Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Төмендегі мәтіннің орысша баламасын жазыңыздар. Өз ойларыңызбен

толықтырыңыздар.

Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы

Осы Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы(бұдан әрі – Тұжырымдама)Мемлекет Басшысыныңтапсырмаларына сәйкес әзірленді(2008 жылғы мамыр, қазан).

Халықтың дамуы, нығаюы мен өсіп-өркендеуінің ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары 1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясымен бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында 2004 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) қабылданды. Іске асырылатын Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2008 жылы денсаулық сақтау саласының ұзақ мерзімге арналған үлгісін қалыптастыру көзделді.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің (ТМККК) медициналық қызметтерін орталықтандырылған мемлекеттік төлеушіні денсаулық сақтау жүйесіне кезең-кезеңмен енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1213 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында қарастырылған болатын. Азаматтардың медициналық ұйым мен дәрігерді ерікті түрде таңдау, сондай-ақ сапалы және уақтылы медициналық көмек алуға құқығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде айқындалған.

Тұжырымдаманы құру халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтау саласын жүйелі өзгерту қажеттілігінен туындады.

2. Мәтінді оқып, сұхбат құрастырыңыздар.

Осы тұжырымдаманы іске асыру Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құруға және ұлттық денсаулық сақтаудың беделін көтеруге мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған шаралардың басты идеясы денсаулық сақтау қызметтерінің профилактикалық бағытын нақты басымдыққа көшіру болуы тиіс, жүйе пациентке және түпкі нәтижеге бағдарланған қызмет көрсету сапасына қауіпсіздік кепілдігі мен жаңа деңгейі арқылы денсаулық сақтау саласына сенімділікті арттыру, мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру, Өз денсаулығының мәдениетін қалыптастыру, кадрлардың жаңа нысанын және еңбек уәжділігін қалыптастыру.

Пациенттің дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауына жағдай жасау бәселекестіктің дамуына, медициналық қызмет көрсету үдерісінің айқындылығын көтеруге мүмкіндік береді. Денсаулық үшін ортақ жауапкершілікке негізделген жаңа қаржылық модельді енгізу медициналық қызметті ұсынушыларды, медицина қызметкерлерін нақты экономикалық ынталандыруға және осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың азаюына әкеледі. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуді қаржыландыру жүйесінде түпкілікті қайта құру медициналық қызметтің сапасын және оның деңгейін мемлекеттік стандарттарға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан азаматтарының қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек алу құқығын іске асыру мүмкін болады.

3. Жағдаяттық тапсырма.

Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру туралы тұжырымдамаментанысып, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.

4. Ұлттық медицина ғылымының дамуына адамның көңіл-күйін лебізін білдіретін сөйлемдер құрастырыңыз.

5.Ұлттық медицина ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы ақпараттармен кластер жасаңыз.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім

6.Әдебиеттер:

1. «Егемен Қазақстан» газеті. 2011 жыл. 3 б.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж.

Қосымша әдебиет: 1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1.Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы қашан шыққан ?

2. 1997 жылы денсаулық сақтау жүйесіне байланысты қандай стратегия бекітілді ?

3. Тегін медициналық көмектің кепілі неде ?

4.«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде не жазылған ?