Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.09 Mб
Скачать

Оқу ісінің меңгерушісі:

28-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Мақал-мәтел

Мақсаты

білімділік – оқушылардың мақал – мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету; дамытушылық – оқушылардың тіл байлығын арттыру, өзіндік ойын дәлелдеуге тұжырымдама жасауға жетелеу;

тәрбиелік – ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;

Түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Әдіс-тәсілі: топтастыру,талдау,салыстыру, ой қорыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мақал – мәтелдер – халық даналығының, көрегендігінің айнасы тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал – мәтелдер - өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.

«Сөздің көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал – мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды көркем әрі бейнелі болады. Мақал – мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды бере алады.

Мақал – халықтың өмірде алған тәжірибесінің, ой - тұжырымының қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі - өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.

Мақал – мәтелдер қосарлана айтылғанымен, олар бір – біріне туыс болғанмен, екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды туйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы: «Тоқпағы күшті болса , киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ, бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады.

Мақал-мәтелдерді одан әрі тереңірек меңгерту үшін сабақты « Жарыс сұхбат» түрінде өткіземін. Ол төмендегідей.

1.Кім көп мақал-мәтел біледі? (әр алуан тақырыпта қамтылған)

2.Суреттерді көрсете отырып, мақал-мәтел айтып бер.(үй,мектеп,кітап,ұстаз)

3.Әңгіме,шағын мәтіндер жаздыру арқылы мақал-мәтелдермен ыңғайлы аяқтау.

Қызықты грамматика. Кім Мақалбай атай болғысы келеді?

Мақалбай атай болған бала халықтың мақал – мәтелдері нені үйретеді, немесе неге уағыздайды дегенді түсіндіріп, төмендегі үлгі бойынша берілген мақалдардың тақырыбын тауып жазуы керек те , өзі ойлап әр тақырыпқа сәйкес бір мақал айтып , жолдастарының мақал жайындағы сұрақтарына мүдірмей жауап беруі шарт.

Осы шартты орындап шыққан бала «Мақалбай атай» атағын алады.

Мақалдар

Не жайында? (тақырыбы)

Еңбек адамның екінші анасы.

Білімсіз күнің жоқ.

Өнерлі өрге жүзер,

Ер – ел қорғаны.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Досы көпті жау алмайды.

Әдептілік, ар - адамдықтың белгісі.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,  Саңырауқұлақ тереді.  Кездесті, міне, керегі:  Екеуі қайың астынан.  Біреуі терек қасынан.  Қанша олар болмақ есепте,  Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Қай жақ тез орындай алады?

Екі жаққа бөлінген балаларға екі – екіден төрт мақал – мәтел жазу тапсырылады.

1 – жаққа:

1) Әр сөзі еәріпінен басталған үш сөзден тұратын еңбек туралы бір мақал:

Е ... е ... е ... .

2) Әр сөзі б әріпімен басталатын төрт сөзден тұратын адамның қасиеттері туралы бір мақал Б ... б ... б ... б ... .

2 – жаққа :

1) Әр сөзі кәріпінен басталатын сөзден құралған тәлім – тәрбие туралы бір мақал. К ... к ...

2) Әр сөзі ж әріпінен басталған үш сөзден тұратын ерлік- батырлық туралы бір мақал. Ж ... ж ... ж ... .

Қай жақ бұрын орындап шықса , сол жақ ұтыс алады.

IV. Жаңа сабақты қорытындылау.

Оқушыларды іздендіре отырып, кестені толтыру.

Мақал – мәтелдер

Тақырыптары

1

Д Денсаулық – зор байлық

.....

2

.. .....

Өнер – білім

3

Д Досы көпті жау алмайды, .....

.....

4

.. .....

Еңбек

5

Ата көрген оқ жонар, .....

.....

6

.....

Ынтымақ, бірлік

7

Ерді намыс өлтіреді, .....

.....

Үйге тапсырма

Мақал-мәтелдер кітапшасын жинақтау.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады