Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Сөздерді орыс тіліне аударып, жаттаңыз.

кеңпейілді – мінезі ашық, қарапайым, жомарт

жаны жадырады – жайдарыланды, көңілденді

жүректі тербеді – мейірлендірді, тебірентті

досқа иілді – досына құрмет көрсетті, айтқанына көнді

дұшпанға шалқаю – жауына тізе бүкпеді, қарсы тұрды

тағдыр талқысы – өмір, тіршіліктің сыны

өмір өзегі – тіршіліктің негізі

беделін үстем етті – абыройын арттырды, құрметке бөледі, даңқын шығарды

жанын шүберекке түйді – 1. Өлімге бас байлады, тәуекелге бел буды.

2. Зәресі ұшып шошынғанын, үрейленгенін білдірмеді, сездірмеуге тырысты.

2.Асты сызылған сөздерді мағынасы қарама‑қарсы мәнде беріңіз.

Адамға тән кеңпейілдік қасиет бірте‑бірте азайып бара жатқан сияқты.

Өзің жақсы көретін адамдардың іс‑әрекеттері жаныңды жадырады.

Ләззат оның сол қиянатын өмір бойы ұмытар емес.

(іші тарлық, көре алмаушылық, жақсылығын, жүрегіңді ауыртады,көңіліңе қаяу түсіреді,)

3.Тұрақты тіркестерді жазып, түсіндіріңіз.

А.Жүрегін тербеді, жүрегін тырнады, жүрегін ұшырды, жүрегін сыздатты, жүрегін жаралады, жүрегін жылытты;

Ә. Жанын күйдірді, жанын күтті, жанын қиды, жанын отқа салды, жаны өртенді, жаны шығып кетті;

Б. Кірпігі айқаспау, кірпік қағу, кірпік қаққанша, кірпік қақпау, ол түнімен кірпік қақпай шықты, кірпік ілмеу.

4. Адамның сыртқы келбетіне байланысты сөз тіркестерін жаттаңыз.

  1. бадырақ көз -глаза навыкате; выпученные глаза

  2. бота көз - красивые черные глаза

  3. көк көз - голубые глаза; зеленые глаза

  4. қара көз - черные глаза; темные глаза

  5. қарақат көз - черные очи

  6. қой көз - карие глаза

  7. құмай көз - красивые глаза

  8. құралай көз - красивые глаза (как у лани)

  9. қыли көз - косые глаза

  10. мөлдір көз - ясные очи

  11. өткір көз - зоркие глаза

  12. шегір көз - светло-серые; зеленоватые; «рыжие» глаза

  13. шүңірек көз - глубоко посаженные глаза

  14. жаутаң көз - просящий взгляд

  15. оқты көз - злобный взгляд

  16. өткір көз - острый глаз

  17. дөңгелек бет - круглое лицо

  18. жалпақ бет - плоское лицо

  19. жылтыр бет - лоснящееся лицо

  20. қуқыл бет - бледное лицо

  21. қызыл бет - красное лицо

  22. дөңес мұрын - горбоносый

  23. кертпеш мұрын - вздернутый нос

  24. қоңқақ мұрын - толстоносый

  25. дөң мұрын - нос с горбинкой

  26. қыр мұрын - прямой нос

  27. құс мұрын - орлиный нос

  28. май мұрын - толстый, мясистый нос

  29. пісте мұрын - точеный нос

  30. имек қас - изогнутые брови

  31. қалың қас - густые брови

  32. қара қас - черные брови

  33. қиғаш қас - дугообразные, изогнутые брови (чаще о женщине)

  34. бойы қысқа - низкого роста

  35. бойы ұзын - высокого роста

  36. тапал бойлы - низкого роста

  37. ақ шаш - седые волосы

  38. бұйра шаш - кудрявые волосы

  39. дудар шаш - взлохмаченные волосы

  40. қара шаш - черные волосы; черноволосый

  41. қарын шаш - утробные волосы (волосы новорожденного)

  42. қысқа шаш - короткие волосы

  43. қолаң шаш - длинные роскошные волосы

  44. самай шаш - волосы на висках

  45. сары шаш - светловолосый; русый

  46. сүмбіл шаш - блестящие волосы; шелковистые волосы

  47. ұзын шаш - длинные волосы

  48. ұзын кірпік - длинные ресницы

5. Адамның жан дүниесі мен сыртқы келбетіне байланысты «сұлулықтың » түрлерін жазыңыз.

Мінез сұлулығы- байсалды, ... ,

Түр сұлулығы- бота көз, ... ,

Дене бітімінің сұлулығы- шымыр, ... ,

Жан сұлулығы- шыншыл,... ,