Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

2.Сіз өзіңіздің алтын уақытыңызды қалай өткізудесіз,диаграмма бойыншаантонимдік тіркестермен беріңіз.

Прямая соединительная линия 35 Прямая соединительная линия 36 Прямая соединительная линия 37 Прямая соединительная линия 33

Овал 31 Прямая соединительная линия 34

Прямая соединительная линия 30

Прямая соединительная линия 27 Прямая соединительная линия 25 Прямая соединительная линия 26 Прямая соединительная линия 28 Прямая соединительная линия 29

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалануды «тайм-менеджмент» жүргенге келісесіз бе ?. Сіз уақытыңызды тиімді пайдалана аласыз ба? Апталық жұмыс жоспарыңызды құрасыз ба ?

4. Мәтінді оқыңыз, омоним, антоним,синоним бола алатын сөздерді теріп жазып, түсіндіріңіз.

Мыңдаған жылдар бұрын адамдарға уақытты дәл білу онша қажет болмады. Олар күн шыға оянып, күн бата ұйықтаған. Біртіндеп өмір күрделене бастағанда, сағаттың қажеттілігі туып, оның күнделікті өмірдегі рөлі артты. Уақыттты санаудың ең алғашқы қарапайым құралы күн сағаты болған. Ол бұдан үш мың бес жүз жыл бұрын пайда болды. Бірақ күн бұлтты күні бұл сағат қолайсыз болды. Сондықтан адамдар су сағатын ойлап тапты. Ол сағат бойынша су бір ыдыстан екінші ыдысқа тамшылап тұрады. Бірінші ыдыстың суы біртіндеп азайып, уақыттың дәл мезгілін білдіреді. Құм сағаты да осылай жұмыс істейді.

Механикалық сағаттар жөніндегі деректер YІ ғасырдың аяғында-ақ белгілі болған. Ол туралы мәліметтерді ғалымдар Византиялық қолжазбалардан тапқан. Ол сағаттардың бір ғана тілі болған.

Голландиялық ғалым Х. Гюйгенс 1657 жылы маятникті сағат ойлап тапты. Кварцты сағат 1929 жылдары пайда бола бастады, ал 1404 жылы Мәскеуде тұңғыш мұнара сағаты орнатылды. Кремльдегі бұл сағат Ресейдің басқа қалаларына да қойылды. Кварцты сағат отыз жылда бір секундқа қателесуі мүмкін. Уақытты бұдан да дәлірек көрсететін атомдық және молекулалық сағаттар ойлап шығарылды. Атомдық сағат бір миллион жылда бір секундқа қателесуі мүмкін. Атомдық сағат 1948 жылы жасалып, орнатылды. ХХ ғасырдың 70 жылдары электрондық сағаттар кеңінен таралды. Соңғы кезде өздігінен жүретін сағаттар да пайда бола бастады. Сіз сағатқа жиі қарайсыз ба? Сағаттың күнделікті өмірде аса қажеттілігі әр адамға түсінікті. Жұмысқа, көлікке, кездесуге кешікпеу үшін сағатқа еріксіз қарайсыз, өйткені бүгінгі іскер адамның бәріне де сағат қажет.

Ең алғашқыда қалта сағаттары болған. Оларды киімнің қалтасына салып жүреді екен. Қалта сағатының күміс не алтын шынжыр бауы болған, оның екінші ұшында сағатты бұрап тұратын кілті бекітілген. Ол сағатты көбіне сәнқой адамдар таққан, алайда қазіргі кезде қалта сағаты сәннен шыға бастады. Кейіннен қол сағаты пайда болды. Ең алғашқы қол сағатын 1910 жылы «Роллекс» компаниясы жасап шығарды.

Сағаттың өмірде алатын орны ерекше: жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілдерінің алмасуы – бәрі белгілі бір уақытпен өлшеніп, анықталып, тіркеліп отырады.

5. Төмендегі сөз тіркестерін жаттап, сөйлем құраңыз.

Кісі бойы 1,70-1,75

Белуар(аяқтың басынан белдікке дейінгі мөлшер) 1м 35см

Кере құлаш(екі қол басының аралығы) 1м,70-75 см

Бір құлаш(жай созған екі қол басының арасы) 1,50-1,55м

Қарыс(бармақ пен ортан қолдың қарсы аралығы) 33-34 см

Бір сүйем(бармақ пен сұқ саусақтың керген аралығы) 21-22 см

Сынық сүйем(ортан буынан бүгіп кергендегі

сұқ саусақ пен бармақтың аралығы) 17-18 см

Төрт елі(қатар 4 саусақтың еніне тең) 8 см

Үш елі(үш саусақ еніне тең) 6 см

Екі елі(екі саусақ еніне тең) 4 см

Бір елі(бір саусақтың еніне тең) 2 см

Бармақ елі(бармақтыңеніне тең) 2,5 см

Шынашақ елі(шынашақтың еніне тең) 1-1,5 см

Тұтам(бармақ пен ортан қолдың түйісу аралығы) жуандық мөлшері

Адым(жай жүріспен бір басқан адымға тең) 60-62 см

Аттам(аттап басқан бір адымға тең) 70-72 см