- •Бірінші тақырып. Саясаттану – ғылым
- •1. Саясаттанудың пәні
- •2. Саясаттанудың ұғымдары мен категориялары, заңдары мен әдістері
- •3. Қоғам жөніндегі ғылымдар құрылымындағы саясаттанудың орны. Саясаттанудың міндеттері
- •Екінші тақырып. Саяси ғылым тарихы
- •Ежелгі дүниедегі саяси идеялар
- •2. Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойлар
- •3. Ерте және жетілген буржуазиялық қоғамның саяси доктриналары
- •4. Ресейдің саяси ойлары
- •5. Қазақстанның саяси ойлары
- •6. Хх ғасырдағы саяси ғылымның қалыптасуы
- •Үшінші тақырып. Салыстырмалы саясаттану
- •Салыстырмалы саясаттануды» пайда болуы
- •Саяси зерттеулердi» салыстырмалы т¸сiлi
- •Ж¾йеленген к¼зºарастар ж¸не саяси ж¾йенi типтерге
- •Төртінші тақырып. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде
- •1. Саясат – қоғамдық құбылыс
- •Саясат пен экономика. Ішкі, сыртқы және әлемдік саясат
- •3. Саясат – қоғам өміріндегі өнер
- •Бесінші тақырып. Саяси билік
- •1. Билiктiң анықтамасы. Саяси билiктiң неriзгi белгiлерi
- •Саяси билiктiң механизмi, көздерi мен ресурстары
- •3. Биліктердің бөлiнyi – саясаттың теориясы мен принципі (негiзi) peтiндe
- •4. Саяси билiктiң легитимділігі (заңдылығы) және оның түрлерi
- •Алтыншы тақырып. Саяси режимдер
- •Саяси режим ұғымы
- •Тоталитарлық саяси режим
- •Авторитарлық саяси режим
- •Демократиялық саяси режим
- •Жетінші тақырып. Қоғамның саяси жүйесі
- •1. Қоғамның саяси жүйесі жөніндегі ұғым және оның мәні
- •2. Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы мен функциялары
- •3. Қоғамның саяси жүйесінің түрлері және оларды жіктеу
- •Сегізінші тақырып. Мемлекет ж°не азаматты² ²о±ам
- •Мемлекет – негiзгi саяси институт
- •Азаматтыº ºо¹ам
- •3. Мемлекет пен азаматтыº ºо¹амны» ¼зара ¸рекетi
- •Тоғызыншы тақырып. Саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар
- •1. Саяси партия ұғымы, типтері мен атқаратын қызметтері
- •2. Партиялық жүйелер
- •3. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар
- •Оныншы тақырып. °леуметтiк-этникалы² қауымдастықтар және ұлт саясаты
- •1. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың түрі жөніндегі түсінік
- •2. Этнос, ұлыс және ұлт
- •3. Этносаяси қауымдастық және ұлттық саясат
- •4. Ұлтаралық келісім – ұлт мәселесі шешілуінің көрінісі
- •Он бірінші тақырып. Саяси процесс
- •1. Саяси процесс ұғымы және оның мәні
- •2. Саяси процестің негізгі сатылары
- •3. Саяси процестің типологиясы
- •Он екінші тақырып. Саяси сана
- •Саяси сана ұғымы, құрылымы және функциялары
- •Саяси сананың деңгейлері мен түрлері
- •Саяси сананың идеологиялық компоненттері
- •Саяси психология – саяси сананың маңызды формасы
- •Он үшінші тақырып. Саяси мәдениет
- •Саяси мәдениет туралы түсінік және оның құрылымы
- •Саяси мәдениеттің типтері мен қызметі
- •Саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы
- •Он төртінші тақырып. Саяси элита және саяси көшбасшылық
- •Саяси элита ұғымы. Саяси элиталарды танып-білудің және бағалаудың негізгі тәсілдері.
- •Саяси элиталардың қалыптасу, ауысу процестері және олардың функциялары
- •Саяси көшбасшылардың мәні және табиғаты
- •4. Саяси көшбасшылар типтері және олардың даму ағымдары
- •Он бесінші тақырып. Саяси технологиялар
- •1. Саяси технологиялардың мәні мен типтері (түрлері)
- •2. Саяси талдау және саяси кеңес беру
- •3. Саяси шешімдер қабылдау және оны жүзеге асыру технологиялары
- •Саяси жанжалдарды басқару және бақылау технологиялары
- •Саясаттағы ақпараттық технологиялар
- •6. Сайлау технологиялары
- •Он алтыншы тақырып. Халықаралық қатынастар
- •1. Халықаралық қатынастардың анықтамасы мен мәні
- •2. Халықаралық қатынастар жүйесі
- •3. Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде
- •Мазмұны
- •Пікір жазғандар:
Саяси сананың деңгейлері мен түрлері
Саяси сананың мәнін дұрыс түсіну үшін оның деңгейлері мен түрлерін қарастыру қажет. Ғылыми әдебиеттерде осы мәселе бойынша одан әрі зерттеуді талап ететін әр түрлі көзқарастар, амалдар бар. Саяси сананың деңгейлерін сөз еткенде, менің көзқарасым бойынша, саяси сананың: мемлекеттік, теориялық, эмпирикалық және кәдімгі әдеттегі деңгейлерін бөліп көрсетуге болады.
Саяси сананың мемлекеттік деңгейі – бұл ресми саясатты жасау мен негіздеудің іске асырылатын деңгейі.
«Мемлекеттік» сана әр түрлі заң жобаларының, бағдарламалардың, конституциялардың және т.б. саяси қатынастарын реттейтінін айтуымыз керек. Саяси сананың осы деңгейінде өмірде бар саяси тәртіптер мен басқару принциптері мейлінше табанды түрде қорғалады. Солай десек те, билеуші саяси күштердің ортақ мүдделерін көрсетуге тырысуы бұл деңгейдің басты белгілерінің бірі болып табылады. Осы деңгейдің өзінде-ақ саяси институттар жүргізіп отырған саясатқа қоғам мүдделерінің, қоғамдық пікірдің бейімделуі жүреді.
Саяси сананың теориялық деңгейін қоғамның саяси өмірін басқаратын заңдарды ашуға бағытталуы ерекшелендіреді. Сондықтан саяси сананың теориялық деңгейі саяси сипаты бар алуан түрлі тұжырымдамалар, идеялар, көзқарастармен көрсетілген. Бұл деңгей ғылыммен және қайсыбір таптың, билеуші топтың идеологиясымен тығыз байланысқан. Десек те идеология (саяси) мазмұны бойынша теориялық санамен (саяси теориялармен) біршама сәйкес келеді, бірақ өзінің ерекшелігі де бар екенін айтқан жөн.
Саяси теорияның (теориялық сананың) міндеті – саясаттың пайда болуы мен одан әрі дамуын түсіндіруге мүмкіндік беретін саясат туралы жүйеленген білімді жасау.
Осымен байланысты теориялық деңгейде саясатты жете түсіну, біріншіден, іргелі-стратегиялық және ағымдағы тактикалық маңызды саяси мақсаттар мен міндеттерді қоюға және шешуге мүмкіндік береді, екіншіден, оларға жетудің құралдары мен әдістерін анықтайды, үшіншіден, пісіп-жетілген проблемаларды шешудің ұйымдық саяси қамтамасыз ету бағыттары мен жолдарын анықтайды. Мұндай жете түсіну саяси шешімдер мен мақсатты бағдарламалардың іске асу барысына бақылау механизмін жасауға; саяси оқиғалардың нақтылы барысына ғылыми сараптама жасауға; билік органдары қабылдаған саяси шешімдердің шынайы және мүмкін салдарларын практикалық тәжірибенің мәліметтерін ескере отырып,, саясатты түзетуге мүмкіндік береді.
Саяси сананың эмпирикалық деңгейі тікелей саяси практикаға, саяси процеске жекелеген адамдардың және әр түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың шын қатысуына негізделген. Ол саяси процеске қатысатын субъектілердің өздерінде пайда болатын бақылау, сезіну, елестету, сағым, әсерленушілік формасындағы саяси шындықты бейнелейді. Саясат саласындағы теориялық көзқарастармен қатар олар бұқарада саясат және саяси қайраткерлер жөнінде қоғамдық пікірді, ал кең көлемде – қоғамның саяси мәдениетін қалыптастырудың негіздік қызметін атқарады.
Үйреншікті, кәдімгі әдеттегі саяси сана қоғамның басым көпшілік мүшелерінде орнығады, оған күнделікті өмірде қалыптасу тән. Десек те саяси сананың қарапайым деңгейі саяси сананың эмпирикалық деңгейімен тығыз байланысқан, солай болғанымен де одан бірқатар айырмашылықтары бар1. Мысалы, саяси сананың эмпирикалық деңгейін субъектінің практикалық тәжірибесі сипаттайды. Ал үйреншікті, кәдімгі әдеттегі деңгейді қоғамдық таптың, әлеуметтік топтың немесе адам топтарының тікелей күнделікті өмірде пайда болатын идеяларының, көзқарастарының жиынтығы сипаттайды. Саяси сананың үйреншікті деңгейі эмпирикалық деңгейге қарағанда идеологиялық және теориялық элементтерінің болуымен айрықшаланады. Осы деңгейге анық көрінетін әлеуметтік-психологиялық белгілер: көңіл-күй, сезім, эмоция тән. Бұл оған саяси жағдайдағы өзгерістерді анық сезінудің ерекше динамикасын, қабілетін береді.
Кәдімгі әдеттегі саяси сана саясат туралы күнделікті дұрыс мағына көзқарасы тұрғысынан пікірдің және тұрмыстық түсініктің ықпалымен қалыптасып және дамитын болғандықтан, оған шайылу, жүйесіздік, қарама-қарсылық, стихиялық тән болады.
Кәдімгі әдеттегі саяси сана адамның саяси институттармен соқтығысып, қысқа практикалық тәжірибесіне арқа сүйейді. Сондықтан ол саяси психологияның негіздеуі бойынша жүреді. Алайда, кәдімгі әдеттегі сана саяси психологиямен ұқсас емес. Ал, саяси психология кәдімгі әдеттегі саяси сана шеңберінен шығып кетеді.
Көпшіліктің санасында жасалған мінез-құлық стеореотипі мейлінше тұрақты болып келеді. Оның мәнін жай ғана түсіндіруге болады. Оның мәні адамдардың проблемаларды әп-сәтте шешсем деген ықыласы мен талабында жатыр. Проблеманы шешу технологиясы санадан тыс тұрғандай. Сондықтан кәдімгі әдеттегі сана болашақта болса екен деген идеалды моделді өте таяу арада өмірге енгізуді өзінің билікке жету жолында уәде беретін демагогиялық көшбасшылардың әуегейлік (популистік) ықпалына түсіп қалады. Мысалы, горбачевтық «қайта құру» кезінде реформаның утопиялық бағдарламасы жасалып, оны жүзеге асыру арқылы 500 күнде елді дағдарыстан шығарып, прогреске жету белгіленген еді.
Саяси сана өткен мен бүгінгіні бағалауды тұрақты түрде анықтау үшін алуан түрлі саяси құбылыстарға қайтадан түсініктеме беруде ашық та айқын болуға тиіс. Саяси сананың мәнін барынша толық түсіну үшін оның алуан түрлерін қарастыру орынды саналады. Саяси сананың субъектісін (алып жүруші) ескере отырып, менің көзқарасымша, саяси сананың: индивидуалдық, топтық, бұқаралық және қоғамдық сана түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Индивидуалдық саяси сана қоғамның саяси дамуы жөнінде адамның жеке басының тәжірибесіне негізделген бағалау мен пікірлерден тұрады. Солай болғанымен де индивидуалдық саяси сана, бір жағынан, топтық, бұқаралық және қоғамдық саяси сананың аса маңызды элементтерін органикалық қабылдайды, ал екінші жағынан, оларға бірегей түсініктеме береді, тұлғаның субъективтік түсінігінен шыға отырып өңдейді.
Индивидуалдық саяси сана адамның өз саяси құқығы мен еркін меңгеруді, оларды нақты өмірлік жағдайда дағдылы қолдана білуді топшылайтынын атап айтамыз. Индивидуалдық саяси сананың дамуында индивидтің жеке өміріне мемлекеттің араласуын жоққа шығаратын, жеке бас бостандығына, индивидуализмге, тұлға автономиясына ерекше көңіл қоятын классикалық либерализм үлкен рөл атқарады. Либералдық идеялардың одан кейінгі дамуы тұлға мен мемлекет арасындағы ара салмақты түбегейлі өзгертуге әкеп соқты: адам мемлекетке қызмет етпейді, керісінше соңғысы адамға қызмет етеді.
Топтық саяси сана – бұл қоғамның қайсыбір әлеуметтік топтарының, таптарының, жіктерінің, кәсіби қауымдастығының және т.б. саяси түсінігі және сезімі. Жеке тұлға саяси тұрғыдан алғанда өзін жақын, айналасындағылардың көзқарастарынан, өзі тұрақты әрекет ететін және тұлғаның өзін-өзі тануына негіздік қызмет атқаратын локалды топтан «өсіп шығады».
Бір әлеуметтік топтың саяси санасы басқа әлеуметтік топтың саяси санасынан анағұрлым ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, таптық қарама-қайшылықтары анық байқалатын қоғамда таптардың саяси санасы айқын ерекшеленеді. Халықтың жас мөлшеріне қарай бөлінген жігінің, сонымен қатар әр түрлі кәсіби топтардың саяси санасында да өзгешеліктер бар.
Топтық саяси сананы бұқаралық саяси санадан ажырата білу керек. Бұқаралық саяси сана қоғамның мұқтаждық деңгейі мен мазмұнын жанама білдіреді. Ол сонымен қатар қоғамның саяси шындық туралы білімінің сипатын бейнелейді. Бұқаралық саяси сана мейлінше динамикалық құбылыс. Оған көптеген факторлар ықпал етеді: қайсыбір саяси партиялардың саяси бағыттары мен әрекет тактикасы, алуан түрлі әлеуметтік сілкіністер, нақты тарихи жағдайдың мазмұны және көптеген басқа да факторлар.
Бұқаралық саяси сана қоғамның саяси мәдениетінің типі мен деңгейін анықтайды және саяси мінез-құлықтың баршаға ортақ типтік варианттарын орнықтырады.
Осымен байланысты бұқаралық саяси сана қайсыбір әлеуметтік проблеманы шешуге назар аударып және әлеуметтік күш-қуатты тарта отырып саяси қызметті ынталандыра алуымен қатар, бұл проблема егерде шын мәнінде аса маңызды және өзекжарды болмаса, оны барынша қиындата да алады. Саяси практика, сондықтан саяси оқиғаға таза эмоциональды көңіл аудару, тікелей саяси нақтылықтың көріністік бейнесі шеңберінен шығу қажеттігін тұрақты және табанды түрде тудырады.
Бұқаралық саяси сана күйінің қоғамдық пікірден көрініс табатынын ерекше атап өтуіміз керек. Қоғамдық пікір – бұл қоғамда тараған саясат туралы пікірлерді байқататын қоғамның әр түрлі топтарының саяси фактілер мен оқиғаларға жасырын және ашық қатынасы. Қоғамдық пікір ең алдымен әр түрлі әлеуметтік топтардың көңіл-күйімен, олардың саясатқа баға берумен, қоғамдық өмірдегі қайсыбір саяси институттар мен субъектілердің орны мен рөліне байланысты екенін аңғару қиын емес. Ол бүкіл қоғам шеңберінде де, нақты таптар, топтар және жіктердің ортасында да, белгілі бір жерде де, қайсыбір аймақтардың деңгейінде де қалыптаса алады.
Елдегі халықтың, құрлықтың, тарихи дәуірдің саяси санасын сипаттау үшін «қоғамдық саяси сана» ұғымы қолданылады.
«Қоғамдық саяси сана» ұғымы «қоғамның саяси санасы» ұғымына жақын екенін айтуымыз керек. Олар бір-бірімен тығыз араласқан, бірақ толық сәйкес келмейді. Олардың ортақ бейнелеу объектісі – қоғам.
Қоғамның саяси санасы, жалпылама айтқанда, бұл көпшілік (бұқара) пен азшылықтың (элита) саяси билік, әлеуметтік процестер мен проблемаларды реттеу, мемлекетті және қоғамдық институттарды қалыптастыру бойынша қоғамдық қатынастарының психология мен идеологиядағы бейнеленуі мен көрінісі.
Қоғамдық саяси сана сол қоғам үшін жалпы саяси дамуды бағалаудан, сонымен қатар саясатпен байланысқан сезімдік және психологиялық әсерленушіліктен қалыптасады. Бұл қоғамдық өмірдің саяси саласы туралы әрекеттегі түсінік, дәстүрлі психологиялық күту мен дүниетанымдық баға. Қоғамдық сана топтық, бұқаралық және индивидуалдық саяси сана үшін негіздік қызмет атқарады. Сонымен қатар, ол күрделі және қарама-қайшылықты құбылыс. Олай дейтініміз, біріншіден, адамдардың өз саяси пікірлерін құрастыратын сұрақтар, мәселелер қоғам өмірінде әрқашанда көптеп кездеседі; екіншіден, кейде көптеген нәрсе бойынша, мәселелер, сұрақтар негізінде бір емес, бірнеше пікірлер пайда болады.
Қазақстандық қоғамдық саяси санаға тарихи, әлеуметтік-мәдени және ұлттық дәстүрлер, ғасырдан-ғасырға берілген салттар, діни сенімдер, әдет-ғұрыптар, қоғамдық нұсқаулар, құндылықтар, идеялар және т.б. үлкен ықпал етті. Олар қоғамда ұзақ уақыт сақталған әлеуметтік-мәдени және ұлттық мұра болып табылады. Дәстүрлер мен діл (менталитет) тығыз байланысқан – халықтың тарихи қалыптасқан тұрақты ақыл-ой құрылысы және рухани салты. Дәстүрлер мен діл өмірдің тексерісінен өткен іргелі әлеуметтік құндылықтар, идеялар және көзқарастардың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Оған, мысалы, қазақтардың өзіндік дүниетанымы жатады1.
Саяси санаға аса күрделі, тұрақтылық пен динамизм тән. Оның деңгейлері мен түрлерін бөлу және талдау оның нақтылы өмір сүруін көрсетуге, сол деңгейлерді, түрлерді теңестіруге немесе оларды бір-біріне қарама-қарсы қоюға жол бермейді. Солай десек те саяси сананың деңгейлері мен түрлері бір-біріне өтеді және өзара өтулер қазіргі саяси сананың сипатты белгісі болып табылады, өйткені оның деңгейлері мен түрлері бөлшектенбейді, бір-бірімен қатыссыз бола алмайды.
Саяси сананың типтерге бөлінетініне де көңіл аудару қажет. Саяси сана типтерінің арасынан тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық және т.б. типтері ерекше көрінеді.
Адамдардың саяси санасына мақсатты бағытталған идеологиялық органдар, БАҚ және т.б. ықпалы зор рөл атқарады. Осымен байланысты идеологияның саяси сананың құрамдас бөлігі екенін атап айту қажет.
