Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.09 Mб
Скачать

Оқу ісінің меңгерушісі:

12-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ж. Кәрбозин. Төрт мезгілді аңсау

Мақсаты

Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Өз бетінше,топта жұмыс нәтижесін көрсете біліуге жетелеу. Ойлау,сөйлеу,көркем жазу, өзін көрсете білу қабілеттерін дамыту. Білрлікке, білімпаздыққа тәрбиелеу.

3. Жаңа сабақты меңгереді.

4. Болашақта өз керегіне жарата біледі.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Қолымнан жиырма төрт үйрек ұшты,

Барды да отыз көлдің суын ішті. Көрді де сол үйректі он екі арқар, Үш жүз алпыс қозыға болды ішті. (1 тәуліктегі 24 сағат, 1 айдағы 30 күн, 1 жылдағы он екі ай, 360 тәулік) Айнала қорған салдым,

Ішіне жеті бөлме үй салдым. Жеті үйдің ішіне бір әйнек, Бір шырақ қойдым. (Дүниенің төрт бұрышы, жеті күн, ай мен күн) Он екі үйрек, бір сұңқар,

Жағалап ұшып сымпылдап. Отыз қызғыш төрт құзбен, Айнала жүріп сұңқылдап. (Он екі ай, 1 айдағы төрт жұма, отыз күн)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Тірек сөздер арқылы не туралы екенін табу, жалғастыру: І топ Көбелек, гүл, көк майса, өрістен қайтқан малдар...    ( жаз) ІІ топ Сарғайған жапырақ, қайнаған еңбек, қайтқан құстар, егін... (күз) ІІІ топ Терезеде ою, жер беті аппақ, ақ боран.... (қыс) ІV топ Мал төлдеп, жер бусанып, күн ұзарған, ояну... (көктем)

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Сұрақтарға жауап беру.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,  Саңырауқұлақ тереді.  Кездесті, міне, керегі:  Екеуі қайың астынан.  Біреуі терек қасынан.  Қанша олар болмақ есепте,  Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс

Әр қатарға жыл мезгілдеріне байланысты 2 сөйлем құрау тапсырылады.  1 - топ - көктем мезгіліне, 2 - топ - күз мезгіліне,  3 – топ - жаз мезгіліне. 

4-топ –қыс мезгіліне Мысалы: Көктемде мал төлдейді. Қозылар жасыл шөпке жайылады т.б

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:

13-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Шығарма Жыл мезгілдері.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

а) білімділік: модуль бойынша өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптардан алған білім деңгейлерін тексеру, оқушылардың тілдесім әрекеттерін арттыру, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап сауатты жазуын арттыру; ә) дамытушылық: оқушылардың көру, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы қазақ сөздерін дұрыс жазуға үйрету; б) тәрбиелік: бір-біріне бөгет болмай, жазба жұмысын жазудағы тәртіпті қатаң сақтауға баулып, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сырт-сырт етіп соғады,

Кеудесінде жүрегі, Өзі тілсіз сөйлейді, Өзі жансыз жүреді. (Сағат) Жүруден бір талмайтын,

Күн мен түннен қалмайтын. (Сағат) Жаңылмайды есептен,

Аяғы жоқ жүреді. Сөйлей тұғын тілі жоқ, Уақытыңды біледі. Күндіз-түні жүргенмен, Қызымайды жүрегі, Су ішіп, жем жемейді, Сықырлайды жүрегі. (Сағат)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Жыл мезгілдері.

Тақырып аясында әңгімелесу.

Тақырып бойынша білетіндерін сұрақ-жауап арқылы тексеру. 1. Бір жылда неше жыл мезгілі бар? 2. Бір мезгілде неше ай бар? 3. Қыс айларын атаңдар. 4. Көктем айларын атаңдар. 5. Жаз айларын атаңдар. 6. Күз айларын атаңдар. 4. Жазба жұмысының мәтінімен таныстыру. Жыл мезгілдері Бір жылда төрт мезгіл - көктем, жаз, күз және қыс бар. Көктем айлары – наурыз, сәуір, маусым. Қар наурыз айында ери бастайды. Сәуір айында барлығы көктей бастайды. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жаз маусымнан басталады, қыркүйекке дейін созылады. Шілде - ең ыстық ай. Тамызда кейде жаңбыр жауады. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазан мен қараша айлары жауынды және салқын болады. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыстың ең суық айы – қаңтар. Желтоқсанда күн қысқарып, түн ұзарады. Мәтіннің мазмұнына түсінгендерін анықтау мақсатында қойылатын сұрақтар. 1. Жыл мезгілдерін атаңдар. 2. Қай айда қар ери бастайды? 3. Қай айда барлығы көктей бастайды? 4. Жаз қай айдан қай айға дейін созылады? 5. Қазан мен қараша айларында ауа райы қандай болады? 6. Ең суық ай. 6. Оқушыларға жазба жұмысы барысында қойылатын талаптарды естеріне салу.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,  Саңырауқұлақ тереді.  Кездесті, міне, керегі:  Екеуі қайың астынан.  Біреуі терек қасынан.  Қанша олар болмақ есепте,  Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Грамматикалық тапсырма. Мәтіннен тәуелдіктің ІІІ жағында тұрған сөзді тауып алып септеңдер.

Үйге тапсырма

Тест тапсырмаларын құрастыру.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады