- •Бірінші тақырып. Саясаттану – ғылым
- •1. Саясаттанудың пәні
- •2. Саясаттанудың ұғымдары мен категориялары, заңдары мен әдістері
- •3. Қоғам жөніндегі ғылымдар құрылымындағы саясаттанудың орны. Саясаттанудың міндеттері
- •Екінші тақырып. Саяси ғылым тарихы
- •Ежелгі дүниедегі саяси идеялар
- •2. Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойлар
- •3. Ерте және жетілген буржуазиялық қоғамның саяси доктриналары
- •4. Ресейдің саяси ойлары
- •5. Қазақстанның саяси ойлары
- •6. Хх ғасырдағы саяси ғылымның қалыптасуы
- •Үшінші тақырып. Салыстырмалы саясаттану
- •Салыстырмалы саясаттануды» пайда болуы
- •Саяси зерттеулердi» салыстырмалы т¸сiлi
- •Ж¾йеленген к¼зºарастар ж¸не саяси ж¾йенi типтерге
- •Төртінші тақырып. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде
- •1. Саясат – қоғамдық құбылыс
- •Саясат пен экономика. Ішкі, сыртқы және әлемдік саясат
- •3. Саясат – қоғам өміріндегі өнер
- •Бесінші тақырып. Саяси билік
- •1. Билiктiң анықтамасы. Саяси билiктiң неriзгi белгiлерi
- •Саяси билiктiң механизмi, көздерi мен ресурстары
- •3. Биліктердің бөлiнyi – саясаттың теориясы мен принципі (негiзi) peтiндe
- •4. Саяси билiктiң легитимділігі (заңдылығы) және оның түрлерi
- •Алтыншы тақырып. Саяси режимдер
- •Саяси режим ұғымы
- •Тоталитарлық саяси режим
- •Авторитарлық саяси режим
- •Демократиялық саяси режим
- •Жетінші тақырып. Қоғамның саяси жүйесі
- •1. Қоғамның саяси жүйесі жөніндегі ұғым және оның мәні
- •2. Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы мен функциялары
- •3. Қоғамның саяси жүйесінің түрлері және оларды жіктеу
- •Сегізінші тақырып. Мемлекет ж°не азаматты² ²о±ам
- •Мемлекет – негiзгi саяси институт
- •Азаматтыº ºо¹ам
- •3. Мемлекет пен азаматтыº ºо¹амны» ¼зара ¸рекетi
- •Тоғызыншы тақырып. Саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар
- •1. Саяси партия ұғымы, типтері мен атқаратын қызметтері
- •2. Партиялық жүйелер
- •3. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар
- •Оныншы тақырып. °леуметтiк-этникалы² қауымдастықтар және ұлт саясаты
- •1. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың түрі жөніндегі түсінік
- •2. Этнос, ұлыс және ұлт
- •3. Этносаяси қауымдастық және ұлттық саясат
- •4. Ұлтаралық келісім – ұлт мәселесі шешілуінің көрінісі
- •Он бірінші тақырып. Саяси процесс
- •1. Саяси процесс ұғымы және оның мәні
- •2. Саяси процестің негізгі сатылары
- •3. Саяси процестің типологиясы
- •Он екінші тақырып. Саяси сана
- •Саяси сана ұғымы, құрылымы және функциялары
- •Саяси сананың деңгейлері мен түрлері
- •Саяси сананың идеологиялық компоненттері
- •Саяси психология – саяси сананың маңызды формасы
- •Он үшінші тақырып. Саяси мәдениет
- •Саяси мәдениет туралы түсінік және оның құрылымы
- •Саяси мәдениеттің типтері мен қызметі
- •Саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы
- •Он төртінші тақырып. Саяси элита және саяси көшбасшылық
- •Саяси элита ұғымы. Саяси элиталарды танып-білудің және бағалаудың негізгі тәсілдері.
- •Саяси элиталардың қалыптасу, ауысу процестері және олардың функциялары
- •Саяси көшбасшылардың мәні және табиғаты
- •4. Саяси көшбасшылар типтері және олардың даму ағымдары
- •Он бесінші тақырып. Саяси технологиялар
- •1. Саяси технологиялардың мәні мен типтері (түрлері)
- •2. Саяси талдау және саяси кеңес беру
- •3. Саяси шешімдер қабылдау және оны жүзеге асыру технологиялары
- •Саяси жанжалдарды басқару және бақылау технологиялары
- •Саясаттағы ақпараттық технологиялар
- •6. Сайлау технологиялары
- •Он алтыншы тақырып. Халықаралық қатынастар
- •1. Халықаралық қатынастардың анықтамасы мен мәні
- •2. Халықаралық қатынастар жүйесі
- •3. Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде
- •Мазмұны
- •Пікір жазғандар:
4. Ұлтаралық келісім – ұлт мәселесі шешілуінің көрінісі
Қазіргі жағдайларда ұлтаралық келісім процестерінің шынайы мазмұнын оның барлық күрделілігі мен қарама-қайшылықтығында әлеуметтік-этникалық қауымдастықтардың дамуы тұрғысында талдау ерекше рөлге ие болуда. Осы ретте мынадай парадоксальды жағдай қалыптасқанын айта кеткен жөн. Егер бұрынырақ ғылыми әдебиеттерде және тәжірибелік қызметте біз интернационалдыққа абстрактілі басымдық бере отырып, қоғам өміріндегі ұлттық фактордың рөлін жете бағаламаған болсақ, қазір, керісінше ұлттықты ерекше әсірелейміз, көбіне әлемдік дамудың заңдылықтарының бірі ретіндегі халықтардың бірлесуінің объективті үрдістерін елемейміз немесе маңызын кетіреміз. Сонымен бірге біздің қоғамның келешегі оларды дұрыс тану мен түсіндіруге және халықтар консолидациясындағы ұлтаралық келісімнің рөлін біздің түсінуімізге байланысты. Сондықтан да мен ұлтаралық келісімнің жете зерттелмеген, ерекше маңызды, күрделі, көп қырлы мәселелеріне деген жетік көзқарастың шұғыл түрдегі қажеттілігі туралы пікірге толықтай қосыламын.
Ұлтаралық келісімнің қалыптасуы мен дамуы ұлттық мәселені ғылыми түрде шешумен органикалық байланыста. Мұндай келісім ұлттық, жалпы адамзаттық бірліктің негізінде мүмкін болады. Әлбетте, әрбір ұлттың сана-сезімі, өздері жасаған материалдық және рухани құндылықтарға деген ұлттық мақтанышы бар. Яғни, жалпы адамзаттық мазмұнға ие бола отырып, ұлтаралық келісім ұлттық негізде дамиды, өйткені, түпкі ұлттық мүдделер, сонымен бір мезгілде түпкі жалпы адамзаттық мүдделер де болып табылады. Ұлтаралық келісім тек әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар дамуының маңызды факторы ғана емес, сондай-ақ, қоғамның кемелділігі өлшемдерінің бірі де болып табылады. Ол – қоғамның консолидациясының басты бағыты және тату-тәтті тірлік кешкен халықтар арасындағы қажетті берік байланыстардың тұрақты болуының негізі.
Біздің тәжірибемізде «ұлтаралық келісімі» деген ұғым жаңа құбылысты білдіреді. Бұл келешектің тенденциясы ғана емес, сонымен бірге бүгінгі күні Қазақстанның, басқа да елдердің өмірінде іске асырылып жатқан шындық.
Ұлтаралық келісімі көбіне жалпы тұрғындардың ортақ мәдениетін, ынтымағын қамтиды. Қоғамның жаңарту жағдайында әр түрлі ұлт өкілдерінің саналы және біршама тығыз бірігуіне көшуі тездетіледі. Қазақстанда және басқа да достас елдерде орныққан адамдар, таптар, әлеуметтік топтар, халықтар арасындағы жаңа қарым-қатынас шынайы қажеттіліктен туындаған ұлтаралық келісімін айқындайтын жағдайды туғызады.
Ғылыми-техникалық революцияның, қоғамдық прогрестің әсерімен қоғамдық өмірдегі интернационализациялаудың тереңдеуі ұлтаралық келісімінің өсуін қамтамаыз етеді. Мұны Қазақстанның республикалық активінің әлеуметтік зерттеулерінің нәтижесі растайды. Сауал нәтижелері әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы тұрақты жақындық байланысты көрсетті. Сонымен, әрбір респондент бестен кем емес әр түрлі ұлт өкілдерінің көрші тұратындығын мәлімдеді, сұралғандардың 83,1 пайызының өзге ұлт өкілдері ішінен жақын достары бар, 50 пайызынан көбісі жақын туыстық қарым-қатынаста, 91,9 пайызы басқа ұлт өкілдеріне қонаққа барып, өздері де оларды қонаққа шақырады. Қоғамдық-саяси жаңару және реформалау, модернизациялау тұрғындардың ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруға түрткі болады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті дамуы үшін халықтардың өзара келісімі мен мәдени дамуының маңызы зор1.
Ұлтаралық келісімде әділ де демократиялық қоғамның бекуі мен жетілуіне көпұлтты тұрғындардың күш біріктіруін қажет ететін, ұлттар бірлігінің шынайы өсу процесін айқындайтын сана қалпы көрініс табады. Бұл келісім мәдениеттің әлеуметтік құндылығы, ең алдымен, практикалық мақсатқа лайық болып табылады. Өмірдің барлық саласындағы іс жағдайын осы көзқарас тұрғысынан қарауымыз керек. Практикалық әрекет қана әр түрлі ұлт адамдарының қарым-қатынас келісімін қалыптастыру процесі қандай бағытта, қандай қарқынмен дамып келеді және дами бермек; олардың көзқарастарында қандай нормалар, принциптер жетекші болып қалады және қайсысы қоғамдық мінез-құлыққа сәйкес сұрақтарға принципті түрде жауап береді. Сонымен бірге мынаны ұмытуға болмайды: адамдар қарым-қатынасының интернационалдық жетілу деңгейі оның мәдени келісім принциптерін меңгеруімен ғана танылмайды, сонымен қатар өзінде бұл принциптердің «сіңіп кетуімен», кез-келген жағдайда жоғары интернационалдық мінез-құлыққа ішкі қажеттілігін тәрбиелеумен де танылады. Ұлтаралық қарым-қатынас жоғары мәдениет келісімінің принциптерін меңгерген адам әлеуметтік өмірде белсендірек, аса көреген, болашаққа сенімдірек қарайтын болады.
«Қандай ұлттың адамдарымен сізде өте тығыз, достық қарым-қатынас орнады?» деген сұраққа алынған жауаптар ұлтаралық қатынас келісімінің жетілу деңгейін анықтауда және мәдениет пен қарым-қатынасты дамытудың жолдарын іздестіруде қызықты болды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультетінде (305 респондент), филология факультетінде (380 респондент) және тарих факультетінде (286 респондент) жүргізілген әлеуметтік зерттеу жұмысының нәтижелерін келтірейік:
Қазақ ұлтының өкілдерінде өте тығыз қарым-қатынас орнаған, %: өз ұлтының адамдарымен – 80,7 респондент; орыстармен – 67,3; ұйғырлармен – 35,4; татарлармен – 15,2; немістермен – 10; өзбектермен – 18,4 және украиндықтармен – 13,9.
Орыс ұлты өкілдерінде өте тығыз қарым-қатынас орнаған, %: орыстармен – 55,6; қазақтармен – 65,8; немістермен – 29,7; украиндармен – 39,4; ұйғырлармен – 12,7; татарлармен – 11,6; өзбектермен – 9,8.
