Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

4.Мәтінге сүйене отырып, « Дәрігердің қабылдауында» атты сұхбат әзірлеңіздер.

5.Мәтін мен суретті қолдана сырқатнама жазыңыз.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру.

6.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж.

Қосымша әдебиет: 1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1.Өттің құрамындағы холестериннің көбюі ненің пайда болуына әсер етеді?

2.Тастардың сыртқы түрлері қандай болады?

3.Аурудың негізгі және алғашқы белгісі

4. Іріңді қабыну қашан басталады?

1.Тақырып №29, атауы: Ұлы Отан соғысының батырлары. Сөйлемдерді синтагмаларды мәтінде бір- бірінен айырып, бөліп алудағы интонацияның қызметі.

2.Сабақтың мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін,ойлау,сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ұлы Отан соғысының батырлары. Сөйлемдерді синтагмаларды мәтінде бір- бірінен айырып, бөліп алудағы интонацияның қызметі.туралы өз ойларын ортаға салу.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек: Ұлы Отан соғысының басталуы

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Ұлы Отан соғысы

Биылғы жылы Ұлы Отан соғы­сы­ның аяқталғанына 66 жыл толып отыр. Соңғы мәліметтер  бойынша, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллиондай адамын жалмаған сұрапылда Қазақстаннан да көптеген жауынгерлер жауға қарсы жан аямай шайқасты. 

Осынау соғыста бүкіл КСРО бойынша 12 мыңнан астам жауынгерлер, командирлер, қолбасшы­лар, партизандар, қарапайым халық өкілдері осы елдегі 1934 жылы  белгіленген ең жоғарғы құрмет – Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Солардың қатарында оған ие болған қазақ ұлтының аза­мат­тары 103 болып отыр.

Өзбектер иеленіп кеткен айтулы қазақтар: генерал-майор Сабыр Рахимов пен бөлімше командирі Расул Есетов осы санатқа қосылды. Дәлірек айтқанда, соғыс кезеңінде бұл атақ 100 адамға нақты берілсе, 1946 жылы оны Сұрағанов Құдайберген, 1965 жылы генерал Рахимов Сабыр, ал 1990 жылы Момышұлы Бауыржан алды. 

 Бұл таза ұрыс алаңында барлығы 103 қазақ осы жо­ға­ры атаққа ие болды деген сөз. Кейін, яғни бейбіт ке­зеңде оған қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубә­кіров, Ауған соғысының қаһарманы Қайырболат Майданов қосылды. Соңғы азамат кейіннен Че­шен­стандағы қантөгісте Ресей Батыры атағын да иеленді. Өкінішке қарай, 2000 жылы оның тік­ұша­ғы атып түсіріліп, өзі қазаға ұшырады. Бұлардан тыс 90-шы жылдардың соңында кеш те болса Ресей Батыры атағын Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ұшқыш-радист жетісулық Бақтыораз Бейсекбаев та алды.  1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 70 жыл толмақ. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақ­тат­ты. Мына төменде беріліп отырған Кеңес Ода­ғының Батыры атағын алған қандастарымыздың тізімі – соның айғағы.

4. Сөздердің мағынасын ашыныз.

Ұлы Отан соғысы –

Отан үшін отқа түс –

Қазақ батырлары –

Опасыздықпен басып –

Сұм соғыстын құрбаны болды –

5. Берілген сөздерді мағыналық жағынан дұрыс тіркестіріп жазыңыз.

Ауған аланында

Ұрыс соғысы

Тұнғыш асқақтатты

Рухын ғарышкер

6. Қазақтың батырлары туралы не білесіз және де сол туралы шағын эссе жазыңыз.

7. Отан туралы мақал- мәтел жазыныз.

8. Суретте не бейнеленгенің мәнерлеп беріңіз.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебит:

Қазақ тілі. З.С. Күзекова . Қазақ тілі практикалық курсы – Алматы, 2009 ж.

Қазақ тілі. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ., Омарова Б., Рамазанова Ш., К.Мұқадиева. Қазақ тілі . Оқу құралы. Алматы, 2008ж.

Грамматикалық анықтағыш.Б. Қапалбеков, С. Құлманов,Г.Қалиақпарова, Алматы, 2010

Қазақ тілі практикумы. З.С. Күзекова. Астана, 2010

Қосымша әдебиет:

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz