- •Бірінші тақырып. Саясаттану – ғылым
- •1. Саясаттанудың пәні
- •2. Саясаттанудың ұғымдары мен категориялары, заңдары мен әдістері
- •3. Қоғам жөніндегі ғылымдар құрылымындағы саясаттанудың орны. Саясаттанудың міндеттері
- •Екінші тақырып. Саяси ғылым тарихы
- •Ежелгі дүниедегі саяси идеялар
- •2. Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойлар
- •3. Ерте және жетілген буржуазиялық қоғамның саяси доктриналары
- •4. Ресейдің саяси ойлары
- •5. Қазақстанның саяси ойлары
- •6. Хх ғасырдағы саяси ғылымның қалыптасуы
- •Үшінші тақырып. Салыстырмалы саясаттану
- •Салыстырмалы саясаттануды» пайда болуы
- •Саяси зерттеулердi» салыстырмалы т¸сiлi
- •Ж¾йеленген к¼зºарастар ж¸не саяси ж¾йенi типтерге
- •Төртінші тақырып. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде
- •1. Саясат – қоғамдық құбылыс
- •Саясат пен экономика. Ішкі, сыртқы және әлемдік саясат
- •3. Саясат – қоғам өміріндегі өнер
- •Бесінші тақырып. Саяси билік
- •1. Билiктiң анықтамасы. Саяси билiктiң неriзгi белгiлерi
- •Саяси билiктiң механизмi, көздерi мен ресурстары
- •3. Биліктердің бөлiнyi – саясаттың теориясы мен принципі (негiзi) peтiндe
- •4. Саяси билiктiң легитимділігі (заңдылығы) және оның түрлерi
- •Алтыншы тақырып. Саяси режимдер
- •Саяси режим ұғымы
- •Тоталитарлық саяси режим
- •Авторитарлық саяси режим
- •Демократиялық саяси режим
- •Жетінші тақырып. Қоғамның саяси жүйесі
- •1. Қоғамның саяси жүйесі жөніндегі ұғым және оның мәні
- •2. Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы мен функциялары
- •3. Қоғамның саяси жүйесінің түрлері және оларды жіктеу
- •Сегізінші тақырып. Мемлекет ж°не азаматты² ²о±ам
- •Мемлекет – негiзгi саяси институт
- •Азаматтыº ºо¹ам
- •3. Мемлекет пен азаматтыº ºо¹амны» ¼зара ¸рекетi
- •Тоғызыншы тақырып. Саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар
- •1. Саяси партия ұғымы, типтері мен атқаратын қызметтері
- •2. Партиялық жүйелер
- •3. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар
- •Оныншы тақырып. °леуметтiк-этникалы² қауымдастықтар және ұлт саясаты
- •1. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың түрі жөніндегі түсінік
- •2. Этнос, ұлыс және ұлт
- •3. Этносаяси қауымдастық және ұлттық саясат
- •4. Ұлтаралық келісім – ұлт мәселесі шешілуінің көрінісі
- •Он бірінші тақырып. Саяси процесс
- •1. Саяси процесс ұғымы және оның мәні
- •2. Саяси процестің негізгі сатылары
- •3. Саяси процестің типологиясы
- •Он екінші тақырып. Саяси сана
- •Саяси сана ұғымы, құрылымы және функциялары
- •Саяси сананың деңгейлері мен түрлері
- •Саяси сананың идеологиялық компоненттері
- •Саяси психология – саяси сананың маңызды формасы
- •Он үшінші тақырып. Саяси мәдениет
- •Саяси мәдениет туралы түсінік және оның құрылымы
- •Саяси мәдениеттің типтері мен қызметі
- •Саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы
- •Он төртінші тақырып. Саяси элита және саяси көшбасшылық
- •Саяси элита ұғымы. Саяси элиталарды танып-білудің және бағалаудың негізгі тәсілдері.
- •Саяси элиталардың қалыптасу, ауысу процестері және олардың функциялары
- •Саяси көшбасшылардың мәні және табиғаты
- •4. Саяси көшбасшылар типтері және олардың даму ағымдары
- •Он бесінші тақырып. Саяси технологиялар
- •1. Саяси технологиялардың мәні мен типтері (түрлері)
- •2. Саяси талдау және саяси кеңес беру
- •3. Саяси шешімдер қабылдау және оны жүзеге асыру технологиялары
- •Саяси жанжалдарды басқару және бақылау технологиялары
- •Саясаттағы ақпараттық технологиялар
- •6. Сайлау технологиялары
- •Он алтыншы тақырып. Халықаралық қатынастар
- •1. Халықаралық қатынастардың анықтамасы мен мәні
- •2. Халықаралық қатынастар жүйесі
- •3. Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде
- •Мазмұны
- •Пікір жазғандар:
3. Саясат – қоғам өміріндегі өнер
Саясатты қоғамдық өмір саласы ретінде ұғыну саясаттың өнер екендігіне көз жеткізгендей болады. Таратып айтар болсақ, саясат мемлекетті шебер басқарудың өнері, белгілі бір топтың мүдделеріне жауап бере алатын саяси қызмет өнері, билікті іске асыру, оны жеңіп алу, не болмаса сақтау өнері бола алады.
Саяси өнер – бұл қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана білу, теориялық білімді, пайымдауларды шабытпен, жорамалмен, сезіммен, шығармашылық батылдықпен әрі құрғақ қиялмен ұштастыру негізінде дұрыс шешімдер қабылдай білу. Сондықтан саясат өнерін менсінбеушілік ауыр зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін1.
Демек, саясат өнер ретінде – ойластырылған қадамдар, іс-әрекеттер, айлалар, жалтарулар, ымырасулар, келісімдер, шегінулер, айналып өтулер, қысымдар, топшылаулар. Бұл – қулықтың, кейде алдаудың, келемеждеудің, тіпті адалдығы мен тазалығы жоқ саяси ойындардың сан алуан түрлері. Егер шынын айтсақ, мұндай жағдайлар біздің қоғамымызда да болды. Саясаттағы талас-тартыстан біз күні бүгінге дейін әлі қол үзген жоқпыз. Адалдық, шындық, жоғары өнегелік саясаты үлкен қиыншылықпен, еңбекпен орнығады. Таза пиғылмен және таза әрекетпен іске асатын саясатқа көшу – бұл шын мәніндегі әділ, демократиялық қоғамға лайықты жоғары мұрат. Біз осыған қол жеткізуге бірден-бір мүдделіміз.
Ол үшін саясат пен саясатшылар соғыстарға, ішкі және сыртқы ахуалдың күрт төмендеп кетуіне, нәсілшілдік, ұлтшылдық, діни, таптық, әлеуметтік-экономикалық негіздегі қақтығыстардың, алауыздықтардың, түсінбеушіліктердің үстемдік алуына жол бермеулері тиіс. Мұнда жаңадан пайда болған «консенсус», «интеграция», «плюрализм» сияқты сұлу сөз тіркестерінің тасасына жасырына алмайсың. Бұл жерде ешбір ақылгөйсусіз орынды ғылыми ой керек, әрі басқаны түсіну, оның жағдайына қарау, мүддесін ескеру, төзімділік керсету, жақсы қарсы алу, келісімге жету, қарым-қатынасты нығайтып, дамыта білу қажет.
Саясат жәй ғана емес, тура мағынасындағы нағыз өнерге айналмайынша ешбір ел, ешқандай халық еш уақытта жарқын болашақты көре алмайды. Мұндай өнер тек мемлекет басшыларына ғана емес, не болмаса тек партиялардың басшыларына да тән болуы керек.
Осыған орай, саясат өнер ретінде – кеңістік пен уақыт көлемінде адамдарға өз әсерін тигізетін, жоспарларымен әрі нәтижелерімен көптеген тағдырларға ықпал ететін сыналған, ойластырылған қызметтің тұтас, орасан зор жүйесі екендігін айтуға болады. Бұл жүйеде бірінші сыныптағылар да, бірінші курс студенттері де, сол секілді олақ және ынжықтары бар. Бірақ саясаттың бағдары мен тағдырын олар айқындамайды. Әдетте, жаңа бастап жүргендер үйренеді, үйрене алмайтындарды саясаттың өзі-ақ қатардан шығарып тастайды. Сөйтіп, өзінің қатарын осы бір ежелгі әрі шын мәніндегі мәңгілік кәсіпке құмартушылардың жаңа легімен толықтырады.
Саясат көбіне саясатшылардың өзіндік қабілетіне, оның жеке бастамасына, тіпті түйсігіне де байланысты. Осынау сапалар саяси қызмет үстінде ашық көрініс тауып, оның сипатына елеулі түрде ықпал жасайтын болады.
Осының нәтижесінде мазмұны шешімдерді қабылдауда қүқықты адамдар қарауына байланысты болатын әр түрлі саяси шешімдерде сол бір ғана объективтік қажеттілік білдіре алады. Шындығында субъективтік фактордың нәтижесінде пайда болған ауытқу өрісі объективтік түрде шектелген. Бірақ ол саяси қорытындылар мен әрекеттерді қарама-қайшылыққа алып келуге толық жеткілікті. Саясаттың субъектісі мен объектісінің осындай сипаты оны өнер биігіне алып келеді десек қателеспейміз.
Саясат өнер ретінде әлеуметтік процестердің субъективтік жақтарымен тікелей байланысты. Ол бәрінен де бұрын саясатшының адамдармен жұмыс істей білу қабілетіне байланысты әрі оның саясаттың субъектісі мен объектісінің келісушілігін тек іскерлік қасиеттері тұрғысынан көре білуіне ғана емес, сондай-ақ адамгершілік тұрғысынан да: психологиялық кейпін, ілтипаттылығын, мінез табандылығын, батылдығын, жауапкершілікті мойнына ала білу қасиетін, ең соңында бұқара үніне, олардың көңіл-күйлеріне құлақ аса алатындығын көре білу қабілетінде жатыр.
Саяси қайраткерлердің өнері бұқараның саяси өмірге араласуының қоғамдық дамудың кезеңдеріне әрі олардың саяси мәдениетінің деңгейіне, сондай-ақ бейімділіктеріне сәйкес келетін түрлерін таңдай білуінен көрінеді. Бұл түрлер (нысандар) егер дұрыс табылған болса, бұқара қуатын өсіреді немесе оны баса алады; құнды бастамаларды қолдайды немесе оларды тұншықтыра алады; кемшіліктерге қарсы күресті өрістетеді немесе кемшіліктерді өршіте алады. Осының бәрі адамды, оның мүдделерін үғынып, бұл мүдделерді жалпы ортақ мүдделерге бағындыра білуді және мұның өзін басқарылатын адамдар ортақ нәрсені өзімдікі деп санайтындай етіп істей білуді талап етеді.
Саясатшы өнерінің нағыз мәні, нақтылап айтқанда, өнердің өзі көзге көрінбей, саяси қайраткердің барлық ісі өз-өзінен табиғи түрде, ешқандай қысымсыз жүріп отыратындығында жатыр. Сондықтан саясат өнер ретінде нақты ахуалға сәйкес келетін объект қызметін белсенді жүргізетін құралдарды таңдай білуге көп байланысты. Шебер саясатшы күрделі міндеттерді шешу жолында адамдарды қай мезгілде жұмылдыруға болатынын дәл анықтай біледі. Оның табысты болуы бір ғана әкімшілік жолмен емес, қайта адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасаумен, тұрақты түрде қамқорлықпен, дұрыс талап қоя білумен де байланысты.
Саясатшы белгіленген жағдайдан объекті тәртібінің ауытқушылығы сыртынан тек фактінің өзін ғана көріп қоймай, бұл ауытқушылықтың негізі болған қайшылықты да көре білуі тиіс. Басшы өнері – адам мінезінің бүкіл күрделі ерекшеліктерін ұғына білуінде жатыр.
Саясатта, әсіресе, мансапқорлар, авантюристер, екі жүзді арамзалар, алаяқтар, экстремистер, бір мезеттік халифтер (атақ-құмарлар), өресіздер, айлакерлер өте қауіпті. Мұндай адамдар саяси сахнада неғұрлым ұзақ тұрса, соғұрлым қоғамға, халыққа көп залал келтіреді.
Халық саясат пен саясатшылар туралы пікір алысуға, оларға ықпал ету, оларды бақылау тетіктеріне қожа болу құқығын иеленуі керек. Халық өз ортасынан жаңа саясатшыларды, жетекшілерді шығарып, оларды алмастырып отыруы тиіс. Сонымен қатар халық саясатты талқылауға, енгізуге және оны өмірде жүзеге асыруға тікелей атсалысуы керек. Бұл жерде іс тек парламенттерге, мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттар ұсынуымен, оларға дауыс берумен, референдумдарға қатысумен шектеліп қалмағаны жөн. Сондықтан да әрбір адамды саясатқа тарту, оған саяси білім беру, оның өз бетімен саяси білімін жетілдіру ісін шын мәніндегі жауапты мәселе десек, онда қоғамның саяси әрі мәдени прогресін тежейтін саяси мәдениеттің олқылықтарын жеңе білуіміз қажет.
Сонымен, қорыта айтқанда, шебер саясат – бұл жан-жақты ойластырылған, сақ саясат. Ол әрбір адамнан ақылы мен еркінің барынша ширауын, оғаш мінезі мен қызбалығын ауыздықтауды талап етеді. Егер қолданыстағы саясат үлгілі, өнегелі, адамгершілік мақсаттарға – адамдарды бақытты етуге, өмірдің қуанышын таттыруға бағытталған болса, онда мұндай саясат пен саяси қызмет замандастарымыз бен ұрпақтарымыздың тарапынан жоғары бағалануға, әрі мойындалуға лайықты. Бүгінгі таңдағы саясаттың басты мұраты – адамгершілікті ту етіп көтерген әділетті, демократияшыл, өркениетті қоғам орнату мақсаттарына қызмет ету болып табылады.