Ұйғыр ұлты өкілдерінде мынадай қарым-қатынас орнаған, %: қазақтармен – 69,6; ұйғырлармен – 47,2; орыстармен – 36,4; өзбектермен – 12,2; немістермен – 8,1; татарлармен – 6,1; украиндықтармен – 5,7.
Украиндықтар басқа ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынас көбірек орнықты деп жауап берді, %: 70,1 – орыстармен; 77;2 – қазақтармен; 27,1 – ұйғырлармен; 31,9 – украиндықтармен; 14,1 – татарлармен; 25,2 – немістермен; 7,1 – өзбектермен.
Неміс ұлты өкілдері басқа ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынас орнықты деп жауап берді, %: 72,6 – орыстармен; 84,5 – қазақтармен; 56,8 – немістермен; 20,1 – ұйғырлармен; 20,2 – украиндықтармен, 10,8 – татарлармен; 6,2 – өзбектермен.
Көрініп тұрғанындай, көз жүгіртіп қарау арқылы да мекемедегі ұлтаралық қарым-қатынас жағдайын және әр түрлі ұлт адамдары арасындағы қарым-қатынастың орнығу сипатын анықтауға болады. Ұлтаралық қарым-қатынасты анықтаудың көпварианттылығы қоғамда қарым-қатынастың жоғарғы деңгейге жеткендігін көрсетеді. Осы процестерді реттеп отыру, әсіресе, ұлтаралық қарым-қатынастарды тереңдету және нығайту қажет, ал түрлі экстремистік, діни, шовинистік және ұлтшылдық ұрандармен халықтардың бөлінуіне жол бермеу керек. Осы тенденциялардың арнасына шынайы ұлттық идея, Қазақстан халықтарының бірлігі мен жалпы ұлтаралық келісім құру мәселесі кіреді. Олар көпұлтты қоғамда өзара түсіністікке, өзара сыйластыққа, келісім мен бейбітшілікке ұмтылуға күш біріктіруге шақырады.
Қазақстандықтардың ұлтаралық келісімінің жоғарғы деңгейін республикалық активтің нақты-әлеуметтік зерттеу нәтижелері де растайды. Қазақстанның республикалық активінің сауалға жауап берген қызметкерлерінің көбі тату емес ұжымдарға қарағанда тату ұжымдарды жиірек кездестірді: 1/3 тату ұжымдарды сирек кездестірді, 2,9 пайызы тату ұжымдарды кездестірмеді. Респонденттердің 73,7 пайызы олардың ұжымдарында ұлтаралық негізде жанжалдың (конфликтілердің) болмағандығы туралы айтты.
Ұлттық саясат теориялық та, практикалық та проблемалардың орын алып отырғандығын болжайды. Қазақстандық көпұлтты қоғамның қазіргі даму сатысында экологиядағы, экономикадағы, әлеуметтік саладағы, мораль, мәдениеттегі келеңсіз құбылыстарды жою проблемалары ең бірінші кезекте тұр. Ұлттық шектеулікке қарсы күресу қажеттілігі күшейді, ұлт өмірін демократизациялау, қоғамды жаңарту, әлеуметтік әділеттілік принциптерін іске асыру, іс пен сөздің бірлігі, тағы басқа көптеген шараларды жүзеге асыру кезек күттірмейтін мәселеге айналды.
Ұзақ жылдар бойы ұлтаралық қатынастағы сәттілікті біз партия, совет, мемлекеттік органдар және республиканың қоғамдық мекемелеріндегі әр түрлі ұлт өкілдерінің пайызымен өлшедік. Мысалы, әлеуметтік зерттеулердің мәліметі бойынша Шымкент қорғасын зауыты жұмысшыларының 18,2 пайызы, Алматы облысының ауыл еңбеккерлерінің 18 пайызы өздерінің тұрғылықты жерлерінде ұлтаралық қарым-қатынас саласында басшылық орынға немесе «лауазымды» қызметке ұлттық немесе туыстық белгілеріне қарай тағайындау сияқты келеңсіз құбылыстардың орын алғандығын келтіреді. Сонымен қатар біз бұл адамдар өз халқының мүддесін басқа халықтардың мүддесімен тығыз бірлікте білдіруге, мемлекет пен үкімет саясатын бір мезгілде жүргізу мен қорғап қалуға, өз соңынан қалың көпшілікті ерте білуге қаншалықты қабілетті, саяси көшбасшы болуға лайық па деген сұрақтар төңірегінде ойланбадық. Бұл, өкінішке орай, ескерілмеді. Қоғамның жаңартылуы және реформалау, модернизациялау жағдайында кадр саясатында мұндай маңызды аспектіні назарда ұстауымыз керек, бұл – уақыт талабы.
Қоғамды жаңарту, реформалау, модернизациялау және ғылыми-техникалық революцияны күшейту жағдайында мемлекеттік органдардың, қоғамдық мекемелердің және Қазақстанның басшы қызметкерлерінің маңызды міндеті – елімізде ұлттық қатынастарды дамыту және ұлтаралық келісімді тәрбиелеуді күшейту бағытында жүйелі, мақсатты жұмыстарды жолға қою. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің табиғатын, оның даму динамикасын, оның ішінде жалпы ұлттық, интернационалдық және ұлттық арақатынасын терең зерттеу қажет. Оның жалпы адамзаттық, интернационалдық негізде дамуын қамтамасыз ету, ұлттық қарым-қатынас саласында келеңсіз құбылыстар мен деформациялардың туу мүмкіншіліктерін болдырмау міндеті тұр. Өкінішке орай, біз әлі ұлтаралық қарым-қатынас үйлесімділігіне ықпал етуді үйренген жоқпыз және жалпы ұлттық сезімдердің табиғатын, ерекшеліктерін, қызмет ету механизмін, сондай-ақ ұлттық сезімнің келеңсіз бағыттарға бастайтын жағдайларын жақсы білмейміз. Ұлттық қатынасты дамыту кезеңдерінде қиғаштықтар мен деформацияларды жібермеу маңызды.
Ұлтаралық қарым-қатынас саласында орын алып отырған қарама-қайшылықтар мен проблемалар туралы айта отырып, бұлардың көбісінің тамыры отаршылдық саясат пен жеке басқа табыну кезеңдеріне барып тірелетінін ескеруіміз керек. Ұлттық проблемалардың күшеюінің маңызды себептерінің бірі, жоғарыда көрсетілгендей, жаппай репрессия болды, әсіресе бүкіл халықтардың тұрған мекендерінен мыңдаған шақырым қашықтықтағы Қазақстанға және туған жерлерінен басқа республикаларға, аймақтарға көшірілуі еді. Мысалы, 12 халық Қазақстанға күшпен көшірілген. Себепсіз ұлтшыл деген айып тағылып, көптеген ұлттық кадрлар қуғынға ұшырады. Мысалы, Қазақстанда А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Т.Рысқұлов, Ж.Аймауытов өмірлері қиылды. Бұл жағдай республикадан М.Әуезовтың жер аударылуына, О.Сүлейменов, О.Ысмағұлов кітаптарын айналымнан шығарып тастауға, М.Бегалин кинофильміне тыйым салуға, Алматы және республиканың басқа қалаларында студент жастардың бейбіт шерулерін күшпен басып-жаншуға әкеліп соқтырды. Жеке басқа табыну дәуіріндегі трагедиялық құрбандықтарды, тоқырау кезеңдерін бұрынғы КСРО халықтарының бәрі басынан кешірді. Мұнымен қоса, одақтық, автономиялық, ұлттық-аймақтық шекараларды белгілеуде, сондай-ақ олардың аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық прогресс қарқынында волюнтаризм мен қателіктер жіберілді1. Барлық осы және басқа да келеңсіз құбылыстар адамдар санасында терең із қалдырғаны сондай, қазір де бұлармен түйісуге тура келеді.
