Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.09 Mб
Скачать

Оқу ісінің меңгерушісі:

18-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М Әміреұлы Астана-арман қала

Мақсаты

Мақсаты: а) Астана қаласы туралы терең түсінік беру, еліміздің пайдалы қазбаларымен таныстыру. ә) Ой өрістерін, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. б) Елін, жерін сүюге, туған жерін мақтан тұтуға тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, бейне фильм көру. Сабақтың түрі: саяхат сабақ Көрнекілігі: интерактивті тақта, Астананың суреттері. Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Туған тілім - бабам тілім - өз тілім, Туған тілім - анам тілім – өз тілім, Туған тілім - далам тілім - өз тілім, Туған тілім - адам тілім – өз тілім,- дей келе, ардақты ана тілімізден сабағымызды бастайық.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Астана қаласы туралы әңгіме жүргізу.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

- Балалар мен сендердің қолдарыңа билетті неге бердім, өйткені бүгін біз Астана қаласына саяхатқа барамыз. Саяхатқа біз поезбен шығамыз. Астана кеше ғана басқа қала, Айналды бәйтеректі Астанаға. Астана қаласына жеткенше мен сендерге Астана туралы айтып берейін. Астана болған қалалар: 1925жылы Қызылорда (Ақмешіт) 1929жылыАлматы(Верный) 1997жылы Астана (Ақмола) 1998жылы 6 мамырда Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. Қала атауларының өзгеруі: 1961жылы - Ақмола қаласы ↓ 1961 - 92жылы - Целиноград ↓ 1993 - 98жылдары - Ақмола ↓ 1998жылы 6 - мамырда Астана Міне балалар Астана қаласына да жеттік.(Астана қаласының көрнекті жерлері интерактивті тақтадан көрсету және әрқайсысына жеке - жеке тоқталу) Астана Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Президенттік мәдени орталық, Конгресс - холл, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті, Пирамида, тағы басқа ғажап құрылыстар бой түзеген. Ертегі гүліне ұқсайтын биік Бәйтерек мұнарасы бар биіктігі105м. Астанаға әлемнің көптеген елдерінен Президенттері, өзге де мәртебелі қонақтар жиі келеді. Сол себепті ЮНЕСКО « Әлем қаласы»деген атақ беріпті. Біздің жеріміз өте бай. Оны бір күнде аралап шығу мүмкін емес. Қазақстан күміс, хромит, қорғасын мен мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфат шикізат өндіруден екінші орын, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр

Астана-арман қала өлеңін оқып,талдау.

Сұрақтарға жауап беру.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,  Саңырауқұлақ тереді.  Кездесті, міне, керегі:  Екеуі қайың астынан.  Біреуі терек қасынан.  Қанша олар болмақ есепте,  Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

- Астана қай өзеннің жағасында орналасқан? - ЮНЕСКО сөзін қалай түсінесің? - Конгресс хол аударғанда қандай мағынада? - Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар? - Астана көшелерін араладық, Бәйтеректі көрдік, картадан өзен - көл,, пайдалы қазбалар бар жерлерді көріп таныстық.

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттап алу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады