Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

6.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 73-77 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 23-24 беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 100-106 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Бақылау:

Туберкулез қандай ауру?

Туберкулез латын тілінде не дегенді білдіреді?

Қазақтар қалай атаған?

Инфекция жұқтырған адамдардың барлығы бірдей ауыра ма?

Қандай адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады?

Туберкулездің белгілері қандай?

Туберкулез адам ағзасының қандай мүшелерін зақымдайды?

Туберкулезді қалай емдеуге болады?

1. Тақырып №28, аталуы: Өт жолдарының аурулары.

2. Сабақтың мақсаты:өтілген тақырып туралы айта білуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері: ойын жеткізе алуы;

  • Студент білу керек:

А) берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Суреттегі терминдерді қазақ тіліне аударып, сөздік жазыңыз.

2.Сөйлемдер құрастырыңыз.

Өт жолдары, дәрігер, өмір, тағам, ішек, адамның ағзасы, денсаулық, мәлімет, бауыр, ас қорыту, ем, тірлік.

3. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді орыс тіліне аударыңыз, әңгімелеңіз.

Өт жолдарының аурулары.

Өттің құрамындағы холестериннің көбюі тастың пайда болуына әсер етеді. Сондай-ақ өт жолдарының қабынуы да оның пайда болуына бірден-бір себеп. Тастардың сыртқы түрлері әртүрлі: дөңгелек, сопақша, көпбұрышты, сырты бұжыр-бұжыр немесе тегіс, жылтыр болады. Олар өт жолында,өт қабында, кейде екеуінде де болады. Өт жолында пайда болған тас ауруы көп жағдайда белгісіз дамып, жылдар бойы адам ағзасында білінбей жүре беруі мүкін.

Оның негізгі және алғашқы белгісі – оң қабырғаның асты бірден шаншып ауыра бастайды. Бұл шаншу көбінесе майлы, сүр ет, қуырылған тамақнемесе жұмыртқажегеннен кейін басталды. Шаншу күні уақыт өткен сайын күшейе түседі, оң жауырынға берілді. Бірнеше рет жүрегі айнып, құсады. Кейбір науқастар біресе тоңып, біресе қызуы көтеріліп мазасы кетеді, шөлдеп, ауызы құрғап, әлсірейді, жағдайы мүлдем нашарлайды. Өт жолы немесе бауыр ішіндегі өт жүретін жолдары таспен жабылып қалғанда, адам денесі, көзі сарғая бастайды. Ол көбінесе екі-үш күннен кейін байқалады. Кіші дәрітінің түсі қоңырланып, кейде ағарып кетуі мүмкін.

Өт жүретін жолдарда ірінді қабыну басталады (халангит), Өттің айналасында түйін пайда болады, сары сулы сұйықтар(перитонит) шыға бастайды, осының әсерінен көбінесе адам сарғайып кетеді. Себебі өт жолын ішіндегі тас (тастар) жауып, өттің қанға таралуына жағдай туғызады. Содан адамның бүкіл денесі өз өтіне уланады. Өт жолдарындағы қысымның артуына және қабынудың күшеюіне байланысты өт қабы жарылып, ішіндегі өт және іріңді сұйық құрсақ қуысынатөгіледі. Мұндай кезде науқастың өміріне қатер төнеді, шұғыл түрде ауруханаға жатқызып, сырқатқа қолма-қол отау жасап, емдеу қажет.