Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

8. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіп, сөйлемді толықтырыңыз.

Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы ... жиындысы. Олардың ішіндегі ең улысы – .... Темекі тартатын адамда ... ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді,қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі ... . Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі .... қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ... 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады.Аяғы ауыр кезінде ... балаларында талма аурулары болады. Шылым шегетін аналардан туған балалар, өз құрдастарынан ақыл-ой дамуы жағынан біршама ... қалады.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірлесім

6. Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 127б.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 128б

3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 52б

4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 91б.

5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. 57б.

6. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Канленова Қазақ тілі Алматы, 2012ж. 94б.

Қосымша әдебиет: 1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1. Зиянды әдеттерге нелер жатады?

2. Олардың ағзаға қандай зияны бар?

3. Шылым шегудің зияндылығы қандай?

4. Шылым шегуден құтылудың қандай жолдары бар?

5. Жастарға, аяғы ауыр әйелдерге шылым шегудің қандай зияны бар?

6. Қазіргі жастар арасында шылым шегу қандай деңгейде?

7. Аяғы ауыр әйелдерге шылым шегу қаншалықты зиян?

8. Болашақ ұрпақты улап жатырмыз ба?

9. Шылым шегудің алдын алу үшін қандай шаралар қолдануға болады?

1. Тақырып №34, аталуы: Дәрігерлік этика.

2.Сабақтың мақсаты: дәрігер этикасы туралы мағлұмат беру, мәтінді өз сөзімен мазмұндауға дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері: студенттердің өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілетін дамыту, түйінді ой айта білу, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу дағдыларын арттыру.

Студент білу керек:

А)берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.«Дәрігер этикасы» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді оқып, есіңізге сақтаңыз.

адамгершілік - гуманность, человечность

сыпайылық - вежливость

жылы сөз - теплые слова

жүріс тұрысы - поведение

мәдениеттілік - культурность

айығу- выздоравливать

үміт - надежда

кемістік - недостаток, дефект

құпия - секрет, тайна

келісім - договор, соглашение

жариялау - объявить

міндет - обязанность

адал ниет - чистая совесть

2. «Дәрігер этикасы» мәтіні бойынша кездесетін сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Мінез-құлқы, күш-жігері, дәрігер құпиясы, өмірін қорғау, дәрігердің әрбір жылы, дәрігердің негізгі міндеті, зиян келтіру, жұқпалы аурулар, дерттен тез айығу, дәрігердің адамгершілігі, жұмысқа берілу.