Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

Қазақ тілі. З.С. Күзекова . Қазақ тілі практикалық курсы – Алматы, 2009 ж.

Қазақ тілі. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ., Омарова Б., Рамазанова Ш., К.Мұқадиева. Қазақ тілі . Оқу құралы. Алматы, 2008ж.

Грамматикалық анықтағыш.Б. Қапалбеков, С. Құлманов,Г.Қалиақпарова, Алматы, 2010

Қазақ тілі практикумы. З.С. Күзекова. Астана, 2010

Қосымша әдебиет:

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1. Қандай тұрақты тіркестерді білесіз?

2. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

3. Мақал мен мәтелдердің айырмашылығы неде?

4. Тілек түрінде айтылатын тұрақты тіркестерді айтыңыздар.

1.Тақырып №11, аталуы: Замандас келбеті. Синонимдік, омонимдік, антонимдік

қатарлардың мағыналық сипатын пайымдау.

2. Сабақтың мақсаты:студенттерді мәтінді оқып, түсінуіне, өткен тақырыптарды баяндауына, ойын жаза білуге, ақпараттарды тыңдауына машықтандыру.

3. Оқытудың міндеттері: Көпшілік ортада сөйлей алуы, синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлардың мағыналық сипатын пайымдау.

Студент білу керек:

А) сөздік қорды пайдалана отырып, дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

Студент істей білуі керек:

А) жұмыс істеу барысында өз ойын жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Мақал-мәтелдер антоним болатын сөздердің астын сызыңыз. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

1. Ашу түбі тұңғиық батасын да  кетесін

Ақыл түбі жел қайық  мінесің де өтесің

2. Жомарттың бергенін көріп,

Сараңның іші күйер

3.Ақылдыға – сабақ,

Ақымаққа – таяқ.

4. Ашу арындайды

Ақыл артынан аяңдайды

5. Жақсы келін – келін

Жаман келін - өлім

6.Жақсыдан шарапат

Жаманнан кесепат

7. Дос жылатып айтады,

Дұшпал күлдіріп айтады

8. Адам аласы ішінде

Мал аласы сыртында

2. Зат есім, сын есім, етістік және үстеуден болған синоним сөздерді топтап жазыңыз.

Зат есімнен

болған синонимдер

Сын есімнен болған синонимдер

Етістіктен болған синонимдер

Үстеуден болған синонимдер

ел, келбетті, жұрт, ажарлы, көпшілік, кездесу, жолығу, алыс, қашық, жамағат, шалғай, сұлу ,дидарласу, ұшырасу, халық, әдемі, қиян, көрікті.

3. Омоним болатын сөздерді тауып, омонимдік қатарды беріңіз.

Үлгі: сыр — біреудің құпия ойы

сыр — бояу

Мені түртпектеп, ызаландырып сөйлетіп, құпия сырымды біліп алғысы келді (М.Мағауин).Шолпан көңілді көрінгенімен, Айман жүзінде абыржу аралас ойлы мұң бар (Қ.Мұхамеджанов). Біз көріспеген аз уақыттың ішінде генерал арықтап, жағасы мойнына кеңіп қалыпты (Б.Момышұлы). Айшаның көзі жасқа толып, тұла бойы қалтырап, тітіркеніп кетті (И.Салахов). Гүлжаһан атты бір қылықты қыз көптен бері көрші тұратын (Б.Әбдіразақов).

4. Сергіту сәті. «Менің замандасым қандай екен» Жаныңыздағы құрбыңызға төмендегі сауалдарды қойыңыз.