Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дебиеттік оу 1,2,3,4-тосан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.09 Mб
Скачать

Оқу ісінің меңгерушісі:

18-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қ. Мырза Әли. Тоқымқағар

Мақсаты

Білімділік: Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ұлттық салт

дәстүр ұғымдарымен байланыстыра талдауға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: Ой қиялының, ауызша және жазбаша байланыстырып

сөйлеу қабілетінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: Сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы баланың бойына

ұлттық салт дәстүр ұғымдарын сіңіру, халық даналығын сезінуге,

еңбекті сүюге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты слайд. А.Байтұрсынов., Қ.Мырза Әли суреттері, плакатқа жазылған сөздер, тоқым, ат бейнесі

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

1.Психологиялық дайындық. (Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру),

2. Үй тапсырмасын тексеру.

А.Байтұрсынов «Енші үлесу». Мәтіннің мазмұнын оқушыдан сұраймын.

3. Үй тапсырмасын бекіту.

Ахмет Байтұрсынов кім? Қай жылы, қай жерде дүниеге келді, т.б. Енші деп нені атаймыз? Ата аналарыңа еншіге не берген?

4. Қызығушылығын ояту. Оқушылардан енші сөзінің мағынасын сұрай отырып, балаларға байланысты салт-дәстүрлерді атау. Шілдехана, бесік тойы, қырқынан шығару, түсау кесу, сүндет тойы, тілашар.

5. Жаңа сабақ. «Тоқымқағар».

1. Оқушыларға сыйқырлы сандықтың тапсырмасын орындату арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру. (Сандықтың ішінен тоқымқағар сөзін оқыту).

2. Өлеңнің авторы Қадыр Мырза Әлидің өмірбаянымен қысқаша таныстыру, суретін көрсету.

3. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.

4. Түсіндірме сөздік. Тоқым сөзіне түсінік беріп, аттың үстіне жауып көрсету.

5. Сергіту сәті. «Ата дәстүр» өлеңі арқылы өткізу.

6. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді оқушыларға іштей оқытамын.

7. Жеке оқушыларға оқытамын.

8. Ұлттық үлгідегі заттарға  байланысты жұмбақтар.

1. Қаз қанатын жаяды,

    Аққу мойнын созады,

    Үйрек төбесіне қонады. (Киіз үй).

2. Төрт бұрышты, бір ауызды. (Сандық).

3.  Шыр көбелек айналар,

     Беліне жіп байланар. (Ұршық).

9. Қорытындылау. «Тоқымқағар» дегеніміз не?

Жылқы төлінен бастап қалай аталады? Тоқым деп нені атаймыз?

6. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімдерін бағалау.

7. Үйге тапсырма. «Тоқымқағар».Жаттап келу. Сөздік дәптерлеріне тоқым, тоқымқағар сөздерінің мағынасын жазып келу.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Бағалау

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:

19-сабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Үш ағайындының әңгімесі (дайындаған Р. Акдемір)

Мақсаты

Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Өз бетінше,топта жұмыс нәтижесін көрсете біліуге жетелеу. Ойлау,сөйлеу,көркем жазу, өзін көрсете білу қабілеттерін дамыту. Білрлікке, білімпаздыққа тәрбиелеу.

3. Жаңа сабақты меңгереді.

4. Болашақта өз керегіне жарата біледі.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сөздi құрап, доп тiземiн,

Қоя салсаң бiр тары,

Жаңалықты жеткiземiн.   (Хабарлы сөйлем)

Ойды аяқтап орақ тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады.   (Сұраулы сөйлем)

Ұранды, шаттықты,

Өкiнiш, аптықты,

Бiлдiрiп ойын талайдың,

Шарға ине қадаймын.     (Лептi сөйлем)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықтағы тапсырманы оқу.

Сұрақтарға жауап беру.

Шығармашылық жұмыстар атқару.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,  Саңырауқұлақ тереді.  Кездесті, міне, керегі:  Екеуі қайың астынан.  Біреуі терек қасынан.  Қанша олар болмақ есепте,  Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

-Ағайындылар дегеніміз кімдер?

-Туыстық атауларды білесіңдер ме?

Бір отбасындағы туыстық атаулар

  • Ата - баланың әкесінің және анасының әкесі.

  • Апа - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесі. Одан арғылары әже, үлы әже деп аталады.

  • Әке - баласы бар ер адам

  • Ана - балалы әйел, туған шеше.

  • Аға - бірге туған ағайындылардың ер жағынан жасы үлкені.

  • Іні - бауырлас ер адамдардың жас жағынан кішісі.

  • Бауыр - бірге туған қыздардың үлкендеріне бауырлас ер адамдардың жасы жағынан кішісі.

  • Әпке - бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені.

  • Сіңілі - бірге туған қыздардың үлкендеріне жас жағынан кішісі.

  • Қарындас - бірге туған ағайынды ер адамдардан жасы кіші қыздар.

Үйге тапсырма

Отбасындағы туыстық қарым-қатынас туралы әңгімелеу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады