Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.09 Mб
Скачать

Оқу ісінің меңгерушісі:

15-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Н. Айтов. Бесік жыры

Мақсаты

Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Өз бетінше,топта жұмыс нәтижесін көрсете біліуге жетелеу. Ойлау,сөйлеу,көркем жазу, өзін көрсете білу қабілеттерін дамыту. Білрлікке, білімпаздыққа тәрбиелеу.

3. Жаңа сабақты меңгереді.

4. Болашақта өз керегіне жарата біледі.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

лдымен қара тұлпар озық келер, Арғымақ мойнын созып кейін келер, Соңынан боз арғымақ басып озып, Айналып бірін-бірі жүре берер. (Түн, таң, күн) Баяғыда болыпты екі патша,

Бірі қуып бара жатса, бірі қашса, Артында он екіден баласы бар, Үш жүз алпыстан болады тұқым шашса. (Күн мен ай, он екі ай) Үйрегім бар еді үйде үш жүз алпыс,

Мұнша үйректі санап алу елдің салты. Күніне бір үйрегім жоғалады, Айтшы сен сол үйректі кім алады? (Күнтізбе)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

«БҮКІЛ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ ӘН САЛЫП ТҰРҒАНДАЙ…» Бесікке бөленіп өскен баланың бір ерекшелігі — бесігін аңсап тұратындығында. Ондай бала өзінің бесігіне жатпаса, мазасызданып, ұйықтамай қояды. Бала әбден тойған сәтте анасы бесікті жайлап тербете отырып, бесік жырын айтатын болған. «Қазақтың 3-4 жасар баласының тілі жатық, ал 5-6 жастағы балалар шешен әрі тауып сөйлейді, ойын ұтымды жеткізе біледі», — деп таңдана жазған екен жер аударылып келген поляк революционері А.Янушкевич өз естеліктерінде. Әйгілі Затаевичтің «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай…» деуінің астарында көп сыр бар. Ал мұның басты себебі баланың бесік жырын тыңдап өскендігінде жатыр.

Бесік жыры — балаға берілетін алғашқы тәрбие. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Бесіктегі баланы әннің ырғағымен тербетеді. 

Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем, Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып, Шебер болар ма екенсің?! Таңдайларың тақылдап, Сөзіңді жұрт мақұлдап, Шешен болар ма екенсің?!

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Ой белсенділігін дамыту.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,  Саңырауқұлақ тереді.  Кездесті, міне, керегі:  Екеуі қайың астынан.  Біреуі терек қасынан.  Қанша олар болмақ есепте,  Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Несіпбек Айтұлы - 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағыШәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысыШұбартау ауданыБаршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1974—1984 жж. «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984—1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995—1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997 — 2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып, 2001 жылдан бері Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген. Қазір «Алтын тамыр» журналының бас редакторы.

Адамның еске түссе есіл күні, Есіне түседі екен бесік жыры. Жадымнан оқта-текте шығып кетсе, Анашым, айналайын, кешір мұны.

Қоңыр тау, Қоңыр өзен сарылдаған. Келеді алыстан сол сарын маған. Өз үнім естілгендей өзіме анық, Бір кезде бесігімде шарылдаған.

Бесігім, қасиеттім, кешір мені! Өмірдің заңы ғой бұл көшірмелі. Қайтар ем құндағыма мүмкін болса, Көкжиек жеткізбейді-ау көсілмелі.

Дүниеде саған нені теңгеремін, Қалды ғой сәбилігім сенде менің. Естілші тағы да бір, бесік жырым, Қысып тұр қаталатып шөл дегенің. Бесік жыр — аппақ сүтім, жарықтығым, Сен едің жарық жұлдыз, жарық күнім.

Жетсеңші, омырауыңнан иіскейін, Қабатын қалың түннің жарып бүгін. Айналып аспандағы күміс айға, Сәулесін түсіргенде үміт-айна, Тұрушы ең қараша үйді күңірентіп, Байғұздың сұңқылдаса үні сайда.

Тыңдатып тау күбірін, Мал дүбірін, Өзен-су, жартастардың жаңғырығын, Қасықтай көкірегіме құятынсың, Әкеліп табиғаттың барлық үнін.

Қағып ап бір қымбатты Мұңлы ырғақты, Құйтымдай қоңырау-жүрек күмбір қақты. Үзіліп кете ме деп үрейленем, Кенеттен қағып қалсам бір күн қатты…

Көп жылдар құлағыма шалынбаған, Сусап тұр балдай тәтті сарынға жан. Самал жел, Жалынамын, жеткізіп бер, Анамның әлдилеген әнін маған?!.

Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады