Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.09 Mб
Скачать

Оқу ісінің меңгерушісі:

27-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Әйтеке бидің шешендігі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

МАҚСАТЫ: Қазақтың атақты биі Әйтеке туралы толық мәлімет беру, тақырыптың негізгі идеясын ашу, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Әйтеке бидің өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беру КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ: Жаңа тақырыпты меңгереді, білімдерін толықтырады; Бір - бірінің ойына пікірлерін еркін қоса алады. Бір - бірімен қарым - қатынасы қалыптасады. Бағалау: Үш шапалақ, Екі жұлдыз бір тілек, смайликтер Ресурстар Power point беттері, интерактивті тақта, стикер, плакат

Психологиялық ахуал

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Әр топқа берілген тапсырма бойынша оқушылар тақырыпты талқылайды. 1 тапсырма: Әр топ жаңа тақырыпты өз беттерімен оқып шығады және жұпта, топта жұмыс жасап, жоба қорғайды. 1 - топ. «Өмірдерек» 2 - топ. «Атадан қалған асыл сөз» (Афоризмдер, сөзге хас шеберлігі) 3 - топ.. «Қанеки, тілім, сөйлеші». Әйтеке би бейнесін жасау. Әр топ мүшелері «Кластер әдісі» бойынша тақырыпты қорғайды. 2 - тапсырма «Иә», «Жоқ» стратегиясы бойынша Әйтеке би өмірі мен шығармашылығынан не білетіндері анықталады. 1. Әйтеке Байбекұлы Өзбекстанда өмірге келген. 2. Әйтеке қалмақ ханы Қоңтажымен кездескен. 3. Әйтекені Жалаңтөс баһадүр тәрбиелеген. 4. Әйтеке «Қарлығаш би» атанған. 5. Әйтеке 1667 жылы дүниеге келген. 6. «Елінен айрылған ер бақытсыз, жерінен айрылған ел бақытсыз...»даналық сөзін Әйтеке би айтқан ба? 7. 25 жасында Кіші жүздің бас биі болған. Оқушылар бүгінгі сабақта нені біліп, не түйгендері туралы ойлары бойынша пікір алмасады, өз ұсыныс - тілектерін стикер арқылы жапсырады.

Мағынаны тану

Ә ЙТЕКЕ Байбекұлы (23.03. 1644, Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша м. — 1700, Өзбекстан, Нұрата ауд. Сейітқұл қорымы) — казақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шықкан. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, кырғыз, қазақ, кұрама жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің - үшінші ұрпағы. Ә. Қоканға (1622 — 35) хан болған Ақшаның немересі, Самарқан өмірі (1622 — 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан. Шешендік касиетінің ерте танылуына әкесі Байбек пен Қосуақ бидің айрықша ықпалы тиеді. Алайда жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Ол өуелі Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс баһадүр салдырған, сән-сәулетімен әйгілі "Тіллә-кари" (Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде оқиды. Дін, құқық, аспан әлемі, жағырапия, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тіддерін меңгеріп шығады. Әйтеке Ақша атасынан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренсе, Жалантөс атасынан әскери қолбасшылық дәстүрлер мен дағдыларға жаттығады. Баланын он екі жасында Жалаңтөс атасы, он бес жасында Ақша атасы дүниеден озады. Әйтеке медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел баскару істеріне араласады.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,  Саңырауқұлақ тереді.  Кездесті, міне, керегі:  Екеуі қайың астынан.  Біреуі терек қасынан.  Қанша олар болмақ есепте,  Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

«Бүгінгі күннің сөйлемі» әдісі. Оқушылар бүгінгі сабақ тақырыбына байланысты бір сөйлем жазады.

Үйге тапсырма

Шешендік сөздер жаттау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады