Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

4.Мәтінге сұхбат кұрастырыңыздар.

5. Мәтін мен кестені пайдаланып, сырқатнама жазыңыз.

5. Оқу және оқытудың әдістері. сұрақ-жауап, түсіндіру.

6. Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж.

Қосымша әдебиет: 1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

Ересектерге қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық кешен. Жоғары деңгей. Алматы, 2010. www.til.gov.kz

7. Бақылау:

1.Теміртапшылықты анемия белгілерін айтыңыз

2. Теміртапшылықты анемия қалай пайда болады?

3.Дұрыс тамақтанбаудың әсерін қандай?

4. Қандай тағамдарды пайдалану керек?

5 Аурудың алдын ала үшін не істеу керек?

1. Тақырып №27, аталуы: Туберкулез ауруы. Интонацияның сөйлемнің

коммуникативтік түрлерін анықтай алу қызметі.

2. Сабақтың мақсаты:

- туберкулез ауруы туралы мағлұмат беру;

- туберкулез ауруы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- туберкулез ауруы туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- зат есімнің тәуелденуі туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Оқытудың міндеттері:

-ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

  • Студент білу керек:

А) берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Кох таяқшасы, төмпешік, сәл иіліп келген таяқшалар, аурушаң адам, дұрыс тамақтанбайтын адам, тез жұқтырып алу, салмақ жоғалту, кеуденің ауруы, түнгі терлеу, қан аралас қақырық, уақытылы емделу, тез арада, туберкулезге қарсы.

2. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің синонимдік қатарын есте сақтаңыз.

ену – кіру

үнемі – ылғи – ұдайы

мекендеу – тұрақтану – түрі

уақытылы – уақытымен – мезгілмен – дер кезінде

мүгедек – кемтар

туберкулезге шалдыққан – туберкулезбен ауырған

дәрігердің белгіленуімен – дәрігердің тағайындауымен

тез арада – жылдам – шапшаң

3.Мәтінді оқыңыз, мәтін бойынша сұрақтарға дайындалыңыз, әңгімелеңіз.

Туберкулез – жұқпалы ауру, бұл адам ағзасына «Кох таяқшасы» деп аталатын қоздырғыш – микобактериясы енгенде пайда болады.Туберкулез латын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді, қазақтар «құрт ауруы» немесе «көксау» деп атаған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох ашты (1882 ж.). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.Жұғудың негізгі көзі – науқас адамдар. Ауру ауа-тамшы жолымен науқастар түшкіргенде, жөтелгенде беріледі.

Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды, 5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін. Көптеген адамдардың иммундық қорғаныс жүйелері туберкулез ауруына қарсы тұра алады. Ал денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады. Адамның ішкі құрылысына енген туберкулез таяқшасы көбінесе өкпені мекендейді. Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады:

  • ұзаққа созылған жөтел;

  • салмақ жоғалту;

  • кеуде қуысының ауыруы;

  • тұрақты дене қызуы;

  • түнгі уақыттағы терлеу;

  • әлсіздік пайда болу;

  • қан аралас қақырық түсу.

  • қатты шаршау;

  • тəбеттің төмендеуі.

Егер уақытылы емделмесе, мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5 жыл ішінде өліп кетуі, ал қалғандары өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін. Туберкулез адам ағзасының кез келген мүшесін зақымдай алады. Бұның нәтижесінде өкпе, бронх, сүйек-буын, бүйрек және жыныс мүшелерінің туберкулезі пайда болады. Әр түрлі лимфа жолдарына, көз, ми қабығына да зиян келтіруі мүмкін. Туберкулезге шалдыққан адам диагнозы анықталғаннан кейін тез арада емделуі керек. Қазіргі уақытта бұл ауруды емдеп жазуға болады.

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал, жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады.

Ауруды анықтау түрі:

  • манту реакциясы,

  • тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру;

  • қақырықты зерттеу;

  • флюорография немесе рентгенография

Қазіргі кезде туберкулездіңкең таралуы бүкіл елімізді қатты алаңдатып отыр. Туберкулез ауруы анықталған адам ең басты екі мәселені – санитарлық және емдік шараларды мұқият орындап отыруы керек.

Санитарлық шараларға тазалық, жеке бастың гигиенасын сақтау жатады. Науқас жататын бөлменің еденін хлорамин ерітіндісі қосылған сумен жуып, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек. Терезенің желдеткішін жиі-жиі ашып, ауасын тазартып, бөлмеде шаң-тозаң болмауына көңіл аударған жөн. Ауру жататын бөлмеге артық зат, бұйымдар, кілем ілудің қажеті жоқ. Науқастың ыдысын отбасындағылардың ыдысымен араластырмай, бөлек ұстап, қайнатып тұрған дұрыс.

Емдік шаралары аурудың сауығуын қамтамасыз етеді. Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі.

Тамақтану мәселесіне үлкен мән беру қажет: уақытында құнарлы, дәрумендерге бай азық- түліктерді пайдалану керек, ұйқы мен серуендеу арқылы ағзаның сырқатқа қарсыласу күшін нығайтуға болады. Зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі, есірткіден аулақ болған жөн.

Профилактикасы: санаторийлерде емделу өте пайдалы. Жеке бас гигиенасын сақтау және уақытында туберкулезге қарсы егулерді қабылдау керек.

4. Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды,

адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады.

Науқас жататын бөлменің еденін хлорамин

оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі.

Тамақтану мәселесіне үлкен мән беру қажет: уақтысында құнарлы, дәрумендерге бай азық түліктерді пайдалану керек,

қазақтар «құрт ауруы» немесе «көксау» деп атаған созылмалы жұқпалы ауру.

Денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын

5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін.

Туберкулез латын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді,

ұйқы мен серуендеу, зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі пайдаланбау арқылы ағзаның сырқатқа қарсыласу күшін нығайтуға болады.

Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып,

ерітіндісі қосылған сумен жуып, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек.