-Реймон-электрофизологияның негізін қалады. Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. Кеннон-вегетативтік жүйке жүйесін зерттеді. Сеченов, Павлов, Боткин, Бехтерев невризмді дамытты. XIXғ.рефлекторлық доға бөліктерінің рөлі анықталды, жүйке әрекетінің рефлекторлық теориясы, мидың үлкен жарты шарлар маңызы ашылды. И.М.Сеченов «орыс физиологиясының атасы». Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. «Ми рефлексі» деген кітап жазды. Идеяларын ары қарай И.П.Павлов дамытты. Ухтомский-доминанта туралы ілімді жасады. И.П.Павлов XV Халықаралық конгрессте (1935)-дүниежүзілік физиологтар атасы деп аталды. Павлов мына бағыттарды зерттеді:

  1. қан айналу;

  2. ас қорыту;

  3. жоғарғы жүйке іс - әрекеті.

Ол жоғарғы жүйке іс әрекетінің (ЖЖІӘ) типтері туралы ілім құрды. Павлов шығармашылығының шыңы үлкен ми қыртысының сигналдық жүйелер туралы ілімі.

Павловқа дейін физиологияда аналитикалық тәсіл басым болса ол синтетикалық бағытты жасады. Мұсылман елінен шыққан ғалымдар Әбу Насыр Әл Фараби (екінші оқытушы) «дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысына қарай атқаратын қызметін білуге тиіс» - деп жазды. Абу Али ибн Сина(Авицина) «Медицина қағидалары» атты кітап жазған. Қазақстан физиологиясының іргетасын қалаған А.П.Полосухин. Ол КазМи-да физиология кафедрасын 25жыл меңгерді физиология ғылыми – зерттеу институтын ашып 20ж. директоры болды. Ғылыми бағыты лимфология болды. Н.У.Базанова-ғалым-физиолог, тұңғыш биология ғылымының докторы, профессор, академик. Еңбектері ауылшаруашылық және жануарлар физиологиясын аса дамытты. Х.К.Сатпаева-көп жылдар бойы АММИ - да физиология кафедрасының меңгерушісі болды. «Адам физиологиясы» оқулық кітабының авторы.

Павлов физиологиясының негізгі принциптері.

Тірі организм – біртұтас. Онда жасушалар, тіндер, ағзалар, жүйелер әрекеттері байланысты және келісімді де болады. Организм өзін-өзі реттейтін қасиеті бар. Ол өзіне қажетті нәрселерді алып оған зат алмасудың соңғы өнімдерін бөліп тұрады. Организм тек қоршаған ортамен тұрақты қатынаста ғана белсенді түрде тіршілік ете алады. Нервизм принципы - жүйке жүйесінің әсерін организмнің көптеген әрекеттеріне қаратуға тырысатын физиологиялық бағыт. Зат алмасу - өмір белгісі және қажетті шарт болып табылады. Адаптация - организмнің қоршаған орта әсерлеріне бейімделуі. Ол жеке - жеке физиологиялық жүйелердің қызметтерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Мысалы, ұзақ уақыт ас рационынында нәруыздар қорытатын ферменттер көбейеді. Организмнің өзін – өзі реттеуі оның (тірі организмнен) ерекшелігі болып табылады да қоршаған ортаның әсерлеріне организмнің тұрақты орнын (тіршілік жағдайына бейімделуін) қамтамасыз етеді.

Негізгі физиологиялық түсініктер.

Жануарлар мен адамның белсенділігі қызмет (функция) және физиологиялық акттар түрінде көрінеді. Қызмет (функция), тірлік- нақтыланған ( дифференцияланған) жасушалардың, тіндердің, ағзалардың арнамалы іс-әрекеті. Қызметтер өзгергенде организм қоршаған ортаға тіршілік жағдайына бейімделеді. Барлық қызметтер (әрекеттер) соматикалық (soma-дене) және вегетативтік (vegeto - қоздыру, тірілту, күшейту, өсу) болып екіге бөлінеді. Соматикалық әрекеттер - қаңқа бұлшық еттері есебінде іске асырылады. Олар соматикалық жүйке жүйесімен жүйкеленеді. Вегетативтік қызметтер-зат алмасумен, қанайналумен, демалумен, ас қорытумен, сыртқа шығарумен, өсу және өрбумен байланысты. Олар ішкі ағзалар жұмысымен атқарылады да вегетативтік жүйке жүйесімен (ВЖЖ) жүйкеленеді. Физиологияық акт-күрделі үрдіс. Ол организмнің әртүрлі физиологиялық жүйелері қатысуымен іске асырылады. Сонымен, дем алу, ас қорыту, сыртқа шығару, қозғалу ж.б. физиологиялық акттарын ажыратады.

Физиологияның қазіргі даму ерекшеліктері.

Осы кездегі физиологиялық зерттеу жұмыстарында ғылым мен техниканың, кибернетиканың жетісіктерін, радиоэлектрониканың жаңалықтарын, есептеуші машиналарды, телемтрияны т.б кеңінен тұтынады.

Оған қоса қазіргі физиология ғылыми зерттеулерді комплексті түрде жүргізеді. Яғни, шектес ғылымдарадың табыстарын, мәліметтерін мол пайдаланады. Соңғы кезде осының негізінде маңызды ғылыми нәтижелер алынып отыр.

Мұнымен бірге физиологиялық зерттеулер жүйелі түрде жүргізіледі. Организмнің қызметін жүйелі түрде зерттеу ондағы көптеген физиологиялық жағдайаларды түсінуді жеңілдетеді. Сондықтан тірі организмді әрекеттік жүйелер теориясының тұрғысынан зерттеу басталды. Бұл теорияны ұсынған П. Қ. Анохин. Әрекеттік жүйелер деп әр текті құылымды ағзалар, тканьдер және олардың белгілі бір қызметін қамтамасыз ететін реттеуші механизмдер жинағын айтады. Реттеліс деп организмнің белгілі бір қажеттігін және ішкі орта тұрақтылығын (гомеостазды) қамтамасыз етуші әрекеттік жүйелердің қызметін өзгертіп, оны бір қалыпқа келтіруді айтады. Ал ішкі орта деп организм клеткалары ішіндегі және сыртындағы тұрақты құрамды қан, лимфа т.б сұйықтықты айтады. Жүйкелік-гуморальдық қатынаспен қатар клеткалар арасында креаторлық (грек. Create-көшірмен) байланыс та бар. Жаңа және ескі клеткалардың құрылымында ұқсастық болу үшін клеткалар арасындағы ақпараттардың маңызы зор. Қлеткааралық ақпараттарды ірі молекулалар жеткізеді. Оларды қан клеткалары да тасмалдауы мүмкін. Макромолекулалар бір клеткадан екініші клеткаға олардың түйіскен жеріндегі саңылаулар арқылы немесе пиноцтоз жолымен өтеді.

Өзін-өзі реттеу-тірішілік үшін маңызды процесті немесе белгілі бір тұрақты жағдайды автоматты түрде сақтау қабілеті. Гомеостазис, изотермия, изоосмия, изоволемия, изогидрия т.б өзін-өзі реттеу арқылы сақталады. Табиғатта өзін-өзі реттеу арқылы өзгерту және қалпына келтіруші жағдайлар автомтты түрде белгілі қалыпта сақталады.

Адам мен жануарлар организмінде қызмет біртұтас жүйкелік гуморальдық жолмен реттеледі. Оның ішінде жүйелік реттеу басты, гуморальдық реттеуге қосымша механизим.

Орталық жүйке жүйесінің барлық қызметі рефлекс түрінде атқарылады. Ең алғаш рефлекс туралы түсінікті ХVII ғасырдың соңында Р. Декарт негіздеген. Рефлекс ( reflеxio – тойтарыс) – сыртқы ортаның әсерлеріне организмнің жүйке жүйесінің қатысумен берген жауабы.

Физиология мен техникалық ғылымдардың тығыз байланысынан бионика дамыды. Мұндай жетісктер медицина ғылымының басқа да жаңа салаларын қалыптастырады.

Физиология ғылымының қазақ жерінде даму барысында, оның іргетасын қалаған - атақты ғалым, академик А.П.Полосухин (1901- 1965) болатын. Ол Қазақстанда алғашқы ғылыми - зерттеу физиология институтын ашып, ғылыми мамандар дайындауға көп еңбек сіңірді. А.П.Полосухин бастаған қазақстандық физиологтар қан айналысы жүйесі мен бұрын тексерілмеген лимфология саласын зерттеуде табыстарға жетеді.

Физиология ғылымының өркендеуіне зор еңбек сіңірген - белгілі ғылым қайраткері Н.О.Базанова. Оның қыруар еңбектері ауылшаруашылығы физиологиясын үрдіс дамыту. Көп жылдар бойы қазақстандық физиологтар қоғамын басқарып, оны әлемге танытты.

Соңғы жылдары медицина ғылымының әлеуметтік мәні зор саласы - тамақтану физиологиясы жедел дамуда. Мұнда дүние жүзіне танымал ғалым Т.Ш.Шармановтың жүйелі еңбектері жетекші орын алады. Оның белсенді қатысумен Қазақстанда тамақтану проблемаларының ғылыми – зерттеу институты ашылды. Ондағы ғылымдар нәрлі заттар мен витаминдердің ғылыми негіздерін ашып, балалар үшін қоректік тағамдар даярлау, клиникада арнайы диета қолдану шараларын жүзеге асырды.

Қазіргі кездегі физиология, басқа да ғылымдардың жетістіктерін кеңінен пайдаланып, медицина салаларының дамуына ықпалын тигізуде.

ІІ бөлім

ҚАН АЙНАЛЫМЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

ИММУНИТЕТ

Қан жүйесінің физиологиясы

Иммунитет

Бұл түсінікті ХІХғ. Француз физиологы Клод Бернар ендірді. Қан, лимфа, тіндік және церебро-спиналдық (ЦСС) сұйықтықтар адамның ішкі ортасын құрайды. Клетка тіршілігі үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының, физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс суығында да, оңтүстіктік шыжыған ыстығында да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты. Ішкі тұрактылықтың, өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологі Клод Бернар еді. Организмнің ішкі сұйықтық ортасында салыстырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет, деп мәлімдеді ол. 1878 жылы 1929 жылы Америка физиологі B. Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты-басты биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз - ішкі ортаның құрамы мен қасиеттерінің өзгерушілігі және негізгі физиологиялық қызметтерінің тұрақтылығы. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қаситтерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т.т.) айтады (сурет 2.1).

Биологиялық константаларға жатады: қан реакциясы (рН) Қандағы қант мөлшері қоректік заттар осмотикалық, онкотикалық қысымдар және қан қысымының мөлшері, дене температурасы. Қолайсыз жағдайларда гомеостаз бұзылады. Адам ұзақ уақыт ыстықта немесе суықта қалғанда өліп те кетуі мүмкін.

Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады. Ішкі ортаның салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.

(Сурет 2.1 Организмнің ішкі ортасы)

Ұлпа сұйықтығы

Ұлпа сұйықтығы түссіз, мөлдір түсті, қанның сұйықтық бөлімінен – плазмадан пайда болады, ол қан тамырлардың қабырғалары арқылы жасушааралық кеңістікке өтеді және жасушаға түсетін зат алмасу өнімдерінен пайда болады. Ұлпаның сұйықтығы организмдегі ұлпалардың барлық жасушаларын қоршап тұрады, олар одан қоректі заттарды, оттегін сіңіріп алады және көміртек диоксидің су және басқа тіршілік өнімдерін оған бөліп шығарады.

Ұлпа сұйықтық пен қан (оның плазмасы) аралығында зат алмасу үрдісі капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузия жолмен өтіп жатады.

Лимфа

Лимфа – жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар

үлкен веналарға құйылады.

Қан

Қан — жан-жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 25—30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір клеткалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса 5—6 минуттан кейін бұзыла бастайды. Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық, ол тұйық тамырлар жүйесінде айналады және дәнекер ұлпасының бір түрі болады. Организмде 5л қан болады.