Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

3. Суреттегі термин сөздерді қазақ тіліне аударып, сұхбат әзірлеңіз.

4.Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, мәтінге қосымша ақпарат ретінде пайдаланыңыз.

Деятельность нервной системы. К периферическому отделу относятся нервы и нервные углы. Часть нервной системы. Посредством соматической нервной системы. Деятельность внутренних органов. Регулирует работу скелетных мышц. Рефлекторная функция спинного мозга. Связь между спинным и головным мозгом. Обеспечивает работу органов. Спинной мозг расположен в позвоночном канале. Работа автономной нервной системы. Ускорить процесс пищеварения.

5. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

1. Кісі қатесіз болмас,

Көл бақасыз болмас.

2. Жұпарды жасыра алмайсың

3. Болған кісі, болдым демес,

Болдым десе, болғаны емес.

4. Ай толғанын білмес,

Жігіт болғанын білмес.

5. Дүниеде тас қатты,

Тастан бас қатты.

6. Адам құлақтан азады,

Қаңқудан тозады.

7. Жігіттің құны — жүз жылқы,

Ары — мың жылқы.

8. Адаспаймын деген жігіт,

Талтүсте адасады.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру.

6.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж.

Қосымша әдебиет: 1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1. Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

2. Жүйке жүйесі нешеге бөлінеді?

3. Жұлын қайда орналасқан?

4. Жұлын қандай қызмет атқарады?

5. Жұлынның диаметрі қанша?

6. Жұлын мен ми арасындағы байланыс қай кезде үзіледі?

7. Ми қайда орналасқан?

8. Соматикалық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

9. Автономиялық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

1. Тақырып №15, аталуы: Ас қорыту жүйесі.

Объектілік, субъектілік, предикативтік қатынастардың берілу жолдарындағы функциональдық

ерекшеліктері мен мағыналық реңктер.

2.Сабақтың мақсаты:

- ас қорыту жүйесі туралы мағлұмат беру;

- ас қорыту жүйесі аурулары туралы мағлұмат беру;

- ас қорыту жүйесі, аурулары туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- ас қорытужүйесі туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Оқытудың міндеттері:

-мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру; терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

  • Студент білу керек:

А)берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.