Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

3. Сөздердің мағынасын ашыңыз

Үлескерлер –

Тұрғын үй кешені –

Төлеу қабілеттілігі –

Жылжымайтын мүлік –

Алғашқы төлеу жарнасы –

Алаяқ –

Шыдамдылық таныту –

Қаржы салу –

Түксіз қалу –

4. «Тұрғын үй бағдарламасы» туралы ақпаратпен танысып, досыңызға айтып беріңіз.

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша жастарға үй беріле ме?

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына бойынша 2008-2010 жылдар аралығында 1565 жас отбасы құжат тапсырып, оның 1015-і өз пәтерін алған. Дегенмен, бүгінде мемлекеттік бағдарлама өз жұмысын тоқтатты. Оның орнына қалалық бағдарлама өз жұмысын бастамақ. Алайда, жаңадан үйленіп, әлі құжат тапсырып үлгермегендер үшін бұл бағдарламадан үміттенудің қажеті шамалы.

- Неге? Бұл кімдерге арналған бағдарлама?

- Өйткені, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтеріне қол жеткізе алмағандардың бәрі өз еріктері бойынша қалалық бағдарламаға ауысады. Ал олардың саны он мыңнан асып жатыр.

- Бұл бағдарламаның ерекшелігі неде?

- Қалалық бағдарлама бойынша, балл жинаған уақыт емес, құжат тапсырған уақыт ескерілмек. Бұл бағдарлама бойынша үміткерлер балл жинамайды. Кім ерте құжат өткізген болса, сол пәтерді ерте алады және бұл үйдің шаршы метрі 102 мың тенгені құрап отыр. Пайыздық мөлшерлемесі де 10-12 пайызды құрамақ.

- Қалалық тұрғын үй бағдарламасы қандай банктермен жұмыс істейді?

- Қалалық тұрғын үй бағдарламасы екі банкпен жұмыс істейді. Олар – Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі мен Қазақстан ипотекалық компаниясы. Бұл банктер әр түрлі пайыздық мөлшерлемемен несиелер бере алады. Олардың салымшыларға қояр талаптары бірдей. Бұл жерде жаңа үйленгендер немесе жас отау деп бөлуге болмайды.

- Әңгімеңізге рахмет. Сау болыңыз.

5. Құжат атауларына қатысты сөздерді пайдаланып сұхбатты толықтырыңыз.

Керекті сөздер: отбасы құрамы, арыз, анықтама, жеке куәлік, неке туралы,

жылжымайтын мүлік, еңбек өтілі

  • Сәлем, Айнұр! Отбасың аман-есен бе? Жағдайың қалай? Не жаңалық? Сендер пәтер алды деп естідім, рас па?

  • Иә. көшіп кіргенімізге бір апта болды.

  • Қандай бағдарлама бойынша алдыңдар? Неше бөлмелі?

  • Қалалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша алдық. Пәтеріміз үш бөлмелі.

  • Қандай құжаттарды талап етті?

  • Нұсқа бойынша ..., отбасы мүшелерінің ... ... көшірмесі, ... ... жайлы анықтама, ... ... көрсетілген жұмыс істейтін жерінің ..., сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі өтілі қоса көрсетілуі тиіс, ... ... куәліктің көшірмесі, ... ... бары немесе жоқтығы жайлы анықтама.

  • Қандай банкпен келісім-шартқа отырдыңдар?

  • Тұрғынүй құрылыс жинақ банкімен келісім жасастық.

  • Құттықтаймын! Қоныс тойын қашан тойлаймыз?

  • Рахмет! Қоныс тойында кездескенше! .

6. Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңіз қызыл бояумен берілген бағанда сізге қажетті сөзді табасыз.

1

2

4

5

7

8

1.Сусын құятын ыдыс

2.Жылқының төлі

3.Баланың баласы

4.Туыстық атау

5.Емдік қасиеті бар сусын

6.Қасиетті кітап

7.Құс

8.Діни мейрам