Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

2. «Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері» мәтіні бойынша кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Адам денсаулығы, әл-ауқаттың жиынтығы, әйелдерге кеңес беру, жедел жәрдем станциясы, мугедек адамдар, орта медициналық қызметкерлер, бөлімшенің түрі, емшаралық, таңу бөлмелері, бекітілген, әскери, жетістіктер.

3. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері

Қоғамның басты байлығы – адам. Адамның басты байлығы - оның денсаулығы. Адам денсаулығы – бұл психикалық, физикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың жиынтығы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау құқығы Конституциямен бекітілген.

Емдеу-сақтандыру мекемелерінде амбулаторлық көмек көрсетіледі. Оларға амбулатория немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде), дәрігерлік пункт (здравпункт), емхана, диспансерлер, медициналық көмек көрсететін мамандандырылған кеңестік-диагностикалық орталық, әйелдерге кеңес беру (консультациясы), жедел жәрдем станциясы жатады.

Стационарлық медициналық көмек жүйелі бақылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ететін науқастарға көрсетіледі.

Стационардың түрлері:

1.Аурухана медицина ғылымы мен техниканың соңғы жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары медициналық көмек көрсетеді. Аурухана көп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылған (инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл тұрғындарын жоғары сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.

2. Госпиталь – әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана.

3. Клиника – науқастарды емдеумен қатар студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді оқыту ісі және ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілетін ауруханалық мекеме.

4. Шипажай – науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме. Оларды минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты жерлерге салады.

Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бір салалы (мамандандырылған) және құрамына әр түрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және т.б.) бөлімшелер кіретін көп салалы ауруханалар болады.

Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен бөлімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі құрамдас бөліктері болып табылады.

Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық (нақтама) және емдеу бөлмелері, ота жасайтын (операциялық), емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді.

4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Емдеу-сақтандыру мекемелерінің түрлерің атаңыз.

2. Аурухана қандай көмек көрсетеді?

3.Госпиталь дегеніміз не?

4.Клиника қандай мекеме?

5.Шипажай дегеніміз не?

6. Ауруханалардың қандай түрлері болады?

7. Емдеу бөлімшелеріне қандай бөлмелер кіреді?

8.Адамның басты байлығы дегенді қалай түсінесіз?