Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебит:

Қазақ тілі. З.С. Күзекова . Қазақ тілі практикалық курсы – Алматы, 2009 ж.

Қазақ тілі. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ., Омарова Б., Рамазанова Ш., К.Мұқадиева. Қазақ тілі . Оқу құралы. Алматы, 2008ж.

Грамматикалық анықтағыш.Б. Қапалбеков, С. Құлманов,Г.Қалиақпарова, Алматы, 2010

Қазақ тілі практикумы. З.С. Күзекова. Астана, 2010

Қосымша әдебиет:

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1.Шәкәрім Құдайбердіұлы қандай шығармаларын білесіз?

2 Имандылық концепциясы дегеніміз не?

3. Шәкәрім Құдайбердіұлының « Иманым » атты жинағында не қамтылған ?

4.Ұлы адамдардың ата- аналары туралы не білесіздер ?

1. Тақырып №25, аталуы: Көркем сөз – көркем өнер. Мұхтар Әуезов суретке Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

2. Сабақтың мақсаты: Сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

  • Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін

  • Жаңа сөздерді, мәтін мазмұнын

Студент істей білуі керек:

- тақырып бойынша жаңа сөздерді, сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беру,

әңгімелеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Көркем сөз – көркем өнер. М. Әуезов-суреткер.

Көркем сөз - эстетикалық мәні күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз. Болмысты әсерлеп, өрнектеп бейнелеу құралы, яғни "Әдебиеттің ең бірінші элементі" (М.Горький). Көркем сөз әдебиет негізін құрап отыратын мәңгілік мұра. Мұхтар Әуезов - бірден танылған тума талант. Дүниеге "Абай жолын" сыйлаған М. Әуезовтің шеберлігіне көзі қарақты мыңдаған, миллиондаған оқырмандар ғана емес, домалақ жер шарына танымал жазушылардың өздері таң-тамаша қалып, есімін ауыздан-ауызға таратып жатты ғой.

М. Әуезовтің ұлылығы сөз қолданудың әр тараптылығынан, әр сөйлемнен байқалып отырады. Демек, М. Әуезов туындыларында мағынасы көмескі сөздерді жаңарту да бар,жалпы қолданыстағы сөздердің былайғыларға біліне бермейтін сырын ашу да бар, синоним, антоним, >омонимдердің ішкі мазмұнын дәл тану да бар, тосын сөз тіркесі мен дағдыдан тысқары қосымша жалғау да бар, әр кейіпкердің аузынан айтылатын аңғал сөз де, ұлағатты ой да бар және осылардың бәрі өз орнында өте бір қисынмен жарасымын тауып отырады. Сөйтіп,Мұхтар Әуезов - көркемдік делбесін тең ұстаған ұлы сөз зергері.

М. Әуезов шығармаларында көпшілікке түсініксіздеу сөздер мен сөз тіркестерінің(зымғап барады, дүрк, қаржасу,қыңратқымау, серімастану т.б.) кездесіп отыруы – табиғи құбылыс: Байтаста үн жоқ, өз бетімен зымғап барады. letter-spacing:-Ырғызбайдың жиырма ауылы тағы да дүрк көшті (Абай, I)әлде «ән» деп, "сән" деп, осы жаз бойы өзің серімастанып бүркеп отырмысың? (Абай жолы)

Троптарды (метафора, метонимия, теңеу, эпитет т.б.) >орайымен жұмсауда М. Әуезов алдына жан салмайды. Осылар тіркесе қоймас-ау деп күдік тудыратын сөздердің өздері Әуезов қаламына іліккенде, айрықша мәнге ие болып, кейіпкерлердің жан дүниелерін ашуға ерекше қызмет етеді. (өмір аязы; сұрғылт топ; жұқа толқындай бұғақ; тоны жібімейтін әке; мөлдір үн, ыстық ермек; жұтаң қыста күн райын баққан бақташыдай; шыныланған қар т.б.):Енді, міне,өмір аязының алдыңғы болып, Жампейіс арқылы, қойшылар арқылы келіп >жатқан сұм салқын сол ғой деп ұққан-ды (Абай, I). Өңшең тоң, шекпен киген сұрғылт топтың пішіні де қазіргі күзді күздіңсұрғылт, letter-spacing:жабырқау аспаны сияқты күңгірт. Жұмсақ жұмыр иегінің астында жұқа ғана болып нәзік бұғақ білінеді. Мөлдір нәзік үнмен ақырын күлді. Қарлығаш қанатының ұшындай,-жендеттің жебесіндей(Абай, I)

Осылайша әлдебір заттарға қатысты салыстырмалы ұғымдарды адамға байланысты қолданып, табиғат құбылысында болып жататын қасиеттерді де адамдардың жан-дүниесін бейнелеу үшін пайдалану автордың көркем сурет салуына көп септігін тигізеді. Табиғат көрінісі мен жансыз деп есептелетін кейбір заттарға «жан бітіріп»,адам әрекетімен астастыра бейнелеуі жазушының тағы бір үлгілі жағын көрсетеді. Әдетте күн шығып жатады, көтеріліп жатады- мұның бәрін адам санасынан тысқары құбылыс делік. Бірақ жазушы оны «қинала» немесе қысыла, яғни, адамша әрекет жасағандай суреттейді: Таң атқанда жел басылып, жауа бораған боран айығыпты. Алыстағы ақ белден жаңа көрінген күн қып-қызыл екен. Қысылып, қиналып шыққандай (Абай, I).

,Жазушы Әуезовтің хас шебер ретінде бірден өзіне көпшіліктің назарын аудартқаны әдебиет сүйер қауымға жақсы мәлім. Өте сирек құбылыс болғанымен, бұл таңғажайып, ұлыларға ғана тән ерекше жай. Олай болуының табиғи заңдылығы бар: Мұқаң жас кезінен-ақ туған халқының фольклоры мен ауыз әдебиетін аса бір сүйіспеншілікпен оқып, үйренді; орыс, Европа, бүкіл әлемдік классикалық көркем дүниелердің барлығын дерлік тек бойға сіңіріп қоймай, зерделі ой елегінен өткізді; бұларға қоса, эстетика мен әдебиет теориясын, дүние жүзілік әдебиет тарихын еркін меңгерді. Сөйтіп, шығарма жазуға жан-жақты ізденістің, терең ғылыми толғаныстың нәтижесінде, мол дайындықпен кірісті.

2. Сөздерді жаттаңыз.

Әсерлі – впечатляющий

Даналық – мудрый

Сиқырлы – волшебный

Дәлдігі – точность

Құдіретті – всемогущий, могущественный

Қарапайым – скромность

Көзқарас қайшылығы – противоречие взглядов

Кезеңдік– переодический

3. Мәтінге сұрақ құрастырыңыз.

4. Оқып, есте сақтаңыздар.

1.      Бастауыш әдетте баяндауыштың алдында тұрады.

Азамат(кім?) бөлмеде отыр.

2.      Баяндауыш әрдайым сөйлемнің соңында тұрады.

   Атам жұмыстан келді.(не істеді?).

3.     Толықтауыш өзінің толықтайтын сөзінен бұрын тұрады.

  Әжем дүкеннен нан нені?) сатып әкелді.

4.      Анықтауыш өзінің анықтайтын сөзінен бұрын тұрады.

Үлкен  (қандай) шелек бұрышта тұр.

5.    Пысықтауыш өзінің толықтайтын сөзінен бұрын тұрады.

1)    Ол дұрыс (қалай?) айтты.

2)    Әкем Алматыдан (қайдан?) келді.

5.Ойын «Топтай біл»

  Бес студент тақта алдына шығады. Бастарында: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш деп жазылған. Әр сөйлем мүшесінің өз түсі бар.

Бастауыш пен баяндауыш –қарамен ақ қағазда.

Анықтауыш-қызыл түсті.

Пысықтауыш-сары түсті.

Толықтауыш -көк түсті.

 «Кім тез, шапшаң?»

Әр топтан  1студенттен шығып, орыс тілінде жазылған сөйлемдерді дұрыс аударып жазу.

Сөйлемдерді  қазақ тіліне аударып жазыңдар (тақтада және дәптерлерде). Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтаңдар.

Ітоп. Я пойду в магазин. Рабочие пришли с работы.

ІІтоп. В школу пришли гости. Продавец продает продукты.

ІІІ топ. На берегу реки есть лес. Жанат пришел домой.

5. Оқу және оқытудың әдістері: іздену, талдау

6. Әдебиет:

Негізгі әдебиет:

  1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева А. Қазақ тілі оқу құралы.-Алматы, 2008ж.

  2. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы: Ғылым, 2009ж.

  3. www.til.gov.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). Астана, 2010ж.

  4. Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. – Алматы.

  5. Бектұров Ш., Бектұрова А. «Қазақ тілі» для начинающих. – Алматы, 1994ж.

Қосымша әдебиет:

  1. Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік.- Алматы: Сөздік, 2003.

  2. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі – Алматы, 2007.

  3. Адамбаева Ж.Д., Оңалбаева К.К. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  4. Ақбаева Қ. Қазақ тілі – Алматы, 1996.

  5. Нұрғалиева М., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  6. Ерубаева А.Т. Заңгерлерге арналған қазақ тілі – Алматы, 2005.

  7. Сүлейменова Э.Д.,Қадашева Қ.,Аханова Д.Қазақ тілі:оқу кешені–Алматы, 1996.

13. Б.Ж. Доскеева «Қазақ тілі» (медициналық оқу орындарына арналған)