Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі. Тжір.нсау.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.38 Mб
Скачать

7. Бақылау:

1.Бронхит дегеніміз не ?

2. Қолқаның қабынуы кезінде қандай микроорганизмдер болады?

3. Бронхиттің түрлері?

4. Ауру асқынған кезде қандай ем жасалады ?

1. Тақырып №26, аталуы: Теміртапшылықты анемия.

2. Сабақтың мақсаты:өтілген тақырып туралы айта білуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері: ойын жеткізе алуы;

  • Студент білу керек:

А) берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

Ә) тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

А) мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

Ә) естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Теміртапшылық, қан аздық, терінңң бозаруы, ағзаның әлсіреуі, дәрумен жетіспеушілігі, жиі қабылдау, тағамдармен ауқаттану, қан тапсыру, ем қабылдау, көздің қарауытқаны, тістердің қанауы, жұқпалы аурулар.

2.Мәтінді мазмұндаңыз. Теміртапшылықты анемия.

Теміртапшылықты анемия немесе қан аздық ауруына бүгінгі таңда көптеген жандар ұшырауда. Дәрігерлердің айтуы бойынша,теміртапшылықты анемия ауруына қыз-келіншектер мен кішкентай сәбилер көп ұшырайды. Әсіресе, 4,5-5 жастағы балалар көп ауырады. Теміртапшылықтыанемия балалардың бойларының өсуіне, буындарының қатуына, тістерінің дұрыс шығуына кері әсерін тигізеді.

Теміртапшылықты анемия белгілері: егер де теріңіздің бозарғанын, басыңыздың қайта-қайта айналып, ағзаңыздың әлсіреп, көзіңіздің қарауытқанын байқасаңыз, сізге дереу дәрігерге жолығу керек. Сондай-ақ, аяқ-қолыңыз тартылса, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығып, тістеріңіз тазалаған кезде қанаса, денсаулығыңызды тексертіңіз.

Теміртапшылықты анемия қалай пайда болады? Теміртапшылықты анемияның пайда болуына ағзадағы темір мен В12 дәруменінің жетіспеушілігінен, қандағы гемоглобин көрсеткіштігінің төмендігінен туындайды. Сондай-ақ, ацетилин қышқылы немесе ибупрофен дәрілерін жиі қабылдау мен онкологиялық аурулар себеп болады. Кішкентай балаларда анемия жұқпалы аурулардан пайда болады.

Теміртапшылықтыанемия ағзадағы темірдің аздығынан болады. Бұл олқылықты толтыру үшін міндетті түрде, ас мәзіріңізге зер салыңыз. Дұрыс тамақтанбау мен ағзаға кері әсерін тигізетін тағамдармен ауқаттану теміртапшылықты анемияға жол ашады. Сондықтан да, көп мөлшерде жеміс-жидектер (оның ішінде алма, алмұрт, анар, қарақат, құлпынай т.с.с) мен көкөністер (қызылша, сәбіз, орамжапырақ, көк шөп т.с.с) пайдалану керек. Қызылшаны шикідей үккіштен өткізіп, оған анар мен бал қосып, араластырыңыз. Күніне 2-3 мәрте пайдаланыңыз.Ас мәзіріңізде әрдайым жұмыртқа, ірімшік, балық, пісірілген ет сияқты тағамдардың болуын қадағалаңыз. Бұл тағамдарды жоғарыда айтылған көкөністер, жеміс-жидектермен бірге пайдалануға болады. Жартылай фабрикаттарға, химиялық және токсиокологиялық заттар көп қослыған тағамдарға, кофе, газдалған сусындарға әуес болмаңыз. Олардың орнына сүт өнімдері мен пайдасы мол ауқаттарды көбірек пайдаланыңыз.

Дәрігерлер жылына екі мәрте қан тапсыру керектігін айтады. Денсаулығыңызға салғырт қарамай, уақытылы ем қабылдасаңыз, кез келген аурудың алдын ала алатындығыңызды естен шығармаңыз.

3. Мәтінге сұрақ әзірлеңіз.