Азаматтық заңдар әлі де ұлтаралық қарым-қатынас проблемаларына қатысты қоғамдық пікірталас шеңберінде емес екендігін мойындауымыз керек. Алайда, ұлттық прогрестердің басқару факторы болған әкімшілік орнына құқық және ғылым келгендігі белгілі.
Бірақ, ұлтаралық қарым-қатынас жүйесі дамуының қазіргі күрделі кезеңіне толық көлемде сәйкес келетін заң бұзушылықтар нақты қаралып, республика заңдары бойынша кінәлілер қатаң жазаланатын азаматтық заңдар жиынтығы жасалынуы керек. Қазақстандық әділ сот механизміндегі олқылықтардан ұлттық негіздегі көптеген қылмыстардың жазаланбай қалып жатқандығымен келісуге болмайды. Қазақстандағы шовинистік, ұлтшылдық және басқа экстремистік пиғылдағы ұйымдардың жұмысына сот тәртібімен тыйым салуға және олардың таралуын тудыратын жағдайлар туралы заң тілімен айтатын уақыт жетті; кез-келген өркениетті және өзін-өзі сыйлайтын мемлекеттердің заңдарына сәйкес кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке және айып салынуға тартылып, жазалануы керек.
Бір ғана заңмен барлық проблемаларды шешу әсте мүмкін емес. Сондықтан ұлтаралық келісімінің қалыптасуында, дамуында істелетін жұмыстардың қайнар көзі халықтардың ұлттық мүддесіне айрықша көңіл аудару және бір мезгілде жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғау, яғни, ұлттық мүдде арқылы жалпы ұлттық, жалпы адамзаттық мүдделерге ден қою болу керек.
Ұлтаралық келісімінің мазмұндық жағы жаңартуды сөзсіз қажет етеді. Ол кең түрде қоғамдық қатынас сипатына адам әрекеті сәйкес келетін заңға бағынады. Қоғамдық қатынасты жаңарту адамдар арасындағы қарым-қатынасты жетілдіруге және соған сәйкес халық, ұлт өміріндегі келеңсіз құбылыстарды жою жолындағы күреске шынайы түрде жетелейді. Бұл өте қарама-қайшылықты және аса қиын процесс, өйткені әділ қоғамның құбылыстарына жат қылықтар кездеседі. Ұлттар мен ұлыстардың достық қатынасындағы келеңсіз құбылыстар – мәдениетсіздік, әдепсіздік, менмендік тұрғындардың ұлтаралық қатынасын жаңартуға үлкен кедергі болып табылады. Сондықтан ұлтаралық келісімін көтеру адамдардың жалпы мәдениетін көтеруді талап етеді.
Ұлтаралық келісім – бұл адамның өнегелік тәрбиелілігінің, жоғары мәдениеттілігінің, барлық ұлттардың ортақ мүдделерінің деңгейлерінің көрсеткіші. Осыған байланысты әлеуметтік-этникалық қауымдастықтардың дамуының құрамдас бөлігі ретіндегі тәрбие процесін тікелей ұйымдастыруға қатысты бірқатар проблемалар туындайды.
Біздің әрқайсысымыз іс жүзінде күн сайын онымен басқа адамдардың араласу мәдениетінің деңгейін өзі бағалайтын және олар оның өзін бағалайтын тәрбие нысаны да, тәрбиелеуші де боламыз. Біздің бағалауымыз әділ ме, әділ емес пе, тәрбиелік күш жұмсауымыз әсерлі ме, әсерсіз бе, бұл тәжірибенің мазмұнына, біздің пайымдауларымыздың күштілігіне, олардың ғылыми негізділігіне және де олардың іс жүзінде пайдаланылу дәрежесіне байланысты. Өйткені, менің көзқарасым бойынша, ұлтаралық келісімнің күнделікті өмірде нақты тұлғалар арасындағы қарым-қатынаста көрініс беретіндігінің жағдайы әрдайым ескеріле бермейді. Алайда, бізде әлі де болса жүйелі тәрбие жұмысының шынайы адамға, алуан түрлі ұлттық ортадағы әрбір азаматтың қажетті қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталуы нашар. Бұл мәселе, менің пікірім бойынша, арнайы зерттеуді талап етеді. Сонымен қатар адамдарға ұлтаралық келісім тәрбие беру ісін «өмірдің нақты мысалдарымен жүргізудің ролі өте зор»1.
Ұлтаралық келісім тәрбиесі – бұл адамға оның бойында интернационалистік көзқарастарды, сенімдерді, нормаларды, принциптерді, сондай-ақ осы көзқарастар мен принциптерге сәйкес оның іс жүзіндегі мінез-құлқын бағыттауды қалыптастыру мақсатындағы ықпал ету жүйесі.
Сөйтіп, ұлтаралық келісім әлеуметтік-этникалық қауымдастықтардың және жаңа, жалпы адамзаттық өркениеттің дамуын айқындайтын маңызды белгілердің бірі болып табылады. Сонымен қатар ұлтаралық келісім – адамның өнегелі тәрбиелілігінің, жоғары мәдениеттілігінің барлық халықтардың мүддесімен ортақтастық деңгейінің көрсеткіші. Ол – демократиялық қоғамның баға жетпес байлығы. Сондықтан да біздің тәрбие жұмыстарымыздың бүгінгі міндеті – ұлтаралық келісімді әрбір азаматтың өмірлік серігі ету.
Қорытындылай келе, жоғарыдағы аталған сан-салалы теориялық және практикалық қағидалар мен тұжырымдарды саралап, мынадай түйін шығаруға болады: адамдарды» ¸леуметтiк-этникалыº ºауымдасты¹ыны» т¾рлерi ºо¹амдыº дамуды» белгiлi бiр сатыларында туындап, аса ма»ызды категориялар¹а айналуында. ´ндiргiш к¾штер мен ¼ндiрiстiк ºатынастарды» дамуына орайлас адамдар ºауымдасты¹ыны» ¸леуметтiк-этникалыº т¾рi де ¼згерiп отырды. Рулыº-тайпалыº ºауымдық, ½лыстар мен ½лттарды» пайда болу, даму, жетiлiп, ¼згерiп отыру мысалы, адамдарды» сана-сезiмiн байытып, жалпы ортаº игiлiктердi ойдағыдай ме»геруiне к¼мектеседi. Сонымен қатар адамдарды» ¸леуметтiк-этникалыº ºауымдасты¹ыны» ¸рбiр наºты т¾рi бiр-бiрiнен ¼зiнi» материалдыº-¼ндiрiстiк негiзi, ¸леуметтiк º½рылымы, ¼зiндiк ерекше белгiлерi арºылы ажыратылады. Барлыº ¸леуметтiк-этникалыº ºауымдастыº т¾рiне ортаº белгiлер ретiнде территория, тiл, м¸дениет, экономикалыº ¼мiр ортаºты¹ы т¸н ºасиет.
Әлеуметтiк-этникалыº ºауымдастыºты» барлыº т¾рi, ұлт саясатын дұрыс жүргізу, ұлтаралық келісім ºо¹амны» дамуыны» тарихи за»дылы¹ы болып табылады. Демократиялық өркениеттің мемлекеттегі ұлтаралық келісімі мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті – дос халықтардың ең маңызды жетістіктерінің бірі және ұлттық мәселелердің ғылыми шешімінің нәтижесі, қоғамның дамығандығының көрінісі. Сондықтан ұлт саясаты – өмір саласында туындайтын проблемаларға дер кезінде үн қатудың, ұлттық қарама-қайшылықтарды тиімді шешудің механизмдерін табудың, ұлттық-өмірлік процестердің шынайы диалектикасын ескерудің тұрақты творчествосы, ептілігі.
